Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет477/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
№5 кешен 
(қамшымен) 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып түрегеп тұрады, қамшыны төмен түсіреді. Алға, жоғары 
көтереді, төмен түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)             
2. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, қамшыны төмен түсіріп тұрады. Қамшыны алға көтереді, 
отырады, қолын тік ұстайды, тұрады. Б.қ. (5–7 рет) 
3. Б.қ.: тізерлеп тұрады, қамшыны төмен түсіріп тұрады. Оңға (солға) бұрылады, 
қамшыны қапталға созады, қолын тік ұстайды. Б.қ. (3 реттен)   
 4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады, қамшыны тізесіне қояды. Қамшыны жоғары 
көтереді, алға еңкейеді және қамшыны жерге мүмкіндігінше ұзағырақ тигізіп тұрады. 
Бойын тіктейді, бастапқы қалыпқа оралады. 
5.Б.қ.: аяқтарының арасын ашып түрегеп тұрады, қамшы еденде. Қос аяқтап қамшыдан 
секіру. (10–12 рет) 
№6 кешен 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. Қолды қапталдан 
жоғары көтеру, дәл сол қалпында қапталдан түсіру. Б.қ. тұрады. (5-6 рет) 
2. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолын беліне қояды. Алға еңкейеді, алақандарымен 
тізесін шапалақтайды, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)       


195 
 
 3. Б.қ.: тізерлеп тұрады, қол белде. Оңға (солға) бұрылады, оң қолдың (сол қолдың) 
саусақтарын сол аяқтың (оң аяқтың) өкшесіне тигізеді. Б.қ. (әр жаққа 3 реттен)  
4. Б.қ.: шалқасынан жатып, қолын денесінің бойына қояды. Оң (сол) аяқты көтереді, 
түсіреді. Б.қ. 
5. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады, қолын белге қояды. Қос аяқтап секіру және бір 
орында жүгіру жаттығуларын кезектестіріп орындайды. (3-4 рет)    
 
№7 кешен 
(кегельдермен) 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, оң қолына кегель ұстап тұрады. Қолдарын қаптал 
арқылы жорғары көтереді, кегельді сол қолына алады, қолдарын түсіреді. (5-6 рет)   
2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып ұстайды, оң қолда кегель. Еңкейеді, 
кегельді сол аяқтың қасына қойып, белін таянып, бойын тіктейді; еңкейіп, кегельді сол 
қолына алады, бойын тіктейді. Осы жаттығуды оң аяқпен де қайталайды. (Әр аяқпен 3 
реттен) 
3. Б.қ.: тізерлеп тұрады, қолымен белін таянып, оң қолына кегель ұстап тұрады. Оңға 
(солға) бұрылады, кегельді алады. (3 реттен)                              
 4. Б.қ.: аяқтарының арасын аздап ашады, оң қолда – кегель. Отырады, кегельді еденге 
қояды, тұрады, бойын тіктейді, қолдарын арқасына қояды. Отырады, кегельді алады. Б.қ. 
(6-7 рет)     
   5. Б.қ.: кегельдің жанында тұрады. Қолдарын еркін ұстайды. Кегельді айналып қос 
аяқтап секіреді. (Әр жаққа 2 реттен қайталайды) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет