Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Дайын түнгі көйлекті соңғы әшекейлеу».
Ылғалды- жылулық өңдеу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: Практикалық қабілеттерін арттыра отырып, логикалық, фантазиялық қабілеттерін дамыту, ұлттық ою-өрнек элементтерін тиімді қолдана білу туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: көйлектің шығу тарихы туралы, әсемдік, түс үйлесімділігі туралы, «композиция», «колорит», «симметрия» сөздеріне түсінік беру.
Дамытушылық: эстетикалық талғаммен ұйымдастырушылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, баяндау.
Көрнекіліктер: әшекейленген дайын бұйымдар, тест жұмыстары, «Сөзжұмбақ», «филврод», педагогика- психологиялық ойын, әр түрлі сәндегі оюланған көйлектер салынған плакаттар.
Сабақтың эпиграфі: «Талаппен бастап, талғаммен аяқта».
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдеп, музыка.
Қолданылатын әдебиеттер: «Іс тіге біл» кітабв, газеттер материалдар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшімен жұмыс, оқу-
құралдарын тексеру, оқушылардың зейінін аудару (Осы сабақта нені
үйренем деп ойлайсыңдар, қандай көңіл күймен сабаққа қатысып
отырасыңдар?).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін бағалау (тест жұмысын өзін өзі бағалау арқылы тексеріп, бағалардың қорапшасына салу).
Дайын бұйымның уақытша иесі.
А) адам; б) манекен; в) қуыршақ.
2. Ылғалды –жылу өңдеу, жуған кезде матаның кішірейуі.
А) матаның отыруы; б) матаның сетінеуі; в) матаның жылу өткізгіштігі.
3. Машина инесі мен қол инесінің басты міндеті.
А) тігіс жүргізу; б) ілмек жүргізу; в) бос тігіс.
4. Матаның сапасы неге байланысты?
А) талшықтардың құрамына; б) механикаландырылған жабдықтарға; в) жүннің сортына.
5. Матаның қыртыстануы неге байланысты?
А) талшықтардың созылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты; б) ауа өткізгіштігіне байланысты ; в) ылғал өткізгіштігін байланысты.
6. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қасиеті.
А) ылғал өткізгіштік; б) шаң өткізгіштік; в) матаның сетінеуі.
7. Машина инесінің үстіңгі жағы қалай аталады?
А) колба; б) үсті; в) стержень.
8. Өте жұқа материалды қандай тігіспен тігеміз?
А) майда тігіспен; б) қалын тігіспен; в) ірі тігіспен.
9. Машинада үстіңгі (ине) және астыңғы (шөлмек) жіптердің айқасуынан не пайда болады? А) тігіс; б) шатасу; в) сөгілу.
10.Адам өлшемін алғанда қай жағынан тұрып алады?
А) оң жағынан; б) сол жағынан; в) алдынан.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
Ең бірінші көйлек дегеніміз не, көйлек қайдай пайда болады? Осы біз көйлек туралы не білеміз, соған тоқталайық.
Көйлек Х ғасырда Римде пайда болған. Көйлек сөзі латын тілінен аударғанда, кию деген туындаған. Көйлектің бірнеше түрлері бар: спорттық , классикалық, күнделікті. Оны жібек, барқыт матадан тігеді, түсі әр түрлі болады, қазіргі кезде салқын түсті көйлектер сәнге айналауда.
Жаңа заман талабына сай сәнді көйлектерді ұлттық ою-өрнектермен, яғни ою-өрнек элементтерін аксесуар ретінде пайдаланып,көйлекті әсемдеп киюге болады. Егер ою- өрнекті әсемдеп, үйлесімін тауып, айналасын «зигзаг» тігісімен кестелесек, ешкімді қайталамайтын, басқа ешкімде жоқ көйлек киюге болады. Қолмен кестелеп тігетін кезде инені шынтаққа дейін сабақтауды ұмытпау керек. Ою- өрнек элементтерін пайдаланған кезде композиция, колорит ережесін, орналасуын, яғни симметриясын сақтау керек .
Енді сабақ барысында кездескен жаңа сөздерге анықтама берейік:
Симметрия- ою-өрнектің бір-біріне тең келуі.
Колорит- түстердің үйлесімі.
Композиция –ою- өрнектің ретімен орналастыру.
Ырғақ -бір оюдың ретімен бірнеше рет қайталануы.
Қол жұмысымен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеті, мысалы:
инені сабақтағанда ауызға салып отыруға болмайды;
жіпті тіспен үзбеу, қайшыны қайшыламау;
Жұмыс орнын міндетті түрде жинап кету.
ІҮ. Сарамандық жұмыс (баяу музыка ойнап тұрады ). Мұғалім түрлі түсті қағазға ою ойып, қай оюдың қай жерде қолданатыны туралы қысқаша түсінік беріп кетеді.
Енді оқушылар үйден тігіп келген (макет) көйлектерін өз қиялдарымен ою-өрнекпен әшекейлейді.
Ү. Сергіту сәті.
1. Сабақтың эпиграфі жасалған ойындағы сұрақтарға жауап беру.
2. Әріптерден еңбекке байланысты «сөзжұмбақ» құрастыру (қайшы, мата, бисер, біз, үтік, ине, оймақ, жіп).
-
C ө з қ ұ р а қ
и і ш а с т з
ж н б п ү к о
қ й ы е р м
|
ҮІ. Тест жұмыстарынан алған бағалары бойынша, ойындағы сұрақтарға берген жауаптары бойынша, сарамандық жұмысы бойынша оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: сырт киім және сәнді киімдердің ілгектерінен, түйметүрлерінен коллекция, буклет жасау.
Бағалау критерийі
«5» -10 -9 «4» -8 «3»-7-5 «2»-4
Оқушылардың бағалау парағы.
Аты
|
Үй тапсырмасы
|
Тест
|
Сарамандық жұмыс
|
Сергіту сәті
|
Сабақты бекіту сұрақтары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дайын түнгі көйлекті соңғы әшекейлеу». Ылғалды – жылулық өңдеу жұмыстары.
Пән: технология
Сынып: 7-сынып
Пән мұғалімі: А.Т.Бейсенбина
Достарыңызбен бөлісу: |