Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС



бет35/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

7. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС
1. Қысқаша теориялық материалдар
Бәсеке дегеніміз нарықтық шаруашылықтың субъектілерінің жекелеген экономикалық мүдделерін жүзеге асыру барысында бір-бірімен қоғамдық қақтығыстарға түсуі болып табылады.

Іс жүзінде бәсеке қосымша пайданы алу үшін өндірістік факторларға қол жеткізу мақсатындағы ұмтылыс талаптарынан туындайды. Фирмалардың іс-әрекеттеріне қарай бәсекелестік күрес екі түрлі әдіске бөлінеді:



  • бағалық бәеке

  • бағадан тыс бәсеке

Бағалық бәсеке дегеніміз тауар өндірушілердің арасындағы өндірістік шығындарды азайту арқылы жүргізілетін күрес. Бағалық бәсеке кезінде таурлардың сапасы, сипаты, түрі өзгеріссіз қалады.

Бағадан тыс бәсеке мына төмендегі факторлардан тұрады:



    • тауардың сапасы, өндірістің техникалық теңдеуі

    • тауар сатылғаннан кейігі қызмет көрсетулері (гарантия)

    • алмастырғыш тауарлар шығару

    • жарнама

Бәсекенің мынандай екі түрлі нысаны болады:

    1. жетілген бәсеке

    2. жетілмеген бәсеке

Жетілмеген бәсекенің түрлері:

  1. Монополия («моно» - жалғыз)

  2. Олигополия (бірнеше)

  3. Монополиялық бәсеке



Кесте 7.1 Рынок жағдайының салыстырмалы кестесі


Нарықтың негізгі сипаттары

Еркін бәсеке нарығы

Жетілмеген бәсеке нарығы

Монополия

Олигополия

Монополиялық бәсеке

Өнім өндіретін фирма саны

Бір-біріне тәуелсіз, өте көп

Жалғыз, ірі

Бірнеше, ірі

Жеткілікті мөлшерде

Өнімнің түрі

Стандартталған немесе барлығында бірдей

Ерекше, ешкімде жоқ

Стандартталған және дифференциалданган

Тек қана дифферен-циалды


Бағаны бақылау

Бағаны рынок белгіліейді

Бағаны өндіруші өзі белгілейді

Озық фирмалар әсер етеді

Фирма баға белгілейді, әсері шектеулі

Рынокқа немесе салаға кіру қиындығы

Кіріп-шығу оңай

Кіру өте қиын

Қиын

Кіріп-шығуға болады

Фирма жетілген бәсеке рпыногының субъектісі болу үшін мынадай бес түрлі шарт орындалу керек:

1. Фирмалар жалпы рынокпен салыстырғанда шағын болады.

2. Фирмалардың өндіретін тауцарлары барлығында бірдей болып келеді.

3. Сатып алушылар сатушылардың бағасы туралы жақсы хабардар.

4. Сатушылар бір-біріне тәуелсіз.

5. Фирмалар салаға оңай кіріп- шыға алады.

Төмендегі графикте жетілген бәсеке рыногындағы фирманың ұсыныс және сұраныс қисығы көрсетілген.

Осы графикте жетілген бәсеке рыногындағы фирманың ұсыныс және сұраныс қисығы көрсетілген.



Р MC

D

Р0



Q0 Q

Сурет 7.1

Мұндағы: D – сұраныс қисығы

P0 - өнім бағасы; Q0 ө- өнім көлемі,МС – фирманың шекті шығынының қисығы

Демек, фирма өзінің табысын ұлғайту үшін өндіретін өнім көлемін көбейтсе жеткілікті. Егер фирманың шекті шығыны бағадан төмен болатын болса, таза пайданы көбейту үшін өндірілетін өнім көлемін көбейту керек. Ал щекті шығын бағадан жоғары болса, өнім көлемін азайту керек. Бұдан шығатын қорытынды: таза пайданы жоғары деңгейде алу үшін өнім көлемін бағамен шекті шығынның тең жағдайына сәйкестендіру керек.

Еркін бәсекедегі фирманың пайданы максималдау шарты: P=MC

Еркін бәсеке нарығында фирма өнім өндіру көлемін мынадай екі қадам арқылы анықтайды:

Кесте 6.1 Еркін бәсеке кезіндегі фирманың өнім өндіру шарты




Кезең түрі

Шекті шарт

Пайдамен тексеру

Қысқа мерзімді кезең

Өнім көлемі P=MC болатындай жағдайда алынады.

Өнімді P>=AVC болатын жағдайда ғана өндіру керек. Олай болмаған жағдайда өнім өндіруді доғару қажет.

Ұзақ мерзімді кезең

Өнім көлемі P=LMC болатындай жағдайда алынады.

Өнімді P>=LAC болатын жағдайда ғана өндіру керек. Егер P



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет