5. Есептер мен жаттығулар
1.Бәсекелес фирманың жалпы шығынының функциясы берілген:
TC=16+q2
Егер фирманың өнімінің бағасы төмендесе, қысқа уақыт мерзімінде өнім көлемі қандай болғанда фирма пайда ала алмайды
2. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың шекті шығыны келесі функция түрінде берілген:
MC=20+q
Мұнда, q - өнім көлемі. Өнімнің әр данасының бағасы – 200 теңге болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?
3. Суретте жетілген бәсеке саласында жұмыс істейтін фирманың шығындар қисықтары көрсетілген. ОР — ағымдағы нарықтық баға.
A) графиктен фирманың пайдасы ең жоғары мөлшерде болатын өндіріс деңгейін көрсетіндер;
B) графиктен фирманың пайдасының мөлшерін көрсетіндер;
C) сала тепе-тендік жағдайында деп жорамалдаймыз.
Бұл қандай тепе-тендік болуы мүмкін; қысқа мерзімдегі немесе ұзақ мерзімдегі ме?
D) нарықтық сұраныстың төмендеуі саладағы өндірілген тауарларға қандай әсерін тигізеді?
4. Суретте жетілген бәсеке жағдайында жұмыс жасайтын фирманың шығындар қисығы көрсетілген:
A) бағаның қандай деңгейінде фирма жұмыс істеуін тоқтатады?
B) бағаның қандай деңгейінде фирма «кәдімгідей пайда» алады?
C) фирма «кәдімгідей пайда» алған кездегі тұрақты шығындарды графиктен көрсетіндер;
D) бағаның қандай деңгейлерінде қысқа мерзім кезеңінде фирма шығындары көп болса да жұмыс істейді?
E) графиктен фирманың ұсыныс қисығын көрсетіңдер?
F) бағаның қандай деңгейінде фирма қысқа мерзімде экономикалық пайдаға ие бола алады?
Достарыңызбен бөлісу: |