4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Бәсекелестік жетілген нарықта төмендегі тұжырымдардың қайсысы орындалмайды:
A) фирманың шекті түсімі мен шекті шығыны бір-біріне тең болғанда, осы фирма тендестік жағдайына ие болады;
B) шекті шығын қисығы орташа шығын қисығын АС мәні ең төменгі нүктеде қиып өтеді;
C) фирманың өніміне деген сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады;
D) орташа және шекті шығындардың қисықтары U кескінді болады;
E) фирманың өніміне деген сұраныс қисығы — горизонталь түзу болады.
2. Қысқа мерзімде өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізгісі келетін немесе шығынын ең төменгі шамаға дейін азайтқысы келетін фирма жұмысын мүлдем тоқтатады, егер:
A) өнім бағасы орташа шығынның ең төменгі шамасынан аз болса;
B) орташа түрақты шығын өнім бағасынан жоғары болса;
C) өнім бағасы шеұті шығыннан төмен болғанда;
D) өнім бағасы орташа айнымалы шығынның ең төменгі шамасынан аз болғанда;
E) жалпы түсім жалпы шығыннан аз болғанда.
3. Бәсекелестік жетілген нарықтық ортадағы фирманың жалпы шығыны функция түрінде берілген:
TC = 6q + 2q2.
Егер осы фирма 25 өлшем енім өндіріп, оның әрқайсысын 36 теңгеден сатса, онда ол пайда ала ма, әлде зардап шеге ме?
A) 250;
B) -500;
C) 450;
D) -735;
E) 500.
4. Фирманың жалпы шығыны функция түрінде беріліп ТС=6q +2q2 оның әрқайсысын 30 теңгеден сататын болса, онда осы фирманың ұтымды өнімдерінің саны қандай:
A) q=10;
B) q=6;
C) q=12;
D) q=5.
5. Бәсекелестік жетілген нарықтық ортадағы фирманың сұраныс қисығы төмендегінің қайсысы деп ойлайсыз:
6. Экономикалық пайда:
A) ұзақ мерзімде бәсекелестік жетілген нарықта болмайды;
B) жалпы шығындар жалпы түсімнен көп болған жағдайда болады;
C) шекті түсім шекті шығыннан көп болған жағдайда болады;
D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.
7. Салада 1000 фирма жұмыс істейді дейік, олардың әрқайсысы 5 дана өнім шығарғанда шекті шығындары - 2 т болады, ал 6 дана болғанда - 3 т, 7 дана болғанда - 5 т. Егер осы өндірілетін өнімнің нарықтағы бағасы 3 т болса, онда осы салада айына қанша өнім шығарылады:
A) 5000 дана;
B) 5500 дана;
C) 7000 дана;
D) 6000 дана.
8. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың өнімінің бағасы орташа шығынның өтей алмаса, онда фирма:
A) дереу жұмысын тоқтатады;
B) Р > A VC болып, ал Р = МС болған жағдайда өнім өндіруін тоқтатпайды;
C) өндіріске жаңа технология өндіреді;
D) өнім бағасын жоғарылатады;
E) баға барлық тұрақты шығынды өтеп тұра алатын уақытқа дейін өнім өндіре береді.
9.Бәсекелес фирманың жалпы шығынның функциясы берілген:
Егер фирманың өнімінің бағасы төмендесе, қысқа уақыт мерзімінде өнім көлемі қандай болғанда фирма пайда ала алмайды:
A) 8;
B) 6;
C) 4;
D) 2;
E) -2.
10. Төмендегі кестеде бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі жалпы шығыны мен өнімінің арасындағы байланыс келтіпілген:
Егер тауардың нарықтық бағасы 5 теңге болса, онда фирма қанша өнім өндіреді:
A) 1;
B) 2;
C) 3;
D) 4;
E)5.
11. 10-тест сұрағы бойынша тауардың нарықтық бағасы 5 теңге болған жағдайда фирманың пайдасы қандай болатынын анықта:
A) -9;
B) -1;
C) 6;
D) -6.
12. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы:
A) шекті шығын қисығына сәйкес келеді;
B) орташа шығын қисығының кемитін бөлігі;
C) орташа шығын қисығының өсетін бөлігі;
D) шекті шығын қисығының орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан бөлігі.
13. Ұзақ мерзім аралығындағы ұсыныс қисығы:
A) шығындары өсетін салалар үшін — вертикаль сызық;
B) шығындары тұрақты салалар үшін - бұрыптық коэффициенті теріс сан болатын сызық;
C) шығындары кемитін салалар үшін — горизонталь сызық;
D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.
14. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың шекті шығыны келесі функциятүрінде берілген:
Мұнда, q - өнім көлемі. Өнімнің әр данасының бағасы — 200 тенте болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?
A) 60;
B) 180;
C) 20;
D) 200;
E) 20.
15. Бәсекелес фирманың орташа шығыны функция түрінде берілген:
Мұнда, q — өнім көлемі. Баға 200 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендегенде өнім көлемі қалай езгереді? (тауардың 1 данасының бағасы берілген).
A) -25;
B) -10;
C) 15;
D) 20;
E) -50.
16. Фирманың ең ұтымды өнімінің көлемі белгілі делік. Осы жағдайда фирманың шекті шығыны орташа шығыннан көп болса, онда фирма:
A) пайда алады;
B) өндірісті тоқтатпайды;
C) орташа шығын қисығының ең төмен шамасынан оңға қарай орналасқан нүктесіне сәйкес келетін өнім көлемін тандап алады;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;
E) жоғарыда айтылғандардың бөрі де дүрыс емес.
17. Бәсекелес фирма ең жоғары пайдаға қол жеткізу үшін өнім көлемін былай тандайды:
A) орташа жалпы шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;
B) орташа айнымалы шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;
C) орташа тұрақты шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;
D) шекті түсім орташа шығынға тең болатындай етіп;
E) шекті түсім шекті шығынға тең болатындай етіп.
Достарыңызбен бөлісу: |