Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет28/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
Нысананы көздеп лақтыру 
Нысананы  көздеп  лақтыру  (тік  және  көлденең)  резеңке  және  тенниске  арналған 
доптармен,  құм  толтырылған  қапшықпен,  шыршаның  бүрімен,  домалақтанған  қармен 
жүзеге асырылады. Көлденең нысананың қызметін жәшік, кесілген ағаш діңі, себет, ал, тік 
нысананың  рөлін  шеңбер  сызылған  қалқан  (тақта),  шеңбер,  үлкен  доп,  ағаш  және  т.б. 
атқарады. 
Лақтыру әдісі нысананың сипатына, лақтырылатын заттың салмағы мен көлеміне қарай 
таңдалады.  Үлкен  допты  себетке  немесе  жерде  жатқан  шеңберге  қос  қолдап  астыңғы 
жағынан  лақтырады.  Ал,  кішкентай  допты  немесе  шыршаның  бүрін  бір  қолмен 
лақтырады.  Тік  орналасқан  нысанаға  көбіне  снарядты  бір  қолдап  лақтырады.  Лақтырған 
кезде  оң  және  сол  қолмен  кезектестіріп  лақтыруға  тырысу  қажет.  Бұл  екі  қолды  бір-
бірімен үйлесімді  дамыту,  дене сымбатының бұзылуының алдын алу  үшін өте маңызды. 
Балалар затты қай қолмен лақтыру жөніндегі нұсқауларды бұлжытпай орындауы тиіс. 
Лақтыру  жаттығулары  төмендегіше  ұйымдастырылады:  лақтырушының  оң  жағында 
(сол  жағында)  бала  оң  (сол)  қолымен  лақтыратын  санға  сай  келетін  доптар  немесе 
қапшықтар салынған шелектер немесе қораптар тұрады. 
Педагог оң және сол қолмен лақтыру санын мұқият қадағалап тұруы тиіс. Егер топтағы 
балалардың басым бөлігі сол қолмен лақтырудан қиналып жатса, оқытуды дәл сол қолдан 
бастап  үйрету  қажет.  5  жастағы  бала  алысқа  немесе  нысананы  көздеп  лақтырғанда 
бастапқы  қалыпқа  өздігімен  тұра  алады.  Бірақ  ол  жаттығуды  дұрыс  орындауға  қажетті 
заттардың  бәрін  меңгермеген.  Мысалы,  ол  дененің  қалпына,  аяқты  алға  шығару  және 
табанды  бұру  сынды  лақтырудың  бағыты  мен  күшіне  тікелей  әсер  ететін  мәселелерге 
онша мән бермейді. Әдетте, балалар лақтыру бағытына бетімен қарап тұрады. Лақтыруды 
да қолын бүгіп, дұрыс орындамайды. 
Педагог  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  лақтыратын  қолға  сәйкес  келетін  аяқты 
ақырындап алға шығарып қоюға үйретеді. Лақтыруға дайындық кезінде баланың аяғын тік 
қойып тұруына жол беруге болмайды. 
Бұл  жастағы  балалар  дәлдеу  мен  лақтыруды  тұтас  орындауы  мүмкін.  Бірақ,  олардан 
жақсы амплитуда мен еркін қозғалыс күтуге әлі ерте. Кей балалар еркін, екпінмен қозғала 
алмайды.  Соның  салдарынан  жаттығу  сәтті  аяқталмайды.  Бұл  жаста  ең  бастысы  – 
лақтыратын затты қолда ұстап қалмау және оны жерге лақтырмау. 
Педагог  балалардың  көпшілігі,  әсіресе,  ұл  балалар  нысананы  көздемей,  алдын  ала 
дайындықсыз,  қолды  кең  сермеп  және  денені  қапталға  бұрып  затты  алысқа  лақтыра 


29 
 
алатынын ескеруі  тиіс. Қосымша ескертулер жасап, олардың қимылын шектеудің қажеті 
жоқ.   
Лақтыру  қабілетін  жетілдіруде  жаттығулардың  эмоциямен  өткізілуі  де  маңызды  рөл 
атқарады.  Оған:  «Қалпақты  соғып  түсір»,  «Шеңберге  түсір»  сынды  тағы  да  басқа  ойын 
түріндегі тапсырмалар тәп-тәуір ықпал етеді. Оған қоса, балалар үшін өз қимылдарының 
нәтижесін  көруі  де  маңызды.  Бұл  олардың  қызығушылығын  тудырады  және 
жаттығуларды қайталауға деген құлшынысын оятады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет