Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет475/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

№2 кешен 
 (жалаушалармен)
 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, жалаушаларды төмен түсіріп тұрады. Қолдарын 
алға, жоғары көтереді, жалаушаларға қарайды, түсіреді. Б.қ. (5-6 рет) 
2. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, жалаушаларды кеуде тұсында ұстайды. Отырады, 
жалаушаларды еденге тигізеді, тұрады. Б.қ. (5-6 рет) 
3. Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып тұрады. Оңға (солға) бұрылады, 
жалаушалардды қапталға созады. Б.қ. (Әр қапталға қарай 3 реттен) 
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, жалаушаларды кеуденің тұсында ұстайды. Еңкейеді, 
аяқтарының ұшындағы еденге тигізеді, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет) 
5. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, жалаушаларды төмен түсіріп тұрады. Бір орында 
қос аяқтап секіру және жүру жаттығуларын кезектестіріп орындайды. (2-3 рет) 
 


194 
 
№3 кешен 
(доппен) 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып, доп ұстаған қолдарын төмен түсіріп 
тұрады. Допты алға, жоғары көтереді, допқа қарайды, төмен түсіреді. Б.қ.  (5-6 рет) 
2. Б.қ.: өкшеге отырады, доп ұстаған қолдарын төмен түсіреді. Тізерлеп тұрып, допты 
жоғары көтереді, отырады. Б.қ. (5-6 рет) 
3. Б.қ.: өкшеге отырады, доп ұстаған қолдарын алға қарай созады. Допты оңға қарай өзінің 
төңірегінде айналдырады, допты қолмен итереді. (Екі қапталға қарай 3 реттен) 
4. Б.қ.: шалқасынан жатып, допты басынан асырып ұстайды. Тізесін бүгіп көтереді, допқа 
тигізеді, тіктейді. Б.қ. (6-7 рет) 
5. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, допты алдына қойып отырады. Допты жоғары көтереді, 
допты еденге тигізіп, мүмкіндігінше ұзақ ұстайды, бойын тіктейді. Бастапқы қалыпқа 
оралады. (5–6 рет) 
6. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып тұрады, доп еденде тұрады. Допты айналып қос аяқтап 
секіру және жүгіру жаттығуларын кезетестіріп орындау. (3 рет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет