Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет15/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

3. Дұрыс/дұрыс емес (иә/жоқ)


№№

Тұжырым

Иә/Жоқ

1

Сұраныстың баға бойынша икемділігі дегенміз бағаның өзгеруінің осы тауарға деген сұраныс көлемінің өзгеруіне әсері




2

Біреуінің бағасының өсуі екінші тауарға деген сұранысты азайтса мұндай тауарлар алмастығыш тауарлар деп аталады




3

Жақсы тауар – табыс өскен кезде сұраныс азаятын тауарлар




4

Гиффен тауарлары - баға өскенде сұраныс көлемі өсетін тауарлар.




5

Жанама икемділік дегеніміз бір өнімнің бағасының өзгеруінің екінінші бір өнімге деген сұраныс шамасына әсер етуі




6

Баға 5% түсіп, осының салдарына сұраныс көлемі 8 пайызға өсетін болса сұраныс икемсіз болып есептеледі




7

Егер баға 10% көтерілсе, сұраныс шамасының осы пайызға төмендеуі бірлік икемдіілк деп аталады




8

Ұсыныс икемділігі - бағаның өзгеруінің осы тауардың ұсыныс көлемінің өзгеруіне әсері




9

Жақсы тауар – табыс өскен сайын сұраныс өсе түсетін тауарлар




10

Егер сұраныс көлемі тауар бағасына мүлде тәуелі болмаса сұраныс әбден икемді




11

Бір бірін толықтырғыш тауарлар - бір тауар бағасының өсуі екінші тауарға деген сұраныстың төмендеуіне әкелетін тауарлар




12

Икемді сұраныс – тауар бағасының болмашы өзгерісі тауарға деген сұраныстың елеулі өзгерісін тудыратын жағдай .




13

Сұраныс қисығы - белгілі уақыт ішінде сатушылар сатуға әр түрлі бағамен сатуға даярлап қойған тауар мен қызметін шамасын көрсететін қисық.




14

Ұсыныс қисығы - қандай бағамен белгілі уақыт ішінде сатып алушылар тауарды әр түрлі мөлшерде әр түрлі мөлшерде сатып алуға дайын екенін көрсетілген қисық.




15

Төлемге қабілетті сұраныс - сатып алушылардың қаражаттарымен қамтамасыз етілген қандай да бір тауарға деген қажеттілік




16

Егер сұраныс көлемі тауар бағасына мүлде тәуелді болмаса, бұл жағдайда сұраныс мүлдем икемсыз болып есептеледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет