Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасы



бет4/5
Дата19.02.2017
өлшемі3,34 Mb.
#10651
1   2   3   4   5

Кесте 10.4




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

кәсіпорынның инновациялық қызметі

Ә

процесстік инновация

Б

экономикалық нәтижелілік

В

ресурстық нәтижелілік

Г

техникалық нәтижелілік

Ғ

әлеуметтік нәтижелілік

Д

инвестиция

Е

венчурлік капитал

Ж

тікелей инвестициялау

З

аннуитеттік

И

портфельдік инвестициялар

К

күрделі қаржы

Л

инвестициялық қоржын

М

активті басқару

Н

пассивтік басқарудың мәні


3. Иә/жоқ

Кесте 10.5






Тұжырым

Иә/Жоқ

1

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолданбау мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік емес шаралар жүйесі.




2

Процесстік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.




3

Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің кемуі, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды арттыру, өнімнің өзіндік құнын жоғарылату, пайдан кеміту және пайдалылықты онан әрі арттыру.




Кесте 10.5 жалғасы

4

Ресурстық нәтижелілік - кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.




5

Техникалық нәтижелілік - жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің болмауы.




6

Халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету - бұл әлеуметтік нәтижелілік.




7

Үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар - бұл венчурлік капитал.




8

Шаруашылық субъектілірінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы – бұл тікелей инвестициялау.




9

Тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді – аннуитеттік.




10

Ресурс, оны жұмсамай, болжаланған нәтижеге жетуге болады – бұл инвестиция.




11

Портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі – бұл портфельдік инвестициялар




12

Күрделі қаржыкапитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі.




13

Капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалмайтын қаржы – бұл инвестициялық қоржын.




14

Инвестициялық қоржыннан алынған табыс мөлшерінің мүмкіндігін болжамайтындығын сипаттайды бұл активті басқару







Пассивтік басқарудың мәнікүні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және қоржынды өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған қоржындарды жасаудан тұрады






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
10.1 Экономикалық нәтижелілік:

A) Еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру

B) Кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы

C) жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы

D) халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету

E) үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады

10.2 Ресурстық нәтижелілік:

A) Еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру

B) Кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы

C) жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы

D) халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету

E) үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады

10.3 Техникалық нәтижелілік:

A) Еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру

B) Кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы

C) жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы

D) халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету

E) үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады

10.4 Әлеуметтік нәтижелілік:

A) Еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру

B) Кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы

C) жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы

D) халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету

E) үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады

10.5 Венчурлік капитал:

A) үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады

B) тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді

C) ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады

D) кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы

E) еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайдан өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру

10.6 Инновациялық өнімдер түріне жататындар:

А) есепті жылы түрлі технологиялық жетістіктер негізінде өндірілген өнім;

B) есепті жылы өндірілген барлық өнімдер;

C) есепті жылы өндірілген өнімдер;

D) есепті жылы өндірілген жартылай фабрикаттар;

E) барлық жауаптар дұрыс емес.

10.7 Тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсететін инвестиция түрі:

А) портфельді

В) венчурлық

С) тікелей

D) аннуитеттік

Е) материалдық.

10.8 Өнім инновациясы дегеніміз:

А) технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу;

B) технологиялық жаңа өнімдерді дайындау;

C) технологиялық жетілдірілген өнімдерді дайындау;

D) техникалық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу;

E) технологиялық жаңа және техникалық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу.

10.9 Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты

А) Процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету

В) басқа елге барып табыс табу

С) жұмыс істемей ақша табу

D) жаңа идеяларды жүзеге асыру

Е) жаңа жұмыс орындарын ашу.

10.10 Қоржынды қалыптастыруға байланысты және қүнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер қай инвестиция түріне жатады?

А) портфельді

В) венчурлық

С) тікелей

D) аннуитеттік

Е) материалдық


5. Шығарылуы келтірілген есептер
10.1 Инвестициялық жобаны төмендегі мәлімет бойынша іске асыру қорытындысында келтірілген (дисконттірленген) тиімділіктердің сомасын (мың теңге) анықтау керек:

Кесте 10.6






Көрсеткіштер

Инвестициялық жобаны іске асырудағы қадам есебі (жылдар):

1

2

3

4

1.

Өнімді сату көлемі (ҚСС)

-

12000

24000

30000

2.

Сатылған өнімнің өзіндік құны, оның ішінде амортизация

-

8000


600

15000


1100

18000


1900

3.

Салық және басқадай аудару

-

900

1400

2700

4.

Дисконт мөлшері

-

0,10

0,10

0,10


Шешімі:

1. Қосылған құнға салықсыз қадам есебі бойынша өнімді сату көлемі, мың теңге:

Бірінші қадам:

Екінші қадам:

Үшінші қадам:

Төртінші қадам:

2. Есеп саны бойынша таза пайданың көлемі (қосылған құнға салықсыз сату көлеміне өзіндік құнды және салықты шегеру), мың теңге:

Бірінші қадам – жоқ болу;

Екінші қадам – 10000-8000-900=1100;

Үшінші қадам – 20000-15000-1400=3600;

Төртінші қадам – 25000-18000-2700=4300;
3. Есеп қадамы бойынша келтірілген тиімділік шамасы (таза пайда қосылған амортизация):

Бірінші қадам – жоқ болу;

Екінші қадам – 1100+900=2000;

Үшінші қадам – 3600+1400=5000;



Төртінші қадам – 4300+2700=7000;
4. Келтірілген (дисконттірленген) тиімділік сомасы, мың теңге:

10.2 Жыл бойы эшелондырылған әртүрлі өндіріс қорына күрделі қаржы салудың үш түрі салыстырылады. Кесте 10.5 мәліметтерін пайдалана отырып дисконттің 0,2 мөлшеріндегі түрі бойынша күрделі қаржы салуды толық (дисконттеуді) анықтау керек:

Кесте 10.7




Түрлері


Жылдар бойынша күрделі қаржы салу көлемі:

Күрделі қаржы бөлудің көлемі, сомасы

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл



4-ші жыл

I

10

10

10

10

40

II




20

15

10

45

III







30

20

50

Шешімі: Түрлері бойынша күрделі қаржы салу толық (дисконттелген) сомасы, млн. теңге:








10.3 Кесте 10.6-дағы мәлімет бойынша инвестициялық жобадағы табыстылық индексін және интегралды тиімділігін анықтаукерек:

Кесте 10.8






Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1.

Таза пайда

Мың теңге

250

300

450

2.

Амортизация

-/-

150

150

150-

3.

Күрделі қаржы салу

-/-

1000

-

-

4.

Дисконт мөлшері

Бірлік үлесі

0,2

0,15

0,1


Шешімі:

1. Таза табыс (таза пайда қосылған амортизация) мың теңге:

1-ші жыл – 250+150=400

2- ші жыл – 300+150=450

3-ші жыл – 450+150=600

2. Интегралды тиімділік, мың теңге:



=333+326+395=1054

3. Келтірілген күрделі қаржы салу шығыны, мың теңге:



4. Интегралды тиімділік, мың теңге:

Эинт=1054-833=221

5. Табыстылық индекс бірлігі:



=
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
10.4 Жоба бойынша 160 000$ инвестиция керек етеді. Осы инвестицияның көмегімен жылына 30 000$ табысқа ие болып, 15 жылдай осындай көрсеткіште болмақ. Сонымен, осындай инвестицияның мақсатқа сәйкестігін бағалау керек, егер дисконттелген коэффициент мөлшері 150% тең болғанда.

10.5 Жобада 15 жылға есептелініп 150 000$ көлемінде инвестиция керектігі белгіленді. Бастапқы бес жыл бойы кіріс жағы болмайды, әрі қарай 10 жылдан кейін жыл сайынғы табыс 50 000$ құрады. Сонымен, мұндай инвестицияны қабылдауға болама, егер дисконттелген коэффициент 15%-ға тең болса?

10.6 Фирма келесі жылы 65 млн. теңге көлемінде инвестициялауды мақсат қойды. Фирманың бөлімшелері өздерінің ұсыныстарын мүмкіндігінше инвестициялауды жөн көріп, төмендегі бірнеше көлемде (млн. теңге) жобаға ендірді.

Кесте 10.7




Жоба

Инвестиция көлемі

Ішкі табыстылық мөлшері

Таза дисконттірілген

A

50

15

12

B

35

19

15

C

30

28

42

D

25

26

1

E

15

20

10

F

10

37

11

G

10

25

13

H

1

18

0.1

Осы кесте 10.7 көрсетілген түрлерінің ішінде қабылдауға жататын комбинациясын таңдау керек:

а) ішкі табыстылық мөлшерін;

б) таза дисконттелген табысты.


10.7 Кесте 10.8 мәлімет бойынша кәсіпорындағы екі жылдың көрсеткіштерін қолдана отырып кестенің бос жерлерін толтыру керек:

Кесте 10.8




Көрсеткіштер

Бірінші жыл

Екінші жыл

Сатылған өнімдер, мың теңге

17500

20100

Негізгі қорлар, мың теңге

14000

14500

Айналым құралдары, мың теңге

6000

6500

Ағымдағы өндіріс шығындары, мың теңге

10800

11640

Келтірілген шығын жиынтығы, мың теңге







Е=0,16 дисконт мөлшері







Өндіріс тиімділігінің эклнлмикалық коэффициенті







Келтірілген шығын үлесі







7. Ұғымдар мен терминдер
Инновация

Өнім инновациясы

Үрдіс инновациясы

Инвестиция

Портфельдік инвестиция

Венчурлық инвестиция

Тікелей инвестиция

Аннуитеттік инвесиция

Диверсификация

Технологиялық жаңа өнім


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. «Инвестициялар», «күрделі қаржылар» ұгымдарына анықтама беріңіз.

2. Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.

3. Қоржындык инвестицияларды ңалай түсінесіз?

4. Инвестициялық кызметтің базалық принциптері қандай?

5. Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздерін атаңыздар

6. Қоржынды инвестицияның тиімділігінің көрсеткіштерін атаңыз

7. Инвестицияның күрделі қаржыдан айырмашалыгы неде?

8. Кез келген мемлекеттің экономикасында инвестицияның алатын орны

9. Кәсіпорындарда күрделі қаржыны қаржыландырудың негізгі көздері

10. Күрделі қаржының тиімділігін қалай арттыруға болады?

11. Инновация мәнін ашып көрсетіңіз

12. Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз не?

Тақырып 11

ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Өндірілген өнім тұтынушыға қалайда жеткізілуге тиісті. Өнім өндірушілер мұны екі түрлі жолмен жүщзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдардың көмегімен. Өнімді тікелей барлық кезде бірдей тиімді бола бермейді, сондықтанда өндірушілерге делдалдардың қызметі қажет болады.

Өнімді өткізу және тарату. Өткізу дегенмімізөнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс – әрекет түрлерінің жиынтығы, басқаша айтқанда өнімнің меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру.

Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы:

  1. Ақпараттық – маркетингтің зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.

  2. Комуникациялық – жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.

  3. Тауарды бейімдеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау.)

  4. Байланыстарды орнату – мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.

  5. Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.

  6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.

  7. Қаржыландыру – арананың қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.

  8. Тәуекелге бару – өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.

  9. Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.

  10. Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.

Өткізу арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.

Өткізу арналарын таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:



  • өндіруші фирманың сипаты мен мақсаттары, өткізу процесін бақылау мүмкіндігі; ресурстары, өндіріс көлемі және мерзімділігі, жүк жөнелту жиілігі, тәжірибесі, әдістері, өткізу жүйесі.

  • тұтынушылардың олардың саны, қай жерде орналасуы орналасуы, сатып алудың орташа мөлшері, сұраныс деңгейі, тұтынушылардың мінез – құлқы, нарық сегменттері, төлем тәсілдері (қолма – қол төлеу, несие алу, қарызға алу), сатып алу орындарының нысандары (супермаркет, пошта арқылы тапсырыс және т.б.).

  • тауар немесе қызмет көрсетудің сипаты, ассортименті және сапасы.

Тауарларды өткізу кезінде сапалық қасиеттері, оны жасау күрделілігі, жаңалығы, құны және басқа да параметірлері ескеріледі. Қызмет көрсетуді сатып – өткізу кезінде оның материалдық еместігі, сапасының өзгергіштігі, ұзақ уақыт сақталу-сақталмайтындығы т.б. факторлары ескеріледі.

Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деп аталатын екі нысаны қолданылады. Олардың әрқайсысы бірнеше топтарға бөлінеді.



Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делделдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде өндірушілер әдетте тауаларын көтерме саудагерлер арқылы сатады, ал олар өз кезектерінде бөлшек сауда дүкендерімен жұмыс істейді.

Өндіріске арналған тауарларды өткізудің тұтыну тауарларын өткізуге қарағанда, өзіндік ерекшеліктері бар.

Өткізу жүйесінің құрылу ерекшеліктерін қазақстандық кондитерлік кәсіпорындар мысалында көрсетуге болады.

Қарағанды және Қостанай қалаларында сауда үйлері, ал облыстарда – сауда өкілдіктері бар. Мысалы, Қарағанды кондитер фабрикасының Ресейде «КонКор», Орталық және Солтүстік Қазақстан «Гулливер», Оңтүстік Қазақстанда «Дәмді» атты сауда өкілдіктері бар. Мұндай өкілдік Германияда да бар.

«Баян сұлу» кондитер фабрикасы өз өнімінің 70%-ға жуығын сауда үйлері арқылы сатады, ал қалған бөлігін ірі көтерме саудагерлерге өткізеді.

«Бахус» ААҚ шығарған өнімнің 70%-ға жуығын дилерлер жүйесі арқылы сатып, өткізеді.



Өндірістік шығындары және олардың жіктелуі

Өнім өндіретін фирмалардың барлығы, өнім өндіру және қызмет көрсету барысында қандай да бір шығындарға баруға мәжбір болады. Шығындарды өндіріс шығындары және айналыс шығындары деп екі түрге бөледі.

Өндіріс шығындары деп өнім өндіру барысымен тікелей байланысты шығындарды айтады

Айналыс шығындары дегеніміз өнім өткізуге байланысты шығындар.

Фирма өзінің өндіріс факторларының бір бөлігін өзгертіп, енді бір бөлігін (өндірістік қуаттылығын) өзгерте алмайтын уақыт қысқа мерзімді кезен деп аталады. Бұл мезгілде фирма өзінің айнымалы факторларын шұғыл өзгертуге мүмкіндігі бар, олардың санатын еңбек, шикізат, қосалқы бөлшектер, көмекші материалдар, отын тағы басқалар жатады.

Ұзақ мерзімді кезең деп фирма өзі пайдаланатын ресурстардың барлығын, оған қоса өндірістік қуаттылығының мөлшерін өзгертуге мүмкіндігі бар уақытты айтамыз. Бұл мерзім өзінің ұзақтығы бойынша бірнеше фирмалар осы саладан кетіп, енді біреулері осы салаға ену үшін жеткілікті болады.

Калъкуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу.

Шығындар түрлі ерекшеліктеріне байланысты төмендегіше жіктеледі:

1. Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша:



    • негізгі

    • қосымша

2. Құрамының бірыңғайлылығы бойынша:

    • бір элементті

    • кешенді

3. Өндіріс көлеміне қатыстылығына байланысты:

    • тұрақты

    • айнымалы

4. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша:

    • тікелей

    • жанама

5. Пайда болу кезеңдігіне байланысты:

    • ағымдағы

    • бір жолғы

6. Өндіріс процесіне қатысуы бойынша:

    • өндірістік

    • өндірістік емес

7. Шығын шығарудың мақсатқа лайықтылығы (тиімділігі) бойынша:

    • өнімсіз

    • өнімді

8. Жоспарды қамту мүмкіндігі бойынша:

    • жоспарланған

    • жоспарланбаған

Сонымен бірге, шығындар экономикалық шығын элементі және калькуляция бабы бойынша төмендегіше топтастырылады:

  • Материалдық шығындар

  • Еңбекақы шығындары

  • Әлеуметтік салық

  • Сақтандыруға бөлінген сома

  • Құралдардың тозуы

  • Басқа да шығындар

Қысқа мерзімді кезеңдегі жиі кездесетін тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы жалпы шығындар, және орташа тұрақты, орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шығындар сәйкесінше төмендегідей формулалар арқылы анықталады: Өндірісте жиі кездесетін шығындар
ТС = FC + VC (11.1)
AFC = FC / Q (11.2)
AVC = VC / Q (11.3)
ATC = TC / Q (11.4)
MC = (TC2-TC1)/(Q2-Q1)=ΔTC/ΔQ=ΔVC/ΔQ (11.5)
Фирманың жалпы табысы нарықтағы фирманың берілген өнімді сатудан алатын түсімді айтады. Жетілген бәсекеде, егер сату көлемі - Q, P – нарықтағы өнім бағасы болса, жалпы табысы
TR = PQ (11.6)
тең болады. Егер фирма монополистік болса, онда оның ақшалай түсімі P(Q)Q тең. Бұнда P(Q) - өнімге деген нарықтық сұраныс функциясына кері функция.

Шекті табыс (MR) - өнім шығару көлемін бір бірлікке ұлғайтқаннан кейінгі жалпы табыс өсімі:
MR = (TR2-TR1)/(Q2-Q1) = ΔTR/ΔQ (11.7)
Фирманың пайдасы (П) – жалпы табыс пен жалпы шығынның айырмасына тең.

П = TR –TC (11.8)


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(11.1 және 11.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 11.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Өнім өндіруде өнімді 6ip өлшемге арттыруға байланысты, қосымша шығындар




2

Өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау




3

Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың орташа шығындарының өнім көлемінің ұлғаюына байланысты өсуі




4

Өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы




5

Шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалатын, кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы




6

Неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді




7

Фирманың өзге фирмалардан сатып алатын ресурстары мен қызметтеріне төлейтін төлемдері немесе жұмсалымдары




8

Өнімді өндірудің мөлшеріне тікелей тәуелді шығындар





9

Міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары




10

Кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы




11

Бір рет қана төленіп еш қандай жағдайда қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар




12

Айнымалы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы




13

Өндіріс барысында фирманың өзіне тиесілі ресурстарды пайдалануынан туындаған шығындар




14

Өнім шығару көлемін бір бірлікке ұлғайтқаннан кейінгі жалпы табыс өсімі




15

Фирманың өнім көлемі өскен сайын оның ұзақ мерзімді орташа шығындары кеми түсуі




16

Табыс пен шығынның айырмасы




Кесте 11.2


Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

рентабельдік

Ә

айнымалы шығындар

Б

шығындарды азайту

В

ішкі шығындар

Г

пайда

Ғ

орташа айнымалы шығындар

Д

шекті шығындар

Е

ауқымның теріс тиімділігі

Ж

шекті табыс

З

ауқымның оң тиімділігі

И

калькуляция

К

өнімнің өзіндік құны

Л

тұрақты шығындар

М

қайтарылмайтын шығындар

Н

сыртқы шығындар

О

шығын сметасы


3. Иә/жоқ

Кесте 11.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіріуге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады




2

Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді




3

Ауыспалы шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б




4

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы




5

Амортизация – бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру




6

Өнімнің өзіндік құны – бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы




7

Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б





Кесте 11.3 жалғасы

8

Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар - негізінен пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады




9

Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары




10

Шығынға қарама-қарсы ұғым - өзіндік құн




11

Өзіндік өнімді құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар – бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары




12

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар




13

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндіретін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету




14

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру




15

Тұрақты шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б




16

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндіретін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
11.1 25 + Q2 бәсекелестік фирманың шығындары. Өнімнің бағасы қай аралықта болғанда фирма пайда табады?

А) ( 9; + );

В) ( 20; +);

С) ( 10; + );

D) ( 4; + 20);

Е) ( 12; +).

11.2 Ең төменгi орташа айнымалы шығынның мәнiн көрсет:

А) шектi шығынның ең төменгi нүктесiнде орналасады;

В) оның шектi шығын қисығымен қиылысатын нүктесiнде болады;

С) орташа тұрақты шығын қисығымен қиылысқан нүктеде болады;

D) жоғарыда айтылғандардың бәрi дұрыс;

E) координатаның бас нүктесінде орналасады.

11.3 Мына кестенің мәліметтері бойынша АТС (3) табыңыздар:


Q

ТС

0

50

1

90

2

120

3

150

4

200

5

270

11.4 Төмендегілердің қайсысы өндірістік шығындар анықтамасына жатады:

А) кәсіпкердің өз еркімен пайдаланатын шығындары;

В) өнімді өткізуге байланысты шығындар;

С) қызметтер немесе тауар өндірісімен тікелей байланысты шығындар;

D) төленбейтін шығындар;

Е) бухгалтерлік шығындар.

11.5 Жетілген бәсеке жағдайында заласыздық (безубыточности) нүктесі дегенміз:

А) шекті шығынның ең кіші нүктесі;

В) орташа айнымалы шығынның ең кіші нүктесі;

С) орташа жалпы шығынның ең кіші нүктесі;

D) орташа тұрақты шығынның ең кіші нүктесі;

Е) тұрақты шығынның ең кіші нүктесі.

11.6 Жетілген бәсеке жағдайында жабылу нүктесі дегеніміз:

А) орташа жалпы шығынның ең кіші нүктесі;

В) орташа айнымалы шығынның ең кіші нүктесі;

С) шекті шығынның ең кіші нүктесі;

D) орташа тұрақты шығынның ең кіші нүктесі;

Е) тұрақты шығынның ең кіші нүктесі.

11.7 Өнімнің өзіндік құнын есептеу:

А) Технологиялық өзіндік құнды табу

В) Өндірістік өзіңдік құнды табу

С) Коммерциялық өзіндік құнды табу

D) Калькуляция

Е) Толық өзіндік құнды табу

11.8 Мыналардың қайсысы айнымалы шығындарға (VС) жатады:

A) жалға алу төлемдерi;

B) шикiзат шығындары;

C) әкiмшiлiк шығындар;

D) коммуналды шығындар;

E) сақтандыру шығындары.

11.9 Коммерциялық шығындар дегеніміз-

А) Әлеуметтік мәселелерге байланысты шығындар

В) Цехты басқару аппаратының жалақысы

С) Фирманың басқару қызметімен байланысты шығындар

D) Тәжірибелік жұмыстарына арналған шығындар

Е) Өнімді өткізуге байланысты шығындар

11.10 Шектi өнім (МР) және шектi шығындардың (МС) сызықтары:

А) параллель;

В) перпендикуляр;

С) минималды мәні нүктесінде қиылысады;

D) максималды мәні нүктесінде қиылысады;

Е) бір-біріне симметриялы
5. Шығарылуы келтірілген есептер
11.1 Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, жоғарғы жеткізу деңгейде шикізатты (қант қызьшшасын) сатып алу бағасын тиісінше есебін анықтау керек:

Кесте 11.4






Көрсеткіштер

Өшем бірлігі

Сандық маңызы

1

Тауардың ( қант ) бөлшек бағасы

Теңге /тонна

8316

2

Саудаға қосымша

%

12

3

Қосымша құнға салық

%

10

4

Өнім рентабельділігі

%

25

5

Өндіріс шығыны және шикізаттың теңге / тонна құның есептегендегі өнімді сату

Теңге /тонна

1080

6

Дайын өнім бірлігінде шикізат шығыгнның үлесі

Мың/тонна

15


Шешімі:

1. Өткізу бағасы (ҚҚС есептегенде), Теңге /тонна: 8316/1,12=7425

2. Кәсіпорындағы көтерме баға, теңге/тонна: 7425-1,10=6750

3. Өндірістің толық өзіндік құны және өнімді сату теңге/тонна: 6750/1,10=6136

4. Өнім бірлігінен шикізат құнының айырмасы, теңге/тонна:

6136-1080=5056

5. Шикізатты сатьш алу бағасы, теңге/тонна: 5056/15=337
11.2 Кәсіпорын үзақ мерзімге жыл сайын 1,5 млн тонна болат кесегін жеткізіп тұруға келісім—шарт жасады. Келісім-шарт міндеттемесі бойынша екі түрдің бірі қамтамасыз етілуі тиіс:

1.Жылдық өнімділіғі 2 млн тонна болат кесегін жеткізу үшін300 тонналық конвертер қондырғысын орнату.

2. Жылдың өнімділігі 0,8 млн тонна болаткесегін жеткізу үшін екі 100 тонналық конвертер қоңдырғысын орнату немесе қосындысында 1,6 илн тонна. Бір тонна болаттың жабдықтарға тиеу цехтық өзіндік құны әр вариант бойынша төмендегі кестеде көрсетілген.


Кесте 11.5




Шығын баптары

Конвертер

300 тонналық

100 тонналық

1

Шикізат және материалдар

950

950

2

Отын,энергия

80

85

3

Еңбекақы есептелінуімен

65

75

4

Амортизация

130

140

5

Басқадай шығындар

105

110

6

Цехтық өзіндік құн

1330

1360

Цехтық өзіндік құнның төмендегі критериі бойынша екеуінің түрі жақсы екенін анықтау керек.



Шешімі:

1. Өндіріс қуаттылығы:



Бірінші түрі бойынша 

Екінші түрі бойынша 

2. Жабдықтарды тиеу деңгейі қандай болмасын өзгермейд, шартты – айнымалы шығын өнім бірлігінде өзгермейді және келесідей болып құрылады:

Бірінші түрі бойынша: 950+80+65=1095теңге/т

Екінші түрі бойынша: 950+85+7511теңге/т


3. Өнім бірлігіндегі есепте шартты / тұрақты шығын өзгеріп, өндіріс көлемінің өзгеруіне кері пропорционалды әсерін тигізеді,теңге/т:
Бірінші түрі бойынша: 
Екінші түрі бойынша: 

4. Цехтық өзіндік құнның жиынтығы, теңге/т:

Бірінші түрі бойынша: 1095+313=1408

Екінші түрі бойынша: 1110+267=1377

5. Көрсетілген түрлердің тәуірі – екіншісі.

11.3 Кәсіпорын цехы А, Ә, Б бұйымдарын шығарады. Жалпы өндірістік шығындар сомасы — 90960 млн теңгені құрайды. Жалпы шаруашылық шығындар норматив бойынша 140%-ды құрайды. Цехта шығарылатын бұйымдар бойынша келесі тапсырмаларды орындау бұйырылды
Кесте 11.6


р/с

Бұйым

А

Ә

Б

1.

Шығарылу бағдарламасы (дана)

7000

4500

2500

2.

Бір бұйымға негізгі еңбекақы

4300

4000

3500

Табу керек (теңге):

а) әрбір өнімге кететін жалпы шаруашылық шығындарды;

ә) бұйымға кететін жалпы өндірістік шығындарды;

б) цех бойынша жалпы шаруашылық шығындардың жиынтық сомасын.

Шешуі:

а) (4300 X 140) : 100 = 6020 сәйкесінше Ә-5600; Б-4900;

ә) Барлық өнім көлемінің негізгі еңбекақы қорын табамыз. АӘБ -56850 мың теңгеге тең. Сәйкесінше жалпы өндірістік шығындар еңбекақы қорының 90960:56850= 1,6 немесе 160%-ын құрайды. Қорытындысында өнімге:

А = 4300 х 7000 х 1,6 = 48160;

Ә = 4000 х 4500 х 1,6 = 28800;



Б = 3500 х 2500 х 1,6 = 140007;

б) (6020 х 7000) + (5600 х 4500) + (4900 - 2500) = 79590 мың теңге.
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
11.4 Жоспарлы және нақты бұйымның өзіндік құны келесі мәліметтермен сипатталынады.

Кесте 11.7




Шығын баптары

Бұйымның өзіндік құны.теңге

Өзіндік құнның жоспардан ауытқуы үнем,артық шығын

Жоспар бойынша

нақты

теңге

% жиынтыққа

Шикізат және негізгі материалдар

210

200







Негізгі еңбекақы және әлеуметтік мұқтажға аударымдар

70

65







Отын және жылу қуаты(тек технологиялық мұқтаждыққа қолдануға арналған)

12

15







Ақаулы заттар шығыны

5

3







Цехтық шығын(180пайыз)

126

117







Жалпы зауыттық шығын (80пайыз)өндірістік өзіндік құнынан

56

52







Коммерцфялық шығын.коммерциялық өзіндік құн

8

11






Анықтау керек:

1. Жоспарлы және нақты өндірістік және коммерциялық өзіндік құны;

2. Жеке бап шығындары мен тұтас өзіндік құн бойынша жоспардан ауытқуын.Есептелген мәліметтермен кестедегі бос орынды толтыру керек.



11.5 Кәсіпорын цехы бұйымның А,Б,В түрлерін шығарады.Смете бойынша жалпы өндіріс шығын сомасы 90960 млн. Теңгені құрды.Жалпы шаруашылық шығын мөлшер бойынша 140 пайыз Цехке келесі бұйымды шығаруға тапсырма берілген:

Кесте 11.8



Көрсеткіштер

бұйымдар

А

Б

В

Шығару бағдарламасы,дана

7000

4500

2500

Бір бұйымға негізгі еңбекақы төлеу,теңге

4300

4000

3500

Анықтау керек:

1. Әрбір бұйымның жалпы шаруашылық шығынын;

2. Әрбір бұйымның жалпы өндіріс шығынын;

3.Дәл осы цех бойынша жалпы шаруашылық шығын сомасын.



11.6 Кәсіпорын инновациялық технологияны енгізу үлесінен еңбек өнімділігін 10 пайызға еңбекақы көлемін 3 пайызға көтеруді жоспарланған.Өнімнің өзіндік құн құрылымында еңбекақының үлес салмағы 30 пайыз құрады.Аталған өзгерістер өнімнің өзіндік құнына қалай әсер ететінін есептеу керек.

11.7 Кәсіпорын 210 теңгелік бағада бұйым шығарады.Жалпы тұрақты шығын 200000 тенгені құрады,Бірінші тоқманда айнымалы шығын үлесі 160 теңге.Екінші тоқсанда материал бағасы 10 пайызға төмендеді.айнымалы шығын үлесі 10 пайызға төмендеуге әкелді.Материал бағасының өзгеруі өнімнің дағдарыстық көлеміне қалай әсер еткенін анықтау керек.

11.8 Бірінші тоқсанда бұйым бағасы 160теңгені құрды,екінші тоқсанда 10пайызға көбейді.Тұрақты шығын үлесі 100 теңге болды.Бағаның көбейгені өнімнің дағдарыстық көлеміне қалай әсеретті

11.9 Бірінші тоқсанда 10 мың бұйым өндіріп,оның бір данасының бағасы 70 теңге болды.Тұрақты шығын 160000 мың теңгені құрды,айнымалы шығын үлесі 50теңге болды.екінші тоқсанда 8 пайызға пайданы көбеуту жоспарленды.Пайданы 8 пайызға көбейткенде қанша қосымша өнім өндіру керек

11.10 Кәсіпорын өнімінің бір түрін өндіріледі.Бұйымның бағасы – 180000 теңге, орта айнымалы шығыны - 15000 мың теңге. Өнімді шығару және сатуда дағдарыстық көлемін ақшадай және табиғи көрсетуді анықтау керек.

11.11 Кәсіпорын бұйым шығарып, оның бірлік бағасы 380теңгені құрады. Жалпы тұрақты шығынның көлемі бірінші тоқсанда 720000 мың теңге болса,ал екінші тоқсанда жалпы тұрақты шығын көлемі 10%-ға төмендеді.Тұрақты шығынның өзгеруі дағдарыстық өнім көлеміне әсер еткенін есептеу керек.
7. Ұғымдар мен терминдер
Қайтарылмайтын шығын

Тұрақты шығын

Айнымалы шығын

Жалпы шығын

Сыртық шығын

Ішкі шығын

Қосымша шығын

Калькуляциялық шығын

Бәсеке шығыны

Маркетинг шығыны

Материалдық шығын

Жоспарлы шығын

Шекті шығын

Өзіндік құн

Базистік өзіндік құн

Жоспарлы өзіндік құн

Толық өзіндік құн

Нақты өзіндік құн


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Қандай шығындар тұрақты, қандай шығындар айнымалыға жатады?

2. Өндірістің шекті шығының мәні неде?

3. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?

4. Өндіріс шығындарының төмендеуінің басты бағыттарын атаңыздар

5. Өнімнің өзіндік құны, экономикалық санаты ретінде қандай берне атқарды?

6. Кәсіпорын қызметіндегі өнімніңөзіндік құны мен қаржы нәтижелілігінің арасындағы байланыс қалай?

7. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдар туралы айтыңыз

8. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын саралаңыз

9. Нарық жағдайында өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары және маңызы.

Тақырып 12

КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (рынок) сөзінен шыққан және нарыққа ену деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы маркетинг - бұл сатып алушының кажеттілігiн қанағаттандырудың және ұйым мақсатына жетудің тиімді тәсілдерінің көмегімен сатып алу-сатуды жүзеге асыру үшін нарықты зерттеуді, тауарды өндіруді және тауарды жылжытуды зерттейтін іс-әрекет. Маркетинг негізінде жатқан негізгі идеологиялық алғышарт - сатып алушылардың кажеттілігін альтуризм күшіне емес, пайданы көбейту және нарықтық үлесті кеңейтудің тиімді тәсілімен канағаттандыру.

Маркетингті пайдаланудың экономикалық мәні - негізгі және айнымалы қорлардың кайтарымын тездету, өндірістің жұмылдырылуын және бәсекеге кабілеттілік деңгейін арттыру, қазіргі тауарларды жасау және олардың нарыктағы жылжуын тек тездету ғана емес, барынша өнімді кеп табысты нәтиже алатындай етіп жылжыту.

Нарықтық экономика жағдайында маркетингті пайдалану шынайы қажеттілік болып табылады, ол кез келген кәсіпкерлік қызметтің негізі болып табылады. Осыған байланысты маркетингті өнімнің өндірісі мен сатылуы жүзеге асырылатын баскарудың философиясы, нарықтық қызметтің әдістемесі деп жиі айтылады. Ұйымды басқаруда оның рөлінің өсуі бәсекенің күшеюінің шынайы үрдістерімен, сыртқы экономикалық қатынастың ырықтандырылуымен, тұтынушылардың таңдау қабілетінің артуымен байланысты.

Маркетингтің қазіргі тұжырымдамасының негізінде әр түрлі адамдар мен мәдениеттілігіне тән қажеттіліктерінен туындайтын адамдардың мүддесі жатыр. Олар әр түрлі тауарлар мен қызметтер, жаңа ой-пікір, тың идеялар көмегімен камағаттандырылуы мүмкін. Мұны нарық біліміне, тұтыну-шылардың мүмкіндіктері мен талаптарына сүйене отырып, бәсекелестерге қарағанда жоғары деңгейде жүзеге асыру - маркетингтің басты мәселесі болып табылады. Бұл тәжірибеде, біріншіден, ұйымдар мен оның өнімін тұтынушылардың, бәсекелестердің, жабдықтаушылардың, делдалдардың арасында қалыптасқан нарықтық катынастарды жан-жақты зерттеу арқылы; екінші жағынан - нарыққа және сату табыстылығы мен нарықтағы үлесін арттыру үшін сұранысқа белсенді ықпал ету арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Маркетингтің казіргі заманғы түжырымдамасы тауарлы-бағалық саясаттың және өнімді бөлу, жылжыту қаражаттарын кешенді пайдалану негізіне сүйенеді. Қаражаттардың бұл жиынтығы (маркетинг-микс) бір жағынан тұтынушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуі, яғни тө-лемге қабілетті сұранысты қанағаттандыруы кажет, екінші жағынан - ұйым жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл тұжырымдаманың басты қағидасы өте қарапайым: «Сатылмайтын затты өндіруге тырыспаңыздар, сөзсіз сатып алынатын өнімді өндіріңіздер».

Маркетинг қағидалары,функциялары мен элементтері. Ұйымның нарықтық қызметінің бастапқы жағдайын анықтайтын кағидалар маркетингтің негізін құрайды. Оған жататындар: нарықтың өзгеру үрдісі мен жағдайын тұракты зерттеу; тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын ес­кере отырып, оның жағдайларына лайықты бейімделу ұйымға қажетті бағытта нарықтың белсенді қалыптасуы.

Маркетингтің негізгі функциялары:

1. Нарықты талдау, оның жағдайы мен өзгеру үрдісін зерттеу, өнімді тұтынушылар мен жабдықтаушылардың талғамдылығын зерттеу; делдалдар мен бәсекелестердің көрсеткен қызметін талдау; нарықты сегменттеу, мақсатты сегменттердің, субсегменттердің және сатып алушылардың бөліп көрсету; нарық жағдаятын болжау жүргізіледі;

2. Жаңа тауарлар өндіру бойынша ұсыныстар жасау және олардың коммерциялық сипаттамаларын жобалау; өндрілетін өнімнің ассортиментін басқару; таңбалы саясатты қалыптастыру; тауардың бәсекеге кабілеттілігін арттыруға бағытталады.

3. Ұйымның мүддесін білдіретін нарықтағы маркетингтік жағдайлардың даму үрдісі мен жағдайына шолу жасалынады. Оның маркетингтік кызметінің әлсіз және күшті жақтары, қауіптері мен мүмкіндіктері бағаланады.

4. Шығарылатын өнім түрлерін, нарықтың географиялық аудандарын, тұтынушылар топтарын нақтылау аркылы жоспарлы кезеңге маркетингтік қызмет стратегиясы мен негізгі басымдылықтары анықталады.

5. Тауар саясаты, бағаны реттеу, өнімді өткізу және сатуды ынталандыру аумағында қызмет ету бағдарламалары жасалынады.

6. Ұйымның маркетингтік бюджеті және жекелеген маркетингтік компаниялар бюджеттері қалыптастырылады.

7. Маркетингтік қызметті бакылау әдістері және қаражаттары, маркетинг жоспарын жасау және жүзеге асыру кезінде ұйым оның даму стратегиялық жоспарында анықталынған басымдылықтарды басшылыққа алады.



Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы. Өндірістік бағдарламаның қалыптасу кезеңі мен мәні. Өндірістік бағдарлама өнімнің шығарылу көлемі, номенклатурасы, ассортимент және табиғи, кұндық өрнектегі сапа бойынша анықталатын, кәсіпорынның дамуындағы болашағы бар және ағымдағы негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Өндірістік бағдарлама басқа кәсіпорындар және ұйымдармен өндірістік шаруашылық байланыстарын көрсетеді, кәсіпорынның жоспарлы кезеңде дамуының негізгі бағыттары мен міндеттерін, өндірістің басқалармен бірлесіп жұмыс істеуі мен мамандану деңгейін және кәсіпкерлік түрін сипаттайды. Өндірістік бағдарламаны жасау кезінде келесілер ескеріледі:

  • өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру және сату бойынша кәсіпорын қызметінің жарғылық түрлері;

  • өткен кезеңде өндірістік бағдарламаның орындалуының нақты нәтижесі;

  • жоспарлы кезең бойынша бөлінген (тэулік, апта, ай, токсан), өткен кезеңге сатылған өнім (жүмыс, қызмет) көлемі бойынша мәліметтер;

  • өнімнің сапасы, номенклатурасы және ассортименті бойынша кемшіліктер;

  • келісім жасалған тапсырыстар, сондай-ақ орташа мерзімді кезеңдегі тапсырыстар;

  • кәсіпорын өніміне (жұмыс, қызмет) сұраныстың болжамдық мәліметтері;

  • кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік куатын есептеу;

  • қалыптасқан және алдыңғы қатарлы техника-экономикалық нормативтер;

  • кәсіпорынның жоғары басқару органы қабылдаған, өнімді жаңарту, өнім сапасын арттыру және өндіріс шығынын төмендету, жаңарту, техникалық қайта жабдықтау, өндірісті қайта құру бойынша белгіленген шаралар.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын дайындау нәтижесінде төмендегілер анықталады: өнімнің қандай түрлері (номенклатурасы, мөлшерлері, ассортименті) және қандай көлемде шығару қажет; тұтынушыға өнімді дайындау және жеткізу; жедел тапсырыс болған жағдайда, қосымша өнім шығару бойынша кәсіпорын мүмкіндіктері қандай; ықтимал­ды тұтынушылар үшін өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуді болжау негізінде тәуелсіз жасалған көлемдер; жоспарланған кезеңдегі сапа деңгейі мен жүйесі; өнімді өндіру үшін тұтынылатын ресурстар көлемі және оларды сатып алу жүйесі; өндірісті тоқтату немесе жауып қою мүмкіндігі және т.б. Өндірістік бағдарламаның қалыптасуында, келесідей кезеңдердің болуын қарастыруы қажет:

1. өнімнің (жұмыс, қызмет) тапсырыстар қоржынының (жоспарлаудың тапсырыс бойынша жүйесінде) калыптасуы;

2. есеп жэне өндірістік жоспарлау жүйесін негіздеу, жос-парлы-есептеу бірлігін таңдау;

3. өндірістік қуатты есептеу;

4. дайын өнімді шығару жоспарын жасау;

5. құрылымдық бөлімшелердің оралымды жоспарын жасау;

6. өнім сапасын арттыру бойынша жоспар жасау;

7. экспортқа өнім шығару жоспарын жасау;

8. өнімді сату жоспарын қалыптастыру;

9. өндірістік бағдарламаны орындау үшін еңбек, материалды және қаржы ресурстарына қажеттілікті анықтау;

10. өндірістік бағдарламаны есептеу және бақылау;

11. диспетчерлеу;

12. өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау;

2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(12.1 және 12.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 12.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Маркетинг қызметі жағдайында рынок неше түрге ажыратылады




2

Өндiрiстiң жоғары тиiмдiлiгiн және өндiрiстiк тауарларды сатуды қамтамасыз ету




3

Маркетингтiк ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздерi, кәсiпорынның iшкi ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы




4

Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндiру, әлуеттi сатып алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру, олардың ерекшелiгi орама, баға, пайдалану сапасы




5

Тауар қозғалысы жүйесiн ұйымдастыру, өткiзу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндiрiстi ынталандыру және баға саясаты




6

Маркетинг жоспарларын әзiрлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингтi ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсiпорынның ұсынған мақсатының жетiстiгi, тәуелдiлiктi бағалау, т.б.




7

Рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру.





Кесте 12.1 жалғасы

8

Сатушылар үлкен билікке ие болатын нарық




9

Ф. Котлер фирма тұтынушыларын неше түрге бөлген?




10

Тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтарының нарығы




11

Кәсіпорын мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар.




12

Тауарға сұраныс жоқ немесе сұраныс төмен болғанда пайдаланылатын маркетинг түрі




13

Тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдарының жиынтығы




14

Тауарлар мен қызметтерді өндіріс үрдісінде қолдану үшін алатын ұйымдар




15

Құрамына шетелдік тұтынушылар, өндірушілер, аралық сатушылар кіретін елден тыс аймақтағы тұтынушылар.




16

Сатып алушылар үлкен билікке ие болатын нарық



Кесте 12.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

Өткiзушiлiк функция

Ә

Өндіруші ұйымдар нарығы

Б

2

В

Тұтынушылар нарығы

Г

Маркетингтік делдалдар

Ғ

Талдамалық функция

Д

Маркетинг

Е

Ынталандырушы

Ж

Өндiрiстiк функция

З

5

И

Халықаралық нарық

К

Аралық сатушылар нарығы

Л

Маркетингтiң мақсаты

М

Сатушы нарығы

Н

Басқару және бақылау функциясы

О

Сатып алушылар нарығы


3. Иә/жоқ

Кесте 12.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықайтын басқарудың басты функциясы ретінде қаралады.




2

Өткізушілік функциясына маркетинг жоспарларын әзiрлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингтi ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсiпорынның ұсынған мақсатының жетiстiгi, тәуелдiлiктi бағалау, т.б. жатады




3

Ф. Котлер фирма тұтынушыларын 2-ге бөлген.




4

Маркетинг қызметі жағдайында рынок 2 түрге ажыратылады.




5

Маркетингтiң мақсаты-өндiрiстiң жоғары тиiмдiлiгiн және өндiрiстiк тауарларды сатуды қамтамасыз ету




6

Сатушы рыногы – сатып алушылар үлкен билікке ие болатын рынок




7

Сатып алушы рыногы-бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие




8

Сатушы рыногы-бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады




9

Басқару және бақылау маркетингтiк ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздерi, кәсiпорынның iшкi ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы болып табылады.




10

Маркетинг қызметі жағдайында рынок 4 түрге ажыратылады.




11

Тауарлар мен қызметтерді өндіріс үрдісінде қолдану үшін алатын ұйым болып тұтынушылар нарығы табылады.




12

Тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдарының жиынтығы аралық сатушылар нарығы болып табылады.




13

Маркетингтiк ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздерi, кәсiпорынның iшкi ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы маркетингтің талдамалық функциясына жатады




14

Тауар қозғалысы жүйесiн ұйымдастыру, өткiзу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндiрiстi ынталандыру және баға саясаты маркетингтің өткізушілік функциясына жатады.




15

Жабдықтаушылар - кәсіпорын мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар.




16

Шектен тыс сұраныс кезінде, оның деңгейі фирманың өндірістік мүмкіндіктері мен тауарлық ресурстарынан асып түскен жағдайда маркетингтің синхромаркетинг түрі қолданылады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
12.1 Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті тұжырымдайды (қате ауапты табыңыз):

А) тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;

В) тауарларды жылжытуды жеделдету;

С) сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;

D) өндірістің тиімділігі және тауарлар сату;

Е) кәсіпорын жұмысын басқаруды ұдайы қадағалап отыру.

12.2 Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндiру, әлуеттi сатып алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру, олардың ерекшелiгi орама, баға, пайдалану сапасы - бұл қызмет түрі маркетингтік берненің қай типіне жатады?

А) бақылау

B) талдамалық

C) өндірістік

D) өткізушілік

E) басқару.

12.3 Айырбастау арқылы мұқтаждық пен тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған іс

А) Маркетинг

В) Бартер

С) Кәсіпкерлік қызмет

D) Инвистиция жасау

Е) Өнім өндіру.

12.4 Өндiрiстiң жоғары тиiмдiлiгiн және өндiрiстiк тауарларды сатуды қамтамасыз ету – бұл маркетингтің басты ...

А) мақсаты

B) міндеті

C) принципі

D) қызметі

E) стратегиясы

12.5 Тауар ассортименті дегеніміз:

А) Сатушылардың үстемдігі бар тауар тапшылығы байқалатын және бұл жерде сатып алушылар белсенділік танытатын үдеріс

В) Сатып алушының мұқтаждығын қанағаттандыра алатын тауарлардың жеткілікті көлемі

С) Қандайда бір керекті объектіні алу және оның орнына басқа нәрсені ұсыну

D) Сатып алушының мұқтаждығын қанағаттандыра алатын тауарлардың жеткіліксіз көлемі

Е) Тұтынушылардың талаптарын тауар айырбастың көмегімен қанағаттандыру.

12.6 Тұтынушыға бағытталған маркетинг-

А) Кәсіпорынның ісі тікелей нарықтан шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағыттау

В) Кәсіпорын жаңа өнімді шығаруды немесе шығарылып жатқан өнімді жетілдіруді мақсат тұту

D) Нарықтың сипаттық ерекшелігін ашып көрсету

С)Үстемдік сатып алушының жағында,нарық толығымен қанағаттанған, тұтынушыларды өзіне тарту үшін сатушылардың белсенділігі

Е) Сатушылардың үстемдігі бар тауар тапшылығы байқалатын және бұл жерде сатып алушылар белсенділік танытатын үдеріс

12.7 Нарықты географиялық белгілерге сегменттеу:

А) Жанұяның өмірлік циклін, жасын, жынысын ескере отырып жіктеу;

В) Тұтынушыларды табыстылық деңгейі боайынша жіктеу;

С) Тұтынушылардың топтарын әлеуметтік және кәсіпкерлік белгілері бойынша жіктеу

D) Аймақтың масштабын, халықтың саны мен тығыздығын есепке ала отырып жіктеу;

Е) Нарықтағы қажеттіліктерді талдай отырып жіктеу.

12.8 Өнімге бағытталған маркетинг дегеніміз –

А) Кәсіпорын жаңа өнімді шығаруды немесе шығарылып жатқан өнімді жетілдіруді мақсат тұту

В) Кәсіпорынның ісі тікелей нарықтан шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағыттау

С) Өнімділігі жоғары автоматтандырылған және дамыған технологиялық өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану

D)Нақты мұқтаждықтарды,нарықтағы орынды іздестіру

Е)Бұл түрдегі маркетинг-жалпы түрдегі коммерциялық істің маңызы.

12.9 Маркетинг ағылшын тілінен аударғанда мынадай мағнаны білдіреді:

А) Сыртқы орта

В) Кәсіпорын

С) Ішкі орта

D) Нарық

Е) Сатушы

12.10 Нарықты әлеуметтік-экономикалық белгілері бойынша сегменттеу:

А) Жанұяның өмірлік циклін, жасын, жынысын ескере отырып жіктеу;

В) Тұтынушыларды табыстылық деңгейі боайынша жіктеу;

С) Тұтынушылардың топтарын әлеуметтік және кәсіпкерлік белгілері бойынша жіктеу

D) Аймақтың масштабын, халықтың саны мен тығыздығын есепке ала отырып жіктеу;

Е) Нарықтағы қажеттіліктерді талдай отырып жіктеу.

12.11 Айырбас дегеніміз-

А) Қандайда бір керекті объектіні алу және оның орнына басқа нәрсені ұсыну

В) Сатушылардың үстемдігі бар тауар тапшылығы байқалатын және бұл жерде сатып алушылар белсенділік танытатын үдеріс

С) Кәсіпорынның жаңа өнімді жетілдіруі

D) Кәсіпорынның өндіріс мүмкіндіктерін талдау

Е) Нарықтық маркетингтік зерттеу арқылы жаңа тауарларды өндіру мен өткізуді жүзеге асыру

12.12 Маркетингілік іс жағдайында нарықты екі түрге бөліп көрсетуге болады:сатушы нарығы және сатып алушының нарығы.Сатушы нарығы дегеніміз:

А) Үстемдік сатып алушының жағында, нарық толығымен қанағаттанған, тұтынушыларды өзіне тарту үшін сатушылар белсенділік танытатын нарық

В) Сатушылардың үстемдігі бар тауар тапшылығы байқалатын және бұл жерде сатып алушылар белсенділік танытатын нарық

С) Кәсіпорынның ісі тікелей нарықтан шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталған нарық

D) Кәсіпорын жаңа өнімді шығаруды немесе шығарылып жатқан өнімді жетілдіруді мақсат тұтатын нарық

Е) Нарықтың сиымдылығы


5-6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
12.1 «Альфа» фирмасы стереожүйелерді шығарады. Жоспар бойынша 2008 ж. таза операциондық пайда 1,8 млн. долларды құрау керек. Бұл өткізу көлемінің 10 % құрауға тиісті. Компанияның сату көлемін анықтаңыздар.

12.2 «Гамма» фирмасы телеаппаратура шығарады. Компанияның сату көлемін 1,5 млн.дол. құрайды. Фирма тауарларының орташа бағасы 300 дол. Сала бойынша сатулар көлемі 25 млн. дол. құрайды. Фирманың нарықтық үлесін анықтаңыздар.

12.3 Қостанай қаласын сүт өнімімен қамтамасыз етуші Рудный, Лисаковск, Мендықара фирмалардың және т.б. фирмалардың нарықта алатын үлесі 63%, ал «Деп» фирмасының үлесі -37%. Егер Қостанай тұтынушылар саны 260 мың. күніне 0,3 литр сүт ішсе, «Деп» фирмасы күніне қанша өнім өндіруге тиіс

12.4 Қостанай қаласының тұтынушылар саны-260 мың демографиялық топтардың құрылымы мен нан өніміне деген тәуліктік нормативтері кестеде көрсетілген

Кесте 12.4






құрлымы

Тәуліктік норматив, гр.

Еркек

30

400

әйел

33

300

балалар

37

200

Нан өнімінің бір тәуліктік нарық сиымдылығын есептеңіз.



12.5 «Бетта» фирмасы стереожүйелерді шығарады. Жоспар бойынша 2008 ж. таза операциондық пайда 1,8 млн. долларды құрау керек. Бұл өткізу көлемінің 10 % құрауға тиісті. Фирма тауарларының орташа бағасы 260 дол. Өткізілуге тиісті тауарлар санын анықтаңыздар.

12.6 Тұтынушылардың саны 230 мың, сүт өніміне деген 1 адамның орташа нормативтері төмендегі кестеде көрсетілген

Кесте 12.5






Тұтынушылар

Құрамы %

1 айлық норма, литр

1

Барлығы 230 мың

100




2

Ерлер

30

4

3

Әйелдер

35

7

4

Сәбилер

35

15

Сүт өніміне деген 1 айлық нарық сиымдылығын есептеу қажет:



12.7 N қаласында 500000 сатып алушы бар. Соның әр қайсысы жылына орташа мөлшерде 3 кітап сатып алады. Бір кітаптың орташа бағасы 800 тң. N қаласындағы кітаптар нарығының жалпы потенциалын анықтаңыздар.

12.8 «Еңлік» фирмасы шырын өндіреді.. Компанияның сату көлемі 10 млн.теңгені құрайды. Фирма тауарларының орташа бағасы 200 теңге Сала бойынша сату көлемі 1,5 млн. дананы құрайды. Фирманың нарықтық үлесін анықтаңыздар.

12.9 Тұтынушылардың саны 450 мың, нан өніміне деген 1 адамның орташа нормативтері төмендегі кестеде көрсетілген:

Кесте 12.6






Тұтынушылар

Құрлымы %

1 күндік норма, гр.

1

Барлығы(450мың)

100




2

Ерлер

30

300

3

Әйелдер

35

200

4

Сәбилер

35

150

Нан өніміне деген 1 күндік нарық сиымдылығы есептеу қажет.



7. Ұғымдар мен терминдер

Маркетинг

Банк маркетингi

Сыртқы маркетинг

Iшкi маркетинг

Ғаламдық маркетинг

Сараланған маркетинг

Маркетинг сатып алу

Идеялар маркетингi

Инновациялық маркетинг

Бұқаралық маркетинг

Халықаралық маркетинг

Көп арналы маркетинг

Ұйым маркетингi

Жеке адамдардың маркетингi

Тiкелей маркетинг

Әлеуметтiк маркетинг

Маркетингтiк жүйе

Ынталандырушы маркетинг

Қызмет көрсету маркетингi

Маркетингiлiк ақпарат жүйесi

Маркетинг делдалдары

Маркетингiлiк бақылау

Маркетингiлiк менеджмент


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Маркетингтiң әлеуметтiк-өкономикалық мәне мен мазмұнын түсiндiрiңiз.

2. Маркетинг қызметiнiң басты мiндеттерi қандай?

3. Маркетингтiң негiзгi бернелерiн атаңыз.

4. Маркетингтiң негiзгi принциптерi

5. Кәсiпорынның мүмкiндiктерiн зерделеу дегенге қалай түсiнесiз?

6. Кәсiпорынның әлеуметтiк зерделеуi қандай мақсатта жүргiзiледi?

7. Маркетингтің мәні неде? Мақсаттары, қағидалары және функциялары калай байланысқан?

8. Маркетинг ортасының факторлары кәсіпорынның іс-әрекетіне қалай әсер етеді?

9. Маркетинг жоспары не үшін жасалады және онда маркетингке деген қандай кешенді тәсіл қалыптастырылады?

10. Ұзақ мерзімді мен стратегиялық жоспарлаудың айырмашылығы неде?
Тақырып 13
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Бәсеке дегеніміз нарықтық шаруашылықтың субъектілерінің жекелеген экономикалық мүдделерін жүзеге асыру барысында бір-бірімен қоғамдық қақтығыстарға түсуі болып табылады.

Ал өнімнің бәсекеге қаблеттілігі дегеніміз оның нарықтағы осыған ұқсас басқа өнімдермен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы және толыққанды қанағаттандыру дәрежесін сипаттайтын қасиеті.

Бәсекені түрлі көзқарастарға байланысты бірнеше түрге, тұрпаттарға және нысандарға жіктеуге болады:

Жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке. Жетілмеген бәсекенің өзі олардың нарықтағы жағдаяттарға байланысты 3 түрге бөлінеді: монополия, олигополия және монополиялық бәсеке.

Фирмалардың нарықтағы ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің сипатына байланысты бәсеке бағалық бәсеке және бағадан тыс бәсеке болып екіге бөлінеді. Бағалық бәсеке дегеніміз тауардың сапасын, түрлерін, ассортиментін өзгертпей оның бағасын төмендету, яғни шығынды азайта отырып өндірген өнімді бәсекелес фирмалардан гөрі арзандау сату арқылы оларды нарықтан ығыстыруға ұмтылу.

Бағадан тыс бәсеке негізінен мыналарды қамтиды:

1) тауардың техникалық деңгейі, оның жаңашылдығы және сапасы;

2) тауар сатылғанан кейінгі техникалық қызмет көрсету;

3) субститут, яғни алмастырғыш тауарлар шығару;

4) жарнама.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны шикізатқа тәуелділігінен айыру, яғни экономиканы әртараптандыру қажет. Бұл үшін біздің елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Ел Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен бастауын сонау 1997 жылдан алатын «Стратегия 2030» бағдарламасының шеңберінде 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның бірінші кезеңі 2003-2006, екінші кезеңі 2007-2009 жылдар деп белгіленсе, 2010 жылдан бастап бұл стратегия «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы» деп аталып үшінші кезеңі 2010-2014 жылдар деп белгіленіп осы бағдарламасы аясында елімізде жалпы құны 4,7 трлн. теңгені құрайтын 191 өндірісті іске қосу жоспарланды.

Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын белсенді жүргізу 2015 жылға қарай мынадай нәтижелер алуға мүмкіндік береді:


  • экониканың өсуін жылына 8,8-9,2 % деңгейінде тұрақтандыру;

  • 2015 жылға қарай ЖІӨ көлемін 2000 жылмен салыстырғанда шамамен 3,5-3,8 есеге ұлғайту;

  • ЖІӨ құрылымындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісінің үлес салмағын 46 %-ды құрайтындай ету.

Бәсекеге қабелттілікті арттыруда өнім бағасының рөлі айрықша. Баға белгілеу күрделі және көпкезеңді процесс болып есептеледі. Баға белгілеу мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты таңдап алу, сұранысты анықтау, шығынды талдау, бәсекелестердің бағасына талдау, баға белгілеудің әдісін талдау, түпкілікті бағаны белгілеу.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сапаның орны ерекше. Сапа дегеніміз өнімнің тұтынушылардың қандай да бір қажеттілігін өтеу қасиеттерінің жиынтығы. Мұндай қасиеттерді әдетте төмендегіше он түрге жіктейді:

1. Не нәрсеге арналғандығының көрсеткіші

2. Беріктік көрсеткіші

3. Технологиялық көрсеткіштері

4. Стандарттық және бірізділік көрсеткіштері

5. Эргономикалық көрсеткіштер

6. Эстетикалық көрсеткіштері

7. Тасымалдауға жарамдылық көрсеткіштері

8. Патенттік-құқықтық көрсеткіштері

9. Экологиялық көрсеткіштері

10. Қауіпсіздік көрсеткіштері

Өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:



  • Өлшеуіш әдіс

  • Тіркеу әдісі

  • Есептеу әдісі

  • Органолептік әдіс

  • Әлеуметтік әдіс

  • Сарапшылық әдіс

Бұйым сапасын басқару жүйесінің негізгі элементі стандарттау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет