Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет10/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

ұсыныс көлемі

Сурет 2.2

Ұсыныстың бағадан тыс факторлары:



  • Экономикалық ресурстардың бағасының өзгеруі

  • Басқа тауарлардың бағасының өзгеруі

  • Тауар шығарушыларынң саны

  • Өндіріс технологиясының өзгеруі

  • Салық және субсидия

  • Тұтынушының күтуі

Ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі ұсыныс пен сұраныс қисықтарының қиылысуы нәтижесінде пайда болады.
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Тапшылық

Ә) Тепе-теңдік нүктесі

Б) Сұраныстың өзгеруі

В) Бағадан тыс факторлар

Г) Қалыпты тауарлар

Ғ) Сұраныс шамасының өзгеруі

Д) Сұраныс заңы

Е) Ұсыныс заңы

Ж) Сұраныс

З) Сұраныс қисығы

И) Ұсыныс қисығы

К) Әсіре молшылық

Л) Алмастырғыш тауарлар

М) Нашар игіліктер (тауарлар)

Н) Толықтырғыш тауарлар

1. Тұтынушылардың ақшалай қаражатымен қамтамасыз етілген қандай да бір тауарға қажеттілік

2. Тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндірілетін және ұсынылатын тауар көлемі көп болады (басқа факторлар тұрақты болғанда).

3. Сұраныс қисығының жылжуына ықпал жасаушылар

4. Тауар өндірушілердің немесе сатушылардың қандай да бір бағамен белгілі бір уақыт аралығында өткізуге даярлап қойылған тауарлар көлемін көрсетеді

5. Нүктелері белгілі уақыт аралығында қандай бағамен және қанша көлемде тұтынушылардың белгілі бір тауарды сатып ала алатынын көрсетеді

6. Тауар бағасы неғұрлым төмен болса, оған деген сұраныс көлемі соғұрлым аз болады және керісінше

7. Тұтынушының табысы өскен сайын оған деген сұраныс та өсе түсетін тауарлар

8. Тұтынушының табысы өскен сайын оған деген сұраныс кеми түсетін тауарлар

9. Біреуінің бағасы төмендесе екіншісіне сұраныс өсе түсетін тауарлар

10. Біреуінің баға өссе екіншісіне сұраныс өсе түсетін тауарлар

11. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы

12. Сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуы

13. Сұраныс қисығының бойындағы нүктенің осы қисықтың бойыммен жылжи өзгеруі

14. Сұраныс шамасының ұсыныс шамасынан асып кеткендегі туындайтын жағдай

15. Сұраныс шамасының ұсыныс шамасынан кем болғандағы туындайтын жағдай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет