Сөздік диктант
Аяқ, пияз, бояу, зиян, ұят, желмая.
Терме диктант
Менің інім – Бақтияр, Болса өзінде ықтияр, Қызыл қарбыз тұрғанда, Жемес еді көк қияр.
Қадыр Мырза Әли
Өздік диктант
Қияр
Қияр – адам денсаулығына пайдалы көгөнiс. Оның қабығын көзді күтуге, бет терісін жасартуға пайдаланады. Қияр шыры ны тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады. Күніне бір жас қияр жеген адамның есте сақтау қабілеті артады.
Шығармашылық диктант
Сеземін
Бақтиярдың шашынан (Ненің?) иісін сеземін. Саусақтары басынан (Ненің?) иісін сеземін.
Мұзафар Әлімбай
-
Сұрақтың жауабын тапқызу.
***
Балалар саяхатқа шыққан. Олар табиғат аясында бояумен сурет салмақ болды. Осы кезде Жәния қоянды көріп қалды. Қоян қорқып, қаша жөнелді. Оны балалар да көріп, мәз болып шулады.
-
Сөйлемдердің орнын алмастыру арқылы мәтін құрату.
Ю әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Жаю, ою, еңкею, түю, жию, сыю, тыю.
-
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Биші
Қамзол кием қынай бел Толған ою, өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел, Өнерімді көрмекке.
Оразақын Асқар
-
Ою сөзіне дыбыстық талдау жасату.
***
Шілдеде шөп маялап, Егін басы толады.
Көгөніс пен миуа бақ Көздің жауын алады.
Ермек Өтетілеуұлы
Достарыңызбен бөлісу: |