Менің досым Маңғыстауда тұрады біз хат арқылы таныстық мен оған өз отбасым, достарым туралы мақтанышпен жазамын Назерке Алматыға биыл жазда келмекші досымды асыға күтіп жүрмін.
– Балалар, жер бетінде сендер сияқты балалар бақытты өмір сүру үшін не қажет?
– Әрине, бейбітшілік пен байлық қажет. Жер бетінде бейбітшілік пен байлықтың мәңгі орнауы үшін барлық
халықтар, ұлттар өзара тату болу керек. Сондықтан, ең алды мен, өз сыныбымызда достық орнауы қажет.
Шығармашылық диктант
1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың төме...гі жағында.
Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісінжаздыру.
Ескерту диктанты
Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.
***
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы немересінің ісіне риза болды.
«Балдырған» журналынан
Екі дос Раушан мен Іңкәр – дос. Олар бір сыныпта оқиды. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Сабақтарын үздік оқиды. Қос жұп бос уақыттарын бірге өткізеді. Аптасына екі рет тоғызқұмалаққа барады. Оларға балалар қызыға қарайды. (30 сөз.)