Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева



бет3/18
Дата27.10.2023
өлшемі59,04 Kb.
#188707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ тілінен диктанттар жинағы 2-сынып
Құжаттама жүйесі тапсырма, Документ333
У әрпінің жазылуы


Сөздік диктант
Сәукеле, Зәуре, уық, әуен, сусын, зәулім, улапшулап.

***
Дәуір, елеуіш, қауын, жуу, бауыр.

  • У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу. Сөздердің ма- ғынасын түсіндіру.

Көру диктанты


Ақ жаңбырға шомылып, Туған жердің алабы.
Қызғалдаққа көміліп, Көздің жауын алады.
Ескен Елубай

  • Дауысты у-дың астын бір сызықпен, дауыссыз у-дың астын екі сызықпен сыздыру.




әуе.

Терме диктант


Сусын, уақыт, жайлау, Сәуле, сүрлеу, оқушы, шашу, жуас,



  • Дауыссыз у дыбысы бар сөздерді теріп жаздыру.

Шығармашылық диктант


1. ... тиімді пайдалану қажет. 2. Анам ... киім дүкеніне бардық.


3. Киім ... мен сатушының көмегіне жүгінемін. 4. Көйлекті
... мен ... – тігіншінің сүйікті ісі.


Керекті сөздер: екеуіміз, тігу, таңдауда, уақытты, пішу.

    • Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаздыру.

  • У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу.

***

Шуақ – қуыршақ – ...





И, й әріптерінің жазылуы Сөздік диктант


Киім, тақия, кимешек, аяқкиім, көйлек, ине, жиек.

***
Сый, сыйлық, тый, тыйым, сыйды.



  • Сөздердің мағынасын түсіндіру.



Көру диктанты


Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден.


Өздік диктант




Сыйға – сый

Ара тынбайды, Ұшып, зырлайды. Шарлап қырларды, Шырын жинайды. Гүлдер өсірсең, Балын сыйлайды.


Мұзафар Әлімбай



Шығармашылық диктант





  1. Анам туған күніме әдемі сырға с...лады. 2. Мақта қыз кішкентай а...на тауып алды. 3. Мұрат домбыраға т...ек жаса ды. 4. Атасы Қанатқа жаман сөз айтуға т...ым салды.

  • Көп нүктенің орнына и мен ый-дың тиістісін қойып жаздыру.

***

Аңшының қиялы


Ертеде бір аңшы аң аулап жүріп, бұтаның арасынан қоянды көріпті. Аңшы ыңғайланып тасада отырады. Кенеттен қоянды көріп, мылтығын кезейді. Қоянды атпай тұрып қиялға беріледі...

  • Мәтінді әрі қарай жалғастырту.



Терме диктант




Әшекей бұйымдар
Ертеректе зергерлер қыздарға арналған түрлі әшекей бұйымдар жасаған. Қыздар алқа, сырға, шолпы, түйреуіш, белдіктер таққан. Құлаққа тағатын сырға ең сүйікті әшекейдің бірі болған. Сырғаны туғаннан бастап, қартайғанға дейін таққан.

  • й әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет