Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет. Идеалистер дүниенің негізін неден екендігін есептеуден, олар субъективті не объективті болып келеді. Біріншілер ондай негізді өзінің санасын, жеке субъект санасын санайды, екіншілері – небір объектінің санасы – яғни Әлемдік рух, Абсолюттік идея, Әлемдік жанды есептейді.
«Жан» ұғымы «рух» ұғымына жақын, адамның ішкі дүниесіне және психикасына тарихи өзгермелі көзқарасты білдіреді. Дінде және кейбір философиялық ілімдерде – ол денеден тәуелсіз материалды емес субстанция ұғымы. Абсолют – ол Барлық мәннің рухани бастамасын түсіндіретін философиялық ұғым, және де ол қатысты, маңыздандырылған болмысқа қарсы қойылатын шексіз, бастамасыз, жалпылы, бүтін ретінде ойланылады.
Материализм де, идеализм де монизмнің түрлері болып табылады. Монизм – ол дүние құбылыстарының көптүрлілігін барлық тіршілік етушінің жалғыз бастамасы ретінде қарастыратын тәсіл. Сол сияқты дуализм – ол рух пен материяның, материалдық пен идеалдылықтың бір біріне теңдігін мойындайтын философиялық ілім.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы мына сұрақта көрінеді: «Қоршаған дүниені тануға бола ма ?» Осы сұраққа жауап іздеуден философияда үш бағыт пайда болды: агностицизм, скептицизм, оптимизм.
Агностицизм – объективті дүниенің танылу мүмкіндігін терістейтін философиялық ілім. Скептицизм – дүниені танудың мүмкіндігін теріске шығармай, күмандануға әкелетін философиялық бағыт.Оптимизм – объективті дүниенің процестерін, барлық құбылыстар мен заттардың мәнін тану мүмкіндігін айтатын философиялық ілім.
Қазіргі кезде философиялық ілімдерде негізгі сұрақ болып қоршаған дүниедегі адамның ролі мен орны қарастырылады.
4. Философия категориялары.
Философия ғылым ретінде негізгі ұғымдармен немесе категорияларымен толығады. Философия категориялары тілде не сөзде көрінуі мүмкін. Философиялық категориялар үнемі дамуда, сынға ұшырасады, қабылданбауы да мүмкін және де үнемі мағынасы жағынан толығып отырады. Философияның негізгі категориялары мыналар: «болмыс, материя, табиғат, қоғам, адам, қозғалыс, даму, заң, зат, қатынас, мазмұн, форма, мән, жалпылылық, бірлік, қасиет, құбылыс, себептілік, салдар » т.б.
5. Философия құрылымы.
Философияның білім жүйеесі ретінде өзіндік құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері болып рухани және материалдық дүниенің бір жағын қарастыратын философиялық ілімдер табылады. Философияның ғылым ретінде негізгі бөлімдері болып философия тарихы және философия теориясы бөлінеді, ол өзіне онтологияны – болмыс туралы ілім; әлеуметтік философияны – қоғам туралы ілім; диалектиканы – материалдық дүниенің процестері мен құбылыстарын, заттардың дамуы мен жалпы байланыстары туралы ілім; гносеологияны немесе эпистемологияны – таным теориясы; философиялық антропологияны – адам туралы ілім; аксиологияны – құндылық туралы ілім; праксиологияны – қоғамдық практика туралы ілім; методологияны - әдіс туралы іліімді қамтиды. Кейбір жағдайларда философиялық теорияның негізгі бөлімі болып натурфилософия немесе табиғат философиясы бөлінеді, ол табиғатты бір бүтін ретінде қарастырып, оған ой түрінен сипаттама береді.
6. Философия функциялары.
Философия ғылым ретінде нақты функцияларды орындайды. Функция деп нақты іс-әрекет, міндеттер айтылады. Логикалық тұрғыда функция объектілердің екі не топтық қатынасын білдіреді, оның біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеледі. И.Т.Фролов философияның келесі негізгі функцияларын көрсетеді:
1. Экспликация функциясы (көріну) адамдардың қоғамдық-тарихи өмірі немесе нақты мәдениет негізделетін тәжірибе формаларының, жалпы идеяларының көрінуі.
2. Рационализация функциясы, яғни осы универсалийлердің логикалық, ұғымдық формаға көшіру.
3. Систематизация функциясы, яғни адамзат тәжірибесінің барлық оның формасында жинақы нәтижесінің теориялық көрінуі.
4. Критикалық функция, әрбір қалыптасып келе жатқан жаңа дүниеге көзқарас ақиқат танымның жолына тұратын адасулармен, қателіктерге сынмен жүріп отыруы керек.
5. Келісу функциясы, яғни адамзат тәжірибесінің барлық формаларының интеграциясы.
Басқа көзқарастарға қарай отырып, келесі философия функциялары бөлінеді:
1. Көзқарастық функция, дүниенің ғылыми бейнесінің негізінің қалыптасуынан тұрады.
2. Методологиялық функция, ғылымдарға бағытталған әрекетпен мағыналанады.
3. Теориялық-танымдық функция, жаңа білімді шығаруға негізделеді.
4. Логикалық функция, әрбір ойлау процесінде міндетті түрде философия ұғымы қатысуымен байланысты.
5. Гуманистік функция, адамға ұқыпты түрде қарым-қатынасымен байланысты.
6. Аксиологиялық функция, нақты құндылыққа философияның бағыттылығымен байланысты.
7. Философияның зерттеу әдістері.
Философиялық теория теориялық білімнің мазмұны ретінде және де жалпы зерттеу әдістері болып, жалпы методология ретінде шығады; оның зерттеу пәні болып әрбір танымның және ойлау принциптері табылады.
Философияда танымның екі әдісі белгілі: диалектикалық – материалдық дүниенің құбылыстарын, заттарын, процестерін дамудың барлық жағынан бірлікте, байланыста қарастырады және метафизикалық – материалдық дүниенің заттары мен құбылыстарының байланысын статикалық жағдайда, қозғалыссыз қарастыру.
8. Мәдениет жүйесіндегі философияның орны.
Философия күрделі және көп жақты құбылыс болып табылады. Сондықтан қоғамның рухани өміріндегі барлық байланыстар жүйесін ескеру керек. Философияны мәдени-тарихи құбылыс ретінде қарастыру оның мәселелерінің динамикалық кешенін, байланыстарын, функцияларын қамтуға көмек береді. Мәдениет тұрғысында адамдардың қоғамдық өмірі мәдени-тарихи құндылықтарды жеткізу, сақтау, бір бүтін процесс ретінде қалыптасады.
Философияның пайда болу уақытына адамзатпен көптеген дәстүрлі іс-әрекеттер дағдысы жинақталған. Философияның шығуы мәдениеттің қалыптасқан формаларын маңыздауға бағытталған екінші түрі, негізгісінің қоғамдық пайда болуы болып табылады. Сондықтан мәдениеттің барлық жағына айналған философиядағы ойлау тәсілі сыни-рефлексивті болып аталады.
9. Философияның тарихы мен теориясының қатынасы. Философия тарихы пәні.
Философия тарихы және теориясы философиялық білім жүйесінің негізгі екі жағы болып табылады. Философияда теория мен тарих бір бірімен тығыз және мағыналы түрде байланысты. Философия үнемі өзіне қарауда, өзін еске алу процесінде ғана мүмкін. Екеуі де саналы түрде жүргізіледі. Қазіргі кездің философы қанша өзінше болса да, ол өткен ғасыр философтарының атынан ойлайды, бүтіндей философияның атынан сөйлейді. Сондықтан философия тарихы философияның өзіндік санасының негізгісі, мәні болып табылады.
Философия тарихын зерттегенде көптеген философиялық ілімдер, мектептер, ағымдар, бағыттар көзге түседі. Философияның дамуы философиялық тәсілдердің қақтығысынан, принциптер, идеялар, тұлғалар күресінен жүреді. Осы философиялық көзқарастардың көптүрлілігін, олардың шығуының, дамуының, бір біріне қатынасының зерттеуінен философия тарихының пәні қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |