5. Есептер мен жаттығулар
1. Монополияның өніміне сұраныс функциясы Q = 24 – Р. Шығындар функциясы ТС = 10 + 5 Q2. Тепе – тең көлемді және ең жоғарғы деңгейдегі пайданы табыңыздар.
2. Нарықта екі сатып алушы және монополия. Баға 10, 20, 30 болғандағы бірінші сатып алушының сұранысы, сәйкесінше, 5, 3, 1, ал екінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше, 2, 2, 1. Монополияның тұрақты шығыны 5-ке және шекті шығыны 3-ке тең. Монополияның ең жоғарғы деңгейдегі пайдасын табыңыздар.
3. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма темекі өндірумен айнылысады. Фирманың шекті табыс функциясы мынадай: MR=10-2Q, ал ұзақ мерзім кезіндегі шекті шығынның қисығы
LMC=2Q-2. Егер ұзақ мерзім кезінде орташа шығынның (LAC) мәні 6-ға тең болса, онда фирма өндіріс күшінің артық шығаруы қандай болады.
4. Фирма монополия жағдайында тауар өндіреді. Берілген тауардың сұраныс функциясы P=144-3Q, ал орташа шығындар функциясы AC=25/Q+Q. Қандай жағдайда фирманың пайдасы ең жоғарғы деңгейде болады?
Достарыңызбен бөлісу: |