12. ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАҢДАУ 1. Қысқаша теориялық материалдар Көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылады. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеуді талап етеді. Бұл тақырыпқа қоғамдық игіліктерді өндіру мен бөлу мәселелері қарастырылады.