Ә. Бөкейхановтан артық қалған деректер. Абай туралы Ә. Бөкейханов,



бет2/2
Дата04.05.2017
өлшемі0,54 Mb.
#15473
1   2

. . .

Ст. Сосновец Мурманской ж. д. 5 Тунгутское отд. Центральный Лазарет

Дулатову Мирь-якубу

Москва, 9. Б. Кисловский 4/15

26/ІХ 34 ж.

Шырақ Мадиярым!

Гая, Әлтай екі қонып, бүгін жүріп кетті. Шығарып салып жазып отырмын. М-ның күйеуі Алматыда.

Өз етігің тар болса, ел бейбітінен не пайда. Осы мақал қаламға орала кетті.

Иіскедім Әли».

.

ст. Медвежья гора Мурманской ж. д.

1 ОЛИ центральные курсы при Лекпомов

при санотделе

Дулатову Мирякубу

Воронеж 12, Томская 10

От Мурзина Мухтара

Ардақты Жақа!

Мәскеу арқылы тұрақты жөніңізді біліп, Сізге осы сәлемді жолдап отырмын. Воронеждің өзінде тұратындар: Халел, Жиһанша Досмұхамедовтер, Сейтдазы, Әшім, Хамит, Ақбай (мұның Жақыбын босатқан). Ауданға жіберілгендер: инженер Мұхамеджан, Мұстафа Бұралқы, Жұмағали Тілеулі, Жұмахан Күдері, Қошке, Нәшір Қожамқұлов, Алдаберген де бар еді, қашып кетіпті деседі. Анығы мәлімсіз. Бізден бір ұсталып жатып шыққандар: Мұхтар Әуезов, Әлімхан Ермеков, Иса Қашқынбаев. Тұрмыс алмалы-салмалы, бірде қызметке алады, бірде алмайды. Нақ осы күні қызметтен шығарылып отырмын. Мұхтар

Воронеж. 1934 жыл апрельдің бірі».

Мұхтар Мурзин жайлы бірер сөз:

Мұхтар Бабақайұлы Мұрзин (Мырзаұлы),(1895-1937) Қостанайдың Кеңарал деген жерінде туған. Әкесі Бабақай – орта шаруа иесі, баласын Троицкіде гимназия бітірткізіп, Томскі қаласына білімін толықтыруға жіберген. Мұхтардың қызы дәрігер. Әрикенің айтуынша әкесі Томсктің технология институтын бітірген, инженер-экономист, жылын білмеді. Мұхтар Орынбордағы қазақ халық ағарту институтының алғашқы директоры, Міржақыппен бірге сол институтта сабақ беріп жүрді. Сондықтан ағартушы дей аламыз, бұл 1923-1925 ж. дейін Мұхтар кітап аударатын жазушы да болды. Воронежде өзінің үй-ішімен айдауда бес жыл тұрып, 1936 жылы Шымкентке келіп ауылшаруашылық банкісінде қаржы – жоспарлау (нач-к планово-финаныс. отд) бөлімін басқарып жүрген кезінде, 1937 жылы ұсталып, қатарға қосылмады.

Ст. Медвежья гора Мурманск. ж.д. 1 ОЛК

Центральные курсы Лекпомов при сан .

Отделе Дулатову М.

г. Павловск цчо ул. К. Маркса, дом 6,

Ж. Тлеулин.

30/V

Адрестеріңді жуырда аламын. Тұрмыс, саулықтарың қалай? Тұрағым Павел қаласы, қаратопырақ бетінде, саулық сақтау жұмысындамын. Менен басқа мұнда біздің жақтан кісі жоқ. Жалғызбын. Тұруға қиындау болғандықтан үй –іші мұнда келген жоқ. Екі жылдан бері Ташкентте тұрып жатыр. Онда Райханның інісі қызмет қылушы еді, соңғы кезде қатын-балаларын, шешесін, іні-қарындасын, жәрдемсіз тастап, бір-екі балалы сұлуды алып, ғайып болған көрінеді. Содан кейін ауыр салмақ Абдолла, Райханның мойнында қалып отырған жай бар. Мұнда қызмет болғанымен, табыс аз. Үй-іші келе алмай отырғаны да содан. Өздерің қандай халде тұрасыңдар? Абдолла Воронежде тұрады, көптен хат келмей тұр. Гая, балалардан хабар бар ма, аман ба екен, қайда тұрады?



30.V Ж-али 1934».

Жұмағали Тілеулин, (1889 -1937) Көкшетаулық, мәлімет берген медицина ғылымының докторы Серік Жұмағалиұлы Тлеулиннің айтуынша әкесі Ж.Тлеулин Омбыдағы фельдшерлік училищені бітірген, Қызылжарда тұрғандарында әкесі педтехникумның директоры болғанын әрі дәрігерлік жұмыс атқарғанын шешесі Райханнан естігенін айтады. Жұмағали «Алаш Орда» партиясының мүшесі болған, «Қазақ» газетіне белсенді араласқан – журналист.

10. Нәшір Қожамқұлов – Ж. Омарованың ағасы.

11. Күдері баласы (Жұмахан)

12. Жазушының бұрынғы қатыны – М. Горькийдің әйелі, Қызыл ай қоғамының бастығы болған Екатерина Пешкова.

* * *

1. Қ: Б: -Қырбаласы (Әлихан Бөкейханұлы)



2. Б. С. Бадрисафа – бәйбішесі, ұлты орыс.

* * *


1. Гая – Ғайнижамал менің шешем.

2. Әлтай -Әлібек – інім, екеуі Міржақыптың жанында бір ай болып, қайтарда Әлихан Бөкейхановқа соғып, Алматыға келген болатын.

* * *

1.цчо- центральная чернознемная область- қаратопырақ бетінде дегені осыны айтқаны.



2.Гая – Ғайнижамал.

3. Ж-али – Жұмағали.



г. Сосновецк 5-ое».

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



Ә.Ермеков: Жер мәселесі туралы қысқаша шолудан кейінгі айтарым, бұл мәселені шешу жөніндегі бастапқы ұстанымымда тұрақтап тұрып қалуым – менің идеологиялық қатеме жатады. Таптық байланысты, ұлт аралық қатынастың маңызын дер кезінде кең мағыналы деңгейде қабылдамаппын. Мен оған ұлтшылдық тұрғысынан қараппын. Ал үгіт-насихат жүргізді дегенге келсем, ондаймен айналысқамын жоқ, осы мәселемен айналысатын адамдар, әсіресе Бөкейханов менің үгітіме мұқтаж емес. Олармен кездескен кезде өз пікірімді білдірдім. Осындай адасуда жүргенімде және дағдарыстың алдында (отарлаудың бес жылдық жоспары бойынша Қазақстанға жаппай қоныстандырушыларды әкелу, оларға жағдай жасау туралы жүзеге аспай қалған науқан қарсаңында) мен мұны қазақ халқының қасіреті ретінде қабылдадым. Бөкейхановтың көтерген мәселелердің негізінде өзімді толғандырған жайлар жөнінде Орталық комитеттке мәлімдеме жаздым.

Қазір революциялық күресте шыңдалған таптық ұстаным тарихи шындыққа айналғанын көргенде, мен нақты саясаттан көрі романтикаға берілгенімді түсіндім. Революция ақ қолғаппен орнамайды, құрбандықсыз келмейді. Қазақтар үшін де бұдан өзге жол жоқ. Аса шиеленісті мәселелерді шешуде басқарушы ұйым мен үкімет орындарының дұрыс бағыт ұстанғандарын мынадай дерек растайды. Тәргілеу туралы шешімнің шығар алдында Семейден Қызылордаға келгенімде Ғаббасовтың теңселіп жүргенін көрдім (Оның қырда меншік малы бар болатын). Осыған байланысты ол ерекше белсенділік танытты. Мен оған: егерде сен бұл науқанда асыра сілтеушілікке жол беріледі деп есептесең, онда теңселе бермей, сен жоспарлау мекемесінің жауапты адамы ретінде үкіметке мәлімдеме тапсыр, – деп өзімнің көзқарасымды білдірдім. Бұл пікірді сондай күйде жүрген Қадірбаев Сейтқасымға да айттым. Тәргілеу жөніндегі қаулы шыққаннан кейін мен даулы жағдайларға жаңа түсінігім тұрғысынан пікір білдірдім, аз уақытқа ауылға барғанымда да бұл мәселені түсінуге ықылас білдіргендерге (тәргілеуге іліккен туған ағайындарына – Т.Ж.) жоғарыдағыдай түсінік бердім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет