Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасы



бет5/5
Дата19.02.2017
өлшемі3,34 Mb.
#10651
1   2   3   4   5

Стандарттау дегеніміз - орындау үшін міндетті және ұсынылатын талаптарды, нормаларды, ережелерді сақтай отырып, өнімге сипаттама жасау және оны бекітілу бойынша жүргізілетін іс.

Сапа жүйелерінің бағытындағы ұлттық стандарттар алғашқы рет Ұлыбританияда 1983 жылы пайда болды.

Қазақстанда Стандарттаудың құқықтық негізін ҚР «Стандарттау туралы» заңы қарайды. Стандарттау объектілеріне өнім, жұмыстар және қызметтер жатады.

Сертификаттау жүйесі мемлекеттік деңгейде құралады және әр елде өз ерекшеліктері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың құқықтық негізін «Өнім мен қызметі сертификаттау» туралы заң құрайды.

Қазіргі кездегі тұтынушы бағадан бұрын өнімнің сапасына көп көңіл бөледі, өйткені жоғары сапа — өнімді пайдалану мен жөңдеу шығындарының аз болуының кепілі болып табылады. Әлемге әйгілі «Дженерал моторс», «LG», «Адидас», фирмаларының бүгінгі жетістіктері өнімнің сапасының жоғары болуына байланысты.

2010 жылдың басынан бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан мүше болып енген Кедендік одақ құрды. Қазақсанның ДСҰ- ға кіру туралы өтінішті 1996 жылдың каңтарында бергені және ақпан айынан бастап байқаушы мәртебесін алды. Келешекте айтылған екі ұйымға мүше болу еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септінін тигізеді.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(13.1 және 13.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)

Кесте 13.1



Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Тіркеуге және есептеуге негізделген әдіс




2

Аспаптар мен приборлардың көмегімен жүзеге асырылатын әдіс




3

Белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет




4

Өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделетін әдіс




5

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы негізгі параметрлер




6

Сапаны анықтауда адамның сезу-көру, есту, дәм, түйсіну сезімдерін қамтитын әдіс




7

Өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылатын әдіс




8

Мамандар тобы арқылы жүзеге асырылатын әдіс



Кесте 13.2



Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

стандарт

Ә

өлшеуіш әдіс әлеуметтік әдіс

Б

Өнімнің сапасын басқару

В

сарапшылық әдіс

Г

тіркеу әдісі

Ғ

органолептік әдіс

Д

әлеуметтік әдіс

Е

есептеу әдісі

Ж

баға және сапа


3. Иә/жоқ

Кесте 13.3





Тұжырым

Иә/Ж

1

Өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделетін әдіс есептеу әдісі деп аталады




2

Өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау әлеуметтік әдіс негізінде жүзеге асырылады




3

Белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілмейтін іс-әрекет – бұл өнімнің сапасын басқару




4

Адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтымайтын әдіс органолептік деп аталады




5

Сарапшылық әдіспен өнімнің ерекшеліктері мен қасиеттері , арнай мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады




6

Қолданылуы бойынша сапа көрсеткіштері абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді




7

Белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі – бұл өнімнің сапасы




8

Салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) формуласы: КК = ККЭ ККТ ККС, мұндағы

КК – тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші; ККЭ – эстетико-эргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші; ККТ – техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші; ККС – көрсеткіш кешенінің сенімділігі






9

Тауардың техникалық деңгейі, оның жаңашылдығы және сапасы – бағадан тыс бәсекенің факторлары болып есептеледі




10

Тауар сатылғанан кейінгі техникалық қызмет көрсету –бағалық бәсекенің элементтері




11

Тіркеу әдісі патенттік - құқықтық көрсеткіші арқылы анықталады




12

ҚР «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы» 2010-2020 жылдарға арналған




13

Белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілмейтін іс-әрекет – бұл өнімнің сапасын басқару




14

Адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтымайтын әдіс органолептік деп аталады




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
13.1 Өнімнің бәсекеге қабілетілігін анықтауды мамандар тобы арқылы іске асырылатын әдіс:

А) өлшеуші

B) сарапшылық

C) органолептік

D) есептік

E) әлеуметтік

13.2 Анықталған бағыттағы тиімді дәрежеге жетуге бағытталған, арнайы органмен бекітілген, ортақ шешімге келу негізі арқылы дайындалған нормативті құжат:

А) норматив

B) стандарт

C) хронометраж

D) сертификат

E) хеджирлеу

13.3 Сапа жүйелерінің бағытындағы ұлттық стандарттар алғашқы рет қай жылы пайда болды:

А) 1983 жылы

В) 1988 жылы

С) 1982 жылы

D) 1984 жылы

Е) 1985 жылы

13.4 Белгілеу, қамтамсыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс - әрекет?

А) сапаны анықтау

B) өнімнің сапасын басқару

C) сапаны тексеру

D) өнім сапасын бақылау

E) өнімді дайындау

13.5 Тауардың немесе қызметтің қасиеттерін көру, есту, түйсіну, дәмін байқау сияқты адам мүшесінің сезу қабілеттері арқылы талдауды қамтитын әдіс:

А) қоғамдық

B) стратегиялық

C) есептеуіш

D) органолептік

E) сарапшылық

13.6 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы негізгі параметрлер:

А) Баға және сапа

B) Баға және сана

C) Табыс және шығын

D) Шығын және баға

E) Сапа және саны

13.7 Қолданылуы бойынша сапа көрсеткіштері абсолюттік және ....... болып бөлінеді.

А) ауыспалы

B) біртексіз

C) айнымалы

D) мөлшерленген

E) салыстырмалы



13.8 Тіркеу әдісі қай көрсеткішпен анықталуы мүмкін:

А) Сұрыптылық

В) Патенттік - құқықтық

С) Жүстемелі

D) Маркасы

Е) Пайдалы заттың мазмұны

13.9 Сапа жүйелерінің бағытындағы ұлттық стандарттар алғашқы рет қай елде пайда болды:

А) Францияда

В) Ұлыбританияда

С) Ирландияда

D) Бельгияда

Е) Ресей Федерациясында

13.10 Белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық қасиеті немесе ерекшелігі:

А) өнім ассортименті

В) өнім бағасы

С) өнім шығындары

D) өнім сапасы

Е) өнім көлемі

13.11 Ерекше мәнді сатып алушыларға сауда жасауға қажетті басты критерий?

А) баға


B) сапа

C) құн


D) өнім

E) сиымдылық.

13.12 Белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс - әрекет:

А) Сертификаттау

В) Өнімнің сапасын басқару

С) Тұтынушыны қанағаттандыру

D) Баға деңгейін бақылау

Е) Стандарттау.



5-6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
13.1 Монополистің өніміне баға 4 000 а.б. 3 000 а.б. дейін төмендегенде оның өніміне сұраныс 3 000 данадан 4 000 данаға дейін өсті. Басқа жағдайлар өзгермегенде фирманың таза пайдасының қалай өзгеретінін табыңыздар

13.2 Жалпы шығындардың функциясы ТС = 100 Q –2Q2 +0,04Q3. Q = 12 болғандағы фирманың шекті шығынын табыңыздар.

13.3 Фирманың тұрақты шығындары 55 а.б. тең. Ал оның шекті шығындарының функциясы МС = 22 – 8Q +3Q2 + 2Q3. Өным көлемі 3 тең болғандағы фирманың жалпы шығынын есептеңіздер

14.4 Бәсекелестік фирманың шығындары 25+Q2. Бағаның қандай деңгейінен бастап фирма пайда ала бастайды?

14.5 Нарықта екі сатып алушы және монополия. Баға 10, 20, 30 болғандағы бірінші сатып алушының сұранысы, сәйкесінше, 5, 3, 1, ал екінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше, 2, 2, 1. Монополияның тұрақты шығыны 5-ке және шекті шығыны 3-ке тең. Монополияның ең жоғарғы деңгейдегі пайдасын табыңыздар.
7. Ұғымдар мен терминдер
Бәсеке

Бәсекеге қабілеттілік

Бағалық бәсеке

Бағадан тыс бәсеке

Жетілген бәсеке

Жетілмеген бәсеке

Монополия

Олигополия

Монополиялық бәсеке

Сапа


Сапа жүйесі

Стандарт


Сертификат

Нысаналық сапа

Орташа сапа

Маркетингтік бәсеке

Сараланған бәсеке
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Бәсеке, бәсекеқабілеттілік деген ұғымдар нені білдереді?

2. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы туралы не білесіз?

3. Бәсекенің қандай түрлерін, нысандарын, тұрпаттарын (типтерін) білесіз?

4. Бағалық бәсекенің мәні неде?

5. Бағадан тыс бәсекенің факторларын атаңыз.

6. Сапа көрсеткіштерін жіктеңіз.

7. Стандарттау, серификаттау ұғымдарын ашып көрсетіңіз.

8. ДСҰ, Кедендік Одаққа мүше болудың келешегі туралы пікірлеріңз қандай?

9. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтерудің қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

10. Егер Сіз өндіруші болсаңыз бәсекеге қабілетті болу үшін қандай шаралар қолданар едіңіз?

Тақырып 14

ТАБЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІС РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ


1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен мағынасы. Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен үсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша - оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгей-не, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек.

Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.

Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортименте қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады.

Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі, алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.

Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылыкты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.

Іс жүзінде реттеуге келмейтін сырткы ортаның факторлары: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселелері және т.б. жатады.

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап түруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару каржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.

Қазіргі жағдайда пайданы кебейтудің бірден-бір кезі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.

Жылдық жиынтық табыс. Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген кызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) кұндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.

Жылдық жиынтық табысқа келесілер кіреді:

1. Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) сатудан түскен табыс.

2. Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқандағы бағаның өсуінен түскен табыс.

3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс.

4. Күмәнді міндеттемелердің орындалмауына байланысты түскен табыс.

5. Мүлікті жалға беруден түскен табыс.

6. Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рүқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар жасаған провизиялардың мелшерін азайтудан түскен табыстар.

7. Қарызды талап етуді баска біреуге тапсырудан түскен табыс.

8. Кәсшкерлік іс-әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыс.

9. Ішкі топтағы құлдық теңдестігіндегі бағадан істен шыққан активтердің бағасының жоғары болуынан түскен табыс.

10. Кен орындарын игергенде пайда болған зардаптарды жою үшін кеткен нақты шығындар сомасынан оны жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар.

11. Ортақ меншікті бөлгендегі табыс.

12. Бұрын негізсіз үсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар жэне жазалау шаралардың (санкциялардың) басқа да түрлері, егер бүрын осы сомалар шегеріліп тасталмаған болса.

13. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтелімнен түскен табыс.

14. Тегін алынған мүлік, орындалған жүмыстар, көрсетілген қызметтер.

15. Дивидендтер.

16. Пайыздар түріндегі табыс.

17. Оң бағамдық айырмасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі.

18. Ұтыстар.

19. Роялти.

20. Табыстың әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануға кеткен шығындардан артып түсуі.

21. Басқа да табыстар.

Табыстылықтың экономикалық мәні мен түрлері. Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық - бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Кәсіпорындарда табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларга келесілер жатады:


  • өндірілген өнім көлемінің өсуі;

  • өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

  • өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уакытының қысқаруы;

  • пайда көлемінің өсуі;

  • қорлардың дұрыс пайдалануы;

  • құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;

  • материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру;

  • жоспарлы және жүйелі тұрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;

  • еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.

Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы Тбөнд және өнім табыстылығы Тбөнм болып екіге бөлшеді. Бірінші көрсеткіш пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық кұнына қатынасын білдіреді:

Тбөнд=Пх100/(НҚ+АҚ),% (14.1)



Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын көрсетеді:

Тбөнм=Пх100/ӨҚ, % (14.2)



Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен катар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болады. Пайда көлемі, сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді.

Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана Айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылган көлемінде ғана қосылады.

Өнімнің өзіндік кұнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Алайда пайданың көлеміне әсер ететін басқа да бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс кұрылымы және т.б. Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.

Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады. Олар кәсіпорын іс-әректінің әрбір тұғырынан алынған табыстарды өлшейді және экономикалық үдеріс, нарықтық айырбастауға қатынасатын қатысушылардың мүддесіне байланысты топтастырылады.

Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның пайдасын (және табысын) қалыптастыруға әсер ететін факторлар ортасының негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себептен олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау мен бағалау үшін міндетті бөлегі болып табылады. Өндірісті талдаған уақытта табыстылық көрсеткіштері инвестициялық саясат пен бағаны қалыптастырудың аспабы ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылыктың негізгі көрсеткіштері ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:

  • өнім табыстылығының көрсеткіштері;

  • капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;

  • қолма-қол ақшалар табысы бойынша саналатын көрсеткіштер.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(14.1 және 14.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)

Кесте 14.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Табыс минус шығындар




2

Өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау




3

Өнім шығару көлемін бір бірлікке ұлғайтқаннан кейінгі жалпы табыс өсімі




4

Өнімді өндіруге және оны өткізуге кететін барлық




5

Кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы




6

Рентабельділік деген сөздің қазақша мағынасыі




7

Шығарылған өнім санының өнімнің сату бағасына көбейтіндісі




8

Өндірілген барлық өнім көлемінің ақшалай көрінісінің шығарылған өнім санына қатынас




9

Өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш




10

Өндірілген өнім көлемінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уакытының қысқаруы, пайда көлемінің өсуі, қорлардын дұрыс пайдалану




11

Пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор




12

Кәсіпорын өнімін сату көлемінің кәсіпорынның жиынтық акивіне қатынасы



Кесте 14.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

пайдалылық, табыстылық

Ә

кәсіпорынның іскерлік белсенділігі

Б

табыс

В

табыстылық факторлары

Г

орташа табыс

Ғ

шекті табыс

Д

шығын сметасы

Е

калькуляция

Ж

өзіндік құнның төмендеуі

З

өзіндік құн

И

пайда

К

табыстылық

3. Иә/жоқ

Кесте 14.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш табыстылық болып есептеледі




2

Кәсіпорын табыстылығы пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасын көрсетеді




3

Пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор өнімнің бағасын көтеру болып есептеледі




4

Экономикалық рентабелдікті пайданы өнімнің өзіндік құнына бөлу арқылы да, пайданы негізгі қор мен айналым қорының қосындысына бөлу арқылы да табуға болады




5

Кәсіпорын қызметінің ең басты экономикалық көрсеткіші табыстың абсолюттік мөлшері




6

Тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы мен тауар бағасының көбейтіндісі - пайда




7

Рентабельділіктің өнім және өндіріс рентабельділігі деген түрлері бар




8

Өнімнің өзіндік кұнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады




9

Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы және өнім табыстылығы болып екіге бөінеді




10

Өндіріс табыстылығының жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді




11

Өнімнің өзіндік кұнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады




12

Өнім табыстылығы пайданың өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының орташа жылдық кұнына қатынасын білдіреді




13

Ұзақ мерзімді кезеңде өнім көлемі өскен сайын орташа шығындар өзгеріссіз қала беретін болса бұл ауқымның оң тиіміділігі деген сөз




14

Өндірілген өнім көлемінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уакытының қысқаруы, пайда көлемінің өсуі, қорлардын дұрыс пайдалану осының бәрі рентабельдік көрсеткіші






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
14.1 Тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы:

А) табыс


B) рентабельділік

C) пайда


D) ұлттық кіріс

E) жалпы өнім

14.2 Кәсіпорын қызметінің ең басты экономикалық көрсеткіші:

А) тиімділік

B) өнімділік

C) сапалылық

D) пайдалығы

E) дұрыс жауап жоқ

14.3 Тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы мен тауар бағасының көбейтіндісі:

А) жалпы табыс

В) орта табыс

С) қолда бар табыс

D) шекті табыс

Е) жеке табыс

14.4 Өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі (немесе өтуі):

А) жалпы табыс

В) орта табыс

С) шекті табыс

D) жеке табыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

14.5 Жалпы табысты өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу арқылы анықталатын табыс түрі:

А) жалпы табыс

В) орта табыс

С) қолда бар табыс

D) шекті табыс

Е) жеке табыс

14.6 Сипатталатын ерекшеліктерінің санына қарай табыстылық көрсеткіштері қалай бөлінеді?

А) Бірлік және кешендік

В) Жалпыланған, интегралдық және индекстік

С) Абсолюттік және салыстырмалы

D) Абсолюттік және интегралдық

Е) Кешендік және жалпыланған

14.7 Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің жолдарына жатпайтын факторды көрсетіңіз:

А) иновацияны қолдану;

В) мүлікті тиімді пайдалану;

С) қыметкерлер мен жұмысшыларды ынталандыру

D) өндіріс көлемін ұлғайту;



Е) жалақыны мөлшерін азайту;

14.8 Өндірістік кәсіпорын пайдасы қалай анықталады?

А) кәсіпорын қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі; түсім мен шығын арасындағы айырма ретінде анықталады;

В) кәсіпорында қалған жалпы шығындар сомасы мен бюджет төлемдері арасындағы айырма;

С) жиынтық табыс пен көзге көрінбейтін шығындар арасындағы айырма;

D) табыс пен альтернативтік шығындар және орналастыру мен төлемдер арасындағы айырма;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

14.9 Өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы

A) Өндіріс тиімділігі

B) Өндіріс шығыны

C) Өнд іріс табысы

D) Өндіріс рентабельдігі

E) Өндіріс өнімі

14.10 Рентабельділіктің қандай көрсеткіштері бар?

А) Өнім және қор рентабельділігі

В) Өнім және өндіріс рентабельділігі

С) Өндіріс және қор рентабельділігі

D) Шығын және қор рентабельділігі

E) Өндіріс және шығын рентабельділігі
5. Шығарылуы келтірілген есептер
14.1 Жұмыскерлердің жоспарлы саны - 1000 адам, оңын ішінде негізгі жұмысшылар - 500, қосалқы жұмысшылар - 260 адам. Жұмыскерлердің нақты саны 1020 адам болды, оңын ішінде негізгі жұмысшылар - 580, қосалқы жұмысшылар - 280 адам.Жоспар бойынша тауар өнімінің көлемі - 20 млн теңге, нақтысы - 22 млн теңге. Еңбек өнімділігі бойынша жоспардың орындалуын және еңбек өнімділігін жоғарылату резервтерін аңықтаңыздар.

Шешімі:

Жоспар бойынша өнімділікті анықтаймыз: 20 000 000/1000 = 20000 теңге.

Нақты өнімділікті анықтаймыз:

22 000 000/1020 = 21568 теңге.

Жоспармен салыстырғандағы нақты көрсеткіштің % шамасы:

(21568/20000)*100= 107,8%.

Нақты көрсеткіш ненің арқасында ұлғайып отыр? Ол факторларға өндіріс көлемі мен жұмыскерлердің саны жатады. өнімділікті анықтау үшін жоғарыда көрсетілгендей өндіріс көлемін жұмыскерлер санына бөлеміз. Осы факторларды қолдана тізбектеу тәсілімен талдау жасауға болады:

Өж = Q ж / Ж ж = 20000 теңге;

Өшартты = Q нақты / Ж ж = 22000 теңге;

Өнақты = Q нақты / Ж нақты = 21568 теңге;

өн. өзг. = Ө шартты − Ө ж = 2000 теңге;

жұм. өзг. = Ө нақты − Ө шартты = 432 теңге;

өзг. = ∆ өн. өзг. - ∆ жұм. өзг. = 1568 теңге;
Өнімділіктің өсуін өндіріс көлемінің өсуімен түсіндіреміз.

14.2 Магазин иесі жалдамалы жұмыскеріне 40 мың теңге төлеп отырады. Кредит үшін төлем 10 мың теңгені құрайды. Heгізгi капиталдың бастапқы құны 100 теңге болған, ал қазір 80 мың теңге. Амортизация нормасы — 20%, жылуға, жөндеу жұмыстарына, жарықтандыруға және тағы басқаларға шығындар 20 мың теңге.

Магазин иесі басқа фирмада жұмыс істеп, 30 мың теңге табатын еді. Ал оныц әйелі осы магазинде жұмыс істейді, ал тура осындай жұмысты басқа жерде істеп 10 мың теңге табатын еді. Ол Heгізгi капитал негізінде алған 50 мың теңгелік банкілік саудасын қайтаруы керек. Басқа кәсіпорынға өзінің капиталын салса, онда ол 10% пайда алатын еді. Сатудан түскен түсім 140 мың теңгені құрады.



Табу керек:

а) бухгалтерлік шығындар;

ә) экономикалық шығындар;



б) бухгалтерлік пайда;

в) экономикалық пайда;

г) магазин иесі өзінің iciн жалғастырғаны дұрыстығын.

Шешуі:

а) 40 + 10 + 20 + 20 = 90;

ә) 90 + 30 + 10 + 3 = 133 10%-дық кіріс капиталы бар фактіні береді;

80 — 50 = 30 мың теңге;

б) 140 - 90 = 50;

в) 140 - 133 = 7;

г) магазин иесі өзінің ісін жалғастырғаны дұрыс, себебі басқа icпен айналысқанда оның табысы 43 (30 +10 + 3) мың теңгені құрайтын еді, ал қазіргі табысы — 50 мың теңге.

14.3 Тауардың нарықтық бағасы 495 теңгені құрап отыр. Бөлшек бағаны қымбаттату — 25%. Тауар өткізетін ұйымдар 10%-ға, қосымша құн салығы — 20%, кәсіпорынның толық өзіндік құны — 250 теңге.

Табу керек:

а) Кәсіппорынның пайдасын (теңге);

ә) Өнім рентабельділігін (%).

Шешуі:

а) 495 теңге — бұл 125%, ал көтерме баға — бұл 100%, осыдан көтерме баға — 396 теңге. Егер 110% болса, бұл көтерме бағамен сататын ұйымның бағасы, ал 100% — кәсіпорында сатылу бағасы, бірак соңғысы мынаған тең (396 х 100) : 110% = 360. Егер 360 болса — 120%, ал 100% болса, онда бұл кәсіпорынның есептесетін бағасы, онда соңгысы 300 теңгеге тең болады.

а) 300 - 250 = 50 теңге;

э) 50 : 250 = 0,2 немесе 20%.
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар

14.4 1 тонна өнімнің көтерме бағасы - 250 теңге. 1 тонна өнімнің цехтық өзіндік құны - 230 теңге, кезең және өндірістен тыс шығындары - 1,5 теңге. 1тонна өнімді сатудан түскен пайда қаншаға тең?

14.5 Зауыт өнімін сатудан тускен пайдасы - 500 мың теңге, өнімнің табыстылығы 40%-ға тең. Өнімнің барлық өндірісінің толық құны қаншаға тең?

14.6 Сатылған өнім көлемі - 755 теңге. Өнімнің 6ip данасының өзіндік құны- 44,2 теңге. Кәсіпорынның 1 тонна өнімінің көтерме бағасы - 55,25 теңге болса, өнімнің табыстылығын анықтаңыздар,

14.7 Зауытта жылына 200 тонна өнім өндіріледі, өнім бірлігінің толық өзіндік құны - 200, көтерме бағасы - 300 теңге. Өнімнің табыстылығы қаншаға тең?

14.8 Тауардың нарықтығы бағасы 495 теңге,бағаға қосымша бөлшек баға – 25%,мекеменің өткізуге арналған үстемесі – 10 %,қосылған бағаға салынатын салық – 20%,кәсіпорын өнімінің толықөзіндік құны – 250 теңге.

Анықтау керек:

1.Кәсіпорын пайдасын,теңге:

2. Өнім рентабельдігін,%.



14.9 Кәсіпорынның тауарына нарықтағы бағасы 6000теңгені құрады,тауарлы өнім көлемі – 40 дана,тауар бірлігінің толық өзіндік құны 4500 теңге,оның ішінде еңбекақы төлеу – 2000 теңге.

Анықтау керек:

1. Өнімнің рентабельділігін,%;

2. Кәсіпорынның жалпы табысын (мың теңге);

3. Егер пайдаға салынатын салық 30%-ды құраса,онда қандай дәрежеде болады:өнімнің бағасы,сату көлемі,сатудан түскен таза пайда?

14.10 Кәсіпорында өнімді сатудан түскен түсім 110мың теңгені құрды,жалпы табыс 40 мың теңге,еңбекақы төлеу 20 млн теңге.

Анықтау керек:

1. Өнімніңтолық өзіндік құнын (млн теңге);

2. Баланстық пайданы (млн теңге);

3. Өнім рентабельділігін (%)


    1. Акционерлік қоғамға кіретін екі кәсіпорын А және Б жарты жылдық жұмыс қорытындысында төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді(млн теңге):



Көрсеткіштер

А

Б

Тауарлы өнім көлемі

250

390

Тауардың толық өзіндік құны

200

300

Оның ішінде:







  • Тұрақты шығын

60

180

  • Айнымалы шығын

140

120

А және Б кәсіпорындары бойынша анықтау керек:

1. Бір теңге тауарлы өнімдегі шығын үлесін (теңге);

2. Өнім рентабельділігін;

3. Бірдей жағдайдағы кәсіпорынның қайсысында еңбектің қормен қарулануы жоғары?

14.12 Бұйымның өндірістік өзіндік құны 290 мың теңгеге тең,өндірістен тыс шығын – 5 пайыз, жоспарлы рентабельділік деңгейі – 16 пайыз,қосымша бағаға салынатын салық – 20 пайыз.

Анықтау керек:

1. Тауар бірлігінің толық өзіндік құнын;

2. Кәсіпорынның есепті бағасын;

3. Кәсіпорынның босату көтерме бағасын.
7. Ұғымдар мен терминдер
Жалпы табыс

Ақшалай табыс

Мерзімді табыс

Инвестициялық табыс

Түпкілікті табыс

Жанама табыс

Ұлттық табыс

Табыстылық

Абсолюттік пайда

Бухгалтерлік пайда

Жалпы пайда

Жылдық пайда

Таза пайда

Салыстырмалы пайда

Жоспарлы пайда

8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен мағынасын ашып көрсетіңіз

2. Жылдық жиынтық табыс дегенді қалай түсінесіз

3. Табыстылықтың экономикалық мәні неде?

4. Табыстылықтың түрлері жәктеп көрсетіңіз

5. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?

6. Баланстық және таза пайданың құрамын айтыңыз ?

7. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не ?

8. Пайданы қалыптастыруды басқарудың мақсаты не?

9. Кәсіпорындарда таза пайданы қалыптастыру үдерісіне қалай түсінесіз және көрсеткіштер жүйесі қандай ?

10. Жалпы, орта және шекті табыстарды қалай анықтауға болады?

Тақырып 15

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫСЫ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория

Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:



  • мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет,халықты әлеуиеттік сақтандандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар:зейнетақы қоры,халықты жумыспен қамту қоры және т.б. )

  • жергілікті қаржылар(жергілікті бюджетке тусетін қаржылар).

  • кәсіпорын қаржылары.

Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады,бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.

Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады.Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады.Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80% салық түсімдері есебінен құрылады.

Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:

  • бөліп-тарату

  • бақылау.

Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстыр мен қорлар қалыптыстырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылыды,сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларғы әсер етуі қамтамасыз етіледі.Демек ақша қаражаттарының дұрыстаратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырыды,олардың барған сайын жақсара беруіне ыкпал етеді.

Кәсіпорын жұмысында жұмсалалған қаржылардын кайтарымына бақылау жасау өте қажет.Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан түрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.

Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:


  • бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері;

  • қаржылай ықпалдар.

Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік қүн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатыныстар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қордау, түрлі жеңілдектер, сақтандыру және т.б. жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:



  • қаржылық шаруашылық қызметтегі дербестік;

  • өзін өзі қаржыландыру және басқару;

  • жұмыстың түпкілікті нәтижелерді еселей түсу;

  • қаржы резервтерін жасау;

  • қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;

  • мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың міндеттерді бірінші кезекте орындау;

  • кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау.

Қаржылық қатыныстар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастырының мына топтарымен тығыз байланыста болады:

  • контрагенпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қоры, көтемлеу (ынталандыру) қорларлары және т.б. жөнінде.

  • кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанды жүзеге асады (келісім шарт міндеттерін бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын үлес еңгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісіге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу және т.б.);

  • өнімді түтынынушылармен жасалған шартатарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін аңықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырыды және жеткізушілердің баға негіздерін де юағдарлайды;

  • сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;

  • банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді есеп айырысу-кассалық қызметтер қөрсету, сонымен қатар банктер ұсынған, нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;

  • мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттта жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;

  • бағынышты басқару құрылымымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде тікелей және көлденең өзра байланыста болуы.

Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, олрды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамассыз ету және материалдық ынталандыруды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.

Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру,жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы:

  • қаржы әдістері;

  • қаржы тетіктері;

  • құқұқтық қамтамасыз ету;

  • нормативті қамтамасыз ету;

  • ақпаратты қамтамасыз ету;

Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:

Бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі:

Екінші нарықтық қатынастар бойынша.

Қаржы әдістеріне бұдан басқа



  • шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау:

  • материалдық ынталандыру;

  • ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.

Нарықтық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау деген сөз. Жалпы алғанда, өндіріске коммерциялық есепті енгізудегі ең басты мақсат-шығынды аз жұмсап, жақсы нәтижеге жету, яғни жоғары деңгейде пайда табу.

Қаржы тетігі - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу.

Құқықтық қамтамасыз етуге:

  • заң актілерінің;

  • қаулылардың;

  • жарлықтардың;

  • басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.

Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:

  • инструкция;

  • нормативтер;

  • нормалар;

  • тарифтік ставкалар;

  • әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер және т.б.

Ақпараттық қамтамасыз етуге:

  • экономикалық;

  • коммерциялық;

  • қаржылай;

  • басқа да ақпараттар беру кіреді.

Қаржылық ақпараттарда:

  • қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;

  • әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы, дивидендтері:

  • тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;

  • биржалық және биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде:

  • шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек.

Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден-бір пайдалы септігін тигізеді.

Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар интелектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(15.1 және 15.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 15.1



Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды




2

Жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары




3

Шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы




4

Кәсіпорын құрылған сәтінде жинақтылып, бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорынның қарамағында болатын қаржы ресурстарының негізгі бір бөлігі





Кесте 15.1 жалғасы

5

Сыртқы қаржы ресурстарын осындай топтарға бөледі




6

Қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі




7

Шығу тегіне қарай қаржы ресурстары мынадай топтарға бөлінеді




8

Экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы




9

Кәсіпорынның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығы, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесі




10

Меншік, өз-өзін қаржыландыру, жұмыс нәтижесі мен жауапкершілігіне қызығушылығы, қаржылық резервтердің құрылуы, қаражаттың меншікті және қарызға алынған болып бөлінуі, мемлекет алдындағы міндеттемені орындау, кәсіпорын қызметіне қаржылық бақылау жасау




11

Контрагенттер, кәсіпорындар, өнімді тұтынушылар, сақтандыру мекемелері, банктік системалар, мемлекет, жоғары тұрған басқару құрылымы




12

Кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындар мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, пайыздар және т.б. міндетті төлемдер) алып тастағанда қалатын табысы




13

Пайда алу және кәсіпорынды басқару кұкығын иемдену мақсатымен салынған (инвестицияланған) капитал




14

Өсім түрінде ақы төлеп қайтару талабымен несиеге берілетін ақша капиталы




15

Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері




16

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіреді



Кесте 15.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

кәсіпорынның каржы ресурсы

Ә

ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған)

Б

шекті таза пайда

В

кәсіпорын қаржысы

Г

мемлекеттік, жергілікті, кәсіпорын қаржылары

Ғ

жалпы пайда

Д

таза пайда

Е

несиелік капитал

Кесте 15.2 жалғасы

Ж

кәсіпорын қаржысының принциптері

З

бөліп-тарату, бақылау

И

тартылған және несиеге алынған

К

кәсіпкерлік капитал

Л

тартылған қаржы ресурстары

М

кәсіпорын қатынастары

Н

қаржы механизмі

О

шектік таза өнім


3. Иә/жоқ

Кесте 15.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Кәсіпорын қаржысыдеп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз




2

Қаржылық тұрақтылық - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым.




3

Коммерциялық банк - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда




4

Кәсіпкорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау




5

Коммерциялық банктің кірісінің көзі — депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады




6

коммерциялық банктердің бір ерекшелігі — көпшілігі аз мөлшерде ұзақ уақытты несие бере алмайды




7

Қаржылық тұрақтылықтың мәні - меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты




8

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады




9

сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.




10

Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді




11

Қаржылық тұрақтылықтың мәні - меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты




12

Кәсіпорынның басты міндеті – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық ұдайы өндіріс болып табылады




13

Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.




14

Тұрақтылық - тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақшалай сома




Кесте 15.3 жалғасы

15

Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы




16

Кәсіпорын қаржысыдеп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
15.1 Қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімді активтердің үлес көрсеткіші:

А) орташа өтімділіктің коэффициенті

В) тез өтімділіктің коэффициенті

С) баяу өтімділіктің коэффициенті

D) өтімділіктің коэффициенті

Е) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

15.2 Өндірістік шығындарды қаржылық қамтамасыз етудің шығындар қайтарымы, төлем, мерзімдік шарттарда ұсынылған банк несиелері есебінен жабылатын тәсілі?

А) несиелеу

B) депозиттеу

C) айыппұл төлеу

D) сыйақы алу

E) депозит ашу

15.3 Қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейтін коэфицент:

А) тез өтімділіктің коэффициенті

В) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

С) несиелердің орнын толтыру коэффициенті

D) несие қарыздарының айналым кезеңі

Е) төлем қабілеттілігінің коэффициенті

15.4 Қазір қалыптасқан пайыз нормасында белгілі мерзім өткеннен кейін төленетін соманың қазіргі мөлшері есептелетін тәртіп?

А) хеджирлеу

В) дисконттау

С) хронометраж

D) икемділік

E) жалпы сұраныс

15.5 Ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы соммасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі самасының асқанын көрсетеді.

А) орташа өтімділіктің коэффициенті

В) тез өтімділіктің коэффициенті

С) несиелердің орнын толтыру коэффициенті

D) өтімділіктің коэффициенті

Е) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

15.6 Тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несие компаняларға қажетті ақы төлеудің орташа уақытын көрсететін коэфициент:

А) тез өтімділіктің коэффициенті

В) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

С) несиелердің орнын толтыру коэффициенті

D) несие қарыздарының айналым кезеңі

Е) төлем қабілеттілігінің коэффициенті.

15.7 Ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.

А) орташа өтімділіктің коэффициенті

В) тез өтімділіктің коэффициенті

С) баяу өтімділіктің коэффициенті

D) төлем қабілеттілігінің коэффициенті

Е) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

15.8 Қаржы нарығы арқылы құнды қағазды тұрақты айырбасталуын белгілейтін басқару тәсілі:

А) диверсификация

В) монопсония

С) индикативті

D) свопинг

Е) дисконттау

15.9 Айналымдық қаражаттарды талдау қандай мүмкіндік береді?

А) кәсіпорынның оперативтік қызметіндегі ресурстарды пайдалану сапасын бағалау

В) кәсіпорынның балансының төлемқабілеттілігін, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында өтеу мүмкіндігін анықтау;

С) меншікті айналымдық қаражаттарға не салынатынын түсіндіру;

D) айналымдық қаражатты эффективті пайдалану;

Е) кәсіпорынның оперативтік қызметінде ресурстарды пайдалану эффектілігін, кысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында өтеу мүмкіндігін бағалау, меншікті айналымдық қаражатқа не салынатынын түсіндіру.

15.10 Өндірістік шығындарды қаржылық қамтамасыз етудің шығындар қайтарымы, төлем, мерзімдік шарттарда ұсынылған банк несиелері есебінен жабылатын тәсілі?

А) несиелеу

B) депозиттеу

C) айыппұл төлеу

D) сыйақы алу

E) депозит ашу.


5. Шығарылуы келтірілген есептер
15.1 Кәсіпорындағы есепті жыл қорытындысында өнімді сатудан түскен табыс 200 млн теңгені құрды, оның өзіндік құны – 152 млн теңге болып, акциялар құны бойынша тиісті алынған дивидент – 2 млн теңге.

Акционерлік капитал 200 млн теңге құрды, ерекшелігі бар акцияны шығару – 10%, олардың дивиденті - 8%, пайдаға салық - 32%, кәсіпорынды дамытуға жұмсалатын пайдадан қаржы - 20%.

Анықтау керек:

1.Акция бойынша дивидент сомасын (млн теңге);

2.Жай акцияның дивиденті, көрсетілген құн бағасында 2000 теңге.
Шешімі:

Баланстық пайда: 200 – 152 + 2 = 50 млн теңге

Таза пайда: 50 – 0,32 * 50 = 34 млн теңге

Өндірісті дамыту қоры: 0,2 * 34 = 6,8 млн теңге

Дивидент төлеу: 34 – 6,8 = 27,2 млн теңге
15.2 Салынған күрделі қаржыны өтеу мерзімін анықтау керек:

Дисконттірленгенсіз есепте 0,2 дисконт мөлшерінде дисконттірленген есепте:

Есепті шығару үшін керекті мәліметтер кестеде келтірілген (мың, теңге):

Кесте 15.4



Көрсеткіштер

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

Төртінші жыл

Күрделі қаржы бөлу көлемі

5000

1000

-

-

Сатылған өнімнің көлемі (қ.с. салықсыз)

4000

8000

10000

10000

Сатылған өнімнің өзіндік құны, оның ішінде амортизация

3000

300


5500

400


6000

400


6000

400


Салық және басқа төлемдер

200

400

500

600


Шешімі.

1.Жалпы күрделі қаржыны бөлу көлемі, мың теңге:



а) дисконтірленбеген 5000+1000=6000

б) дисконтірленбеген есебінде 

2.Жалпы пайда (сатылған өнімнің өзіндік құнын шегеруден кейінгі), мың, теңге:

Бірінші жыл-4000-3000=1000

Екінші жыл – 8000-5500=2500

Үшінші жыл -10000-6000=4000

Төртінші жыл – 1000-6000=4000

3.Таза пайда (салықты шегергеннен кейінгі жалпы пайда), мың, теңге:

Бірінші жыл – 1000-200=800

Екінші жыл – 2500-400=2100

Үшінші жыл -4000-500=3500

Төртінші жыл – 4000-500=3500

4.Таза табыс (таза пайда қосылған амортизация) мың теңге:

Бірінші жыл – 800+300=1100

Екінші жыл – 2100+400=2500

Үшінші жыл – 3500+400=3900

Төртінші жыл – 3500+400=3900

5.келтірілген (дисконтірленген) табыс, мың теңге

Бірінші жыл – 



Екінші жыл – 

Үшінші жыл – 

Төртінші жыл – 

6. Салынған күрделі қаржының өтелу мерзімін анықтаймыз:

а) дисконтірленгенсіз есеп бойынша:

бірінші жылда 1100 мың теңге өтеледі;

екінші жылда 1100+2500=3600 мың теңге өтеледі

үшінші жылда 6000-36002400 мың теңге өтеледі;



Бұл сома -  жылда өтеледі

Өтелу мерзімінің жиынтығы:

2+0,64=2,64

а) дисконттелген есепте.

Бірінші жылы 917 мың теңге өтеледі;

Екінші жылы 917+1736=2653



Үшінші жылы 4861-263=2208 мың теңге өтеледі

Бұл сома -  жылда өтеледі

Өтелу мерзімінің жиынтығы: 2+0,98 үш жылда өтеледі.



15.3 АҚ жойылады деген шешім қабылдады. Оның жойылуы кезінде балансында келесі мүліктер тіркелді:

Кесте 15.5



Актив

Пассив

1.Үйлер,ғимараттар, жалданған жер

6000

1.Банктегі несие

20000

2.Машиналар мен жабдықтар

160000

2.Коммерциялық несие

12000

3.Шикізат, материалдар запасы

35000

3.Ұзақ жылға арналған міндеттемелер

45000

4.Дебиторлық қарыздар

40000

4.Сатылған құн бойынша акция бағасы

- 10 теңге



10000

5.Кассадағы қолда бар қаражат

40000

5.Есеп – шот бойынша пайда және зиян

122000

Баланс

299000

Баланс

299000

Кәсіпорын жойылған кезінде 80000 теңгеге машина және жабдықтар, 40000 теңгеге шикізат және материалдар сату мүмкіндігі бар. Жердің, үйлер мен ғимараттардың 150000 теңгеге бағаланды. АҚ жойылу кезінде шығын 10000 теңгені құрды. Акционерлер арасында тиісті соманы және бір акцияға келетін соманы, акция ұстаушыларға дивидент төлеуді анықтау керек.



Шешімі :

1. Акционерлер арасында бөлінуге жататын сома:



 - барлық жойылатын активтер сомасы – ұзақ мерзімге және қысқа мерзімдегі міндеттемесі – жойылатын шығындар (150000 + 80000 + 40000 + 40000 + 40000) – (20000 + 12000 + 45000) – 10000 = 227000 теңге.
2.Бір акцияға дивидент иелеріне төленуге жататын сома:


3.Қорытынды: АҚ жойылу нәтижесінде қоғам мүшелері зиян шеккен жоқ, әрбір 10 теңгелік акция орнына төленген сома 22,7 теңгеге жетті, яғни әрбір акция пайдамен (12,7 теңгемен) аяқталды:

 Дк = 22,7 – 10 = 12,7 теңге


6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
15.4 Жеке кәсіпкер банктен 8 пайызбен несие алды. Егер инфляция деңгейі биылғы жылы 7% болса, онда алған несиенің нақтылы пайыз ставкасы қандай болады?

15.5 Фирманың иесі құны 1000 мың теңге тұратын станок алуға шешім қабылдады. Өнімді өткізу шығыны 800 мың теңгені құрғанда, сатудан түскен түсім – 2000 мың теңгеге жетеді.

Анықтау керек:

А)жоба бойынша күтілетін таза пайданы;

Б)күтілетін таза пайда мөлшерін;

В)несиеге станок сатып алудағы несие ставкасын;

Г)15% және 2)25% алуды қажетті немесе қажетті еместігін анықтау.



15.6 Фирма «Арман» - жылдық 12% есеппен депозитке ақша салды. Жыл бойы инфляция деңгейі 5% - ды құраса, онда пайыз ставкасы қандай көлемде болады?

15.7 Акционерлік қоғамда 100000 акцияның көрсетілген құн бағасы 10 теңге. АҚ өтіп бара жатқан жылы 400000 теңге пайда көрді. Бір акцияның табыстылығын анықтау керек, егер нарықта оның бағасы 15 теңгені құрғаны белгілі болса.

15.8 Акционерлік қоғам тұрақты 70% дивидент мөлшері осы жылда да сақталатынын хабарлады. Өтіп бара жатқан жылда банк ставкасы 60 % құрды, акцияның көрсетілген құны – 100000 теңге.

Осы акционерлік қоғам акциясының нарық бағасын анықтау керек.


7. Ұғымдар мен терминдер
Көрсеткіш

Абсолюттік көрсеткіш

Талдамалы көрсеткіш

Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіші

Өнім сапасының көрсеткіші

Сандық көрсеткіш

Өтімділік көрсеткіші

Заттай көрсеткіш

Салыстыпмалы көрсеткіш

Есептік көрсеткіш

Өніріс көрсеткіші

Қаржы көрсеткіші

Экономикалық көрсеткіш

Жалпы өнімді талдау

Жоспардың орындалуын талдау

Пайда жоспарының орындалуын талдау

Деректерді талдау

Кәсіпорынның қызметін талдау

Жұмсалған шығынды талдау

Қаржы тұрақтылығы

Қаржы олигархиясы

Қаржы есептемесі

Қаржы қолдауы

Қаржы жүйесі

Қаржы схемасы

Қаржы тұрақтылығы

Қаржыны қайта бөлу

Қаржы делдалдығы

Қаржы тобы

Қаржы активтері

Қаржыны бағдарламау
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер қандай?

2. Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдауды қалай жүргізеді?

3. Кәсіпорынның қаржы орнықтылығын талдауды қалай жүргізеді?

4. Кәсіпорын қызметін қандай көрсеткіштермен бағалайды?

5. Кәсіпорынның жұмысын талдауды іске асыру мақсаты

6. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдай алатын көрсеткіштер

7. Кәсіпорынның қаржы орнықтылығына қалай түсінесіз?

8. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деген не ?

9. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздері қандай?

10. Кәсіпорынның өтімділігі деңгейіндегі активтер қалай жіктеледі?

11. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін қандай ішкі факторларды атап көрсетуге болады.

Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
1. Мейірбеков А.Қ.; Әлімбетов Қ. Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы 2003.

2. Оразалин К.Ж . Кәсіпорын экономикасы, оқу құралы, Алматы, 2007 жыл

3. Әбдікәрімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы, Алматы 2008 ж. «Экономика»

4. О. Сәбден, Бәсекелестік экономика, Алм.: Экономика институты, 2007 ж.

5. Үмбеталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік, Алм. 2006 ж.

6. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Алматы, 2008 ж.

7. Молдахметова А.Б. , М.Ө.Өтебаев Микроэкономика, Астана: Фолиант, 2007 ж.

8. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алм. 2007

9. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл

10. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997

11. Молдахметова А.Б., Өтебаев М.Ө.Микроэкономика, Астана: 2007 ж.

12. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы, Астана, 2003 жыл

13. Экономика предприятия. Под ред. проф. В:Я:.Горфинкеля, М.,1997 г.

14. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. О.И. Волкова. - М.: ИНФРА-М, 1997. 

15. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. В.Я.

16. Гусева Т.А. - Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деят-ти предприятия [2005]

17. Аврашков Л.Я. Экономика предприятия. М: Банки и биржи.1998.

18. Волков В.И. Экономика предприятия. М: Финансы и статистика.1996.

19. Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана: Изд-во «Фолиант».2006.

20. Саймагамбетова Г.А. Организация и планирование производства. Алматы: Экономика. 2004.

21. Сафронов Н.А. Экономика организации. М: Экономист.2004.

22. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. В. Горфинкеля, Е. Куприянова. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.

23. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,  жыл, 29 қаңтар, Астана қаласы

24. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы, Астана, 2003 жыл

25. Тезисы выступления акима Костанайской области С.В. Кулагина на отчётной встрече с представителями населения «Об итогах социально-экономического развития Костанайской области за 2009 год и задачах на 2010 год» 27.01.10.

26. Стратегия повышения конкурентоспособности Костанайской области в рамках вступления Казахстана в число 50-ти конкурентоспособных стран мира, Алм. 

27. Досым Сәтбаев: Самат Рахимбаев, специально для Gazeta.kz 17.02.2010, иллюстрация: http://www.slon.ru

28. Канат Берентаев: Нашу экономику определяют иностранные инвесторы , газета Общественная позиция (Тас Жарган), 23.01.

29. ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ж. Айтжанованың Үкімет отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 20 сәуір 2010 жыл

30. Саубетова Бибигуль Сулейменовна, Развитие инновационных процессов в нефтяном секторе Республики Казахстан, Автореферат, Алматы  ж

31. Қазыбаев А.К. Формирование стратегии инновационного менеджмента в малом предпринимательстве: автореферат дис. к.э.н.,Аст. 2006,С 16-17.

32. Е.З.Сулейменов,Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»: аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2006, С 7-53

32. Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач «Инновационная инфраструктура:

понятие,основные элементы и направления развития»//НПЖ «Транзитная экономика» №2

33. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ақпараттары

34. К. Т. Арыстанбеков, На пути вступления Казахстана в ВТО серьезные преграды есть, АльПари №2, 2005 г.

5. Азамат АРҒЫН, Қазақстан дағдарыстың алғашқы асуын еңсерді 03.10.2008

35. 5 батыл кадам, Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы, Астана, , қараша

36. http://www.weforum.org ВЭФ - Официальный сайт

37. т http://ru/government.kz Правительство Казахстана - Официальный сайт

38. http://www. weforum.org/documents/GCR10/INDEX.html(The Global Competitiveness Index 2010-2011)

39. http://www. ru.wikipedia





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет