Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар



бет16/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Егер бағаға байланысты жанама икемділіктің коэффициенті нольден үлкен болса, тауарлар –

А) өзара алмастырғыш;

В) өзара толықтырғыш;

С) тәуелсіз;

D) қалыпты;

Е) Гиффен тауарлары.


1. Егер бағаның 10%-ға төмендеуі ұсыныс көлемінің 19%-ға төмендеуіне әкелсе, мұндай ұсыныс:

A) абсолютті икемсіз;

B) икемсіз;

C) икемді;

D) бірлік икемділігі;

E) абсолютті икемді.


2. Баға бойынша сұраныстың жанама икемділігінің коэффициентін анықтай отырып тауарлардың типтері туралы қорытынды жасаңыз.

Варинат


А тауарының бағасы, ақша бірлігі.

В тауарына сұраныс көлемі, дана.

44

740

22

620

А) бір – біріне қатыссыз;

В) бір – бірін алмастыратын;

С) бір – бірін толықтыратын;

D) анықтау мүмкін емес;

Е) қалыпты.


3. Егер тауардың бағасы 4,5 ақша бірлігінен 6 ақша бірлігіне дейін өссе, ал сұраныс көлемі 3000 бірліктен 300 бірлікке дейін төмендесе, онда сұраныстың икемділік сызығының коэффициенті нешеге тең?

А) 3,00;


В) 2,13;

С) 0,37;


D) 2,7;

Е) 1,5.
4. Егер икемсіз сұраныс тауарының бағасы 15 ақша бірлігінен 13 ақша бірлігіне дейін төмендесе, онда табыс:

А) азаяды;

В) өседі;

С) өзгеріссіз қалады;

D) азаю да, өсуі де мүмкін;

Е) нақты жауап беру мүмкін емес.
5. Икемсіз сұраныс кезінде:

A) бағаның 1%-ке өсуі, сұраныс шамасының 1%-тен кем төмендетеді;

B) бағаның 1%-ке өсуі, сұраныс шамасының 1%-тен артық төмендетеді;

C) бағаның кез – келген өзгеруі жалпы түсімнің өзгеруіне әкелмейді;

D) бағаның 1%-ке өсуі сұраныс шамасына әсер етпейді;

E) бағаның 1%-ке өсуі ұсыныс шамасына әсер етпейді.


6. Басқа жағдайлар өзгеріссіз болғанда еңбекке деген сұраныс икемділігі аз болады, егер осы еңбек түрінің өніміне деген сұраныс:

A) икемді болса;

B) икемсіз болса;

C) бірлік икемді болса;

D) абсолюттік икемді болса;

E) еңбекке сұраныс пен өнімге сұраныстың арасындағы байланыс жоқ болса.


7. Тауар барлық талаптарға сай және қалыпты болады, егер:

A) тұтынушының табысы өскен сайын оның тұтыныс көлемі ұлғайса;

В) тұтынушының деңсаулығына зиянды болмаса;

С) осы тауардың бағасы төмендеген сайын оның көлемі өссе;

D) баға өссе де, тауардың бұрынғы көлемі сатып алынса;

Е) түрі жақсы болса.


8. Сұраныстың бағалық икемділігі өседі:

А) күнде қажет ететін тауарларға, бағалы тауарларға қарағанда;

В) егер тұтынушылар тек қана өзіне көбірек пайда алу жағдайынды берілген тауарды қолданса;

С) өндірістік тауарлардың альтернативтік шығындары көп болса;

D) тауар тұтынушыға онша қажетті болмаса;

Е) альтернативтік шығындары аз болса.


9. Алмастыру тиімділігі кезінде мынадай тауарлардың өзара байланысы сипатталады:

А) макарондар және видеокассеталар;

В) фотоаппарат және оған пленка;

С) шай және кофе;

D) манто және second hand;

Е) компьютерлер және автомобильдер.


10. Ұсыныстың икемділік коэффициенті келесі қатынас арқылы есептеледі:

А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы;

В) бағаның пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасы;

С) бағаның пайыздық өзгерісінің ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасы;

D) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы;

Е) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасы.


11. Абсолюттік икемділік тауардың ұсынысы Х деп белгілейік. Егер осы тауарға сұраныс көбейсе, сонда бірқалыпты баға:

А) төмендейді, ал бірқалыпты саны көбейеді;

В) төмендейді және бірқалыпты саны төмендейді;

С) көбейеді, ал бірқалыпты саны төмендейді;

D) көбейеді, ал бірқалыпты саны сол қалспында қалады;

Е)көбейеді және бірқалыпты саны да көбейеді.


12. Абсолюттік икемсіз сұраныс қисығы көрсетеді:

А) тік сызық;

В) көлденең сызық;

С) қисық сызық;

D) тік сызықты теріс қиғашпен;

Е) қисық сызықты оң қиғашпен.


13. Сұраныс бағаның өзгеруіне икемді болса, онда бағаның төмендеуі:

A) жалпы табысты өсіреді;

B) жалпы табысты кемітеді;

C) жалпы табысты өзгертпейді.

D) анықтау мүмкін емес;

Е) шығынды өсіреді.

14. Алмат өз шығындарын әрдайым есептеп отырады. Х тауарының бағасы 2%-ке жоғарылағанда, Алмат бұл тауарды тұтынуды 1%-ке кемітті. Демек Алматтың осы тауарға деген сұранысы:

A) Икемсіз және Алматтың бұл тауарға жұмсаған шығыны өседі;

B) икемді және оның бұл тауарға жұмсаған шығыны азайды;

C) икемділік 1-ге тең болғанда, шығын өзгермейді;

D) икемсіз және шығыны азаяды.

Е) бәр сол күйі қалады.


15. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі:

A) Баға 1%-ке өзгергенде табыстың қаншаға өзгеретіні көрсетеді;

B) Табыс 1%-ке өзгергенде тауарға деген сұраныс көлемінің неше %-ке өзгеретінін көрсетеді;

C). Баға 1%-ке өзгергенде берілген тауарға деген сұраныс көлемінің неше %–ке өзгеретінін көрсетеді,

D) Жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.

Е) бәрі сол қалпы қалады.


16. Сұраныстың нүктелік бағалық икемділігі -0,5. Тауардың бастапқы бағасы 4 теңге, ал сұраныс көлемі 16 дана дейік. Егер баға тағы 2 теңгеге қымбаттаса, онда өнім көлемі қай шамаға өзгереді:

A) 12,1-ке кемиді;

B) 14,2-ке көбейеді;

C) 3,56 өнімге азаяды;

D) 4,14 өнімге көбейеді;

Е) 4-ке азаяды.


17. Алматы тұрғындарының салқын сусындарға деген сұраныс функциясы мынадай болса QD = 3 – 2P, онда баға P = 5 теңге болғандағы сұраныс икемділігін анықта:

A). -2;


B). 5;

C). 1;


D). 3;

Е) 7.
18. Тұтынушы табысы 1400 теңге болғанда, ол Х тауардың 560 мөлшерінде пайдаланатын, енді табысы 1100 теңгеге дейін азайғанда, оның сұранысы 430-ға дейін кеміді. Осы деркетерге сүйене отырып, сұраныстың табыстық икемділігін тап:

A). 1;

B). 1,09;

C). 0;

D). 20;


Е) -4.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет