Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет17/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

5. Есептер мен жаттығулар
1. Төмендегі мәліметтерге сүйене отырып сұраныстың икемді икемсіздігін анықтаңыз:
Кесте 3.1


өнім бағасы, ақша бірлігі

1,05

1,15

сұраныс көлемі, мың дана

1000

900


2. Табыс 20 а.б. тең болғанда, тауарға сұраныс 5 ке тең, ал табыс 30 а.б. тең болғанда, сұраныс 8-ге тең. Тауар бағасы тұрақты. Тауар қандай категорияға (түрге) жатады?
3. Баға бойынша сұраныстың жанама икемділігін анықтаңыз. Тауар типтері бойынша қорытынды жасаңыз.
Кесте 3.2


Вариант

А тауарының бағасы, (а.б.)

В тауарына сұраныс көлемі,

дана


1)

17

23


540

620


2)

28

32


74

66


3)

7

21


830

990


4)

56

64


125

100


5)

110

120


4000

3800



4. Бидай нарғында ақ нанға сұранысының ұлғаюына байланысты бидай бағасы 1 тоннаға 10 а.б-нен 12 а.б-не дейін өсті. Осының нәтижесінде бидай ұсынысы 500-ден 550-ге дейін өсті. Сұраныс икемділігін анықтаңыз.

5. Төмендегі мәліметтерге сүйене отырып, ұсыныстың икемді икемсіздігін анықтаңыздар
Кесте 3.3


Өнім бағасы, ақша бірл.

7

10

Ұсыныс көлемі, мың дана

160

200


6. Төмендегі мәліметтерге сүйене отырып, ұсыныстың икемді икемсіздігін анықтаңыздар
Кесте 3.4


Өнім бағасы, а.бірл.

1,05

1,1

Ұсыныс көлемі, мың дана

100

125


6. Шығарылуы келтірілген есептер
3.5. кестеде жыл бойындағы оқулықтарға деген сұраныстың шамасы келтірілген

Кесте 3.5



Сұраныстың бағалық икемділігі

Сұраныс шамасы

(дана)


Бір оқулықтың бағасы (долл.)

Тұсім (долл.)




0

20







10

18







20

16







30

14







40

12







50

10







60

8







70

6







80

4







90

2







100

0



а) Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін тауып оны кестеге енгізіңіздер

ә) Бағаның қандай мәндерінде сұраныс икемді, икемсіз, және бірлік икемділік болатынын көрсетіңіздер

б) Бағаның әр түрлі мәніндегі түсімнің шамасын тауып кестеге енгізіңіздер

в) Сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентігің қандай мәнінде түсім ең жоғары мәнге ие болады? Неліктен?

г) Оқулықтарға деген сұраныс қисығын салыңыздар.


Шығарылуы
1. а) Кестені қараңыздар .

Кесте 3.6




Сұраныстың бағалық икемділігі

Сұраныс шамасы

(дана)


Бір оқулықтың бағасы (долл.)

Тұсім (долл.)




0

20

0

19

10

18

180

5,67

20

16

320

3

30

14

420

1,86

40

12

480

1,22

50

10

500

0,82

60

8

480

0,54

70

6

420

0,33

80

4

320

0,18

90

2

180

0,05

100

0

0

ә) Бағаның 20 дан 10 долл. дейінгі аралығында сұраныс икемді, баға 10 долл. болғанда бірлік икемділік, және баға 10 нан 0 долл. дейінгі аралықта икемсіз.

б) 3.6 кестені қараңыздар

в) Баға түскен кезде түсім өседі, себебі сұраныс шамасының пайыздың өзгерісі бағаның өзгерісінен жоғары

г) 3.1 суретті қараңыз

20

0 100



Сурет 3.1 Оқулықтарға деген сұраныс қисығы
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Икемділік дегенді қалай түсінесіз?

2. Сұраныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз не?.

3. Сұраныстың табысқа деген икемділігі қандай факторлар арқылы анықталады?

4. Сұраныстың жанама икемділігі туралы не білесіз?

5. Сұраныстың икемділі қандай факторларға байланысты болады?

6. Ұсыныстың икмеділігі туралы талдай жасаңыз



Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 29-36 беттер

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 52-59 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 2001, с.74-93

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., с. 56-87

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997, с.192-195

6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика. УМК, Караганда 2005, с.31-40


4. ТҰТЫНУШЫ ТАЛҒАМЫ ТЕОРИЯСЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Пайдалылық дегеніміз тауардың немесе қызметтің қажеттілікті өтеу қабілеті. Басқаша айтқанда, пайдалылық дегеніміз тұтынушының қандай да бір тауар тұтынудан алған қанағаттану сезімі. Бірақ, пайдалылық ұғымы мен пайда ұғымын шатастыруға болмайды. Адам қандай да бір тауардан не қызметтен пайдалылық ала отырып, ешқандай пайда алмауы да мүмкін. Мысалы: адам темекі шеккенде одан пайдалылық алады, себебі, ол өзінің қажеттілігін өтейді. Бірақ, ол одан ешқандай пайда алмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, пайдалылық әр адам үшін әртүрлі болып келуі мүмкін.

Шекті пайдалылықтың кему заңы. Тұтынушының талғамы өзгеріп, үлгірмейтін аз уақыт аралығында қандай да бір тауардан немесе қызметтен алатын пайдалылық осы өнімнің әрбір келесі данасын тұтынған сайын, одан түсетін пайдалылық кеми түседі. Осы құбылысты пайдалылықтың кему заңы деп атайды.

Қалыпты жағдайда тұтынушы тауарларды сатып алған кезде мынадай қағидаларды басшылыққа алады.



  1. Табысы орта деңгейдегі тұтынушы өзінің қолында бар ақшасына көбірек пайдалылықты сатып алуды қалайды. Басқаша сөзбен айтқанда, ол өзінің ақшасын жұмсай отырып, жиынтық пайдалылықты көбейтуді көздейді.

  2. Әрбір сатып алушы өзінің сатып алатын әр тауарынан өзінің қаншалықты пайдалылық алатынын біледі, сондықтан да ол осы принципті басшылыққа алады.

  3. Бюджеттік шектеулілік сатып алушының ақшасы шектеулі мөлшерде болады, сондықтан да тұтынушы әрбір тауарды немесе қызметті сатып алғанда осы шектеуден асып кетпеуге ұмтылады.

  4. Баға кез - келген тауардың немесе қызметтің бағасы болады, себебі бұл тауарды жасайтын ресурстар, шикізат табиғатта шектеулі. Демек, бұл ресурстардың құны бар деген сөз. Олай болса олардан жасалған заттар да құнды болып келеді. Демек тұтынушы өзінің ақшасына белгілі мөлшердегі тауарды ғана сатып ала алады, себебі әр затты сатып алған сайын оның ақша қоры азая түседі.

Пайдалылықты максималдаудың шарты немесе ережесі:

MUА MUВ

------- = ---------

РА РВ


MUА, MUВ – сәйкесінше А және В тауарларының шекті пайдалылығы

РА , РВ – сәйкесінше А және В тауарларының бағасы

Бюджет сызығы қандай да бір 2 тауарды тұтынушының белгілі бір мөлшерде өзінің қолында бар ақшасына сатып ала алатындай түрлі комбинацияларды көрсетеді. Бюджет сызығының теңдеуі былайша жазылады:

Рх х + Ру у = R

мұндағы Рх және Ру  - Х және У тауарларының бағасы

х,у – Х және У тауарларының саны, R – тұтынушының табысы.

Табыстың немесе бағаның өзгеруі бюджет сызығының өзгерісін тудырады.

Табыстың өзгеруі бюджет сызығының параллель көшуін тудырады. Егер табыс өсетін болса (баға сол күйде қалғанда), бюджет сызығы оңға қарай жылжиды, ал табыс азаятын болса, бюджет сызығы солға қарай жылжиды.

Бағаның өзгеруі. Егер тауардың біреуінің бағасы өзгеретін болса, онда бюджет сызығы бұрылады. Егер баға өсетін болса, бюджет сызығы координата өсінің басына қарай бұрылады. Баға кемитін болса бюджет сызығы сыртқа қарай, яғни координата сызығының ұшына қарай бұрылады. Ал бағасы өзгермеген тауардың саны сол қалпы қалады, яғни бюджет сызығының бағасы өзгермеген жағындағы ұшы өзгеріссіз қалады.

Егер табыс пен баға прапорционалды түрде өзгеретін болса, бюджет сызығының сол күйі қалады.

Айырмашылықсыздық (талғамсыздық) қисығы тұтынушыға 2 түрлі тауардың қандай мөлшерде сатып алса да пайдалылық әкелу тұрғысынан еш айырмашылық жоқтығын кқрсетеді, яғни мұндай жағдайда талғамсыздық қисығында жатқан нүкте пайдалылығы бірдей болатын екі тауар санының үйлесімін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет