Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет47/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. Монполист пайдасын баға шекті шығыннан 2 есе артық болғанда барынша көбейтеді делік. Бұл оның өніміне деген сұраныстың икемді екенін білдіре ме? Егер білдірсе, сұраныс икемділігін есептеңіз.
Жауабы: Иә. Е=-2.
2. Темекі өндіруші монополист тауарының әрқайсысын 45 теңгеден сатады делік. Темекінің сұраныс икемдігі – 3-ке тең. Фирма өз пайдасын барынша көбейтеді деп ұйғарып, MR шекті түсімнің және шекті шығын көлемдерін анықтаңыздар.
Жауабы: MR=MC=30теңге.
3. Монополистің соңғы сатылған тауар бірлігінен түскен шекті түсімі 180 теңгеге тең. Егер сұраныстың бағалық икемділігі – 2,5-ке тең болса, онда монополиялық баға қандай болады? Монополистің шекті шығынын есептеуге бола ма? Егер болмаса, неліктен? Қандай жағдайда монополистің шекті шығынын анықтауға болады?
Жауабы: Рm=300 теңге.
4. Қазіргі кезде фирма өз өнімінің әр данасын 60 теңгеден сатып, жоғары деңгейдегі пайда табуда. Ұтымды өнім көлемі 5 дана. Қосымша зерттеулер жалпы шығын мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы байланыстың келесі заңдылыққа бағынышты екендігін көрсетеді: TC=2Q2+2Q7

Осы фактілерге сүйене отырып, берілген фирманы монополист деп атауға бола ма?



Жауабы: L=56%. Фирма нарықтағы сату көлемінің 56%-ін бақылайтын болғандықтан, оны монополист деп атаймыз.

5. Суретте монополистің табысы мен шығынының қисықтары бейнеленген.

а) барынша көп пайда әперетін өнім көлемін анықта;

ә) монополиялық бағаны анықта;

б) графикке монополистің пайдасын көрсететін ауданды белгіле;

в) монополистің өніміне нарықтық сұраныстың азаюы монополистің іс-әрекетіне қандай әсерін тигізеді.


Жауабы:

а) MR=MC болғандағы OQ өнімінде пайда мейлінше көп мәнге ие болады;

ә) ОР;

б) РАВС ауданы;



в) нарықтық сұраныстың азаюы, сұраныс қисығы мен шекті табыс қисығын солға қозғалтады. Сондықтан МС мен MR қисықтары төмен деңгейге сәйкес келетін өнім көлемінде қиылысады. Демек, монополист аз өнім шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет