ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Экономика және басқару кафедрасы
Ә. Әбдіхалықов
КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ
Оқу құралы
Қостанай – 2011
УДК 334 (075.8)
ББК 65. 290 я 73
К 26
Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы, аға оқытушы
Пікір берушілер:
Джукеева К.К., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Дулатов атындағы ҚИПУ Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі
Жиентаев С.М. экономика ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономикалық және басқару құжырасының меңгерушісі
Турежанов С.У., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика және басқару кафедарсының доценті
Әбдіхалықов Ә.Ә.
Ә 14 Кәсіпорын экономикасынан практикум – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 175 б.
ISBN 978-601-7004-53-8
Оқу-әдістемелік құрал экономикалық бағыттағы мамандық бойынша білім алатын студенттерге практикалық сабақтар өткізуге арналған. Құралда барлық тақырыптар бойынша қысқаша теориялық материалдар: анықтамалар, түсініктер, формулалар, студенттердің өз беттерінше орындауға жаттығулар, есептер берілген. Барлық тақырыптарға шығаруы келтірілген есептер ұсынылған.
Әдістемелік құралды жоғарғы оқу орнының студенттері, магистранттар, тәжірибе сабақтарды жүргізуде көмекші құрал ретінде оқытушылар, сондай-ақ кәсіпорын экономикасы пәніне қызығушылық танытқандардың баршасы пайдалана алады.
УДК 334 (075.8)
ББК 65. 290 я 73
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді ____ _____ж., хаттама №
ISBN 978-601-7004-53-8 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2011
МАЗМҰНЫ
|
Алғысөз ....................................................................................................
|
4
|
1
|
Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы ..........
|
5
|
2
|
Экономиканы мемлекеттік реттеу .........................................................
|
15
|
3
|
Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде .........................................
|
25
|
4
|
Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ........................
|
36
|
5
|
Кәсіпорынның негізгі капиталы ............................................................
|
47
|
6
|
Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар ..............
|
59
|
7
|
Айналым капиталы ..................................................................................
|
68
|
8
|
Еңбек ресурстары ....................................................................................
|
79
|
9
|
Еңбекақы төлеу ........................................................................................
|
90
|
10
|
Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты .............
|
101
|
11
|
Өнімді өткізу және өндіріс шығындары ...............................................
|
114
|
12
|
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі ........................
|
128
|
13
|
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету ......................
|
139
|
14
|
Табыс және өндіріс рентабельділігі ......................................................
|
146
|
15
|
Кәсіпорын қаржысы ................................................................................
|
160
|
|
Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі .....................
|
173
|
Алғысөз
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін ең өзекті мәселе шикізат тәуелділігінен мүмкіндігінше тез арада арылып, өндірісті көтеру болып отыр. Ел экономикасын жоғары деңгейге көтеру ең алдымен оның жекелеген кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып есептеледі. Бәсекеқабілеттілік өз кезегінде әр фирманың оның қандай өнім түрін шығарумен, нендей қызмет көрсету түрімен айналысатынына қарамастан одан өндіретін өнім сапасының жоғары болуын, баға құрылымында өздерін де, тұтынушыларды да қанағаттандыра алатындай деңгейде белгілей білуін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда өзінің келешек мамандығын экономикамен байланыстырған әр білім алушы (студент, магистрант) үшін кәсіпорын экономикасын оқып үйренудің мәні зор. Шын мәнінде әлемдік экономиканың интеграциялық процесіне етене еніп, одан ұлттық экономика ретінде де, жеке экономикалық бірлік – кәсіпорын ретінде де өзіңе тиесілі орынды алу үшін нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарын теория жүзінде игеріп, практикалық тұрғыда қолдана білу өзіннің келешегін экономика саласымен ұштастыруды мақсат тұтқан әр адам үшін күнделікті қажеттілік болып есептеледі.
Кәсіпорындардың нарықтан өзіне тиесілі орынын ойып алуы, әсіресе енді – еліміз үштік Кедендік одаққа мүше болғанан кейін, әне-міне Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) толыққанды мүше ретінде кірігуді жоспарлап отырған ел экономикасы үшін басты мақсат болып есептеледі.
Ұсынылып отырған оқу құралы кәсіпорын экономикасының негізгі тұстарын қамтитын он бес тақырыптан тұрады. Әр тақырып бойынша алдымен қысқаша теориялық материал, одан кейін осы тақырыпқа байланысты түрлі тұжырымдарға сәйкес келетін ұғымдар мен терминдерді дұрыс табуды талап ететін жаттығулар, берілген тұжырымның дұрыс-бұрыстығын тексеруге арналған сұрақ жауаптар берілген. Студенттердің білімін жетілдіруге арналған тестік тапсырмалар, шығарылуы келтірілген және өз беттерінше шығаруға арналған есептер құралдағы материалдардың негізгі де басты бөлігін құрайды. Құралды құрастыруда автор түрлі тапсырмалардың бір-бірімен тығыз байланыста болуына, басқаша сөзбен айтқанда тапсырмаларды жіті оқып зерттеген студенттер алдыңғы тапсырманың жауаптарын келесі тапсырмадан немесе соңғы тапсырмаға дұрыс сілтемелерді алдыңғы теориялық материалдардан тауып ұштастыра алуына көп көңіл бөлген.
Ұғымдар мен терминдер тізімін, талдау, талқылау сұрақтарын, және оларға жауаптар табуға болатын әдебиеттердің тізімін беру арқылы студенттердің кәсіпорын экономикасы пәнін оқып үйренуінде айтылмыш құрал шеңберінде қалып қоймай өздігінше ізденіс жасауларының қажеттігі көзделген.
Оқу-құралды жоғарғы оқу орнының студенттерімен қатар магистранттарына, экономика бағытында дәріс беретін оқытушыларға, сондай-ақ экономикалық біліктілігін жетілдіруді көздеген барша оқырманға арналған.
Тақырып 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ
1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Қазақстан – жер көлемі жөнінен дүние жүзінде орынды алып жатқан табиғи-ресурстық, интеллектуалды, білім беру және өндірістік әлуеті мол ел. Бірақ жоғарда айтқанның бәрі өздігінен тұрақты экономикалық өсуді де, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етпейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазакстан жаһандық экономикада әлемдік тауар нарығына мұнай, газ, қара, түсті, сирек кез-десетін және асыл металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен астық экспортының келешегі бар екені дәлелденді.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта классикалық экономикалық сценарий бойынша дамуда.
Өндірістің және шикізат ресурстарын экспортқа шығарудың қарқынды дамуы экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасап, 2000 жылдан кейінгі соңғы жылдарда экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдык-институттық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-тех-нологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін каржы ресурстары жинақталуда.
Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 100 млрд. жуық АҚШ долл. тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгіге сәйкес Қазақстан бәсекелестікке және әлемнің барлық елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтерді, капиталды және жұмыс күшін экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретінде қалыптасып келеді.
2000-2007 жылдар аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 8,5 - 9% құрады. Осының әсерінен ЖҰӨ 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы екі өсті. Бұл деңгейге Қазақстан 2010 жылы жетеміз деп жоспарлаған болатын.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2008 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2007 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 3,2 %-ға өсті. ЖІӨ өсімінің соңғы жетісегіз жылдан соң бұлайша күрт азайып кетуі әлемдік қажы дағдарысының кері ықпалынан болды. 2008 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркəсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 10188,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,2% көп.
2009 жылғы экономикалық өсу 2008 жылмен салыстырғанда 1,1% болса, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжамдары бойынша бұл көрсеткіш 2010 жылдың қорытындысы бойынша 7,5% өспек.
Дегенмен, Қазақстан Республикасы экономикасының алдында тұрған үлкен қиындықтар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
әліде болса экономиканың шикізаттық бағыттылығы;
әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі;
ішкі нарықта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
мұнай-газ және кен металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы;
жалпы техникалық жэне техноло-гиялық түрғыдан артта қалуы;
кәсіпорындардың ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
ҒЗТКЖ-қа қаржының аз бөлінуі;
отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейімделуі, ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы;
мамандарды және жұмыскер кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
менеджменттің экономиканы жаһандану үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Жоғарыда айтылған кемшілктердің салдарынан Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігі әлі күнге жоғары болмай келеді. Бәсекеге қабілеттілік туралы сөз болғанда жыл сайын өтетін бүкіләлемдік экономикалық форумның әлем елдерінің бәсекеқаблеттілік ретингінің нәтижесін айтпай кетуге болмайды. Бұл рейтинг бойынша 2009 жылы 67, ал 2010 жылы 72 орында болдық. Бұл көрсеткіштерді төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1
Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлеген әлем экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингі
Елдер
|
Жаһандық бәсекеқабілеттілік рейтингі
2010-2011
|
Жаһандық бәсекеқабілеттілік рейтингі
2009-2010
|
Өзгеріс
2009-2010 жж.
|
|
Рейтинг
|
БАҒАЛАУ
|
Рейтинг
|
ӨЗГЕРІС
|
Швейцария
|
1
|
5,63
|
1
|
0
|
Швеция
|
2
|
5,56
|
4
|
2
|
Сингапур
|
3
|
5,48
|
3
|
0
|
США
|
4
|
5,43
|
2
|
-2
|
Германия
|
5
|
5,39
|
7
|
2
|
Япония
|
6
|
5,37
|
8
|
2
|
Финляндия
|
7
|
5,37
|
6
|
-1
|
Әзірбайжан
|
57
|
4,29
|
51
|
-6
|
Ресей
|
63
|
4,24
|
63
|
0
|
Қазақстан
|
72
|
4,12
|
67
|
-5
|
Грузия
|
93
|
3,86
|
90
|
-3
|
Молдова
|
94
|
3,86
|
мәлімет жоқ
|
мәлімет жоқ
|
Армения
|
98
|
3,76
|
97
|
-1
|
Монголия
|
99
|
3,75
|
117
|
18
|
Жыл сайын бұлайша төмендеуіміздің объетивті және субъетивті себептері бар. Біріншіден, бұл рейтингке қатысатын елдердің саны жыл санап арта түсуде, мысалы бұрнағы жылдары қастысушы елдер саны 117 болса, биыл 139 ел қатысып отыр. Екіншіден, мұндағы көрсеткіштерді бағалайтындардың барлығы тек бизнесмендер болғандықтан (биылғы сауалнамаға 13500 бизнесмен қатысты) мұнда елдің хал-ахуалының қаншалықты өзгергенін сипаттауға қажетті, әсіресе әлеуметтік бағыттағы көптеген көрсеткіштер енбей қалған. Бұл турасында бұдан екі-үш жыл бұрын Қазақстан экономикасының сыры-қырын жақсы білетін білікті маман, танымал экономист Қанат Берентаев та, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі туралы үлкен-үлкен зерттеулер мен ізденістер жасап жүрген қазақтың беткеұстар экономистерінің бірі О. Сәбден де айтқан болатын. Осы жерде тағы бір айта кететін жайт: экономикалық өсудегі Қазақстаның бүгінгі беталысы қайтадан әлемдік дағдарысқа дейінгі деңгейге жететін болса (2010 жылдың алғашқы жарты жылдық нәтижесі мұндай қорытынды жасауға мүмкіндік береді) келер жылдан бастап біз бұл рейтгингте жоғарылауымызға болады. Жоғарыдағы кестеден Монғоглияның бір жылда 18 позицияға көтерілуі мұндай жағдайдың әбден мүмкін екенін білдіреді.
Мұның сыртында әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін жалғыз Дүниежүзілік экономикалық форум ғана анықтап қоймайды, бұдан да басқа ұйымдар айналысады. Сондай ұйымдың бірі Швейцарияның IMD атты бизнес-мектебі. Бұл ұйымның әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан Республикасының көрсеткіштері көңіл қуантарлықтай. Оны мына төмендегі 2 кестеден көруге болады.
Кесте 2.
Швейцарияның IMD атты бизнес-мектебінің жыл сайынғы әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан Республикасының көрсеткіштері
|
Бәсекеге
қабілеттілік
|
Экономикалық даму
|
Үкімет тиімділігі
|
Бизнесті жүргізу тиімділігі
|
Инфроқұрылым-
дардың дамуы
|
2010
мамыр
|
33
|
43
|
20
|
29
|
39
|
2009
мамыр
|
36
|
44
|
21
|
34
|
44
|
2010 жылдың басынан бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан мүше болып енген Кедендік одақ құрды. Қазақсанның ДСҰ- ға кіру туралы өтінішті 1996 жылдың каңтарында бергені және ақпан айынан бастап байқаушы мәртебесін алды. Келешекте айтылған екі ұйымға мүше болу еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септінін тигізеді.
Экономика салаларының әртараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стартегиясының» үшінші шешуші кезеңіндегі «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы» 2010-2014 жылдар деп белгіленіп осы бағдарламасы аясында елімізде жалпы құны 4,7 трлн. теңгені құрайтын 191 өндірісті іске қосу жоспарлаған болатын. Ағымдағы жылдың өзінде осы 191 жобаның 144 жобасы іске қосылатын болады. 2010 жылдың ортасында мұның жартысынан астамы өндіріске енгізіліп қалыпты жұмыс істей бастады.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
(1.1 және 1.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)
Кесте 1.1
№
|
Тұжырым
|
Сәйкес жауаптар
|
1
|
«Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы басымдылықтар саны
|
|
2
|
Экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етумен байланысты мемлекеттік реттеу әдісі
|
|
3
|
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бекітіліп айналымға енген уақыт
|
|
4
|
Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту
|
|
5
|
Қазақстан Республикасының Ата заңының жаңарған уақыты
|
|
6
|
Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде алатын орны
|
|
7
|
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының» жүзеге асу мерзімі
|
|
8
|
«Қазақстан – 2030» Стратегиясы бастауын алатын жыл
|
|
9
|
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының» қабылданған мерзімі
|
|
10
|
Экономикалық және әлеуметтік процестерді құқықтық қамтамасыз ететін мемлекеттік билік органы
|
|
11
|
Экономикалық қызмет жағдайлары мен нәтижелеріне әсер ету арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу әдісі
|
|
12
|
Қаржы нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы ара-қатынасты тиісті бағытта өзгертіп, ақша айналысына бақылау жасау
|
|
13
|
Мемлeкеттік жанама реттеу әдісін басқаша атауы
|
|
14
|
Валюталық курсты реттеу, сыртқы сауда тарифтері, квоталар белгілеу, лицензиялау
|
|
Кесте 1.2
Әріптік белгілерлеулер
|
Сәйкес жауаптар
|
А
|
экономикалық
|
Ә
|
жанама
|
Б
|
2010-2014
|
В
|
7
|
Г
|
тікелей
|
Ғ
|
парламент
|
Д
|
1993 ж.
|
Е
|
ақша-несие саясаты
|
Ж
|
1997 ж.
|
З
|
ЭМР-дің мақсаты
|
И
|
2010 ж
|
К
|
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты
|
Л
|
9
|
М
|
1995
|
3. Иә/жоқ
Кесте 1.3
№
|
Тұжырым
|
Иә/жоқ
|
1
|
Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады
|
Иә
|
2
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2008 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2007 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 3,2 %-ға кеміді.
|
|
3
|
Экономиканы жедел жаңартудың шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағыт алуы болып табылады.
|
|
4
|
Соңғы жылдардағы көрсеткіштер бойынша Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда.
|
|
5
|
жылдың наурыз айында 2010-2012 жылдарға бағытталған елдiң индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды.
|
|
6
|
Инновациялық инфрақұрылымды құру аз уақытты қажет етеді.
|
|
7
|
Н.Ә.Назарбаевтың «2003-2013 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стартегиясы» постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып табылады.
|
|
8
|
ЖІӨ өсімінің соңғы жетісегіз жылдан соң бұлайша күрт азайып кетуі әлемдік қаржы дағдарысының кері ықпалынан болды.
|
|
9
|
Экономикалық кемуі осындай серпінін сақтау кезінде 2000 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-ні екі еселеу жөніндегі стратегиялық міндет 2008 жылы орындалуы мүмкін.
|
|
10
|
Қазақстан – жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 5 орынды алып жатқан табиғи-ресурстық, интеллектуалды, білім беру және өндірістік әлуеті мол ел
|
|
11
|
Инновациялық инфрақұрылым ұлттық инновациялық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады
|
|
12
|
Индустриялық-инновациялық стратегияны табысты іске асырудың ажырамас шарты сапасыз адами капиталдың болуы болып табылады.
|
|
13
|
Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының артуын растайды
|
|
14
|
2007 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда табыстар 26,7%, шығындар 39,7% артты
|
|
15
|
2008 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркəсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 10188,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,2% көп
|
|
4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1.1 «Қазақстан – 2030» Стратегиясы неше басымдылықтан тұрады:
А) 2;
В) 3;
С) 5;
D) 7;
Е) 10.
1.2 «Қазақстан – 2030» Стратегиясы бастауын қай жылдан алады:
А) 1997 ж;
В) 1998 ж;
С) 1999 ж;
D) 1995 ж;
Е) 1993 ж .
1.3 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне шығу үшін ұсынған неше батыл қадамды айтып көрсетті?
А) 3
B) 4
C) 5
D) 6
E) 7
1.4 2000 – 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өсу қарқыны орта есеппен қанша пайызды құрады?
А) 8-10 %
В) 13-15 %
С) 2-3 %
D) 5 %
Е) 18-20 %
1.5 Әлемдің қаржы дағдарысына қарсы ҚР үкемітінің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс қимылдың жоспары неше қадамнан тұрады:
А) 6 батыл қадамнан;
В) 5 батыл қадамнан;
С) 10 батыл қадамнан;
D) 7 батыл қадамнан;
Е)15 батыл қадамнан;
1.6 ҚР экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген инновациялық даму бағдарламасын қашан қабылдады?
А) 19 наурыз 2010ж.
В) 26 қазан 2010 ж.
С) 1 сәуір 2010ж.
D) 15 мамыр 2010ж.
Е)7 қаңтар 2010ж.
1.7 Ресей, Қазақстан және Беларуссия кедендік одақты қашан құрды?
А) 1 шілде 2010ж.
В) 1 қаңтар 2010ж.
С) 1 маусым 2010ж.
D) 1 ақпан 2010ж.
Е) 1 тамыз 2010ж.
5. Шығарылуы келтірілген есептер
1.1 Х елінде А тауарына деген сұраныс пен ұсыныстың функциялары сәйкесінше: DА = 10-2Р, SА=2+2Р. Сыртқы сауда жоқ болғандағы А тауарының бағасын анықтаңыздар.
Шешімі
Сыртқы сауда жоқ болған жағдайда тауардың бағасы, яғни теп-тең баға сұранысы пен ұсыныс функцияларын теңестіру арқылы табылады. Демек, DА = SА , яғни 10-2Р = 2+2Р. Осыдан Р = 3
Жауабы: Р = 3
1.2 Х елінде экспорттық бағаның индексі 8% азайып, ал импорттық бағаның индексі 6% өсті. Сауда шартының индексін табыңыздар.
Шешімі
100 – 8 = 92
100 + 6 =106
(92/106 ) х 100 = 86,7
1.3 Импорттың функциясы берілген 300+0,1Y. Табыс (Y) 800, ал капитал қозғалысының шоты -80. Экспорттың шамасын табыңыздар.
Шешімі
Э – (300+0,1х800) = - 80
Э – 380 = - 80
Э = 300
Жауабы: Экспорттың шамасы: 300
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
1.4 Х елінде экспорттық бағаның индексі 8% азайып, ал импорттық бағаның индексі 6% өсті. Сауда шартының индексін табыңыздар.
1.5 Х елінде экспорттық бағаның индексі 8% көбейіп, ал импорттық бағаның индексі 6% кемді. Сауда шартының индексін табыңыздар.
1.6 Импорттың функциясы берілген 300+0,1Y. Табыс (Y) 800, ал капитал қозғалысының шоты -80. Экспорттың шамасын табыңыздар.
1.7 Валюталық курсы белгіленген А елінде төлем балансы төмендегідей берілген.
Тауарлық экспорт +40
Тауарлық импорт -30
Қызмет көрсету экспорты +15
Қызмет көрсету импорты -10
Инвестициядан түсетін таза табыс -5
Таза трансферттер +10
Капиталдың келу ағыны +10
Капиталдың кету ағыны -30
Арнайы резервтер +10
А еліндегі төлем балансының сальдосы қандай
1.8 Елдің сыртқы экономикалық операциялары мынадай:
Кесте 1.4
Операциялар
|
млн. долл.
|
1. А елінің резиденттерің шетел фирмаларынан сатып алған бағалы қағаздары
|
40
|
2. А еліне келген тауар мен қызметтердің импорттары
|
100
|
3. А елінен кеткен тауар мен қызметтердің экспорты
|
130
|
4. А еліне басқа елдерден ақша аударымдары
|
20
|
5. Фирмалардың шетелдіктерге сатқан бағалы қағаздары
|
50
|
6. А еліне келген алтын импорты
|
60
|
Ағымдық операциялардың балансы қандай?
10.9 Елдің сыртқы экономикалық операциялары мынадай:
Кесте 1.5
Операциялар
|
млн. долл.
|
1. А елінің резиденттерің шетел фирмаларынан сатып алған бағалы қағаздары
|
40
|
2. А еліне келген тауар мен қызметтердің импорттары
|
100
|
3. А елінен кеткен тауар мен қызметтердің экспорты
|
130
|
4. А еліне басқа елдерден ақша аударымдары
|
20
|
5. Фирмалардың шетелдіктерге сатқан бағалы қағаздары
|
50
|
6. А еліне келген алтын импорты
|
60
|
Капиталдық активтердің шотын табыңыздар
10.10 Елдің сыртқы экономикалық операциялары мынадай:
Кесте 1.6
Операциялар
|
млн. долл.
|
1. А елінің резиденттерің шетел фирмаларынан сатып алған бағалы қағаздары
|
40
|
2. А еліне келген тауар мен қызметтердің импорттары
|
100
|
3. А елінен кеткен тауар мен қызметтердің экспорты
|
130
|
4. А еліне басқа елдерден ақша аударымдары
|
20
|
5. Фирмалардың шетелдіктерге сатқан бағалы қағаздары
|
50
|
6. А еліне келген алтын импорты
|
60
|
Алтынвалюта қорының шотын табыңыздар
10.11 Импорттың функциясы берілген 300+0,1Y. Табыс (Y) 1200, ал капитал қозғалысының шоты 90. Экспорттың шамасын табыңыздар.
7. Ұғымдар мен терминдер
Стратегия - 2030
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы
Жол картасы
Әртараптандыру
Шикізат нарығы
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
ЖІӨ
ЖҰӨ
Ұлттық табыс
Экономикалық өсу
Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы
Жұмысбастылық
Жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың табиғи нормасы
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Елді жедел түрде жекешелендіру цандай кемшіліктер мен қиындықтар туғызды?
2. Экономиканың ауыл шаруашылық секторы өнімдерінің бағасын реттеудегі мемлекеттің рөлін сипаттаңыздар
3. Республика және оның аймақтарының экономикасын реттеу бойынша жалпымемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелерін талдаңыздар
4.Экономика салаларының әртараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолдарын Сіз қалай түсінесіз?
5. Қандай жағдайда мемлекеттер әлемдік нарықтағы жоғары бәсекеқабілеттілікке қол жеткізе алады?
6. Соңғы жылдары Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлеген әлем экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның ілгерілей алмау себебін немен түсіндірер едіңіз?
7. Келешекте Қазақстанның экономикалық өсуіне ықпал жасайтын экономика салаларына қандай салаларды жатқызар едіңіз және өз ойыңызды қандай мысалдар арқылы дәлелдер едіңіз
Тақырып 2
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Нарықтық экономикада мемлекет қоғамдық институт ретінде өте маңызды рөл атқарады. Ең алдымен мемлекет нарық субъектілері үшін экономикалық қатынастың қалыптасу жағдайы мен ережелерін белгілей отырып, оның орындалуын бақылайды. Басқа сөзбен айтқанда, нарықтық экономиканың қалыптасу және реттеу тетігін мемлекет қамтамасыз етеді. Одан да басқа, нарықтық экономиканың барлық жүйе жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігіне жауап береді. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет орасан зор жұмыс атқарады. Бұл жұмыстың нәтижесі болып заңдар, қаулылар, әр түрлі нұсқаулар болады, оларды орындау нарық субъектілері үшін міндетті болады.
Нарықтық экономикада мемлекеттің орындайтын негізгі функциялары:
1) мемлекет кәсіпкерлік қызметтің ұйымдык-кұқықтық нысандарын заңнама түрінде белгілейді;
2) тауар нарығын және бәсекелестікті дамыту, монополиялық іс-әрекетті заң бойынша тежеу саясатын жүргізеді;
3) табиғи монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, оның ішінде олардың тауарлары мен көрсететін қызметіне белгіленген баға қояды;
4) мемлекет функцияларына салық салу жүйесін заң түрінде қамтамасыз ету жатады.
Кәсіпкерлік іс-әрекетке, экономиканың тұрақтануы мен алға басуына мемлекет ыңғайлы жағдай жасау үшін фискалды, ғылыми-техникалық, инвестициялық, бағалық, амортизациялық, несие-ақшалық және басқа да саясат түрлерін іске асыруы керек, ол үшін экономикалық және әкімшілік әдістерінің кешенін пайдалануға тиісті.
Мемлекеттің фискалды саясаты. Мемлекеттің фискалді саясаты деп тұрақтандыру және жандандыру мақсатында салық салу жүйесі арқылы экономиканы реттеуді айтамыз.
Өндірістің құлдырау кезінде жиынтык сұранысты арттыру үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды (жол, көпір және басқа да нысандарды) ұйымдастыруға және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін көп қаржы жұмсауға тура келеді, соның арқасында көптеген салалар мен кәсіпорындары өзінің жұмысын жандандыруға мүмкіншілік алады. Экономиканы көтеру үшін тұрғындар мен кәсіпорындарынан салықты азайту арқылы мемлекет өзінің табыстарын азайтуы мүмкін, ал ол болса тұрғындардың тұтыну тауарларына деген сұранысын көбейтеді, кәсіпорындарында оны дамыту үшін қосымша қаржылар пайда болады деген сөз.
Нарықтық экономикада өзін-өзі үйымдастыратын және реттейтін тетіктер болады, экономикада қолайсыз жағдайлар пайда болғанда бірден әрекетке кіріседі. Тұрақтандырғыш тетігі ретінде алдыңғы қатарлы салық салу жүйесі болып табылады. Табыс өскен сайын алынатын салық та өсіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |