Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасы



бет2/5
Дата19.02.2017
өлшемі3,34 Mb.
#10651
1   2   3   4   5

Қаржылық-несиелік саясат деп мемлекеттің банктік пайызды, ақша мен несие мөлшерін мақсатты түрде басқаруды айтамыз.

Несиелік-қаржылық саясатты іске асыруда Қазақстанның Ұлттық банкі басты рөл атқарады. Нақты экономикалық жағдайға қарай Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені реттей отырып, коммерциялық банктің беретін несиесін көбейтіп, не болмаса азайтып отырады.

Міндетті резерв мөлшері арқылы да Ұлттық банк әсер ете алады. Бұл мөлшердің аздығы коммерциялық банктерге көбірек несие беруге мүмкіндік береді.

Ғылыми-техникалық саясат. Ғылыми-техникалық серпілістің жандануы әр уақытта экономиканың өрлеуінің маңызды факторы болып саналады, соның арқасында ғана ел күшті индустриялы мемлекетке айналады.

Біртұтас ғылыми-техникалық саясат деп ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін, оның нәтижелерін халық шаруашылығына өндіруге жағдай жасайтын шараларды айтамыз.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық біртұтас саясат ғылым мен техниканы дамуындағы басымдылық бағыттарды таңдауды және оның дамуын мемлекетпен әр уақытта қолдап отыруын білдіреді.

Біртұтас ғылыми-техникалық саясатты іске асыру үшін мемлекет білім мен академиялық ғылымның өрісіне жеткілікті қаржы бөледі, алдыңғы қатарлы амортизациялық және инвестициялық саясат жүргізеді, ғылыми қызметкерлердің ең-бекақысын төлеу жүйесін жетілдіреді, нарықтық экономика кезінде әрбір кәсіпкерлер жаңалықты өндіруге құштар болады.



Амортизациялық саясат. Бұл мемлекеттің ғылыми-техникалық саясатының бір бөлігі болып табылады. Амортизация мөлшерін, оны санаудың және пайдаланудың тәртібін белгілеу арқылы мемлекет ұдайы өндірістің қарқыны мен өзгешелігін және бірінші кезекте негізгі қордың жаңартылу жылдамдығын реттейді.

Амортизациялық саясатты жасағанда мемлекет келесі қағидаларға сүйенуі керек:

1) негізгі қорларды қайта бағалау, әсіресе инфляция жағдайында, дер кезінде жасалуы керек;

2) амортизация мөлшері жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс үшін толығымен жеткілікті болуы керек;

3) амортизациялық аударымдар өзінің тікелей мақсатына жұмсалуы керек;

4) амортизациялық мөлшерлер негізгі қордың атқарымдық міндетіне, сонымен қатар олардың сапалық және табиғи тозу мерзіміне байланысты бөлшектенуі керек;

5) кәсіпорын жеделдетілген амортизацияны қолдануға мүмкіндігі болуы керек.

Амортизациялық саясатты мемлекет дұрыс жүргізе отырып, кәсіпорындарға жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріске қажетті амортизациялық аударымдар түрінде жеткілікті қаражаттары болуына мүмкіндік жасайды.



Инвестициялық саясат. Инвестициялық саясаттың арқасында мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТС жыл-дамдатуға, қоғамдық өндірістің құрылымының өзгеруіне және элеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады.

1991-1998 жылдары өндірістің құлдырауы көбінесе материалдық өндіріске күрделі қаржылардың аз жұмсалғанынан болды.

Нарықтық экономикаға өту кезінде негізгі мәселе мемлекетті негізгі инвестор қызметінен босату болып табылады. Бұл кезде әрбір кәсіпкер өзіне байланысты инвестицияның көзі болып табылатын факторларды дамытуға тиісті. Инфляция жағдайында, демек банк несиесінің жоғары мөлшерлемесі болғанда әсіресе орта мерзімді жэне ұзақ мерзімді жобалар қысқарады, себебі неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болған сайын инвестиция колемі азаятындығы теориядан белгілі.

Жалпы тұрғыдан алғанда мемлекет әр түрлі тетіктерді қолдана отырып, инвестициялық белсенділікке әсер етуі мүмкін. Оның ішіндегі қаржы және салық саясаты; қайтадан жандандыру және техникалық қайта жабдықтауға пайдалынатын жеңілдіктер қарастыру; амортизациялық саясаты және осы сияқты басқа да жеңілдіктерді пайдалана алады.



Мемлекеттік кәсіпкерлік. Мемлекеттің экономикаға тікелей кіруінің маңызды нысаны - ол мемлекеттік кәсіпкерлік. Ол кәсіпкерлік іс-әрекеттің айрықша түрін құрайды да, мемлекеттік секторда іске асады, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындары өндіріске және тауар мен көрсетілген қызметті өткізуге қатысады. Өндірістің құрылымын қайта кұру, салалық және аумақтық үйлеспеушілікті азайту, ғылыми-техникалық серпілісті ынталандыру, экономиканың тиімділігін өсіру арқылы жалпы ұлттық мақсаттарды іске асыра отырып, шаруашылықтың дербес субъектісі ретінде қызмет атқарады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік ұдайы өндіріс үдерісіне тікелей қатысады. Бұл әсіресе тиімділігі өте аз салаларда қажетті, себебі бұл салалар шетел инвесторларын қызықтырмайды, бірақ та оның дамуы ұдайы өндірістің жалпы даму жағдайын анықтайды.



Бағаның құрылуы. Бұл экономикаға және кәсіпкерлік іс-әрекетке мемлекеттің әсер ету тетігі болып табылады. Баға саясатын пайдалана отырып, мемлекет сұраныс пен ұсынысқа, табыс және ресурстарды қайта бөлуге, ең аз түтыну деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар монополия мен инфляцияға қарсы және басқа да үдерістерді мемлекетке қажетті бағытта болуына әсер ете алады.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
(2.1 және 2.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)

Кесте 2.1






Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ету мақсаты үшін мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге әкімшілік экономикалық ұйымдастыру құқықтық араласу түрі




2

Мемлекеттің, қоғамның мүддесін және халықтың қорғанысыз тобының мүдделерін қорғау




3

Экономикалық цикл; секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы; капиталдың қорға айналу жағдайы; жұмыспен қамту; ақша айналымы; төлем балансы; баға; ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс




4

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы




5

Фискальдік саясат; ақша –несие саясаты ; экономиканың мемлекеттік секторы; мемлекеттік экономикалық бағдарламалау; мемлекеттік берешек, қарыз; мемлекттік жоспарлау




6

Жергілікті және Орталық басқару органдарына тікелей, тұтастай немесе жартылай бағыныштағы шаруашылық кешенінің объектілері




7

Мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімді пайдалануға және халық шаруашылығы салаларында оптималды, пропорционалды байланыстардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық жұмыстар жүйесі.




8

10-15 жыл аралығына жасалынатын жоспар




9

Жалпы халық шаруашылығының, не болмаса жекелеген сферасының, саласының, аймағының көп салалы кешендерінің бағдарламаларын жасау және іске асыру




10

Мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық процестеріне тікелей араласу құралы





Кесте 2.1

11

Экономикалық құбылыстардың түсінігін, ғылыми әдістерін және болжамдау мен экономикалық теория тәсілдерінің, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделінген экономикалық болжамдар жасау процесі




12

Болжамдау масштабына қарай; Зерттеу объектілеріне қарай; Уақыт мерзіміне және бағытына қарай бөлінуі




13

Тікелей және көлбеу




14

Мемлекеттің экономикаға тікелей кіруінің маңызды нысаны.




15

Мемлекет оның мөлшерін, пайдаланудың тәртібін белгілеу арқылы ұдайы өндірістің қарқыны мен өзгешелігін және бірінші кезекте негізгі қордың жаңартылу жылдамдығын реттеп отыруы




16

Осының арқасында мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТС жыл-дамдатуға, қоғамдық өндірістің құрылымының өзгеруіне және элеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады



Кесте 2.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты

Ә

экономиканы мемлекеттік реттеу

Б

негізгі экономикалық реттеу құралдары

В

жоспарлау

Г

мемлекеттік кәсіпкерлік

Ғ

экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері

Д

экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілері

Е

стратегиялық жоспарлар

Ж

экономикалық бағдарламалау

З

экономикалық болжамдау

И

бағдарлама

К

әлеуметтік – экономикалық болжамдар классификациясы

Л

мемлекеттік сектор

М

экономиканы реттеу әдістері

Н

инвестициялық саясат

О

амортизациялық саясат


3. Иә/жоқ

Кесте 2.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Мемлекеттің экономикалық қызметтің ұлғаюы XIX ғасырдың аяғынан бастап 3 этаптан өтті.




2

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болмайтын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары




3

Экономиканы реттеу әдістерін қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріне, ықпал жасауына қарай 3 түрге бөледі: тікелей, жалпы және көлбеу.




4

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар: 1) экономикалық цикл; 2) секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы; 3) капиталдың қорға айналу жағдайы; 4) жұмыспен қамту; 5) ақша айналымы;6)төлем балансы;7)баға;




5

Мемлекеттік сектор – бұл жергілікті және Орталық басқару органдарына тікелей, тұтастай немесе жартылай бағыныштағы шаруашылық кешенінің объектілері




6

Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындамау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасамау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы.




7

Жоспарлау – бұл мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімсіз пайдалануға және халық шаруашылығы салаларында оптималсыз, пропорционалды байланыстардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық жұмыстар жүйесі.




8

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 4 бөлімдерден тұрады




9

Стратегиялық жоспарлар 10-15 жыл аралығына жасалынады.




10

Экономикалық мемлекеттік реттеу құралдары ішіндегі маңыздыларының бірі – мемлекеттік экономикалық бағдарламалау.




11

Бағдарлама дегеніміз – бұл мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық процестеріне жанама араласу құралы.




12

Экономикалық болжамдау – бұл экономикалық құбылыстардың түсінігін, ғылыми әдістерін және болжамдау мен экономикалық теория тәсілдерінің, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделмеген экономикалық болжамдар жасау процесі.




13

Әлеуметтік – экономикалық болжамдар классификациясы болжамдау масштабына қарай; зерттеу объектілеріне қарай; уақыт мерзіміне және бағытына қарай бөлінеді




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
2.1 Экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етумен байланысты мемлекеттік реттеу әдісі:

А) салалық

В) тікелей

С) экономикалық

D) салықтық

Е) жанама

2.2 Қаржы нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы ара-қатынасты тиісті бағытта өзгертіп, ақша айналысына бақылау жасау мемлекеттің:

А) әлеуметтік саясаты

В) сыртқы экономикалық саясаты

С) валюталық саясаты

D) ақша-несие саясаты

Е) эконолмикық саясаты

2.3 Экономикалық қызмет жағдайлары мен нәтижелеріне әсер ету арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу әдісі:

А) тікелей

В) әкімшілік

С) салалық

D) салықтық

Е) жанама

2.4 Валюталық курсты реттеу, сыртқы сауда тарифтері, квоталар белгілеу, лицензиялау мемлекттің:

А) әлеуметтік саясаты

В) сыртқы экономикалық саясаты

С) валюталық саясаты

D) ақша-несие саясаты

Е) салық-бюджет саясаты.

2.5 Экономикалық қатынастарды реттеуде үкімет органдары алдында тұрған мақсатты ұсталымдар жиынтығы – бұл:

А) экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты

B) экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті

C) экономиканы мемлекеттік реттеудің талабы

D) экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметі

E) дұрыс жауап жоқ.

2.6 Белгілі бір мәселелерді шешу мақсатымен шаруашылық процеске әсер етудің мемлекеттік іс-шаралар жиынтығы?

А) экономикалық стратегия

B) экономикалық функия

C) экономикалық саясат

D) экономикалық міндет

E) экономикалық мәселе

2.7 Мемлекеттік тікелей реттеу әдісінің басқаша атауы?

А) әкімшілік

B) экономикалық

C) әлеуметтік

D) қаржылық

E) саудалық.

2.8 ЭМР-дің тікелей әдісіне жатпайтынын көрсетініз:

А) Кәсіпорындарға дотациялар мен субсидиялар беру

B) Мемлекеттік сатып алу

C) Әлеуметтік саясат

D) Елдегі салық мөлшерін өзгерту

E) Бағаларды және табысты реттеу, бөлу

2.9 ЭМР-дің мақсаты:

А) Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

B) Мемлекттік жүйені дамыту

C) Мемлекеттік экономиканы факторлар ретінде реттеу

D) Қоғамдағы мемлекеттік саясаты қамтамасыз ету

E) Қаржы нарығындағы экономиканы реттеу

2.10 Бұл экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту

А) ЭМР-дің аспектісі

В) ЭМР-дің әдісі

С) ЭМР-дің мақсаты

D) ЭМР-дің қажеттілік факторы

Е) ЭМР-дің ұйымдастырылуы


5-6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
2.1 Жаттығуда берілгендерді пайдалана отырып Қазақстанның экспорт және импорттық тауарларына зер сала отырып тауар айналымының сальдосын оң таңбалы ету үшін қандай шараларды жүзеге асыруға болатынын талдаңыздар.
Кесте 2.4 Қазақстанның мен Ресеймен жасайтын тауар айналымының құрылымы


№№

Тауарлардың құрылымы

Экспорт

(%)


Импорт

(%)




Минералдық өнімдер

51,21

31,0



арзан металдар мен олардан жасалған бұйымдар

13,53

16,4



машиналар мен құрал – жабдықтар

4,03

12,9



көлік құралдары

1,16

11,7



химия өнеркәсібінің өнімдері

19,04

6,0

Кесте 2.4 жалғасы



өсімдік өнімдері

6,32




7

Тескстиль және текстильдік бұйымдар

2,3




8

Қағаз және қағаздық бұйымдар




2,0

9

Пластмасса




3,8

10

Тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар




2,7

11

Тамақ өнеркәсібінің өнімдері




5,3

12

Өңделмеген ағаш




2,4

13

Өзге өнім түрлері

2,41

5,8




Барлығы

100

100



2.2 Кестеде берілгендерді пайдалана отырып Қазақстанның қандай елдерге қандай таураларды (шикізатты) экспорттайтынын анықтауға тырысыңыздар
Кесте 2.5  жылғы Қазақстанның экспорты


Елдер

АҚШ долл. (млн.)

(%)

бойынша


БАРЛЫҒЫ

56119,0

100

Иран

1691,2

3

Италия

9761

17,4

Қытай

5617

10

Ресей

5070,0

9

Түркия

1521,8

2,7

Ураина

1675,8

3

Франция

4256

7,1

Швейцария

8856

15,8

Өзге елдер

14214,8

25,3


2.3 Кестеде берілгендерді пайдалана отырып 2009 жылдың көрсеткіштерінің 2008 жылмен салыстырғанда төмендеуінің себептерін түсіндіріңіздер.

Кесте 2.6  жылдың бірінші жарты жылдығындағы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы







АҚШ долл. (млрд.)






қаңтармаусым





қаңтармаусым



Тауарайналым

30,4

52,

оның ішінде

Экспорт

17,2

35,1

Импорт

13,2

17,1


7. Ұғымдар мен терминдер
Мемлекеттік реттеу

Салықтық реттеу

Ақша – несие реттеуі

Бюджеттік реттеу

Мемлекеттік бағдарламалар және тапсырмалар арқылы реттеу

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері

Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері

Фискальдік саясат

Ақша –несие саясаты

Экономиканың мемлекеттік секторы

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау

Мемлекеттік берешек

Мемлекттік жоспарлау

Экономикалық болжамдау


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Қазіргі экономикалық даму үлгідерінде мемлекеттік реттеудің рөлі қандай?

2. Нарықтық қатынастарды дамыту үшін мемлекетік реттеудің маңызды міндеттерін атаңыз

3. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық қандай аспектілерін білесіздер?

4. Экономиканың ауыл шаруашылық секторы өнімдерінің бағасын реттеуде мемлекеттің рөлін ашып көрсетіңіздер

5. Республика және оның аймақтарының экономикасын реттеу бойынша жалпымемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері туралы не айтар едіңіз?

6. Әкімшілік-аймақтық аудандарының кешенді даму мәселелері және әдістеріне тоқталыңыздар

7. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесінің ерекшеліктері жайлы не білесіз?
Тақырып 3

КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория

Кез-келген елдегі шаруашылықты басқару жүйесінің негізі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындар бір-бірімен кооперациялық, коммерциялық өндірістік және т.б. қатынастарда болады. Кәсіпорынның қаншалық тиісді жұмыс атқаратыны оның қаржылық жағдайына, сондай-ақ мемлекеттіктің индустриалдық қуатына байланысты болады

Халық шаруашылығы дамып экономикалық өркендеу кезінде, өндірістің негізгі түйіні – кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратын рөлі арта түседі. Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайда алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторын тиімді пайдалану арқылы, мол табысқа кенелмек. Оларға : еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурсар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.

Нарықтық экономиканың басты принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілер, ол адам болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндік түрде жұмыста іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.

Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызметкөрсету, сол сияқты сауда – делдалдық қаржы– несие, ғылыми–ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез–келген жұмыс түрі, бөлісу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с. жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.

Өндірістік кәсіпкерлік– бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар – ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:

• тауардың (қызметтің) түрін таңдау;

• жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;

• өндірген тауарға деген сұранысын бағалау.



Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), валютаны, ақшаны жатқызуға болады.

Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ак қоғамдық бірлестіктің меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.

Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке түлға болып табылады. Ұжымдық меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілердің иелігінде болады және ол үлестік меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді.

Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұйымдастыру-құқықтық ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай, т.б. әр түрлі нышандары бойынша жіктеледі.

Шаруашылық серіктестіктер (толық) — арнайы кәсіпкерлік іспен айналысуға арнайы құрылған түлғалардың бірлестігі.

Командиттік серіктестіктерде қатысушылардың бір бөлігі толық жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емес азаматтардың немесе занды түлғалардың көсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі арқылы күрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады.

Акционерлік қоғам. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық жөне жабық болып та кездеседі. Ашық акционерлік қоғамның қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай акционерлік қоғамдар өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдык, есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті.

Жабық акционерлік қоғамда шығарылатын акциялар тек кұрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бүндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.

Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы кұжаты — қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады.



Кооператив — өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын біріктіруі шарт.

Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру-экономикалық формаларына концерндерді, ассоциацияларды, консорциумдарды, сиңдикаттарды, картельдерді, каржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.



Концерн - кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы акционерлік қоғам, кәсіпорындардың неғүрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі больш табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциациялар — экономикалық түрғыда дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті бірлестігі, қауымдастығы.

Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орналасқан біртекті мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты — ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мақсаттарды бірлесіп шешу.



Консорциум — ірі қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен құрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы.

Синдикат — бір саладағы кәсіпкерлерді өнімінің өткізілуіне артық бәсекелестікті жою мақсатымен біріктіру.

Картель — бір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу нарығын бөлу жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісім, кәсіпорындардың баға, өткізу нарығы, өндіріс пен өткізім көлемі т.б. туралы келісім.

Қаржылық мүмкіндігі мол сатып алушыларды тарту және оларды анықтау, іздеу жөнінде маркетингтік жұмыс пен нарықтағы құнды қағазға талдау жүргізу арқылы қаржы –несие келісімдерді іске асыруға жол ашылады. Қаржы кәсіпкерлігінде негізгі қатысушы ретінде қаржы биржасы саналады. Қазіргі кезде құнды қағаз нарық агенттеріне биржалардан басқа коммерциялық банктер, кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар, кәсіпкерлер жатады.

Өндіріс әкімшіл-әміршілдік экономикада төмендегідей тәсілмен жұмыс істейді:


Ресурстар

Өндіру

Өткізім

Мұнда, ең негізгісі – ресурстар, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады.

Ал, нарықтық экономикада керісінше көрініс табады.


Ресурстар

Өндіру

Өткізім

Мұнда ең негізгісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу болып табылады.

Кәсіпорындар өздері өндіретін өнім көлемінің, сондай-ақ онда қызмет ететін қызметкерлер мен жұмысшылардың санына қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді.

Нарық жағдайындағы кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсер ететін ең негізгі факторларды сыртқы және ішкі деп бөлініп қарастырады.



Ішкі факторларды мынандай бөліктерге бөлуге болады:

1.өндірісті және еңбекті басқару;

2. ұйымдастырушылық, заңдық формаларға байланысты;

3. ҒТП пен кәсіпорынның инновациялық саясатына байланысты;

4. өндіріс пен салалың өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты,

5. инвестициялық саясатқа байланысты;

6.өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне, баға мен шығын саясатына байланысты;

7. кәсіпорын басшысының басқару әдістеріне байланысты;

8. ұжымда жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызуға байланысты.

Сыртқы факторлар:

1. елдегі және халықаралық деңгейдегі саяси жағдайларға байланысты;

2. инфляциялық процестерге байланысты:

3. мемлекеттің қызмет атқару деңгейіне байланысты;

4. ел ішіндегі және әлемдегі нарықтық өзгерістерге байланысты.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(3.1 және 3.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 3.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Елдегі шаруашылықты басқару жүйесінің негізі




2

Кәсіпорынның мақсатына жету үшін ұстанатын принцип




3

Кәсіпорынның ішкі факторлардың бөлігі




4

Өндірістік кәсіпорынның ішкі ортасы




5

Өндіріс жоспарлы және әкімшіл-әміршілдік жағдайында қалай жұмыс істейді




6

Өндірістің әкімшіл-әміршілдік экономикасының ең негізгі бөлігі




7

Негізгі құралдардың мемлекет меншігінде болуы




8

Негізігі өндіріс, көмекші өндіріс бөлімшесі, басқарушылық қызмет бөлімшесі




9

Келісімді түрде өндірістік, ғылыми, коммерциялық мүдделерге жету үшін жекелеген биліктерді бөліп басқару арқылы құрылатын бірлестік




10

7. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның маңызды мақсаты




11

Шаруашылық қызметін ұдайы реттеп отыру мақсатында келісімді түрде құрылған бірлестік




12

Кәсіпорынның сыртқы факторлардың бөлігі




13

Өндірістің нарықтық экономикасының ең негізгі бөлігі




14

Нарықтық қатынастардағы кәсіпорынның жұмыс істеу тәсілінің ен негіздісі




15

Кәсіпорынның қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына осыған байланысты




16

Өндірістік және банктік капиталды уақытша біріктіру арқылы(белгілі мақсатқа жету үшін) құрылатын бірлестік



Кесте 3.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

ел ішіндегі және әлемдегі нарықтық өзгерістер

Ә

кәсіпорын

Б

консорциум

В

таза пайда

Г

ресурс

Ғ

ассоциация

Д

мемлекеттік индустрия қуаты

Е

ресурстар, өндіру, өткізім

Кесте 3.2 жалғасы

Ж

өндіріс құралдары

З

өткізім

И

кәсіпорын құрылымы

К

инвестициялық саясат

Л

қаржылық тұрақтылық

М

мемлекеттік кәсіпорындар

Н

өткізу

О

корпорация


3. Иә/жоқ

Кесте 3.3





Тұжырым

Иә/жоқ

1

Кәсіпорындар бір-бірімен кооперациялық, коммерциялық өндірістік қатынастарда болады




2

Өндіріс әкімшіл-әміршілдік экономикада «Өткізім, өндіру, ресурстар» тәсілмен жұмыс істейді




3

Өндіріс нарықтық экономикада «Өткізім, өндіру, ресурстар» тәсілмен жұмыс істейді




4

Өндіріс әкімшіл-әміршілдік экономикада «ресурстар, өндіру, өткізілім» тәсілмен жұмыс істейді




5

Өндіріс нарықтық экономикада «ресурстар, өндіру, өткізілім» тәсілмен жұмыс істейді




6

Кәсіпорын өндірісінің әкімшіл-әміршілдік экономикасында сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу ең негізгісі болып табылады.




7

Кәсіпорын өндірісінің нарықтық экономикасында сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу ең негізгісі болып табылады




8

Консорциум - өндірістік және банктік капиталды уақытша біріктіру арқылы(белгілі мақсатқа жету үшін) құрылатын бірлестік




9

Концерн - келісімді түрде өндірістік, ғылыми, коммерциялық мүдделерге жету үшін жекелеген биліктердібөліп басқару арқылы құрылатын бірлестік




10

Нарық жағдайындағы кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсер ететін ең негізгі факторларды жай және күрделі деп бөлініп қарастырады.




11

«Ұжымда жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызу» ішкі фактордың бөлігі




12

«Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне, баға мен шығын саясаты» сыртқы фактор бөлігі




13

Кәсіпорындар өздерінің өндірістік, ғылыми, коммерциялық қызметтерін біріктіре отырып бірлестіктер құра алады




14

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның маңызды мақсаты болып оның саясаты саналады




15

«Белгілі шығын көлемінде өнімді барынша көп өндіру» шығынды төмендету принципі




16

Өндірістің ішкі ортасы ақша қарадаты болып табылады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
3.1 Екі немес одан да көп тең құқықты азаматтардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі:

А) толық серіктестік

В) холдинг

С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік

D) жеке кәсіпкерлік

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

3.2 Мүліктік меншік формасына қарай кәсіпкерліктің қандай түрі кездеседі?

А) өндірістік, коммерциялық, қаржылық

В) кеңестік, ұжымдық

С) жеке, ұжымдық , өндірістік

D) жергілікті, өндірістік, коммерциялық

Е) жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық

3.3 Негізгі принципі табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек ету мақсатында жұмыс істейтін қоғам:

А) өндірістік кооператив

В) холдинг

С) жеке кәсіпкерлік

D) толық серіктестік

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

3.4 Заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік – қоғамдық пайдалы мақсатты көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым?

А) мемлекеттік кәсіпорын

В) тұтыну кооперативі

С) қауымдастық

D) діни бірлестік

Е) қоғамдық қор

3.5 Бірігіп коммерциялық қызметті (өнімді өткізуді реттеу) келісім бойынша жүзеге асыру үшін құрылатын бір саланың фирмаларының бірлестігі?

А) пул


В) синдикат

С) консорциум

D) картель

Е) концерн

3.6 Бір жағынан ірі фирма, екінші жағынан шағын фирмалар және дербес бизнесмендер арасында жасалатын келісім?

А) трест


В) пул

С) синдикат

D) консорциум

Е) франчайзинг

3.7 Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындарының түрлері қандай құжатпен анықталады?

А) Қазақстан Республикасының салық кодексімен;

В) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен;

С) еңбек туралы заңмен;

D) Қазақстан Республикасының конституциясымен;

Е) дұрыс жауабы жоқ .

3.8 Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік?

А) коммандитті серіктестік

В) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

С) толық серіктестік

D) сенім серіктестігі

Е) ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

3.9 Экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорындардың, ерікті бірлестігі, қауымдастығы?

А) синдикат

В) ассоциациялар

С) консорциум

D) концерн

Е) картель.

3.10 Кәсіпорынның ішкі ортасы:

А) адамдардың экономикалық мүддесі;

В) тұтынушылар;

С) жабдықтаушылар;

D) адамдар, өндіріс құралдары, ақша, ақпарат;

Е) бәсекелестер.


5. Шығарылуы келтірілген есептер
3.1 Цехта мамандандыруға дейін бір жұмыс орнында 6 металл құю бұйымдары шығарылған. Жылдық өнімді шығару 6600 теңгені құрды, ал жыл бойғы жарамды құюды өндіруге жұмсалған шығын – 6254000 теңгені құрады. Мамандандыруды іс жүзінде асырғаннан кейін бір жұмыс орнында төрт түрлі болат құя бастады. Жылдық жарамды құйып шығару – 7580 теңгені құрды, ал жарамды құюға жұмсалған шығын – 7834600 теңге болды.

Мамандандыруды жүргізу қорытындысында 1 тонна жарамды болат құюдың өзіндік құны қалай өзгергенін есептеп шығару керек.



Шешімі:

  1. Металды құю және қайта құю шығыны: мамандандыруға дейін – 6600 : 6 = 1100 теңге, мамандандырудан кейін: 7580 : 4 = 1895 теңге.

  2. 1 тоннаны қайта құюдың өзіндік құны : мамандандыруға дейін: 6254000 теңге : 1100 = 5685,455 теңге; мамандандырудан кейін: 7834600 теңге : 1895 = 4134,354 теңге

  3. мамандандыруды жүргізу қорытындысында жарамды 1 тонна болат құюдың өзіндік құнының өзгеруі:

∆Ө = Ө1 - Ө2

∆Ө = 5685,455теңге /тонна – 4134,354 теңге /тонна = 1551,1теңге/тонна.


3.2 Төмендегі кесте (кесте 3.4) мәліметі бойынша машина жасау зауытының өндіріс қуаттылығының оптималды түрін (мөлшерін) анықтау керек:

Кесте 3.4




Көрсеткіштер

1

2

3

4

Өндіріс қуаттылығы, бұйым/жыл

500

1000

2000

3000

Күрделі қаржы салу, млн.теңге

50

90

170

240

Шартты-тұрақты шығындарды төмендету коэффициенті, бірлік үлесі

1,0

0,90

0,75

0,70

Өнім тасымалдаудың орта шеңбері, км

400

700

950

1700

Тасымалдау алыстығы, км

Бір тонна жүкті тасымалдау

Құны, теңге



600 дейін

100

600-1000

150

1000-1500

200

1500 жоғары

300

Өнім бірлігіне шартты-ауыспалы шығын – 32000 теңге, өнім бірлігіне шартты- тұрақты шығын – 20000 теңге, кәсіпорындағы қуаттылық 500дана/жыл, бір бұйымның салмағы – 20т.



Шешімі:

Кесте 3.5



Көрсеткіштер

Жылдық өнім шығарудағы зауыттың қуаттылық варианттары, бұйым / жыл

500

1000

2000

3000

1.Өнім бірлігіне шартты-ауыспалы шығын, теңге

32000

32000

32000

32000

2. Өнім бірлігіне шартты-тұрақты шығын, теңге


20000

20000*0,9 = 18000

20000*0,75 = 15000

20000*0,7 = 14000

Кесте 3.5 жалғасы

3. Өндірістік өзіндік құнның жиынтығы, теңге/бұйым (1+2)

52000

50000

47000

46000

4.Күрделі қаржы бөлуіндегі үлесі теңге/бұйым

100000

90000

85000

80000

5.Өнім бірлігіне көлік шығыны, теңге

100*20 = 2000

150*20 = 3000

150*20 = 3000

300*20 = 6000

6.Келтірілген шығын, теңге / бұйым

52000+0,15*100

000+2000


=69000

50000+0,15*

90000+


3000=66500

47000+0,15*

85000+3000

=62750


46000+0,15

*80000


+6000 = 64000

Машина жасау зауыттың оптималды өндіріс қуаттылығы (ең төменгі келтірілген шығында) жылына – 2000 бұйым.


3.3 15-есеп. Модернизациялауға 950000 теңге жұмсалды, нәтижесінде жылдық өнім шығару 30000-нан 38000 данаға дейін ұлғайып, ал бір өнімнің өзіндік құны 140-тан 130 теңгеге төмендеді. Модернизациялауға дейінгі бір жылдағы пайда 1900000 теңгені құрады.

Табу керек:

а) бір өнімнін өзіндік құнының төмендеуінен болған экономикалық үнемдеуді (теңге);

ә) экономикалық үнемдеу сомасымен модернизациялау шығындарын жабуға кететін мерзімді (жыл);

б) өнімнің өзіндік құнының төмендеуі нәтижесіндегі жылдық пайда өсімін (%).

Шешуі:

а) теңге;

ә) 950000:380000=2,5 жыл;

б)


6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
3.4 Егер мамандырылған өндірістің тауар өнімінің көлемі ТӨ1= 300 млн теңге; ТӨ2= 240 млн теңге болған жағдайда мамандандырылу деңгейін анықтаңыздар. Сала бойынша өндірілген тауар көлемі ТӨсл = 900 млн теңгені құрады.
7. Ұғымдар мен терминдер
Акционерлік кәсіпорын

Жалгерлік кәсіпорын

Венчурлік кәсіпорын

Мемлекеттік сектордың кәсіпорны

Жеке дара кәсіпорын

Шетелдік кәсіпорын

Қазыналық кәсіпорын

Коммерциялық кәсіпорын

Кооперативтік кәсіпорын

Шағын кәсіпорын

Көп пішінді кәсіпорын

Көтерме сауда кәсіпорны

Бөлшек сауда кәсіпорны

Бірлескен иелікті кәсіпорын

Сауда кәсіпорны

Көлік кәсіпорны

Жеке меншік кәсіпорын
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет ету мақсаты қандай?

2. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстарын ашып көрсетіңіздер

3. Кәсіпорынның ісіне бәсекелестік қалай әсер етеді?

4. Кәсіпорынның кәсіпкерлік ісіне керекті эканомикалық, әлеуметтік, құқықгық жағдайы қандай?

5. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму барысы туралы айтыңыз

6. Кәсіпорынның түрлері мен олардың атқаратын қызметі қандай?

7. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық қатынастарының мазмұнын ашыңыз

8. Кәсіпорын қызметінде бәсекенің ықпалы не береді?

9. Қандай факторлар кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды?

10. Нарықтық Экономиканы қалыптастыруда және дамытуда шағын кәсіпорындардың алатын орнына тоқталыңыз


Тақырып 4

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК

ТИІМДІЛІГІ


1. Тақырып бойынша қысқаша теория

Экономикалық тиімділік дегеніміз өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы, басқаша сөзбен айтқанда белгілі өнім көлемін оның сапасын жоғалтпай барынша аз шығынмен шығару. Экономикалық тиімділікті сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады.

Өндірістің тиімділігінің жалпы көрсеткіші таза пайда мен рентабельноске (пайдалылық) байланысты. Рентабельділіктің көрсеткішінің ішінде мына екі көрсеткішке назар аудару керек:



  1. Өнімнің рентабельділігі ол таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы арқылы анықталады.

  2. Өндірістің рентабельділігі ол өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы арқылы анықталады.

Бәсеке жағдайында өндірістің тиімділігін анықтау барысында бәсеке қабілеттіліктің маңызы ерекше. Бәсекеқабілеттілік өнімнің бағасы мен сапасына байланысты болады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қолданылады.

Қоғамдық еңбектің өнімділігі өндірілген ұлттық кірісітің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы арқылы анықталады
Өқе = ҰК/Ж (4.1.)
мұндағы Өқе - қоғамдық еңбектің өнімділігі,

ҰК – ұлттық кіріс, Ж – жұмысшылар саны

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы жатады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы — еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш — материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:


ЕС = Е/Кө (4.2.)
ЕС — еңбек сыйымдылығы;

Е — материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшері;

Кө — өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы — шикізат, материал, жанармай, энергия және т.б. еңбек заттары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасы арқылы анықталады. Салалық (кәсіпорындық, бірлестіктік) өнімнің материалдық сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:


МС=М/ Кө (4.3.)
мұндағы: МС - өнімнің материалды сыйымдылығы;

М - акшалай нысандағы өнім шығаруға жұмсалған материалдық шығындардың жалпы көлемі;

Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы белгілі дәрежеде бір-біріне жақын кәрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне қатынасы арқылы анықталады:


КСө =К/ ∆ Кө (4.4.)

КСө - өнімнің капиталдық сыйымдылығы;

К - салынған капиталдың жалпы көлемі;

∆ Кө - шығарылған өнімнің көлемінің өзгеруі.


Әлеуметтік тиімділік дегеніміз кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі, ол барлық қажеттілікті өтеу дәрежесі арқылы анықталады. Бұл жерде Паретто тиімділігін айта кету орынды. Паретто тиімділігі немесе Пареттонаның оптимумы дегеніміздің мағынасы мынада. Экономика тиімді болып есептеледі, егер қоғамның ең болмағанда бір мүшесі өзінің жағдайын жақсартуы кезінде қоғамның басқа бір мүшесінің жағдайының міндетті түрде нашарлауы туындайтын болса.

Экономикалық және әлеуметтік тиімділіктер бір-бірімен байланысты. Экономикалық тиімді болған жағдайда елдің әлеуметтік жағдайында жақсы болады. Керісінше де осыны айтуға болады. Елдің әлеуметтік жағдайы жоғары болатын болса, бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуге ықпал жасайды.

Әлеуметтік тиімділікті мынадай нәтижелер арқылы байқауға болады:

1. Елдің хал-ахуалының көтерілуі (жоғарлауы): енбекақының өсуі, нақты табыстың өсуі, үй жайының болуы, денсаулық сақтау, міндетті білім алу денгейлерінің жоғары болуы.

2. Бос уақытының болуы және оны тиімді пайдалану.

3. Еңбек ету жағдайының жоғары денгейінде болуы.

4. Елдегі немесе аймақтағы экологиялық жағдайының денгейі.

Тиімділікті аттырудың мынадай жолдары бар:



  • ғылыми-техниканың жетістіктерінің өндірісте қолдану;

  • еңбекті ұйымдастырудың ғылыми нысандары мен әдістерін енгізу;

  • үнемдеу тәртібін ұдайы қадағалау;

  • негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату;

  • мамандануды, кооперацияны тиімді пайдалана білу;

  • тиімді инвестициялық саясат

  • еңбек ұжымдарының ұсыныстарымен ынталарын ескеру т.б.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(4.1 және 4.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 4.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Өндірілген ұлттық кірістің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы




2

Таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы арқылы анықталады




3

Өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы арқылы анықталады




4

Еңбекақының өсуі, нақты табыстың өсуі, үй жайының болуы, денсаулық сақтау, міндетті білім алу деңгеінің жоғары болуы




5

Нарықтық жағдайда ішкі фактор мыналарды қарастырады




6

Өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндірудің өзара байланысын сиппаттайтын техникалық арақатынас




7

Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы




8

Еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш




9

Ғылыми-техниканың жетістіктерінің өндірісте қолдану, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, тиімді инвестициялық саясат жүргізу




Кесте 4.1 жалғасы

10

. Қоғамның бір мүшесінің өзінің жағдайын жақсарту кезінде қоғамның басқа бір мүшесінің жағдайының міндетті түрде нашарлауы туындауы




11

Елдегі өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны




12

Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор



Кесте 4.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

тиімділікті аттыру жолдары

Ә

әлеуметтік тиімділік

Б

қоғамдық еңбектің өнімділігі

В

өнім рентабельділігі

Г

Парето тиімділігі

Ғ

өндірісті және еңбекті басқару

Д

өндірістік функция

Е

жалпы табыс

Ж

өндірістің рентабельділігі

З

экономикалық тиімділік

И

еңбек сиымдылығы

К

ғылыми-техникалық прогесс


3. Иә/жоқ

Кесте 4.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Экономикалық және әлеуметтік тиімділіктер бір-бірімен байланысты.




2

Елдегі өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны ұлттық табыс болып есептеледі




3

Ғылыми-техникалық прогресс үш маңызды бағыттары бар




4

Экономикалық тиімділік өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды көп жұмсау жолы, басқаша сөзбен айтқанда белгілі өнім көлемін оның сапасын жоғалтпай барынша көп шығынмен шығару.




5

Әлеуметтік тиімділік кезінде кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіні қоғамның әлеуметтік мақсатымен сәйкес келуі міндетті емес




6

Экономикалық тиімділік кезінде елдің әлеуметтік жағдайы ескерілмейді, ол әлеуметтік тиімідікке ғана кән құбылыс




7

Өнім тиімділігі өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы арқылы анықталады




Кесте 4.3 жалғасы

8

Қоғамның ең болмағанда бір мүшесі өзінің жағдайын жақсарту кезінде қоғамның басқа мүшкелерінің жағдайы нашарламайтын болса экономика Парето тұрғысынан тиімді деп есептеледі




9

Өндірістің тиімділігінің жалпы көрсеткіші таза пайданың шамасымен сондай-ақ рентабельдік арқылы анықталады




10

Өндіріс тиімділігі таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы арқылы анықталады




11

Елдің хал-ахуалының көтерілуі (жоғарлауы): енбекақының өсуі, нақты табыстың өсуі, үй жайының болуы, денсаулық сақтау, міндетті білім алу денгейлерінің жоғары болуы тиіс.




12

Өзіндік құн дегеніміз тауарды өндіруге және оны өткізуге байланысты туындайтын шығындар






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
4.1 Қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіретін, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін фактор:

А) амортизация

B) аккредитив

C) ғылыми - техникалық прогресс

D) хеджирлеу

E) қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы

4.2 Өндірілген ұлттық кірістің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы:

А) қоғамдық еңбектің өнімділігі

В) қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы

С) ұлттық кіріс

D) қор сыйымдылығы

Е) қор сиымдылығы.

4.3 Қоғамдық игіліктер дербес игіліктерге қарағанда:

А) бөлінеді;

B) жекелеп пайдалануға болады;

С) бөлінеді және жекелеп пайдалануға болады;

D) бөлінбейді және жекелеп пайдалануға болмайды;

Е) бөлінеді, бірақ жекелеп пайдалануға болмайды.

4.4 Өндірісті күшейту, оның тиімділігін арттыру факторларының бірі:

А) инвистицияларды көбейту;

В) экономика құрылымын жетілдіру;

С) халық тұтынатын тауарға бағаны жоғарылату;

D) әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

Е) нарықтық экономикаға көшу.

4.5 Өндірістің экономикалық тиімділігіне анықтама берініз:

А) Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы;

В) Қоғамның қызметті принципінде табыс табу емес,қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау;

С) Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келеді;

D) Жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдарын номенклатурасын айғақтайды;

E) Меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты еңбекті үнемдеу.

4.5 Экономика тиімді болып есептеледі, егер қоғамның ең болмағанда бір мүшесі өзінің жағдайын жақсарту кезінде қоғамның басқа бір мүшесінің жағдайының міндетті түрде нашарлайтын болса:

А) Паретоның оптимумы

В) Маркстің оптимумы

С) Смитің оптимумы

D) Фридмэннің оптимумы

Е) Энлельстің оптимумы

4.6 Әлеуметтік тиімділік дегеніміз

А) өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау.

В) кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі.

С) ғылым және техника жетістіктерін өндірісте қолдану.

D) таза пайданың негізгі қорға қатынасы.

E) таза пайданың өнімнің өзіндік құнға қатынасы.

4.7 Экономикалық тиімділік –бұл:

А) Кәсіпорынның шаруащылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі

В) Өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны

С) Өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындардың жиынтығы

D) Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы

Е) Уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны



5. Шығарылуы келтірілген есептер
Есептің шартты белгілері:

Тө -- тауарлы өнім;

Сө - сатылған өнім;

Жө - жалпы өнім;

Өт - таза өнім;

Қж.б. Қж.а - жыл басында және жыл аяғында сатылмай қалған өнім;

Аб, Аа - бастапқы және мезгілдің аяғындағы аяқталмай қалған өндіріс және өзі өндірген жартылай фабрикаттар;

ТТб, ТТа - тауарды тиеп жіберген, бірақ құны әлі төленбеген бастапқы және аяқ кездегі жоспарлы мезгілдегі құны;

МТө - мөлшерленген таза өнім;

ТӨм - таза өнімнің мөлшері;

ЕАк - еңбек ақының коэффициенті;

Еқб - басқару және өндірісте қызмет ететін қызметшілердің бұйымның бірлігіне келетін еңбек ақысы (бөлінген сомаға);

Еөн - өндіріс жұмысшыларының бұйым бірлігіне келетін еңбек ақысы;

ОҚ - тура материалдық шығындарды шегерілгеннен кейінгі бұйым бірлігінің өзіндік құны;

R - бұйымның рентабельдігі;

SEө,ө,қ - өнеркәсіп - өндіріс қызметкерлерінің жиынтық еңбек ақысы;

SEөн - өндіріс жұмысшыларының жиынтық еңбек ақысы;

Пм - мөлшерлік пайда;


4.1 Кәсіпорын негізгі өнімді 325,6 мың теңге сомасына шығарды. Шетке орындалған жұмыс кұны 41,15 мың теңгені құрды.Өз өндірген жартылай фабрикат - 23,7 мың теңге, оның ішінде 80% өзінің өндірісінде пайдаланды. Жыл аяғында аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 мың теңгеге көбейді. Материалдық шығын тауарлы өнімнің құнынан 40%-ды құрды.

Сатылған өнім, жалпы және таза өнім көлемін анықтау керек.



Шешімі:

1. Тө = 325,6 +41,15+23,7 × 0,2 =371,49 мың теңге

2. Жө = 371,49 + 5,0 = 376,49 мың теңге

3. Сө = Тө =371,49 мың теңге

4. Өт =0,6 × 371,49 = 222,9 мың теңге
4.2 Кәсіпорын негізгі өнім 520 мың теңге, өнеркәсіптегі қызметін - 48 мың теңге көлемінде жоспарлаған. Жартылай фабрикаттың құны жоспарлы мерзімде 50 мың теңге, оның ішінде 50%- өзінің жеке өндірісіне арналған. Аяқталып бітпеген өндіріс мерзімнің соңыңда көлемі 38 мың теңгеге көбейді. Дайын өнімнің бастапқы мерзімде қоймадағы қалдығы 80 мың теңге, мерзімнің соңында 30 мың теңге болды. Кәсіпорындағы сатылған, жалпы және таза өнімді анықтау керек, егер материалдық шығын құны тауарлы өнімнің 55% құрғанда.

Шешімі:

1. Тауарлы өнім:

Тө = 520 + 48 + (50 × 0,5) = 593 мың теңге

2. Сатылған өнім:

Сө = Тө + Қж.б. - Қж.а. = 593 + 80 – 30 = 643 мың теңге

3. Жалпы өнім:

Жө = Тө - Аб + Аа = 593 + 80+ -30 +38 = 681 мың теңге

4. Таза өнім:



мың теңге

4.3 Кәсіпорында төмендегі мәліметтер нәтижесі бойынша бұйымның таза өнім мөлшерін және таза өнім мөлшерлік көлемін анықтау керек.

Кесте 4.4







Көрсеткіштер

Бұйымдар:

А

Б

В

Г

1.

Жыл бойы өнімді шығару, дана

1000

1200

2500

700

2.

Өнімнің өзіндік құны, теңге

200

130

100

250

3.

Өнімнің өзіндік құнына материалдық шығын, теңге

110

60

40

120

4.

Өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы төлеу, теңге

50

60

30

90

5.

Өңдеудегі өзіндік құн қатынасы бойынша рентабельділік мөлшері, %

15

15

15

15

Кәсіпорынның өнеркәсіп - өндіріс қызметкерлерінің еңбек ақысы 300 мың теңге, оның ішінде өндіріс жұмысшыларының жалақсы 120 мың теңгені құрайды.

Шешімі:

1. Еңбек ақының коэфициенті:



2. Басқару және өндірісте қызмет ететін қызметкерлердің бұйымның бірлігіне келетін еңбек ақысы:

Еқ.б. = Еөн × ЕАқ

ЕАқ.б. = 50 теңге × 15 = 75 теңге

ЕБқ..б. =60 теңге × 1,5 = 90 теңге

ЕВқ.б. = 30 теңге × 1,5 = 45 теңге

ЕГқ.б. = 90 теңге × 1,5 = 135 теңге



3. Мөлшерлік пайда (Пм):



П БМ = (130- 60) * 15 = 10,5 теңге

100

П ВМ = (100- 40) *15 = 9 теңге



100

П ГМ = (250 - 120) * 15 = 19,5 теңге

100

4. Таза өнімнің мөлшері:



Төм өнм

ТөмА = 50 +75+13,5=138,5 теңге

Төм= 60+90+10,5=160,5 теңге

Төм= 30+45+90= 84 теңге

Төм = 90+135+19,5=244,5 теңге

5. Таза өнімнің мөлшерлік көлемі:

138,5*1000+160,5*1200+84*2500+244,5*700=712250 теңге
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
4.4 Кәсіпорынның есепті мезгілінде А- 200 бұйым бірлігін, Б – 300 бұйым бірлігін шығарды. А бұйымның бағасы – 1800 теңге, Б бұйымның бағасы – 2580 теңге. Басқа кәсіпорынға көрсеткен қызметтің құны – 37500 теңге. Аяқталмаған өндіріс қалдығы жыл басында – 75000 теңге, жыл аяғында – 5300 теңге болды. Негізгі өнімді өндірумен бірге ыдысты 12000 теңгеге, оның ішінде сыртқа жіберуге арналған тапсырманы 8000 мың теңгеге орындады. Жалпы, тауарлы және сатылған өнімдерді анықтау керек.

4.5 Төмендегі мәліметтерді қолдана отырып, жалпы тауарлы және сатылған өнімнің көлемін анықтау керек:

Кесте 4.5





Көрсеткіштер

Сомасы, теңге

1.

Сыртқа сатуға шығарылған бұйымдар

44183

2.

Сыртқа сатуға арналған басқадай өнімдер

1915

3.

Сыртқа көрсетілген қызмет құны

750

4.

Сыртқа сатылған жартылай фабрикаттар құны

450

5.

Өзі өндірген негізгі қордың құны

500

6.

Өндіріске өңдеуге түскен тапсырушылардың материалдар құны

200

7.

Өзі өндірген жарталай фабрикаттардың, арнаулы аспаптардың өз мұқтажына арналған, құны:

500


250

8.

Аяқталмаған өндіріс құны:

  • - жыл басындағы мерзімде

  • - жыл аяғындағы мерзімде

50

100



9.

Қоймада қалған дайын өнім:

  • - жыл басындағы мерзімде

- жыл аяғындағы мерзімде

280


280


4.6 Келесі мәліметтер бойынша өндірістегі жалпы, тауарлы және сатылған өнімдердің көлемін анықтау керек: кәсіпорын сату үшін 50 мың теңге өнімін өндіріп дайындады; сыртқа 1,5 мың теңгеге қызмет көрсетті; сыртқа сату үшін жартылай фабрикаттарды 0,9 мың теңгеге өндірді; өзінің ішкі мақсаты үшін 20,2 мың теңгеге жартылай фабрикаттар дайындады; өзінің мұқтажына арналып жасалған аспаптар: жыл басында – 3,4 мың теңге; жыл аяғында – 4,8 мың теңге болды.

4.7 Келесі мәліметтер бойынша жалпы, тауарлы және айтылған өнімнің көлемін айту керек: сыртқа сатылған дайын бұйымның құны – 59,5 мың теңге; сыртқы қызмет ету құны – 10,9 мың теңге; жыл басында өндіріліп бітпеген өнімнің құны – 15,9 мың теңге, жыл аяғында 4,4 мың теңге; қоймадағы дайын өнімнің құны (қалдық) жыл басына – 13,0 мың теңге, жыл аяғына – 20,7 мың теңге.

4.8 Келесі мәліметтер бойынша жалпы, тауарлы және сатылған өнімдердің көлемін анықтау керек:

Кесте 4.6



Көрсеткіштер

Сомасы, мың теңге

1.Сатылуға дайындалған өнім

600,0

2.Қоймада қалдық қалдық:

- Жыл аяғындағы мерзімде

- жыл басындағы мерзімде


40,4

98,2


3. Аяқталмаған өндіріс:

- жыл аяғындағы мерзімде

- жыл басындағы мерзімде


38,3

15,4


4. Мекеменің сыртқы көрсеткен қызметі

12,0

5. Өз мұқтажына арналып өзі өндірген жартылай фабрикаттар

9,8


4.9 Кәсіпорында өндірісті мамандандыруда егжей-тегжейлі тереңдетілген шаралар жасалынды. Бұл жұмыс бұйым бірлігінің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік туғызып 98 теңгеден 93,5 теңгеге төмендеді, дегенмен өнім бірлігін тұтынушыларға жеткізуде көлік шығындары шалғай жатқан жерге жеткізуде 2-ден теңгеге өсті. Арнаулы жабдықтарды және өндірісті кеңейтуге күрделі қаржы бөлінді, оның сомасы 990000 теңгені құрды.

Мамандандырудың арқасында жылдық экономикалық тиімділік өсіп, дайын өнім көлемі бұл шарадан кейін 50000 бірлікке жетті. Жылдық экономикалық тиімділігін анықтау керек.


7. Ұғымдар мен терминдер
Экономикалық тиімділік

Әлеуметтік тиімділік

Өндіріс рентабельділігі

Техникалық серпіліс

Жалпы тиімділік

Нақты тиімділік



Салыстырмалы тиімділік

Өнім сапасы

Тиімділік факторлары

Ұдайы өндіріс
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәнін түсіңдірініз.

2.Өндірістің экономикалық тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіз?

3. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігін қалай анықтауга болады?

4. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің негізі неде, оның жалпыға ортақ белгісі қандай?

5.Ұдайы өндipic түрлеріне мысал келтіріңіз

6.Шаруашылық іс-әрекетті бағалаудың қандай өлшедерін білесіз?

7.Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторларды атаңыз

8. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткішінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

9.Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдарын қандай?

10. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі қалай есептеледі?

11. Өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың негізгі факторлары мен бағыттарын тізіп, олардың мазмұнын ашып көрсетіңіздер

12. Күрделі салымдардың құрылымын көрсетіңіз
Тақырып 5

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Негізгі қорлар өндірістік процесте бірнеше рет пайдаланып, өзінің натуралдық формасын сақтайтын бірте-бірте тозуға ұшырайтын және өзінің құнын өндірілетін тауарға бірте-бірте ауыстыратын еңбек құралы. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады.

Негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қорлар - өнімді өндіру немесе қызметті қызметті көрсету процесіне қатысады. Олар: станоктар, машиналар, өндіріс құрал-жабдықтары және т.с.с. Өндірістік емес негізгі қорлар өнімді өндіру процесіне қатыспайды. Оларға: тұрғын үйлер, мектептер, бала бақшалар, стадиондар, клубтар, емханалар және т.б. жатады. Өндірістік қорлар былайша жіктеледі:



  • Ғимараттар;

  • Өндірістік қондырғылар;

  • Энергия берілетін құралдар;

  • Машиналар мен құрал-жабдықтар;

  • Көліктер;

  • Еңбек құралдары;

  • Өндірістік инвентарь

  • Шаруашылық заттар;

  • Жоғарыға кірмей қалған негізгі қорлар.

Негізгі қорларды 2 түрлі жолмен есепке алады: натуралдық түрде және ақшалай өрнекте.

Негізгі қорларды есепке алу кәсіпорынның оларды қашан ауыстыруы керек екенін білуге және кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтау үшін қажет.

Өндірістік қорларды ақшалай мәнінде анықтаудың мынандай түрлері бар:

1. Бастапқы құны арқылы бағалау. Оған негізгі қорды әкелу, орналастыру, құру шығындары кіреді.

2. Қайта жаңғыртылғаннан кейінгі бағалау. Мұнда негізгі қорды қайта өңдеуден өткізгеннен кейінгі бағалау есепке алынады.

3. Негізгі қордың тозуын есептегеннен кейінгі бастапқы бағалау, мұны қалдық бағалау деп атайды..

Негізгі қорлар әдетте тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және сапалық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қордың оны пайдалану барысында ескіру салдарынан бастапқы тұтынушылық бағасының бірте – бірте жоғалтуы. Кейде негізгі қор өндіріске араласпаған немесе ішінара араласқан жағдайда да тозуға ұшырауы мүмкін (мысалы сыртқы табиғаттың желдің, жаңбырдың т.б. табиғи құлыстардың кері әсерінен).

Табиғи тозудың ұзақтығы негізгі қорлардың сапасына, оның техникалық жетілдірілуіне, беріктігіне, өндіріске белгілі бір аралық арасында қаншалықты араласу ұзақтығына, оларды күтіп-баптауға, сыртқы әсерден қорғауға, негізгі қормен жұмыс істейтін жұмысшылардың біліктілігіне т.б. факторларға байланысты болады.

Табиғи тозудың өзін екі түрге бөледі: толық және бөлшектеліп табиғи тозу. Толық тозуда қорлар толығымен жойылады дақ жетінде жаңасымен ауыстырылады.Бөлшектеліп тозу жөндеу арқылы қалпына келтіріледі.

Сапалық тозу дегеніміз негізгі қордың экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып қалуы. Басқаша сөзбен айтқанда сапалық тозуға ұшыраған негізгі қор әлі ескірмеген болуы мүмкін, бірақ қызмет атқару барысында оның техникалық сипаттамасы, экономикалық тиімділігі қазіргі қажеттілікке, сұранысқа сай келмейді. Осы себепті де оны соңғы үлгіде шыққан негізгі қорлар өнідірістен ығыстырып шығарады.

Кәсіпорында негізгі қорларды жаңалап, жаңғыртып отыру қажеттілігі туындайды. Бұл амортизациялық бөлу арқылы жүзеге асады.



Амортизация - негізгі қордың тозуынан туындаған шығынның орнын негізігі қор көмегімен өндірілген өнімге ауыстырудың ақша күйіндегі өрнегі. Басқаша сөзберн айтқанда аммортизация негізгі қордың табиғи және сапалық тозуының ақшалай көрінісі.

Амортизацяи мөлшері дегеніміз белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы. Толық қалпына келтіру амортизациялық мөлшерін анықтау келесідей формуламен анықталады:

Ма = (Қб.к –Қж)/ Қб.к *tа (5.1)

мұндағы,

Ма-амортизация мөлшері;

Қб.к – негізгі қорлардың бастапқы құны;

Қж- жойылу құны;

tа- негізгі қордың қызмет мерзімі.

Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер қорқайтарымдылығы (Ққ) және еңбек өнімділігі( Еө).



Қорқайтарымдылық дегеніміз жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың орта жылдық құнына қатынасы. Басқаша мұны былай айтуға болады: қор қайтарымы (қорқайтарымдылық) құны 1 теңге тұратын негізі қорды пайдаланудан түскен дайын өнімнің құны. Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткіші келесідей формуламен анықталады:

Ққөорт.ж (5.2)

мұндағы:

Жө -(жылдық өнім) кәсіпорынның жыл бойы өндірген өнімнің табиғи немесе ақшалай құны;

Қорт.ж- қордың орташа жылдық құны.

Қорқайтарымдылығына кері шама қор сыйымдылығыс) деп аталады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде шығарылған өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құнын көрсетеді. Ол мынадай формула арқылы өрнектеледі:


Қс= Қорт.жө (5.3)
Еңбек өнімділігі – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны. Еңбек өнімділігі мынандай формуламен анықталады:
Еө= Жөш (5.4)

мұндағы,

Жө - жылдық жалпы өнім;

Еш - еңбек шығыны.

Еңбек өнімділігіне кері шама еңбек сыйымдылығы:
Ес= Ешө (5.5).
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(5.1 және 5.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 5.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшуі




2

Жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың орта жылдық құнына қатынасы




3

Қор қайтарымдылық




4

Негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелуі немесе негізі қордың тозуын қалпына келтіру сомасы




5

Уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны




6

Негізгі қорлардың тозу түрлері




7

Негізгі қорлардың конструкциялық, өнімділік, үнемділік жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюы




Кесте 5.1 жалғасы

8

Кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын - үй қоры, мәдени-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала бақша, мектеп т.б.




9

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді ұзақ уақыт бойы қатысып, өзінің заттай формасын сақтайтын, сөйтіп бірте- бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін қоғамдық өнімге аударатын өндіріс құралдары




10

Қор сыйымдылығы




11

Еңбек өнімділігіне кері шама




12

Өндірісте жиі қолдану нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы факторлардың әсерінен өндіріс қорларының ескіруі




13

Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар былайша бөліндеі




14

Кәсіпорнның негізгі өндіріс құралдарының табиғи және сапалық тозу құнының экономикалық орнын толтыру




15

Орта жылдық негізгі өндірістік қор құнының осы жылда өндірілген жалпы өнім құнына қатынасы




16

Негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың жолдары



Кесте 5.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

табиғи тозу

Ә

экстенсивті, интенсивті

Б

еңбек сиымдылығы

В

өндірістік емес негізгі қорлар

Г

табиғи, сапалық

Ғ

қор сиымдылығы

Д

Ққөорт.ж

Е

амортизациялық көшірім

Ж

аммортизация

З

өндірістік және өндірістік емес

И

қорқайтарымдылық

К

амортизация мөлшері

Л

сапалық тозу

М

еңбек өнімділігі

Н

Қс= Қорт.жө

О

негізгі өндіріс қоры


3. Иә/жоқ

Кесте 5.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Негізгі капитал бұл материалдық құндылықтың қысқа кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы




2

Амортизация бұл шығарылатын өнімнің негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы




3

Қор сыйымдылығына кері шамаы еңбек сиымдылығы деп атайды




4

Еңбек сиымдылығы мынандай формуламен анықталады:

Еө= Жөш , мұндағы Еө – еңбек өнімділігі, Жө – жалпы өнім, Еш – еңбек шығыны






5

1 теңгелік негізгі қорды пайдалана отырып өнідірліген өнімнің құны қор сиымдылығы деп аталады




6

Қор қайтарымдылығы дегенміз шығарылған өнімнің бір теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құны




7

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі - қор қайтарымы болып табылады.




8

Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатысады, материалдық игіліктер өндіруге араласады




9

Негізгі қордың заттық мазмұны – еңбек құралдары.




10

Шығарылған өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құны - қор сиымдылығы




11

Еңбек өнімділігі- бұл кәсіпорынның жыл бойы өндірген өнімнің табиғи немесе ақшалай құны




12

Өндірістік емес негізгі қорлар өнімді өндіру процесіне қатыспайды




13

Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер қорқайтарымдылығы мен еңбек өнімділігі




14

Еңбек өнімділігіне кері шама еңбек сиымдылығы




15

Негізгі қорлардың тозуы табиғи және натуралы болып болып екіге бөлінеді




16

Еңбек өнімділігі – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
5.1 Өнімнің еңбек сыйымдылығының дұрыс формуласын көрсетініз:

А) ЕС=Е/Кө

В) ЕС=Е/К

С) ЕС=К/Кө

D) Өн=Е/К

Е) МС=Е/М

Мұндағы ЕС – еңбек сиымдылығы, Е – еңбектің көлемі, Кө – өндіріс көлемі, М – материал көлемі МС – материал сиымдылығы,

5.2 Материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы:

А) резервтік капитал

В) жарғылық қор

С) меншікті капитал

D) амортизация

Е) негізгі капитал

5.3 Шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы:

А) резервтік капитал

В) жарғылық қор

С) меншікті капитал

D) амортизация

Е) негізгі капитал

5.4 Сапалық тозудың себептеріне жатпайды:

A) еңбек құралдары конструкциясының жетілдірілуі;

B) еңбек құралдарын дайындау технологиясының жақсаруы;

C) еңбек құралдарын жиі пайдалану;

D) өнімділігі жоғарырақ негізгі құралдардың пайда болуы;

E) еңбек құралдарын өндіретін салаларда ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану.

5.5 Негізгі қорды пайдаланудың жинақтаушы көрсеткіштері

А) қордың айналым ұзақтығы;

В) қордың өндірістік циклі;

С) өнімділік деңгейі;

D) қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы;

Е) материал сыйымдылығы мен материл қайтарымдылығы.

5.6 Толық тозу – бұл:

А) ары қарай пайдалану зиянды болатындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

В) ары қарай пайдалану зиянды болмайтындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

С) ары қарай пайдалану артықшылық әкелетіндей деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

D) ары қарай қосалқы бөлшек ретінде қолданылатындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

Е) жоғарыда аталғандардың бәрі.

5.7 Төмендегілердің қайсысы өндірістік қорларға жатады?

А) Тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық салалары;

В) Денсаулық, білім, мәдениет салалары;

С) Құрылыс, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі;

D) Мәдениет, құрылыс салалары;

Е) Ауыл шаруашылық, білім салалары.

5.8 Негізгі қорлардың тозу түрлері:

А) Табиғи, сапалық;

В) Өндірістік, өндірістік емес;

С) моральдық, өндірістік

D) Сапалық, пассивті;

Е) Активті, өндірістік.

5.9 Техникалық прогресс салдарынан негізгі құралдардың құнсыздану процесі.

A) күрделі жөндеу;

B) сапалық тозу;

C) сандық тозу;

D) табиғи тозу;

E) нақты тозу.

5.10 Қор сыйымдылығы –бұл:

А) Өндірілген өнімнің әрбір теңгесіне келетін НҚ құнының үлесін көрсететін шама

В) НҚ құнының бір теңгесіне келетін өндірілген өнімнің көрсеткіші

С) Пайда алу үшін ұзақ мерзімді салынған салым

D) көптеген өндірістік циклде қызмет ететін ,өзінің құның дайын өнімге тозуына қарай бөлшектеп өткізбейтін капитал

Е) Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың қосындысын құрайды
5. Шығарылуы келтірілген есептер
5.1 Станоктың толық бастапқы құны 10,2 мың теңге, қызмет еткен мерзімі-8 жыл.Жаңартуы 2,3 мың теңгені құрды, демонтаждау шығыны -0,2 мың теңге, станоктың қалдық құны-0,5 мың теңге.Жылдық амортизациялық көшірім сомасы мен амортизация мөлшерін анықтау керек.
Шешімі:

1. А=10,2+2,3+0,2-0,5/8=1,525 мың теңге

2. Акм=10,2-0,5/10,2*8*100%=9,7/81,6*100=11,9%
5.2 Кәсіпорында негізгі өндіріс қорларының топтары бойынша жыл мезгілінде және жыл басында , жыл аяғына дейінгі өзгеруі кесте 5.4

берілген, мың теңге):


Кесте 5.4




Негізгі қордың топтары

Жыл басында

Жыл бойы өзгеруі:өсуі+,кемуі-

1.

Өндірістік үйлер

341510

-

2.

Ғимараттар

64610

-

3.

Беріліс қондырғылар

36920

+440

4.

Жұмыс машиналары және жабдықтар

378430

-23500

5.

Күш машиналары мен жабдықтар

18460

-530

6.

Өлшеуіш приборлар мен зертханалық жабдықтар

23998

-810

7.

Есептеуіш техника

21229

+750

8.

Көлік құралдары

22152

-910

9.

Басқадай негізгі құралдар

15691

-230




Барлығы:

923000




Бір жылғы тауарлы өнімнің көлемі 1236820 мың теңгені құрайды. Негізгі өндіріс қорының жыл басындағы құрылымын және қорқайтарымдылығын анықтау керек.



Шешімі:

Негізгі өндіріс қорының құрылымы:




1

2

3

4

5

6

7

8

9

37%

7%

4%

41%

2%

2,6%

2,3%

2,4%

1,7%


Ққ=Нөн/НҚож

Қ = 923000+(440+23500+750-530-810-910-230) / 2 = 934105 мың теңге

Ққ = 1236820 мың теңге / 934105=1,32 мың теңге
5.3 Өндіріске жана техниканы ендіру жоспарланған , оның құны 54 мың теңге , ол 3 айдан жұмыс атқаруы тиіс және екі техниканы жойып,оның құны 3,6 мың теңге, ол 9 ай өндірісте жұмыс істеген.Негізгі қордың бастапқы құны 185,6 мың теңге болған. Осы көрсеткіштерлі қолдана отырып кәсіпорындағы негізгі өндіріс қорының орташа жылдық құнын анықтау керек.
Шешімі:
НҚөжқ=185,6+(54*3)/12-3,6(12-9)/12=198,2 мың теңге

6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар

5.4 Кәсіпорында жыл басында негізгі өндіріс қоры 2825 мың теңге болды. Негізгі қорды жыл бойы өндіріске жаңадан ендіру және өндірістен шығару көлемі кестеде келтірілген. Осы мәліметті қолданып, негізгі өндіріс қорларының жылдық орташа және өндірістен шығып қалған негізгі қордың құнын, сонымен бірге негізгі қордың шығу және жаңалау коэфициентерін анықтау керек.

5.5 Тоқыма фабрикасы екі ауысымды жұмыста істейді, жыл басында тоқыма станок саны – 500. Бірінші сәуірде 60 станок орнатылады, ал бірінші тамыз 50 станок өндірістен шықты. Жылдық жұмыс күн саны – 260, жоспарда жай жөндеуден өткізу кезінде станоктың тоқтап қалуы – 5%, бір станоктың өнімділігі сағатына – 4 метр мата шығару, жоспар бойынша – 7500 мың метр мата шығару. Фабриканың мата шығару өндірістің қуаттылықты пайдалану коэфициентерін есептеп шығару керек.

5.6 Келесі жағдайдағы цехтың өндіріс қуаттылығын және қуаттылықты пайдалану коэфициентін анықтау керек. Цехте 100 бірлік бір типтес жіп иіру станогы бар. Бірінші қарашада тағы да 10 бірлік орнатылды, бірінші мамырда 6 бірлік шығып қалды, жылына жұмыс саны – 258, жұмыс тәртібі - екі ауыспалы жұмыс, ауыспалы жұмыс ұзақтығы - 8 сағат, жабдықтардыжөндеу бос тұрып қалуы жұмыс тәртібі – 6 %, бір станоктың сағатына өнімділігі 3 – бөлшек, жыл бойы өндіру жоспары – 170000 бөлшек.

5.7 Кәсіпорының материалдық активтерінің түр құылымын талдау және анықтау керек. Кестеде келтірілген мәліметті қолдана отырып "Қостанай" акционерлік қоғамның негізгі материалдық активтерінің міндетті түр құрамын анықтау қажет. Талдау жасау мезгілінде кәсіпорын ұрылым мәліметтің тенденциясының біршама өзгеруіне қорытынды жасау керек. "Қостанай" АҚ соңғы 5 жылдардың аяғында материалдық активтерінің мөлшері төмендегі кестеде (кесте 5.5) келтірілген:

Кесте 5.5




Материалдық активтердің элементі

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл (бағалау)

Төртінші жыл (бағалау)

Бесінші жыл (бағалау)

Негізгі өндіріс қоры

16850

17100

17800

18900

19800

Өндірістік айналым қоры

4550

4700

4950

5800

6700

Әлеуметтікке арналған мүлік

4300

4250

4050

3900

3200

Жиынтығы

25700

26050

26800

28600

29700


5.8 Негізгі өндіріс қорының белсенді үдемелі құрылымын анықтау керек, егер жыл басында кәсіпорында келесі жабдықтар болған:

станоктар:

токорлық – 47 дана, әрқайсысы 10000 теңгеден;

фрезерлік – 60 дана, әрқайсысы 8000 теңгеден;

тесетін – 35 дана, әрқайсысы 5000 теңгеден;

фрезерлік (сандық басқару бағдарламада) – 20 дана, әрқайсысы 15000 теңге.



5.9 Цехта 500 жабдық бірлігі орнатылған, оның ішінде жұмыс істеуге жарамдысы – 490 бірлігі, оның жұмыс істеп тұрғаны – 485 бірлік. Бірінші алмасуда 480 бірлігі жұмыс істеді, екіншісінде 350. Сонымен, жабдықтың жұмыс істеуге жарамды коэффициентін, орнатылған жабдықтардың ауысу коэффициентін, станоктардың пайдалану коэффициентін анықтау керек.

5.10 Кәсіпорынның келесі мәлімет бойынша жылдық өндіріс қуаттылығын анықтау керек. Кәсіпорында жұмыс режімі үздіксіз, жыл бойы өндірісті тоқтату уақыты жоспар бойынша – 10 күн. Өндірісте 3 ауысу, әр ауысудағы жұмыс ұзақтығы – 7 сағат, бір бұйымды шығару бойынша – техникалық өнімділік бірлігі – 30 мин, жабдық бірлігінің саны – 10.

5.11 Жермен жұмыс істейтін бригаданың жылдық өндіріс қуаттылығын анықтау керек. Бригада құрамында 15 адам, жұмысшылардың жоспарлы уақыт қоры – 228 күн, ауысу ұзақтығы – 7 сағат, звено құрамында 3 адам, өндіру мөлшері – 0,3 м/сағат.

5.12 Цехтағы заттай маманданған агрегат (тоқыма машинасы) жабдықтарының жылдық өндіріс қуаттылығын келесі мәліметтерарқылы анықтау керек: агрегаттың өнімділігі – 150 кг/сағатына, жұмыс режімі – 3 алмасу, әрбір алмасудың ұзақтығы 7 сағат. Жоспар бойынша күрделі жөндеуге 2 күн және тоқтап тұруға 4 % қаралған. Жылына демалыс – 104 күн, мейрам күндер саны – 8, мейрам алдында жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқартылады.

5.13 Кәсіпорында үнемі жұмысістейтін агрегаттың жылдық өндіріс қуаттылығын есептеу керек, егер бір мезгілде пеш сиымдылығы – 100 тонна шикі метериалға арналса, шикізаттың салмағынан – 0,5% жарамды өнім шықса,бір циклдің ұзақтығы – 6 сағат. Агрегат үздіксіз жұмыс істейді. Жоспарлы тоқтату мерзімін 3 күнге белгілеп, күрделі жөндеуден өткізу және 6% күнделікті тоқтату қарастырылған.

5.14 Кірпіш қалаушы бригаданың жылдық өндіріс қуаттылығын (м2) анықтау керек. Негізгі мәліметтері: бригаданың құрам саны – 30 адам, жылына жұмыс күндері – 240, еңбек сиымдылығы 1 м2- 0,9 адам-күн, өндіру мөлшерінің орындалу коэффициенті – 1,2.

5.15 Механизацияланған құрылыс бөлімшеде жыл басында экскаваторлар: 4 – маркасы Э-1252, 7- маркасы Э-652 және 5 – маркасы Э-505 жоспарланған. Бірінші қыркүйекте бөлімше қосымша 6 – маркасы Э-505 экскаваторлар алуы тиіс. Орта сағаттық есепте экскаваторлардың өнімділігі: Э-1252 160м3, Э-652 – 123 м3, Э-505 – 90 м3. Жылдық жұмыс уақыт қоры 4100 сағат көлемде жоспарланған. Бөлімшенің жылдық өндіріс қуаттылығынанықтау керек.

5.16 Бірінші қаңтарға цехтің өндіріс қуаттылығы – 11 мың бұйым болды. Жоспар бойынша бірінші наурызда цехтің қуаттылығы 1 мың бұйымға өсіріледі, ал қыркүйекте тағы да 300 бұйымға өсіріледі. Ортажылдық кірістегі және шығыстағы қуаттылықты анықтау керек.

5.17 Цехтың жалпы алаңы – 832 м, бір бұйымды жинауға керекті алаң – 104 м, бір бұйымды жинауға жұмсалған уақыт – 48 сағат, цехтағы жұмыс режімі – 248 күн (жылына), цехта 2 ауысу, әрқайсысы 8 сағаттан, жылына өндіріс бағдарламасы бойынша 640 бұйымды өндіру жоспарланған. Цехтың қуаттылығын және өндіріс қуаттылығының пайдалану коэффициентін анықта.

5.18 Кәсіпорын 500 станокпен жабдықталған, демалыс және мейрам күндер саны – 254 күн. Жұмыс істеген цехта 2 ауысу, әр ауысуда 8 сағаттан жұмыс атқарған. Жабдықтарды жөндеуге 41 мың станок-сағат тоқтатылу қарастырылған. Жабдықтардың жылдық күнтізбе, режимдік және жоспарлы уақыт қорын анықтау керек.
7. Ұғымдар мен терминдер
Кәсіпорынның негізгі қоры

Негізгі қорлардың тозуы

Табиғи тозу

Сапалық тозу

Экономикалық тозу

Амортизациялық аударым

Амортизациялық қаражат

Амортизациялық резерв

Амортизациялық қор

Негізгі қорлардың өтелімі

Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті

Негізгіқорлардың жарамдалық коэффициенті

Тозу коэффициенті

Негізгіқорлардың жаңартылу коэффициенті

Қор сиымдылығы

Қормен қамтамасыз етілуі

Қор қайтарымы
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Өндірістік негізгі қорлар дегеніміз не?.

2. Негізгі қордың бөліну түрлерін атаңыз.

3. Негізгі қорды қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін атаңыз

4. Өндірістік емес негізгі қорлар дегеніміз не?

5. Еңбек өнімділігі дегеніміз не?

6. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?

6. Негізгі өндірістік қорлардың тозуының қандай түрлерін білесіз?

8. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштерін атаңыз.

9. Кәсіпорындарда негізгіқорлардыпайдалануды жақсартудың негізгі бағыттарына тоқталыңыз

10. Негізгі қорлардың сиымдылығына қалай түсінесіз?


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет