Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет13/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. Үш тұтынушының белгілі бір затқа деген сұраныстары келесі функциялар түрінде берілген:

Q1 = 6 – 3P1 ; Q2 = 6 – 2P2 ; Q3 = 6 – 1,5P3.

Төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:


  1. жеке сұраныстар қисығын тұрғызыңдар;

  2. нарықтық сұраныс қисығын тұрғызыңдар.

Жауабы:


Баға

Сұраныс көлемі




Q=6-3P1

Q=6-2P2

Q=6-1,5P3

0,5

4,5

5

5,25

1

3

4

4,5

1,5

1,5

3

3,75

2

0

2

3


2. Қостанай қаласындағы сүтке деген сұраныс кестесі төмендегідей:

Баға, 1л/теңге

Сұраныс көлемі, 1ай/л

30

10000

40

9000

50

8000

80

7000

100

6000

Осы қаладағы ұсыныс кестесі:



Баға, 1л/теңге

Сұраныс ұсыныс, 1ай/л

30

4000

40

6000

50

8000

80

10000

100

12000




  1. сүтке деген сұраныс және ұсыныс қисығын сызыңдар;

  2. сүттің тепе-теңдік бағасы қандай?

  3. Сүтке деген сұраныс көлемінің азаюы тепе-теңдік бағасына қалай әсер етеді?


Жауабы: Р*= 50, QD = QS = 8000 л.
3. Елдің тауарға деген сұраныс функциясы мен ұсыныс функциялары берілген: Qd=8-P, QS= -7+ 2P. Тұтынушы мен сатушының артылып қалу мөлшерін табыңыздар.
Шығарылуы

Алдымен тепе-тең баға мен тепе-тең көлемді табамыз.

Рт.т. = 5

Qт.т. = 3



8 - 5

S тұтынушы = -------- 3 = 4,5 (үшбұрыштың ауданы)


7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Сұраныс деген не?

2. Ұсыныс дегеніміз не?

3. Сұраныс заңы нені білдіреді?

4. Ұсыныс қисығы дегеніміз не?

5. Нарықтық тепе-теңдік қандай жағдайда пайда болады?.

6. Нарықтағы нақты бағаның теп-тең бағамен сәйкес келмеген жағдайларын қарастырыңыздар


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 15-28 беттер, 2005 жыл

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 36-51 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, стр. 41-55

4. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997, стр. с.186-190

5. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика. УМК, Караганда 2005, стр.16-30

6. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкономика, М. Юрайт, 2003, стр.53-66




3. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ИКЕМДІЛІК ТЕОРИЯСЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Сұраныстың икемді, икемсіздігін икемділік коэфиценті арқылы анықтайды. Ол мынадай формуламен өрнектеледі.

eр= (1)



  1. Егер сұраныс баға бойынша икемді болса, онда ер>1

  2. Егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса, онда ер<1

  3. Егер ер=1 болса, онда осы тауарға деген сұраныстың икемділігі бірлік икемділік деп аталады.

Кейбір тауарларға деген сұраныс мүлдем икемсіз болады. Мұндай жағдайда сұраныс қисығы ордината осіне параллель. Ал сұраныс мүлдем икемді болса сұраныс қисығы абсцисса осіне парааллель.

Төменде жоғады айтылғандар кесте күйдінде көрсетілген

Кесте 1


Бағаның өзгерісі

Сұраныс көлемінің өзгерісі

Икемділік коэффициентінің шарты

Сұраныстың икемділігі

Болмашы ғана өзгеруі

Елеулі өзгерісі

1-ден артық

Икемді

Елеулі өзгерісі

Сұраныс көлемінің болмашы өзгерісі

1-ден кіші

Икемсіз

Бағаның өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық мөлшерде бағаның өзгерісіндей өзгерісті туындататын болса.

1-ге тең

Бірлік икемділік


2. Сұраныстың табыс бойынша және жанама икемділігі. Ұсыныстың икемділігі
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі мынадай формуламен өрнектеледі.

er= (2)

Ұсыныстың икемділігі мынадай формуламен өрнектеледі.

eg= (3)

Екі тауардың арасында олардың бағаларының өзгеруіне байланысты белгілі бір байланыс болуы, яғни қандай да бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші бір тауарға деген сұраныстың өзгеруіне ықпал жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда екі тауар арасындағы байланыстың икемділігі туралы сөз болады және бұл икемділік мынадай формуламен өрнектеледі.

eab= (4)

1. Егер еab>0 болса, онда а және b тауарлары бірін-бірі алмастырғыш тауарлар.

2. Егер еab<0 болса, онда а және b тауарлары бірін-бірі толықтырғыш тауарлар.

3. Егер еab=0 болса, онда а және b тауарлары бір-біріне қаттысыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет