Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар



бет20/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Пайдалылық дегеніміз:

А) игіліктің келесі бірлігінен алынатын пайда

В) қандай да бір тауардың өткіpe

С) қандай да бір тауардың немесе қызметтің қажеттілікті өтеу қасиеті

D) тек қана қызмет көрсету салаларының өтелуі

E) игіліктің өтелу үрдісі мен пайдасы


2. Төменде көрсетілгендердің ішінен кейбір адамдар пайдалылық алса,

енді біреулері пайдалылық алмайтындығын көрсететін тауарлар

А) киім, тамақ

В) темекі, көзілдірік,

С) нан, баспана

D) көлік, киім

Е) барлығы
3.Тұтынушының талғамы өзгеріп үлгірмейтін аз уақыт аралығында қандай да бір тауардан немесе қызметтен алынатын падалылық осы игіліктің әрбір данасы тұтынған сайын, одан түсетін пайдалылықтың кемуі ..

А) шекті пайдалылықтың кему заңы

В) шекті пайдалылық

С) табыстың шегерілу заңы

D) жалпы пайдалылық

Е) тұтынушының тепе-теңдік жағдайы


4. Шекті пайдалылық бұл ...

А) қандай да бір тауардың өтеу қажеттігі

В) тұтынушының жалпы табысының кему заңы

С) игіліктің жалпылама бірлігі

D) игіліктің қосымша бірлігінен алынатын пайдалылық

Е) С және А жауаптары


5. Пайдалылықты ең жоғары деңгейге көтеру шарты:

А) P=MC


В) PxX+PyY=R

С) TC=AC+VC

D) PxX*Py=R

Е) MUa/Pa=MUb/Pb


6. Ютильмен нені өлшейді?

А) сұраныс пен ұсынысты

В) пайдалылықты

С) тауар мөлшерін

D) шығынды

Е) талғамсыздық қисығын


7. Бюджеттің белгілі бір көлемде бір игілікті алуға аз шығын, ал келесісін алуға көп шығын жұмсай отырып, тұтынушының жалпы пайдалылықты көбейте алатын жағдайы

А) жалпы пайдалылық

В) шекті пайдалылық

С) игіліктің пайдалылығы

D) тұтынушылық тепе-теңдігі

Е) шекті пайдалылықтың кему заңы


8. Бюджет сызығының теңдеуі

А) PxX+PyY=R

В) TC=AC+VC

С) MUa/Pa=MUb/Pb

D) U=f( Qi )

Е) Y+X=R
9.Төмендегі бюджет сызығы неге байланысты өзгерді?















А) табыс пен баға пропорционал түрде өзгеруіне байланысты

В) табыстың өзгеруіне байланысты

С) шектеулі мөлшерге байланысты

D) бағаның өзгеруіне байланысты

Е) пайдалылыққа байланысты
10. Егер табыс пен баға пропорционалды түрде өзгеретін болса, онда бюджет сызығы қалай өзгереді?

А) табыс өсетін болса, бюджет сызығы жоғары қарайды

В) бюджет сызығы бұрылады

С) табыс кемісе төмен қарай жылжиды

D) А және С жауаптары

Е) сол күйінде қалады


11.Қай кезде өндіріс ауқымының ұлғаюы фирмаға оң ықпалын тигізеді?

А) егер ұзақ мерзімді орташа шығындар өнім көлемі ұлғайған сайын азая түсетін болса

В) егер ұзақ мерзімді орташа шығындар өнім көлемі ұлғайған сайын өзгеріссіз қалатын болса

С) егер ұзақ мерзімді орташа шығындар өнім көлемі ұлғайған сайын көбейе түсетін болса

D) егер қысқа мерзімді шығындар көлемі ұлғайса

Е) егер қысқа мерзімді шығындар тұрақсыз болса


12.Осы суретте көрсетілген бюджет сызығының жылжуы қандай жағдайға байланысты?








А) бағаның өзгеруіне

В) баға мен табыс тең болғанда

С) тұтынушының табысының азаюына

D) тұтынушының табысының артуына

Е) тұтынушының табысының шексіздігі
13. Алмастырудың шекті нормасы нешеге тең?

А) 4


В) 3

С) 2


D) 1

Е) 0


14. Комплементарлы тауарларды көрсетіңіз.

А) шаңғы және кірпіш

В) шай және сүт

С) қант және автомобиль

D) бензин және құрылыс материалдары

Е) құрылыс материалдары және шаңғы


15. Талғамсыздық қисығының неше қасиеті қарастырылған?

А) 3


В) 5

С) 8


D) 4

Е) ешқанлай қасиеті жоқ


16. Төмендегілердің қайсысы талғамсыздық қисығының қасиеті болып табылмайды.

А) неғұрлым жоғары жатқан талғамсыздық қисығы пайдалылықты соғұрлым көп әкеледі.

В) ол теріс көлбеу болып келеді.

С) олар бір нүктеде қиылысады.

D) олар қиылыспайды.

Е) талғамсыздық қисығы солдан оңға қарай жылжыған сайын жазыңқы бола түседі.


17.Жанұя шығынын зерттеу негізінде өз атымен аталатын заңдылықты кім шығарды:

А) Ф. Энгель

В) А. Тюрго

С) Э. Кондиляк

D) Д. Рикардо

Е) В және С жауаптары


18. Тұтынушы теориясының негізгі мазмұнын құраушылыр

А) табыс, баға, көлем

В) кіріс, көлем, құны

С) кіріс, пайдалылық, баға

D) пайдалылық, баға, мөлшер

Е) табыс, баға, мөлшер


19. Ғылыми айналымға ағылшан философы И. Бентам қандай түсінік енгізді?

А) шекті айналым

В) бәсеке

С) ақша қаражат

D) сұраныс пен ұсыныс

Е) пайдалылық


20. Пайдалылықтың қандай екі белгісі бар?

А) «пайдалылық» пен «пайда және кіріс»

В) «пайдалылық» пен «пайда және субьективті түсінік»

С) «пайда» мен «талғам»

D) «талғам» мен «субьективті түсінік»

Е) «субьективті түсінік» пен «кіріс»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет