Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар



бет23/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Шекті өнім

Ә) Мезеттік (лездік) кезең

Б) Ауқымның оң тиімділігі

В) Орташа өнім

Г) «Ақырғы өнім»

Ғ) Ұзақ мерзімді кезең

Д) Технологиялық тиімділік

Е) Жалпы өнім

Ж) Ауқымның теріс тиімділігі

З) Тұтыну тауарлары

И) Өндірістің белгілі факторының шекті өнімі деп

К) Ауқымның тұрақты тиімлігі

Л) Қысқа мерзімді кезең

М) Өндірістік функция (атқарылым)

Н) Изокванта
1. Өнімнің белгілі көлемін өндіруде пайдалануы мүмкін қор жиынтығының әр түрлі нұсқаларын сипаттайтын қисық

2. Фирманың өнім көлемі өскен сайын оның ұзақ мерзімді орташа шығындарының кеми түсуі

3. Өндірісте аяқталған және өзінің пайдалану саласына түсетін өнім

4. Ақырғы өнімнің, үй шаруашылығында пайдаланатын тұрғындардың қажеттілігін тікелей қанағаттандыру мақсатында жұмсалатын бөлігі

5. Өндіріс факторларының кез келген жиынтығы мен факторлардың осы жиынтығынан өндірілетін өнімнің барынша мүмкін көлемінің арасындағы қатынас

6. Шекті өнім факторын пайдаланудың арқасында жалпы өнімнің белгілі бір дәрежеге өсе түсуі

7. Өзі пайдаланатын ресурстардың барлығын, оның ішінде өндірістік қуаттылығының мөлшерін де өзгертуге мүмкіндігі бар уақытты аралығы

8. Фирманың өнім өндіру көлемі өскен сайын оның ұзақ мерзімді орташа шығындарының арта түсуі

9. Өзі пайдаланатын ресурстардың кейбірінің көлемін өзгертіп ал кейбірінің көлемін өзгерте алмайтын аралығы

10. Өндірілген өнімнің оны шығаруға кеткен шығынға (ресурсқа) қатынасы

11. Өндіріс факторларының бәрі тұрақты болып есептелетін уақыт аралығы

12. Фирманың өнім өндіру көлемі өскен сайын оның ұзақ мерзімді орташа шығындарының бір қалыпты қалуы

13. Өнім өндіру барысында қандай да бір факторды ең болмағанда бір бірлікке аз пайдаланып ал қалған факторлардың ешқайсысында көп пайдаланбайтын өндіріс тәсілі

14. Басқа өндіріс факторлары тұрақты деп есептегенде, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны



15. Өндірістің басқа факторлары тұрақты болған кездегі белгілі бір өндіріс факторын ұлғайту нәтижесінде алынған қосымша өнім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет