MRPL / PL = MRPK / PK =1 (2)
Бұл теңдік пайданы барынша өсірудің ережесін білдіреді.
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Туынды сұраныс
Ә) Шекті еңбек өнімінің ақшалай көрінісі
Б) Максималды табысты қамтамасыз ететін ресурстар арақатынасы
В) Жалақы минимумы
Г) Қалыпты (ақшалай) жалақы
Ғ) Еңбек өніміне шекті шығындар
Д) Минималды шығынды қамтамасыз ететін ресурстардың арақатынасы
Е) Жалақы ставкасы
Ж) Нақты жалақы
З) Еңбек өнімінің шекті құны (VMPL)
1. Фирма қосымша еңбек бірліктерін пайдаланғандағы өсім (өзге пайдаланатын ресурстар көлемі өзгеріссіз қалады).
2. Өнім сұранысына байланысты осы ресурстар көмегімен өндірілетін ресурсқа сұраныс.
3. Әрбір ресурстың шекті өнімі ақшалай көрінісінде шекті шығынның берілген факторды қолдануына байланысты ресурстар комбинациясы (оның бағасына, егер фактор бәсекелес нарықта қолданса).
4. Фирма қосымша еңбек бірлігін қолданғандағы жалпы табыстың көлемінің өзгеруі (барлық өзге ресурстар көлемі өзгеріссіз қалады).
5. Кәсіпкерлер заң жүзінде еңбек уақыты бірлігіне төлейтін ең төменгі жалақы ставкасы.
6. Жұмысшы өзінің номиналдық жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтер көлемі.
7. Шекті ресурс өнімі мен олардың бағасының арақатынасы барлық қолданатын ресурстарға бірдей болғандағы ресурстар комбинациясы (егер ресурс бәсекелес нарығында қолданса)
8. Жұмыс уақытының бірлігіне алатын жұмысшының ақша көлемі.
9. Бағаға көбейтілуі бойынша қосымша өнім сатылуы мүмкін шекті еңбек өнімі.
10. Уақыт бірлігіндегі еңбек бағасы (еңбек қызметін қолдануы үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |