Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата07.02.2022
өлшемі215,29 Kb.
#85301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Өздік диктант
– 
Балалар, жер бетінде сендер сияқты балалар бақытты 
өмір сүру үшін не қажет?
– Әрине, бейбітшілік пен байлық қажет. Жер бетінде 
бейбітшілік пен байлықтың мәңгі орнауы үшін барлық 


22
халықтар, ұлттар өзара тату болу керек. Сондықтан, ең алды
мен, өз сыныбымызда достық орнауы қажет.
Шығармашылық диктант
1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы 
екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың 
төме...гі жағында.
• Көп нүктенің орнына 
н, ң
 әріптерінің тиістісін жаздыру
.
Ескерту диктанты
Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен 
себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек 
ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін 
байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі 
дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.
***
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын 
әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап 
жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты 
қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы 
немересінің ісіне риза болды. 
«Балдырған» журналынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет