Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар



бет18/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Шекті пайдалылықтың кему заңы

Ә) Бюджет сызығы

Б) Сапасыз тауарлар

В) Пайдалылық

Г) Талғамсыздық картасы

Ғ) Шекті пайдалылық

Д) «Табыс-тұтыну» қисығы

Е) Талғамсыздық қисығы

Ж) Пайдалылықты максималдау ережесі

З) Алмастырғыш тиімділігі

И) Гиффен тауары

К) Табыс тиімділігі

Л) Бюджет сызығының теңдеуі

М) «Баға-тұтыну» қисығы

Н) Нарық

1. Сатушылар мен сатып алушыларды кездестіретін институт немесе механизм

2. Қосымша пайдалылық немесе әрбір нақты өнімнің қосымша бірлігінен тұтынушының алатын қанағаты

3. Қандай да бір тауардың немесе қызметтің қажеттілікті өтеу қабілеті

4. Тұтынушының қандай да бір белгіленген ақша көлеміне берілген екі игіліктің сатып алу мүмкіндігі бар барлық жағдайларын көрсететін сызық

5. Баға өскен сайын тұтынушының оны бұрынғыдан да көп мөлшерде алуға ұмытылатын тауар түрі

6.Тұтынушының табысы өзгермей бір тауардың бағасы өзгергенде тұтынушы теңдестік жағдайға ие болады және оны белгілейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болса, онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгеретінін көрсететін сызық түрі.

7.Табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар

8 Бағаның төмендеуі тауардың қызықтырғыш қабілетін арттырады да осы арқылы тұтынушыны осы тауарды көбірек сатып алуға итермелейді.

9. Тұтынушының талғамы өзгеріп, үлгірмейтін аз уақыт аралығында қандай да бір тауардан немесе қызметтен алатын пайдалылық осы өнімнің әрбір келесі данасын тұтынған сайын, одан түсетін пайдалылық кеми түседі

10. Х тауарының бағасының төмендеуі тұтынушының нақты табысын ұлғайтады. Осы арқылы тұтынушы Х тауарын көбірек сатып алуға мүмкіндік алады. Бұл құбылыс

11. Тұтынушының екі түрлі тауарды қандай мөлшерде сатып алғанының бір-бірінен айырмашылығы болмайтын жағдайларын көрсететін сызық

12. Px X+PyY=R.

13. Әрқайсысы әр түрлі пайдалылық деңгейін көрсететін тамғамсыздық қисықтарының жиынтығы

14. Табыс өскен сайын талғамсыздық картасының барлық тепе-тең нүктелерін қосатын қисық

15. Тұтынушының табысын тауардың әрқайсысын сатып алуға кеткен соңғы ақша бірдей қосымша пайдалылық әкелетіндей етіп бөлу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет