Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет24/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
 
Лақтыру, қағып алу жаттығулары  
Денешынықтыру  пәнінен  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  допқа  қатысты  қимылдар 
көп  орын  алады.  Балалар  өздігінше  ойнағанда  және  жаттығулар  жасағанда  допты  көп 
пайдаланады. Допты лақтыру, қағып алу иық белдеуіндегі бұлшық еттерді, қолдағы ұсақ 
бұлшық  еттерді  нығайтады,  көзбен  мөлшерлеу,  нысананы  дәлдеп  көздеу  қабілеттерін 
дамытады. Бұл жаттығулар қозғалыс үйлесімділігін де талап етеді. Доппен ойнатылатын 
ойындар ептілікке, ырғақпен және дәл қимылдауға үйретеді. 
Доп  –  лақтыруға  ыңғайлы  негізгі  зат.  Сондықтан  ол  үнемі  балалардың  қол  астында 
болуы  шарт.  Педагог  балаларға  доппен  түрлі  қимылдар  жасауға  болатынын  көрсетіп 
береді,  қимыл  тәжірибесін  жинақтауға,  доппен  жұмыс  істеу  қабілетін  қалыптастыруға 
көмектеседі.  Мысалы,  допты  бір  қолмен  немесе  екі  қолмен  ұстау,  саусақтармен  ұстау, 
итеру, домалату, лақтыру. Көптеген жаттығулар жасағаннан кейін балалар «допты сезіне» 
бастайды.  
Үйдегі ересектер де балаға доппен ойнауға көбірек мүмкіндік беруі тиіс.  
Доптың көлемі де әртүрлі болуы шарт. Балаға ең кішкентай (резеңке және теннис добы) 
доптан  үлкеніне  дейінгі  аралықта  доптың  түр-түрін  алып  берген  жөн.  Доппен  жаттығу 
балаларды  допты  ешбір  қиындықсыз  игеруге  үйретеді.  Мәселен,  кішкентай  доп  бір 
қолдың  саусақтарымен  қысып  ұстауға  ыңғайлы,  ал,  үлкен  үрленген  доп  болса 
саусақтардың арасын ашып, екі қолмен жұмыс істеуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет