Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Олигополия жағдайындағы бағадан тыс бәсеке



бет50/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

Олигополия жағдайындағы бағадан тыс бәсеке. Олигополистер үшiн бағадан тыс бәсекенiң орны ерекше. Оған мынадай екi себеп бар: 1) Бәсекелес фирмалар қандай да бiр фирманың бағаны төмендетуiне сол мезетте жауап бередi, яғни олар да бағаны сол деңгейге дейiн түсiрiп, бағаны төмендетушi фирманың өнiмдi көп мөлшерде сатуына мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан да олигополистер үшiн бағалық бәсекеден гөрi бағадан тыс бәсеке әлдеқайда тиiмдi болып келедi. 2) Өнеркәсiп саласында қызмет iстейтiн олигополистердiң қолында қомақты қаржы болады. Осы қаржының көмегiмен олар өнiм түрiн жарнамалайды және өнiмдi дамытады, яғни жақсартады.

Бағадан тыс бәсеке монополиялық бәсекелестер үшiнде бәсекенiң негiзгi түрi болғанымен, олардың қолында олигополистердiкiндей үлкен қаражат жоқ. Сондықтан да олигополистер бәсекенiң осы түрiмен толық және жүйелi түрде айналысады.

Монополиялық бәсеке нарығында өндірушілердің саны салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай көп болады.(20,30,60). Ал олардың өндіретін тауарлары негізінен алғанда диференциалды болып келеді. Осы себепті де монополиялық бәсеке субъектілері өздерінің өндіретін өнімдерінің бағасына белгілі бір мөлшерде ықпал жасай алады. Монополиялық бәсеке нарығының субъектілері салаға салыстырмалы түрде оңай кіріп шыға алады. Тауарлардың диференциалды болуы мынаны білдіреді:


  • өнім сапасы әр түрлі болады.

  • көрсететін қызмет түрлері де әр түрлі дәрежеде болып келеді.

  • тауарды өткізуде түрлі ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.(мыс: тауар белгілері, маркалары, этикеткалар т.б.)

Монополиялық бәсеке субъектілері де олигполия сияқты бір бірімен негізінен бағадан тыс бәсеке арқылы тартысқа түседі.

Монополиялық бәсекенің рыноққа немесе салаға кіріп-шығу оңай болу себебі оларға үлкен капитал жұмсаудың қажеті жоқ . Солай бола тұра жетілген бәсеке нарығымен салыстырғанда салаға кірудің біршама қиындығы бар, себебі оның тауарлары біртекті , яғни стандартталған болмағандықтан олар өз өнімдерін жарнамалауға мәжбүр болады. Ал бұған белгілі қаржы қажет.

Жарнама туралы пікір қарама қайшы екі көз қарастан тұрады. Жарнаманы жақтаушылар оның мынандай тиімді жағдайын былай көрсетед:


  • тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға көрсетеді.

  • Ұлттық байланыс жүйесіне қолдау көрсетеді. Мыс:радио, теледидар, газет т.б.

  • Осы жарнаманың арқасында қаржыландырылады (қомақты бөлігі)

  • өнімнің дамуы мен жетілуін жеделдетеді

  • фирмаларға масштабты оң тиімділігін пайдалануға жол ашады

  • бәсекені ынталандырады

  • жұмсалымының көп болуына және елді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жарнамаға қарсы пікірдегілер мынадай дәлелдерді алға тартады:

  • елді тауар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуден гөрі шатастырып кетеді

  • ресурстарды қажетті салалардан қажетсіз салаларға қарай тиімсіз аударады.

  • Бағаның жоғары болуына ықпал жасайды.

  • Монополияға қолдау көрсетеді.

  • Жоғарыдан көріп отырғанымыздай жарнаманың тиімді және тиімсіздігі туралы бір жақты пікір айту қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет