4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Өндірістік функция деп мынаны айтамыз:
А) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты;
В) өндіріс факторларының белгілі бір құрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі;
С) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Өндіріс факторлары дегеніміз:
А) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері;
В) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі;
С) А және В пункттері;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
3. Өндірістік функцияның жалпы қасиеттері бойынша:
А) өндіріс факторларының Т есе өсуі өндірілетін өнім көлемін де осы шамаға өсіреді;
В) қолданылатын өндіріс факторларының көлемінің артуы өндіріс факторларын төмендетпейді;
С) тек қана бір фактордың санын арттыру нәтижесінде өнім көлемін өсіргенімен оның шекті тиімділігі кемиді;
D) өндіріс факторлары бірін-бірі алмастырады және толықтыра да алады;
Е) В, С және D пункттері дұрыс.
4. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:
А) негізгі өндірістік қорлардың көлемдері тұрақты болатын уақыт аралығы;
B) өндірісте қолданылатын материалдар мен шикі заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы;
C) негізгі өндірістік қорлардың көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы;
D) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес.
5. Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік процесте қолданылатын:
А) факторлардың бәрі де тұрақты болады;
B) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;
C) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
6. Өндірістік процесте қолданылатын еңбек күштері айнымалы деп, ал қалған факторлар тұрақты деп жорамалдасақ, онда еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады:
А) APL = Y / K;
B) APL = Y / L;
C) APL = dY / dL;
D) APL = ∆Y / ∆K.
7. Капиталдың орташа өнімі дегеніміз:
А) өндірістегі басқа факторлар тұрақты болып, тек қана капитал айнымалы болған жағдайдағы осы фактордың біреуінің шығаратын өнімі;
B) өндірістегі басты өндірістік қорларды тиімді пайдалану немесе қор қайырымы деп аталады;
C) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
8. Қысқа мерзім аралығында капитал тұрақты, ал еңбек айнымалы десек, онда еңбектің шекті өнімі деп:
А) әрбір қосымша жалданылатын еңбек күшінің өндіретін қосымша өнімін атаймыз;
B) еңбек күшінің орташа өнімін атаймыз;
C) жалдаған еңбек күштерінің жалпы өнімін атаймыз;
D) еңбек күшін 1%-ке арттырғанда алынатын қосымша өнімді атаймыз.
Төмендегі деректер 9-11 тест сұрақтарына арналған.
Қарастырып отырған фирмада еңбек айнымалы, ал қалған факторлар – тұрақты делік. Төмендегі кестеде осы фирманың өнімдері мен жұмысшыларының арасындағы байланыс бейнеленген:
Өнім көлемі (дана)
|
0
|
40
|
90
|
126
|
150
|
165
|
180
|
Жұмысшылар саны (адам)
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
9. Шекті өнім қай жұмысшыны жалдағанда төмендей бастайды:
А) 6-жұмысшыны;
B) 4-жұмысшыны;
C) 3-жұмысшыны
D) 2-жұмысшыны;
Е) 1-жұмысшыны.
10. 6-жұмысшының шекті өнімі:
А) 180 дана болады;
B) 30 дана болады;
C) 15 дана болады;
D) шамасы теріс сан болады;
Е) берілген деректерге сүйеніп анықтау қиын.
11. Неше жұмысшы жалдағанда орташа өнім ең жоғары мәніне тең болады:
А) 6 жұмысшы;
B) 5 жұмысшы;
C) 4 жұмысшы;
D) 3 жұмысшы;
Е) 2 жұмысшы.
12. Егер өндірістік процесте өлшем капитал мен өлшем еңбек қолданылса, онда жоғарыдағы функцияны пайдаланып өндірілетін өнім көлемінің ең жоғары мөлшері қандай болатынын тап:
А) 15;
В) 20;
С) 10;
D) 100;
13. Капиталды еңбек күшімен алмастырудың немесе алмастырудың шекті нормасы (VRTS);
А) Өндірістік процесте еңбек пен капиталды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді;
В) Өндірістік процестегі технологияның деңгейін анықтайды;
С) Өндірістік процесте өнім көлемін өзгертпей бір еңбек кұшінен бас тартқанда, оның орнына неше капитал пайдалануға болатынын көрсететін шама;
D)Жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес;
14. Графикте екі изокванта берілген, бұлар белгілі бір өнім көлемін өндірудің түрлі тәсілін көрсетеді. Қай изоквантада MRTS-тің шамасы көп болады.
А) А изоквантасында;
В) В изоквантасында;
С) В изоквантасында қиылысу нүктесіне дейін;
D) Деректер жеткіліксіз;
15. Жалақы мөлшерлемесі теңге, ал капиталдың бір өлшемінің бағасы теңге деп жорамалдайық. Осы факторлардың белгілі бір құрылымын пайдаланғанда: MP = , MP = десек,онда фирма өндірісті тиімді пайдалану үшін:
А) Еңбек күшін капиталдан гөрі көбірек пайдаланады;
В) Капиталды еңбек күшінен гөрі көп пайдаланады;
С)Екеуін де бірдей мөлшерде пайдаланады;
D) Дұрыс жауап беруге деректер жеткіліксіз;
16. Келесі графикте изокванта берілген, ол төмендегі айтылғандардың қайсысын сипаттайды:
А) Факторлар бірін-бірі толық ауыстыра алады;
В) Факторлар бірін-бірі толықтырады;
С) Факторлардың бірін-бірі ауыстыруы бір нүктеде ғана орындалады;
17. Берілген фирмада еңбектің орташа өнімділігі әрдайым оның шекті өнімділігінен жоғары болады деп жорамалдайық. Егер фирма өндіріс процесінде қосымша жұмыс күшін қолданады десек, оның 1 сағатта шығаратын өнім көлемі қалай өзгереді?
А) өседі;
В) кемиді;
С) жауап беруге болатын деректер жеткіліксіз;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес;
18. Фирмадағы жұмысшылар санының 5%-ке көбейіп өнім көлемін 6 процентке өсіреді. Осы мәліметке сүйеніп, төмендегі тұжырымдардың қайсысын мақұлдауға болады:
А) шекті өнім орташа өнімнен көп;
В) орташа өнім шекті өнімнен көп;
С) еңбек факторының икемділігі 1-ден көп;
D) орташа және шекті өнімдер туралы қорытынды жасауға деректер жеткіліксіз;
E) A және C пункттері дұрыс.
19. Фирмада қолданылатын капиталды 100-ден 160 өлшемге дейін өсіргенде, өнім көлемі 50-ден 70 өлшемге дейін көбейді. Егер фирма қолданылатын капиталды тағы 3%-ке өсірсе, онда өнім көлемі қаншаға көбейеді:
А) 1; B) 2; C) 3; D) 4
20. Қарастырып отырған фирмадағы өндірістік процесс келесі функция арқылы бейнеленген:
Ү = 0,7 L.
Онда осы фирмада:
А) еңбектің орташа өнімі шекті өнімінен гөрі тезірек өседі;
В) орташа және шекті өнімдер бір-біріне сәйкес түрде өседі;
С) шекті өнім өнімнен гөрі тезірек өседі;
Достарыңызбен бөлісу: |