Бақылау диктанты Ерте заманда адамдар өз ойларын бірбіріне жеткізу,
түсіндіру үшін әртүрлі ісқимылдарды қолданған. Тастарға сурет
салған және жалаушалар мен белгілерді пайдаланған. Уақыт өте
еңбек арқылы олардың ойлары,
тілдері дами бастады. (29 сөз.)
*** Сәукеле Сәукеле – қазақтың ұлттық баскиімдерінің бірі. Ол оюлар
мен, әдемі гауһар тастармен көмкерілген. Сәукелені алдын ала
даярлап қояды. Ұзатылатын қыз немесе қалыңдық сәукелені
қыз ұзату, үйлену тойларында киеді. (27 сөз.)
*** Шапан жабу Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Оны аса
бағалайды. Қазақта шапан жабу дәстүрі бар. Арнайы тіккізген
шапанды құрметті қонағының иығына жабады. Бұл үлкенді
сыйлаудың тамаша үлгісі болып табылады. (28 сөз.)