6. Шығарылуы келтірілген есептер
№1. Кәмпит өндіретін фирма ресурстардың түрлі үйлесімін пайдаланатын үш түрлі технологияның біреуін таңдайды. Бұл технологиялардың үйлесімдері 5.1 кестеде берілген.
Кесте 5.1
Өнім көлемі
|
Технологиялар
|
А
|
Б
|
В
|
L
|
K
|
L
|
K
|
L
|
K
|
1
|
9
|
2
|
6
|
4
|
4
|
6
|
2
|
19
|
3
|
10
|
8
|
8
|
10
|
3
|
29
|
4
|
14
|
12
|
12
|
14
|
4
|
41
|
5
|
18
|
16
|
16
|
19
|
5
|
59
|
6
|
24
|
22
|
20
|
25
|
6
|
85
|
7
|
33
|
29
|
24
|
32
|
7
|
120
|
8
|
45
|
38
|
29
|
40
|
(L – еңбек; К – капитал; барлық көрсеткіштер бір апта ішіндегі өнім бірлігілмен алынған)
Еңбектің бағасы 200 долл., ал капиталдың бағасы – 400 долл.
а) Әр өнім көлеміне сәйкес фирманың қандай технологияны таңдайтынын анықтаңыздар
б) әр өнім көлемінде шығынның қанша болтынын есептеп шығарыңыздар
в) Еңбектің бағасы 300 долл. өсті, ал капиталдың бағасы сол қалпы қалды деп ұйғаралық. Бағаның осы өзгерісі фирманың технология түрін таңдауына әсер ете ме?
Шығарылуы
1.а) и б) 5.2. кестені қараңыздар
в) и г) 5.3 кестені қараңыздар
Кесте 5.2
Өнім көлемі
|
Технологиялар жағдайындағы жалпы шығындар
|
А
|
Б
|
В
|
1
|
2600
|
2800
|
3200
|
2
|
5000
|
5200
|
5600
|
3
|
7400
|
7600
|
8000
|
4
|
10200
|
10000
|
10800
|
5
|
14200
|
13600
|
14000
|
6
|
19800
|
18200
|
17600
|
7
|
27200
|
24200
|
21800
|
Кесте 5.3
Өнім көлемі
|
Технологиялар жағдайындағы жалпы шығындар
|
А
|
Б
|
В
|
1
|
3500
|
3400
|
3600
|
2
|
6900
|
6200
|
6400
|
3
|
10300
|
9000
|
9200
|
4
|
14300
|
11800
|
12400
|
5
|
20100
|
16000
|
16000
|
6
|
28300
|
21500
|
20000
|
7
|
39200
|
28700
|
24700
|
№ 2. Қысқа мерзімді кезеңде фирма еңбектің көлеміне әсер еткенімен капиталдың көлеміне ықпал жасай алмайды. 5.4 кестеде осы өздеріс көрсетілген.
Кесте 5.4
Еңбек шығындары (адам/апта)
|
Өнім көлемі (бірлік/апта)
|
MPL
|
APL
|
0
|
0
|
|
|
1
|
35
|
|
|
2
|
80
|
|
|
3
|
122
|
|
|
4
|
156
|
|
|
5
|
177
|
|
|
6
|
186
|
|
|
а) еңбектің шекті өнімін және еңбектің орташа өнімін анықтаңыздар (MPL) және (APL).
б) MPL и APL қисықтарын салыңыздар
в) еңбектің қандай деңгейінде MPL және APL қисықтары қилысады.
г) капиталдың шығындарының өзгерісі MPL қисығын өзгеріске ұшырата ма?
Шығарылуы
а) 5.5 кестені қараңыз
Кесте 5.5
Еңбек шығындары (адам/апта)
|
өнім көлемі (бірл./апта)
|
MPL
|
APL
|
0
|
0
|
0
|
-
|
1
|
35
|
35
|
35
|
2
|
80
|
45
|
40
|
3
|
122
|
42
|
40,6
|
4
|
156
|
34
|
39
|
5
|
177
|
21
|
35,4
|
6
|
180
|
3
|
30
|
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өндіріс теориясы дегеніміз не?
2.Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігін сипатаңыз
3.Фирманың өндірістік функциясы дегеніміз?
4.Мерзімді кезеңдер нешеу және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіздер,
5.Шекті өнімнің кему заңын түсіндіріңіздер
6. Қандай өндіріс факторларын білесіз?
7. Изоквана ұғымының мәнін түсіндіріңдер
8. Өндіріс факторларының үйелсімділігі дегенді қалай түсіндіресіз?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 68-82беттер
2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 87-104беттер
3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с.135-152;
4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., с. 96-115;
5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997, с.212-218;
6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.89-104
7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 172-185
6. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Өнім өндіретін фирмалардың барлығы , өнім өндіру және қызмет көрсету барысында қандай да бір шығындарға баруға мәжбір болады. Шығындарды өндіріс шығындары және айналыс шығындары деп екі түрге бөледі.
Өндіріс шығындары деп өнім өндіру барысымен тікелей байланысты шығындарды айтады
Айналыс шығындары дегеніміз өнім өткізуге байланысты шығындар.
Өнім өндіру барысында фирмалар өздеріне қажетті ресурстарды өзге фирмалармен сатып алумен қатар өздерінің қолда бар ресурстарында пайдалануы мүмкін. Осыған байланысты шығындар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы (айқын) шығындар деп фирманың өзге фирмалардан сатып алатын ресурстары мен қызметтеріне төлейтін төлемдерін немесе жұмсалымдарын айтады. Мұндай шығындар қатарына: шикізат, отын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшіктер сол сияқты көліктерді пайдалану шығындары, жалға алынған мүліктерге төленетін төлемдер тағы басқалар жатады.
Сонымен қатар, өндіріс барысында фирма өзіне тиесілі ресурстарды пайдалануы да мүмкін. Мұндай жағдайда да фирма белгілі бір шығындарға баруға мәжбүр болады. Мұндай шығындар ішкі (айқын емес) шығындар деп аталады.
Қайтарылмайтын шығындар дегеніміз бір рет қана төленіп еш қандай жағдайда қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар.
Тұрақты, айнымалы (өзгермелі) және жалпы шығында. Қысқа мерзімді кезеңде өндіріс тұрақты (FC) және айнымалы (VC) шығындар және жалпы шығындар (ТС) болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар (FC) деп - қысқа мерзімді кезеңде өнім шығару көлемінің өзгеруіне тәуелді болмайтын шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, фирма басшыларының жалақасы т.б.
Айнымалы шығындар (VC) деп - шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін (яғни оған тәуелді) шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, траснпорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды, яғни: ТС = FC + VC
Орташа және шекті шығында. Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
Орташа шығындар фирманың бір өнім бірлігіне жіберген шығындарын көрсетеді.
Орташа тұрақты шығындар (AFC ) – тұрақты шығындардың өнім көлемінің қатынасына тең.
Орташа айнымалы шығындар (AVC) айнымалы шығындардың өнім көлеміне қатынасына тең.
Орташа жалпы шығындар (ATC) жалпы шығындардың өнім көлемінің қатынасына тең.
Бұл анықтамалар келесі теңдеу түрінде жазып көрсетуге болады:
TC VC FC
ATC = ------ ; AVC = ------ ; AFC = ------ .
Q Q Q
Шекті шығындар (MC) – қандай да бір тауардың қосымша (келесі) бірлігін өндіруге байланысты туындайтын шығындар. Басқаша айтқанда, шекті шығындарды табу үшін қатар тұрған екі жалпы шығындарды немесе екі айналым шығындарды бір-бірінен алып тастау жеткілікті.
MC = (TC2-TC1)/(Q2-Q1)=ΔTC/ΔQ=ΔVC/ΔQ
Фирманың жалпы табысы нарықтағы фирманың берілген өнімді сатудан алатын түсімді айтады. Жетілген бәсекеде, егер сату көлемі - Q, P – нарықтағы өнім бағасы болса, жалпы табыс TR = PQ тең болады. Егер фирма монополистік болса, онда оның ақшалай түсімі P(Q)Q тең. Бұнда P(Q) - өнімге деген нарықтық сұраныс функциясына кері функция.
Шекті табыс (MR) - өнім шығару көлемін бір бірлікке ұлғайтқаннан кейінгі жалпы табыс өсімі:
Фирманың пайдасы (П) – жалпы табыс пен жалпы шығынның айырмасына тең.
П = TR –TC
Достарыңызбен бөлісу: |