Ең ең метрополитен Орындаған: Матқасым М



бет3/4
Дата22.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#198626
1   2   3   4
Байланысты:
560087.pptx

Әлемдегі ең қысқа метро

  • Әлемдегі ең қысқа метрополитен атағы Израильдің Хайфа қаласындағы «Кармелит» метросына тиесілі екен. 1956 жылы салынған бұл метро Израиль еліндегі жалғыз метрополитен. Оның ұзындығы небәрі 1,8 шақырымжәне 6 бекеттен тұрады. Бірінші бекеттен соңғы бекетке дейінгі жүру уақыты – 6 минут. 400 адамға арналған екі пойыз жұмыс істейді. «Кармелит» метросының ең басты ерекшелігі, бұл қоғамдық көлік жер астымен адамдарды қаланың төменгі бөлігінен жоғарғы бөлігіне тасымалдайды. Яғни, метро горизонтальді емес, вертикальді бағытта жүреді. Метро электр қуатымен емес, арнайы сым арқандар арқылы қозғалады. Адамдар арасында «бұл метрополитенді метро деп санаймыз ба, әлде жоқ па?» деген сұрақтар қойылып, көптеген талас-тартыстар болған. Дегенмен, «Кармелит» Гиннесс рекордтар кітабына «Әлемдегі ең қысқа жерасты көлігі» деген атпен енген. 

Әлемнің ең әдемі метро станциялары

  • Танымал Βootsnall туристік порталы 2011 жылғы әлемдегі ең әдемі метро станциясы деп танылған жер асты аялдамалардың тізімін жасаған болатын.

Champ-de-Mars, Монреаль, Канада

  • Бұл станция 1966 жылы ашылған. Виль-Мари ауданындағы сарғылт түсті Ескі Монреал желісінің бойында орналасқан. Champ-de-Mars станциясы күн ашық кезде өте әдемі. Күн сәулелері суретші Марсель Феррон (Marcelle Ferron) салған витражға түскенде, станцияның іші таңғажайып бақтай жайнап кетеді.
  • Монреаль метросының билет құны: 2,75$=399 теңге

Central Park, Гаосюн, Тайвань

  • Бұл станция қызыл жол бойында орналасқан. Станция атауы жақын маңда орналасқан орталық саябақтың құрметіне қойылған. Көк шалғынға ұқсайтын екі деңгейлі станция сәулетімен британ сәулетшісі Ричард Роджер (Richard Rogers) айналысқан.

Bund Sightseeing тоннелі, Шанхай, Қытай

  • Пу (Pu) өзенінің астында орналасқан бұл тоннельдің сәулеті кез келген жолаушыны қиял әлеміне әкететіндей әсер береді. Тоннель ішінде автомобильмен жүруге болады.
  • Тоннельде жол жүру бағасы бір бағытта 30 юань=720 теңге, екі бағытта 40 юань=960 теңге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет