Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет22/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

5. ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Өндіріс - тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану процесі. Өндіріс процесінде қолданатын факторлардың бәрін екі топқа бөліп қарастырамыз. Өндірісте материалдық түрде қолданылатын өндіріс факторларын (жер және өндіріс құрал-жабдықтары) капитал ресурсына жатқызсақ, жұмыс күші мен кәсіпкерлік қабілетті еңбек ресурсы дейміз.

Кез келген өндіріс процесі ондіріс факторларының нақты сандық және сапалық үйлесімін талап етеді. Оны технология дейді. Өндіріс процесіне ғылыми-технакалық прогрестің нәтижелерін енгізген сайын технологияда жаңарып отырады. Жаңа технология өндіріс процесін жүргізудің және басқарудың жаңа әдістерін талап етеді. Жаңа технология шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдана отырып, олардың көмегімен көп, сапалы және арзан өнім өндіру мүмкіншілігін береді. Өндіріс процесіне жаңа технология енгізгенде жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік-техникалық білім деңгейлеріне, тәжірибелеріне қойылатын талаптар да өседі.

Өндіріс функциясын талдағанда технологияның ролін және оның үнемі өзгеріп тұратынын естен шығармаймыз, бірақ өндірушінің қабылдайтын шешімі тұрақты (өзгермеген) технология шеңберінде жүзеге асады деген болжау жасаймыз. Сонымен қатар екі факторлы өндіріс процесі талқыланады.

Тұрақты технология шеңберінде мейлінше көп өнім өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының үйлесімі мен сол өндірілген өнім көлемінің арасындағы байланысты өндіріс функциясы дейміз. Егер өндірісте капитал мен еңбек ресурстары қолданса, қазіргі технология шеңберінде өндіріс функциясын былай көрсетеміз:



мұндағы Q - өндірілген өнім көлемі, f - функционалды байланысты көрсететін белгі, L - еңбек ресурсы, К- капитал ресурсы. Егер өндіріске жаңа технология енгізілсе, онда басқа өндіріс функциясы пайда болады.

Әр түрлі өндіріске тән өндіріс функциясы болғанымен, оларға ортақ қасиеттер бар:


  • өндіріс көлемін өзгертпей-ақ, өндірісте қолданатын факторларды бір-бірімен алмастыру және толықтыру мүмкіншіліктері бар, бірақ толықтыру мен алмастырудың шегі болады;

  • егер өндірісте қолданатын басқа факторлар тұрақты болса, бір факторды өзгерте отырып, өнім көлемін өсірудің шегі болады;

  • өндіріс функциясы, нақты өндіріс факторларының үйлесіміне сәйкес келетін ең көп өнім көлемін көрсетеді;

  • әрбір өндіріс функциясы факторлардың арасындағы бір ғана технологиялық байланыстарды сипаттайды. Технология өзгерсе, өндіріс функциясы да өзгереді;

  • өндіріс функциясы өндіріс факторларының тек қана технологиялық тиімді үйлесімдерін көрсетеді.

Өндірістің функциясы кез келген өндіріс үшін нақты мәліметтерге сүйене отырып анықталады. Оны анықтау өндірісті жоспарлау үшін қажет болады.

Фирма өзінің өндіріс факторларының бір бөлігін өзгертіп, енді бір бөлігін (өндірістік қуаттылығын) өзгерте алмайтын уақыт қысқа мерзімді кезен деп аталады. Бұл мезгілде фирма өзінің айнымалы факторларын шұғыл өзгертуге мүмкіндігі бар, олардың санатын еңбек, шикізат, қосалқы бөлшектер, көмекші материалдар, отын тағы басқалар жатады.



Ұзақ мерзімді кезең деп фирма өзі пайдаланатын ресурстардың барлығын, оған қоса өндірістік қуаттылығының мөлшерін өзгертуге мүмкіндігі бар уақытты айтамыз. Бұл мерзім өзінің ұзақтығы бойынша бірнеше фирмалар осы саладан кетіп, енді біреулері осы салаға ену үшін жеткілікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет