Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева



бет4/18
Дата27.10.2023
өлшемі59,04 Kb.
#188707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ тілінен диктанттар жинағы 2-сынып

Я әрпінің жазылуы




Сөздік диктант

Аяқ, пияз, бояу, зиян, ұят, желмая.



  • Сөздердің мағынасын түсіндіру.



Терме диктант


Менің інім – Бақтияр, Болса өзінде ықтияр, Қызыл қарбыз тұрғанда, Жемес еді көк қияр.


Қадыр Мырза Әли



  • Я әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.



Өздік диктант




Қияр

Қияр – адам денсаулығына пайдалы көгөнiс. Оның қабығын көзді күтуге, бет терісін жасартуға пайдаланады. Қияр шыры ны тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады. Күніне бір жас қияр жеген адамның есте сақтау қабілеті артады.




Шығармашылық диктант




Сеземін

Бақтиярдың шашынан (Ненің?) иісін сеземін. Саусақтары басынан (Ненің?) иісін сеземін.


Мұзафар Әлімбай



  • Сұрақтың жауабын тапқызу.

***


Балалар саяхатқа шыққан. Олар табиғат аясында бояумен сурет салмақ болды. Осы кезде Жәния қоянды көріп қалды. Қоян қорқып, қаша жөнелді. Оны балалар да көріп, мәз болып шулады.

  • Сөйлемдердің орнын алмастыру арқылы мәтін құрату.



Ю әрпінің жазылуы


Сөздік диктант
Жаю, ою, еңкею, түю, жию, сыю, тыю.

  • Сөздердің мағынасын түсіндіру.

Көру диктанты


Биші
Қамзол кием қынай бел Толған ою, өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел, Өнерімді көрмекке.
Оразақын Асқар

  • Ою сөзіне дыбыстық талдау жасату.

***


Шілдеде шөп маялап, Егін басы толады.
Көгөніс пен миуа бақ Көздің жауын алады.
Ермек Өтетілеуұлы

  • Миуа сөзінің жазылу ерекшелігін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет