Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасынан практикум


Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар



бет3/5
Дата24.04.2017
өлшемі3,48 Mb.
#14756
1   2   3   4   5

6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
4.4 Кәсіпорынның есепті мезгілінде А- 200 бұйым бірлігін, Б – 300 бұйым бірлігін шығарды. А бұйымның бағасы – 1800 теңге, Б бұйымның бағасы – 2580 теңге. Басқа кәсіпорынға көрсеткен қызметтің құны – 37500 теңге. Аяқталмаған өндіріс қалдығы жыл басында – 75000 теңге, жыл аяғында – 5300 теңге болды. Негізгі өнімді өндірумен бірге ыдысты 12000 теңгеге, оның ішінде сыртқа жіберуге арналған тапсырманы 8000 мың теңгеге орындады. Жалпы, тауарлы және сатылған өнімдерді анықтау керек.

4.5 Төмендегі мәліметтерді қолдана отырып, жалпы тауарлы және сатылған өнімнің көлемін анықтау керек:

Кесте 4.5





Көрсеткіштер

Сомасы, теңге

1.

Сыртқа сатуға шығарылған бұйымдар

44183

2.

Сыртқа сатуға арналған басқадай өнімдер

1915

3.

Сыртқа көрсетілген қызмет құны

750

4.

Сыртқа сатылған жартылай фабрикаттар құны

450

5.

Өзі өндірген негізгі қордың құны

500

6.

Өндіріске өңдеуге түскен тапсырушылардың материалдар құны

200

7.

Өзі өндірген жарталай фабрикаттардың, арнаулы аспаптардың өз мұқтажына арналған, құны:

  • - жыл басындағы мерзімде

  • - жыл аяғындағы мерзімде

500


250

8.

Аяқталмаған өндіріс құны:

  • - жыл басындағы мерзімде

  • - жыл аяғындағы мерзімде

50

100



9.

Қоймада қалған дайын өнім:

  • - жыл басындағы мерзімде

- жыл аяғындағы мерзімде

280


280


4.6 Келесі мәліметтер бойынша өндірістегі жалпы, тауарлы және сатылған өнімдердің көлемін анықтау керек: кәсіпорын сату үшін 50 мың теңге өнімін өндіріп дайындады; сыртқа 1,5 мың теңгеге қызмет көрсетті; сыртқа сату үшін жартылай фабрикаттарды 0,9 мың теңгеге өндірді; өзінің ішкі мақсаты үшін 20,2 мың теңгеге жартылай фабрикаттар дайындады; өзінің мұқтажына арналып жасалған аспаптар: жыл басында – 3,4 мың теңге; жыл аяғында – 4,8 мың теңге болды.

4.7 Келесі мәліметтер бойынша жалпы, тауарлы және айтылған өнімнің көлемін айту керек: сыртқа сатылған дайын бұйымның құны – 59,5 мың теңге; сыртқы қызмет ету құны – 10,9 мың теңге; жыл басында өндіріліп бітпеген өнімнің құны – 15,9 мың теңге, жыл аяғында 4,4 мың теңге; қоймадағы дайын өнімнің құны (қалдық) жыл басына – 13,0 мың теңге, жыл аяғына – 20,7 мың теңге.

4.8 Келесі мәліметтер бойынша жалпы, тауарлы және сатылған өнімдердің көлемін анықтау керек:

Кесте 4.6



Көрсеткіштер

Сомасы, мың теңге

1.Сатылуға дайындалған өнім

600,0

2.Қоймада қалдық қалдық:

- Жыл аяғындағы мерзімде

- жыл басындағы мерзімде


40,4

98,2


3. Аяқталмаған өндіріс:

- жыл аяғындағы мерзімде

- жыл басындағы мерзімде


38,3

15,4


4. Мекеменің сыртқы көрсеткен қызметі

12,0

5. Өз мұқтажына арналып өзі өндірген жартылай фабрикаттар

9,8


4.9 Кәсіпорында өндірісті мамандандыруда егжей-тегжейлі тереңдетілген шаралар жасалынды. Бұл жұмыс бұйым бірлігінің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік туғызып 98 теңгеден 93,5 теңгеге төмендеді, дегенмен өнім бірлігін тұтынушыларға жеткізуде көлік шығындары шалғай жатқан жерге жеткізуде 2-ден теңгеге өсті. Арнаулы жабдықтарды және өндірісті кеңейтуге күрделі қаржы бөлінді, оның сомасы 990000 теңгені құрды.

Мамандандырудың арқасында жылдық экономикалық тиімділік өсіп, дайын өнім көлемі бұл шарадан кейін 50000 бірлікке жетті. Жылдық экономикалық тиімділігін анықтау керек.


7. Ұғымдар мен терминдер
Экономикалық тиімділік

Әлеуметтік тиімділік

Өндіріс рентабельділігі

Техникалық серпіліс

Жалпы тиімділік

Нақты тиімділік



Салыстырмалы тиімділік

Өнім сапасы

Тиімділік факторлары

Ұдайы өндіріс
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәнін түсіңдірініз.

2.Өндірістің экономикалық тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіз?

3. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігін қалай анықтауга болады?

4. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің негізі неде, оның жалпыға ортақ белгісі қандай?

5.Ұдайы өндipic түрлеріне мысал келтіріңіз

6.Шаруашылық іс-әрекетті бағалаудың қандай өлшедерін білесіз?

7.Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторларды атаңыз

8. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткішінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

9.Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдарын қандай?

10. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі қалай есептеледі?

11. Өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың негізгі факторлары мен бағыттарын тізіп, олардың мазмұнын ашып көрсетіңіздер

12. Күрделі салымдардың құрылымын көрсетіңіз

Тақырып 5

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Негізгі қорлар өндірістік процесте бірнеше рет пайдаланып, өзінің натуралдық формасын сақтайтын бірте-бірте тозуға ұшырайтын және өзінің құнын өндірілетін тауарға бірте-бірте ауыстыратын еңбек құралы. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады.

Негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қорлар - өнімді өндіру немесе қызметті қызметті көрсету процесіне қатысады. Олар: станоктар, машиналар, өндіріс құрал-жабдықтары және т.с.с. Өндірістік емес негізгі қорлар өнімді өндіру процесіне қатыспайды. Оларға: тұрғын үйлер, мектептер, бала бақшалар, стадиондар, клубтар, емханалар және т.б. жатады. Өндірістік қорлар былайша жіктеледі:



  • Ғимараттар;

  • Өндірістік қондырғылар;

  • Энергия берілетін құралдар;

  • Машиналар мен құрал-жабдықтар;

  • Көліктер;

  • Еңбек құралдары;

  • Өндірістік инвентарь

  • Шаруашылық заттар;

  • Жоғарыға кірмей қалған негізгі қорлар.

Негізгі қорларды 2 түрлі жолмен есепке алады: натуралдық түрде және ақшалай өрнекте.

Негізгі қорларды есепке алу кәсіпорынның оларды қашан ауыстыруы керек екенін білуге және кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтау үшін қажет.

Өндірістік қорларды ақшалай мәнінде анықтаудың мынандай түрлері бар:

1. Бастапқы құны арқылы бағалау. Оған негізгі қорды әкелу, орналастыру, құру шығындары кіреді.

2. Қайта жаңғыртылғаннан кейінгі бағалау. Мұнда негізгі қорды қайта өңдеуден өткізгеннен кейінгі бағалау есепке алынады.

3. Негізгі қордың тозуын есептегеннен кейінгі бастапқы бағалау, мұны қалдық бағалау деп атайды..

Негізгі қорлар әдетте тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және сапалық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қордың оны пайдалану барысында ескіру салдарынан бастапқы тұтынушылық бағасының бірте – бірте жоғалтуы. Кейде негізгі қор өндіріске араласпаған немесе ішінара араласқан жағдайда да тозуға ұшырауы мүмкін (мысалы сыртқы табиғаттың желдің, жаңбырдың т.б. табиғи құлыстардың кері әсерінен).

Табиғи тозудың ұзақтығы негізгі қорлардың сапасына, оның техникалық жетілдірілуіне, беріктігіне, өндіріске белгілі бір аралық арасында қаншалықты араласу ұзақтығына, оларды күтіп-баптауға, сыртқы әсерден қорғауға, негізгі қормен жұмыс істейтін жұмысшылардың біліктілігіне т.б. факторларға байланысты болады.

Табиғи тозудың өзін екі түрге бөледі: толық және бөлшектеліп табиғи тозу. Толық тозуда қорлар толығымен жойылады дақ жетінде жаңасымен ауыстырылады.Бөлшектеліп тозу жөндеу арқылы қалпына келтіріледі.

Сапалық тозу дегеніміз негізгі қордың экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып қалуы. Басқаша сөзбен айтқанда сапалық тозуға ұшыраған негізгі қор әлі ескірмеген болуы мүмкін, бірақ қызмет атқару барысында оның техникалық сипаттамасы, экономикалық тиімділігі қазіргі қажеттілікке, сұранысқа сай келмейді. Осы себепті де оны соңғы үлгіде шыққан негізгі қорлар өнідірістен ығыстырып шығарады.

Кәсіпорында негізгі қорларды жаңалап, жаңғыртып отыру қажеттілігі туындайды. Бұл амортизациялық бөлу арқылы жүзеге асады.



Амортизация - негізгі қордың тозуынан туындаған шығынның орнын негізігі қор көмегімен өндірілген өнімге ауыстырудың ақша күйіндегі өрнегі. Басқаша сөзберн айтқанда аммортизация негізгі қордың табиғи және сапалық тозуының ақшалай көрінісі.

Амортизацяи мөлшері дегеніміз белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы. Толық қалпына келтіру амортизациялық мөлшерін анықтау келесідей формуламен анықталады:

Ма = (Қб.к –Қж)/ Қб.к *tа (5.1)

мұндағы,

Ма-амортизация мөлшері;

Қб.к – негізгі қорлардың бастапқы құны;

Қж- жойылу құны;

tа- негізгі қордың қызмет мерзімі.

Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер қорқайтарымдылығы (Ққ) және еңбек өнімділігі( Еө).



Қорқайтарымдылық дегеніміз жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың орта жылдық құнына қатынасы. Басқаша мұны былай айтуға болады: қор қайтарымы (қорқайтарымдылық) құны 1 теңге тұратын негізі қорды пайдаланудан түскен дайын өнімнің құны. Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткіші келесідей формуламен анықталады:

Ққөорт.ж (5.2)

мұндағы:

Жө -(жылдық өнім) кәсіпорынның жыл бойы өндірген өнімнің табиғи немесе ақшалай құны;

Қорт.ж- қордың орташа жылдық құны.

Қорқайтарымдылығына кері шама қор сыйымдылығыс) деп аталады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде шығарылған өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құнын көрсетеді. Ол мынадай формула арқылы өрнектеледі:


Қс= Қорт.жө (5.3)
Еңбек өнімділігі – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны. Еңбек өнімділігі мынандай формуламен анықталады:
Еө= Жөш (5.4)

мұндағы,

Жө - жылдық жалпы өнім;

Еш - еңбек шығыны.

Еңбек өнімділігіне кері шама еңбек сыйымдылығы:
Ес= Ешө (5.5).
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(5.1 және 5.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 5.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшуі




2

Жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың орта жылдық құнына қатынасы




3

Қор қайтарымдылық




4

Негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелуі немесе негізі қордың тозуын қалпына келтіру сомасы




5

Уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны




6

Негізгі қорлардың тозу түрлері




7

Негізгі қорлардың конструкциялық, өнімділік, үнемділік жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюы




Кесте 5.1 жалғасы

8

Кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын - үй қоры, мәдени-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала бақша, мектеп т.б.




9

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді ұзақ уақыт бойы қатысып, өзінің заттай формасын сақтайтын, сөйтіп бірте- бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін қоғамдық өнімге аударатын өндіріс құралдары




10

Қор сыйымдылығы




11

Еңбек өнімділігіне кері шама




12

Өндірісте жиі қолдану нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы факторлардың әсерінен өндіріс қорларының ескіруі




13

Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар былайша бөліндеі




14

Кәсіпорнның негізгі өндіріс құралдарының табиғи және сапалық тозу құнының экономикалық орнын толтыру




15

Орта жылдық негізгі өндірістік қор құнының осы жылда өндірілген жалпы өнім құнына қатынасы




16

Негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың жолдары



Кесте 5.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

табиғи тозу

Ә

экстенсивті, интенсивті

Б

еңбек сиымдылығы

В

өндірістік емес негізгі қорлар

Г

табиғи, сапалық

Ғ

қор сиымдылығы

Д

Ққөорт.ж

Е

амортизациялық көшірім

Ж

аммортизация

З

өндірістік және өндірістік емес

И

қорқайтарымдылық

К

амортизация мөлшері

Л

сапалық тозу

М

еңбек өнімділігі

Н

Қс= Қорт.жө

О

негізгі өндіріс қоры


3. Иә/жоқ

Кесте 5.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Негізгі капитал бұл материалдық құндылықтың қысқа кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы




2

Амортизация бұл шығарылатын өнімнің негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы




3

Қор сыйымдылығына кері шамаы еңбек сиымдылығы деп атайды




4

Еңбек сиымдылығы мынандай формуламен анықталады:

Еө= Жөш , мұндағы Еө – еңбек өнімділігі, Жө – жалпы өнім, Еш – еңбек шығыны






5

1 теңгелік негізгі қорды пайдалана отырып өнідірліген өнімнің құны қор сиымдылығы деп аталады




6

Қор қайтарымдылығы дегенміз шығарылған өнімнің бір теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құны




7

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі - қор қайтарымы болып табылады.




8

Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатысады, материалдық игіліктер өндіруге араласады




9

Негізгі қордың заттық мазмұны – еңбек құралдары.




10

Шығарылған өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған негізгі қордың құны - қор сиымдылығы




11

Еңбек өнімділігі- бұл кәсіпорынның жыл бойы өндірген өнімнің табиғи немесе ақшалай құны




12

Өндірістік емес негізгі қорлар өнімді өндіру процесіне қатыспайды




13

Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер қорқайтарымдылығы мен еңбек өнімділігі




14

Еңбек өнімділігіне кері шама еңбек сиымдылығы




15

Негізгі қорлардың тозуы табиғи және натуралы болып болып екіге бөлінеді




16

Еңбек өнімділігі – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
5.1 Өнімнің еңбек сыйымдылығының дұрыс формуласын көрсетініз:

А) ЕС=Е/Кө

В) ЕС=Е/К

С) ЕС=К/Кө

D) Өн=Е/К

Е) МС=Е/М

Мұндағы ЕС – еңбек сиымдылығы, Е – еңбектің көлемі, Кө – өндіріс көлемі, М – материал көлемі МС – материал сиымдылығы,

5.2 Материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы:

А) резервтік капитал

В) жарғылық қор

С) меншікті капитал

D) амортизация

Е) негізгі капитал

5.3 Шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы:

А) резервтік капитал

В) жарғылық қор

С) меншікті капитал

D) амортизация

Е) негізгі капитал

5.4 Сапалық тозудың себептеріне жатпайды:

A) еңбек құралдары конструкциясының жетілдірілуі;

B) еңбек құралдарын дайындау технологиясының жақсаруы;

C) еңбек құралдарын жиі пайдалану;

D) өнімділігі жоғарырақ негізгі құралдардың пайда болуы;

E) еңбек құралдарын өндіретін салаларда ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану.

5.5 Негізгі қорды пайдаланудың жинақтаушы көрсеткіштері

А) қордың айналым ұзақтығы;

В) қордың өндірістік циклі;

С) өнімділік деңгейі;

D) қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы;

Е) материал сыйымдылығы мен материл қайтарымдылығы.

5.6 Толық тозу – бұл:

А) ары қарай пайдалану зиянды болатындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

В) ары қарай пайдалану зиянды болмайтындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

С) ары қарай пайдалану артықшылық әкелетіндей деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

D) ары қарай қосалқы бөлшек ретінде қолданылатындай деңгейде машинаның толық құнынан айырылуы;

Е) жоғарыда аталғандардың бәрі.

5.7 Төмендегілердің қайсысы өндірістік қорларға жатады?

А) Тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық салалары;

В) Денсаулық, білім, мәдениет салалары;

С) Құрылыс, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі;

D) Мәдениет, құрылыс салалары;

Е) Ауыл шаруашылық, білім салалары.

5.8 Негізгі қорлардың тозу түрлері:

А) Табиғи, сапалық;

В) Өндірістік, өндірістік емес;

С) моральдық, өндірістік

D) Сапалық, пассивті;

Е) Активті, өндірістік.

5.9 Техникалық прогресс салдарынан негізгі құралдардың құнсыздану процесі.

A) күрделі жөндеу;

B) сапалық тозу;

C) сандық тозу;

D) табиғи тозу;

E) нақты тозу.

5.10 Қор сыйымдылығы –бұл:

А) Өндірілген өнімнің әрбір теңгесіне келетін НҚ құнының үлесін көрсететін шама

В) НҚ құнының бір теңгесіне келетін өндірілген өнімнің көрсеткіші

С) Пайда алу үшін ұзақ мерзімді салынған салым

D) көптеген өндірістік циклде қызмет ететін ,өзінің құның дайын өнімге тозуына қарай бөлшектеп өткізбейтін капитал

Е) Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың қосындысын құрайды
5. Шығарылуы келтірілген есептер
5.1 Станоктың толық бастапқы құны 10,2 мың теңге, қызмет еткен мерзімі-8 жыл.Жаңартуы 2,3 мың теңгені құрды, демонтаждау шығыны -0,2 мың теңге, станоктың қалдық құны-0,5 мың теңге.Жылдық амортизациялық көшірім сомасы мен амортизация мөлшерін анықтау керек.
Шешімі:

1. А=10,2+2,3+0,2-0,5/8=1,525 мың теңге

2. Акм=10,2-0,5/10,2*8*100%=9,7/81,6*100=11,9%
5.2 Кәсіпорында негізгі өндіріс қорларының топтары бойынша жыл мезгілінде және жыл басында , жыл аяғына дейінгі өзгеруі кесте 5.4

берілген, мың теңге):


Кесте 5.4




Негізгі қордың топтары

Жыл басында

Жыл бойы өзгеруі:өсуі+,кемуі-

1.

Өндірістік үйлер

341510

-

2.

Ғимараттар

64610

-

3.

Беріліс қондырғылар

36920

+440

4.

Жұмыс машиналары және жабдықтар

378430

-23500

5.

Күш машиналары мен жабдықтар

18460

-530

6.

Өлшеуіш приборлар мен зертханалық жабдықтар

23998

-810

7.

Есептеуіш техника

21229

+750

8.

Көлік құралдары

22152

-910

9.

Басқадай негізгі құралдар

15691

-230




Барлығы:

923000




Бір жылғы тауарлы өнімнің көлемі 1236820 мың теңгені құрайды. Негізгі өндіріс қорының жыл басындағы құрылымын және қорқайтарымдылығын анықтау керек.



Шешімі:

Негізгі өндіріс қорының құрылымы:




1

2

3

4

5

6

7

8

9

37%

7%

4%

41%

2%

2,6%

2,3%

2,4%

1,7%


Ққ=Нөн/НҚож

Қ = 923000+(440+23500+750-530-810-910-230) / 2 = 934105 мың теңге

Ққ = 1236820 мың теңге / 934105=1,32 мың теңге
5.3 Өндіріске жана техниканы ендіру жоспарланған , оның құны 54 мың теңге , ол 3 айдан жұмыс атқаруы тиіс және екі техниканы жойып,оның құны 3,6 мың теңге, ол 9 ай өндірісте жұмыс істеген.Негізгі қордың бастапқы құны 185,6 мың теңге болған. Осы көрсеткіштерлі қолдана отырып кәсіпорындағы негізгі өндіріс қорының орташа жылдық құнын анықтау керек.
Шешімі:
НҚөжқ=185,6+(54*3)/12-3,6(12-9)/12=198,2 мың теңге

6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар

5.4 Кәсіпорында жыл басында негізгі өндіріс қоры 2825 мың теңге болды. Негізгі қорды жыл бойы өндіріске жаңадан ендіру және өндірістен шығару көлемі кестеде келтірілген. Осы мәліметті қолданып, негізгі өндіріс қорларының жылдық орташа және өндірістен шығып қалған негізгі қордың құнын, сонымен бірге негізгі қордың шығу және жаңалау коэфициентерін анықтау керек.

5.5 Тоқыма фабрикасы екі ауысымды жұмыста істейді, жыл басында тоқыма станок саны – 500. Бірінші сәуірде 60 станок орнатылады, ал бірінші тамыз 50 станок өндірістен шықты. Жылдық жұмыс күн саны – 260, жоспарда жай жөндеуден өткізу кезінде станоктың тоқтап қалуы – 5%, бір станоктың өнімділігі сағатына – 4 метр мата шығару, жоспар бойынша – 7500 мың метр мата шығару. Фабриканың мата шығару өндірістің қуаттылықты пайдалану коэфициентерін есептеп шығару керек.

5.6 Келесі жағдайдағы цехтың өндіріс қуаттылығын және қуаттылықты пайдалану коэфициентін анықтау керек. Цехте 100 бірлік бір типтес жіп иіру станогы бар. Бірінші қарашада тағы да 10 бірлік орнатылды, бірінші мамырда 6 бірлік шығып қалды, жылына жұмыс саны – 258, жұмыс тәртібі - екі ауыспалы жұмыс, ауыспалы жұмыс ұзақтығы - 8 сағат, жабдықтардыжөндеу бос тұрып қалуы жұмыс тәртібі – 6 %, бір станоктың сағатына өнімділігі 3 – бөлшек, жыл бойы өндіру жоспары – 170000 бөлшек.

5.7 Кәсіпорының материалдық активтерінің түр құылымын талдау және анықтау керек. Кестеде келтірілген мәліметті қолдана отырып "Қостанай" акционерлік қоғамның негізгі материалдық активтерінің міндетті түр құрамын анықтау қажет. Талдау жасау мезгілінде кәсіпорын ұрылым мәліметтің тенденциясының біршама өзгеруіне қорытынды жасау керек. "Қостанай" АҚ соңғы 5 жылдардың аяғында материалдық активтерінің мөлшері төмендегі кестеде (кесте 5.5) келтірілген:

Кесте 5.5




Материалдық активтердің элементі

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл (бағалау)

Төртінші жыл (бағалау)

Бесінші жыл (бағалау)

Негізгі өндіріс қоры

16850

17100

17800

18900

19800

Өндірістік айналым қоры

4550

4700

4950

5800

6700

Әлеуметтікке арналған мүлік

4300

4250

4050

3900

3200

Жиынтығы

25700

26050

26800

28600

29700


5.8 Негізгі өндіріс қорының белсенді үдемелі құрылымын анықтау керек, егер жыл басында кәсіпорында келесі жабдықтар болған:

станоктар:

токорлық – 47 дана, әрқайсысы 10000 теңгеден;

фрезерлік – 60 дана, әрқайсысы 8000 теңгеден;

тесетін – 35 дана, әрқайсысы 5000 теңгеден;

фрезерлік (сандық басқару бағдарламада) – 20 дана, әрқайсысы 15000 теңге.



5.9 Цехта 500 жабдық бірлігі орнатылған, оның ішінде жұмыс істеуге жарамдысы – 490 бірлігі, оның жұмыс істеп тұрғаны – 485 бірлік. Бірінші алмасуда 480 бірлігі жұмыс істеді, екіншісінде 350. Сонымен, жабдықтың жұмыс істеуге жарамды коэффициентін, орнатылған жабдықтардың ауысу коэффициентін, станоктардың пайдалану коэффициентін анықтау керек.

5.10 Кәсіпорынның келесі мәлімет бойынша жылдық өндіріс қуаттылығын анықтау керек. Кәсіпорында жұмыс режімі үздіксіз, жыл бойы өндірісті тоқтату уақыты жоспар бойынша – 10 күн. Өндірісте 3 ауысу, әр ауысудағы жұмыс ұзақтығы – 7 сағат, бір бұйымды шығару бойынша – техникалық өнімділік бірлігі – 30 мин, жабдық бірлігінің саны – 10.

5.11 Жермен жұмыс істейтін бригаданың жылдық өндіріс қуаттылығын анықтау керек. Бригада құрамында 15 адам, жұмысшылардың жоспарлы уақыт қоры – 228 күн, ауысу ұзақтығы – 7 сағат, звено құрамында 3 адам, өндіру мөлшері – 0,3 м/сағат.

5.12 Цехтағы заттай маманданған агрегат (тоқыма машинасы) жабдықтарының жылдық өндіріс қуаттылығын келесі мәліметтерарқылы анықтау керек: агрегаттың өнімділігі – 150 кг/сағатына, жұмыс режімі – 3 алмасу, әрбір алмасудың ұзақтығы 7 сағат. Жоспар бойынша күрделі жөндеуге 2 күн және тоқтап тұруға 4 % қаралған. Жылына демалыс – 104 күн, мейрам күндер саны – 8, мейрам алдында жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқартылады.

5.13 Кәсіпорында үнемі жұмысістейтін агрегаттың жылдық өндіріс қуаттылығын есептеу керек, егер бір мезгілде пеш сиымдылығы – 100 тонна шикі метериалға арналса, шикізаттың салмағынан – 0,5% жарамды өнім шықса,бір циклдің ұзақтығы – 6 сағат. Агрегат үздіксіз жұмыс істейді. Жоспарлы тоқтату мерзімін 3 күнге белгілеп, күрделі жөндеуден өткізу және 6% күнделікті тоқтату қарастырылған.

5.14 Кірпіш қалаушы бригаданың жылдық өндіріс қуаттылығын (м2) анықтау керек. Негізгі мәліметтері: бригаданың құрам саны – 30 адам, жылына жұмыс күндері – 240, еңбек сиымдылығы 1 м2- 0,9 адам-күн, өндіру мөлшерінің орындалу коэффициенті – 1,2.

5.15 Механизацияланған құрылыс бөлімшеде жыл басында экскаваторлар: 4 – маркасы Э-1252, 7- маркасы Э-652 және 5 – маркасы Э-505 жоспарланған. Бірінші қыркүйекте бөлімше қосымша 6 – маркасы Э-505 экскаваторлар алуы тиіс. Орта сағаттық есепте экскаваторлардың өнімділігі: Э-1252 160м3, Э-652 – 123 м3, Э-505 – 90 м3. Жылдық жұмыс уақыт қоры 4100 сағат көлемде жоспарланған. Бөлімшенің жылдық өндіріс қуаттылығынанықтау керек.

5.16 Бірінші қаңтарға цехтің өндіріс қуаттылығы – 11 мың бұйым болды. Жоспар бойынша бірінші наурызда цехтің қуаттылығы 1 мың бұйымға өсіріледі, ал қыркүйекте тағы да 300 бұйымға өсіріледі. Ортажылдық кірістегі және шығыстағы қуаттылықты анықтау керек.

5.17 Цехтың жалпы алаңы – 832 м, бір бұйымды жинауға керекті алаң – 104 м, бір бұйымды жинауға жұмсалған уақыт – 48 сағат, цехтағы жұмыс режімі – 248 күн (жылына), цехта 2 ауысу, әрқайсысы 8 сағаттан, жылына өндіріс бағдарламасы бойынша 640 бұйымды өндіру жоспарланған. Цехтың қуаттылығын және өндіріс қуаттылығының пайдалану коэффициентін анықта.

5.18 Кәсіпорын 500 станокпен жабдықталған, демалыс және мейрам күндер саны – 254 күн. Жұмыс істеген цехта 2 ауысу, әр ауысуда 8 сағаттан жұмыс атқарған. Жабдықтарды жөндеуге 41 мың станок-сағат тоқтатылу қарастырылған. Жабдықтардың жылдық күнтізбе, режимдік және жоспарлы уақыт қорын анықтау керек.
7. Ұғымдар мен терминдер
Кәсіпорынның негізгі қоры

Негізгі қорлардың тозуы

Табиғи тозу

Сапалық тозу

Экономикалық тозу

Амортизациялық аударым

Амортизациялық қаражат

Амортизациялық резерв

Амортизациялық қор

Негізгі қорлардың өтелімі

Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті

Негізгіқорлардың жарамдалық коэффициенті

Тозу коэффициенті

Негізгіқорлардың жаңартылу коэффициенті

Қор сиымдылығы

Қормен қамтамасыз етілуі

Қор қайтарымы
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Өндірістік негізгі қорлар дегеніміз не?.

2. Негізгі қордың бөліну түрлерін атаңыз.

3. Негізгі қорды қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін атаңыз

4. Өндірістік емес негізгі қорлар дегеніміз не?

5. Еңбек өнімділігі дегеніміз не?

6. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?

6. Негізгі өндірістік қорлардың тозуының қандай түрлерін білесіз?

8. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштерін атаңыз.

9. Кәсіпорындарда негізгіқорлардыпайдалануды жақсартудың негізгі бағыттарына тоқталыңыз

10. Негізгі қорлардың сиымдылығына қалай түсінесіз?


Тақырып 6

ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады.

Қазақстанның отын – энергетикалық кешені аса ауқымды. Қазақстанда отын – энергетикалық ресурстарды өндіру және өңдеу, оларды қолдануға ыңғайлы етіп тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін мүмкіншілігі мол кәсіпорындар, құралдар мен құрылғылар бар.

Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:


  • минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

  • жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық – техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Еңбек заты ретінде шикізат және отын – энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстарды әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.

Өңделмеген шикізат деп жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз.

Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өңдірістің өнімі жатады. Материалды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.

Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды.

Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді.

Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.

Отын – энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.

Кең мағынада нақты отын – энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтады.

1. Табиғи отын – энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) – көмір, мұнай, табиғи жен пайдалы газ; судың, жердің табиғи механикалық энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буынның күші жатады.

2. Отын реурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.)

3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (қайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пайдаланылған газ, өндірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).

Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығында пайдаланатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

І. Өндірістік шикізат – бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.

ІІ. Ауыл – шаруашылығының шикізаты – бұл ауыл – шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өндірістік шикізат өз алдында екі кіші топқа бөлінеді:



  • минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

  • жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

сіресе минерал тектес табиғи шикізаттар түрі кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық – шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:



  • өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші, қосымша;

  • экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнімі;

  • алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл – шаруашылықтық;

  • шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазбасы;

  • өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;

  • өндеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама (қалдықтыр, көмекші өнімдер).

Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл – шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиғи – климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл – шаруашылық өнімдері шығарылады.

Ауыл – шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың бірден – бір шартты аймақтық мамандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш – шығымдылық пен сапа.

Өнеркәсіптің минералдық – шикізаттық базасы – жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары. Сайып келгенде, минералдық – шикізаттық базалардың негізгі пайдалы қазбаларды анықтау болып табылады.

Ғылым мен жаңа технологияның дамуы нәтижесінде жер қойнауынан тиімді қазып алынатын және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылатын өнім шығаруға жарамды минералдық – шикізаттық қорларды пайдалы қазбалар деп атайды.

Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбалар келесі топтарға бөлінеді.

І. Жанатын қазбалар (көмір, жанатын тақта тастар, шымтезек, мұнай, табиғи газ).

ІІ. Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек металдар);

ІІІ. Металл емес пайдалы қазбалар (химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын шикізат, құрылыс материалдары, қара металлургия үшін металл емес шикізат).
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(6.1 және 6.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 6.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы




2

Жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты




3

Ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы




4

Ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінеде пайдаланылады




5

Жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары




6

Ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар




7

Экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан қазып алуға жарамсыз деп танылған қорлар




8

Теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор




9

Бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады




10

Халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің кешенді сипаттамасы




11

Өндірістік шикізат алдында екі кіші топқа бөлінеді




12

Дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді




13

Ғылым мен жаңа технологияның дамуы нәтижесінде жер қойнауынан тиімді қазып алынатын және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылатын өнім шығаруға жарамды минералдық – шикізаттық қорлар




14

Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары былайша бөлінеді




15

Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбалар




16

Дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды



Кесте 6.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы

Ә

шикізат ресурстары

Б

теңдестіктен тысқары қорлар

В

өндірістік шикізат

Г

жылу-энергетикалық теңдестік

Ғ

минерал тектес шикізат, жасанды шикізат

Д

көмекші материалдар

Е

негізгі, көмекші

Ж

негізгі материалдар

З

өңделмеген шикізат

И

жанатын қазбалар, минералды қазбалар, металл емес қазбалар

К

өндірістік қорлар

Л

ауыл шаруашылығының шикізаты

М

пайдалы қазбалар

Н

нақты отын-энергетикалық ресурстар

О

теңдестік қоры


3. Иә/жоқ

Кесте 6.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Шикізат ресурстары - ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады




2

Өңделмеген шикізат- бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады




3

Нақты отын-энергетикалық ресурстар - ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы




4

Ауыл шаруашылығының шикізаты - экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан қазып алуға жарамсыз деп танылған қорлар




5

Өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы - жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары




6

Теңдестік қоры - ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар.




7

Теңдестіктен тысқары қорлар - ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінеде пайдаланылады.




8

Өндірістік қорлар - теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.




Кесте 6.3 жалғасы

9

Өндірістік шикізат - жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты.




10

Жылу-энергетикалық теңдестік - халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің кешенді сипаттамасы.




11

Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды




12

Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді




13

Өндірістік шикізатты үш ішкі топқа бөлінеді




14

Өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер: кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.- отын ресурстары






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
6.1 Ресурстың қосымша бірлігін пайдаланудан түсетін қосымша түсім-бұл:

A) шекті табыс

B) шекті шығын

C) шекті өнім

D) ресурстын шекті өнімінен түскен шекті түсім

E) шекті пайдалылық

6.2 Өндіріс нәтижесі болып есептелетін, адам еңбегі арқылы пайда болған өндіріс жабдықтары?

А) табиғи ресурстар

В) материалдық ресурстар

С) еңбек ресурстар

D) қаржы ресурстар

Е) дұрыс жауап жоқ.

6.3 Ресурстарды пайдаланудың тиімді комбинациясы қай нүктеде орналасқан:

A) изокванта мен изокостаның қиылысуында

В) изокванталардың координаттар осьтермен қиылысуында

C) екі көршілес изокванталардың жанасуында

D) изокванта мен изокостаның жанасуында

Е) А мен С жауаптары дұрыс.



6.4 Ресурстарды тиімді пайдаланудың қағидасы:

A) MRP < MRC;

В) MRP > MRC;

С) P = MC;

D) MRP = MRC;



Е) MR = MC.

6.5 Тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары:

А) адами ресурстар;

В) материалдық ресурстар;

С) эконoмикалық ресурстар;

D) кәсіпкерлік;

Е) еңбек ресурстары;

6.6 Шикізат ресурстары дегеніміз не?

А) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.

6.7 Өндірістік шикізатты неше ішкі топқа бөлуге болады?

A) 2

В) 3


C) 4

D) 5


E) 6

6.8 Ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар қалай аталады?

A) теңдестіктен тысқары қорлар;

B) өндірістік қорлар;

C) теңдестік қоры;

D) еңбек заты;

E) дұрыс жауабы жоқ.

6.9 Өңделген шикізат дегеніміз

A) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.

6.10 Нақты отын-энергетикалық ресурстар

A) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.
5-6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар

1. Төмендегі кестеде (кесте 6.4) Қазақстан Ресубликасының отын-энергетикалық ресурстары жеке түрлерінің әр жылдардағы өндіріс қарқыны көрсетілген. Берілгендерді пайдалана отырып отын-энергетикалық ресурстардың жыл сайынғы өсу қарқынын абсолюттік және пайыздық шамада қаншалықты өзгеріп отырғанын есептеңіздер және қорытынды шығарыңыздар.

Кесте 6.4



ОЭР түрі

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

6


Көмір, мың тонна

73731

87907

86875

86617

87316

Электр энергиясы, млн кв/сағ

58331

63866

66942

67920

67819,1

Мұнай, мың тонна

42067

45376

50672

50870

51258,2

Газ конденсаты, мың тонна

5204

6075

8813

10616

10660,0

Табиғи газ, млн м3

14109

16597

22102

24973

25178,3

Темір рудасы, мың тонна

17675

19281

20303

19471

19445,1

Мыс рудасы, мың тонна

36703

34887

30383

34067

33740,0

Қорғасын – мырышрудасы, мың тонна

6163

6368

6327

6620

6599,7

Боксит, мың тонна

4377

4737

4705

4815

4815,3

Марганец рудасы

1835

2369

2318

2233

2207,7

Хром рудасы

2370

2928

3287

3581

3579,0

7. Ұғымдар мен терминдер

Шикізат ресурстары

Өңделмеген шикізат

Кен өндіруші өндіріс

Табиғи отын

Отын реурстары

Өндірістік шикізат

Ауыл – шаруашылығының шикізаты

Минерал тектес табиғи шикізаттар

Негізгі ресурстар

Көмекші ресурстар

Жанатын қазбалар

Қазбалар қорын барлау және зерттеу

Металл емес пайдалы қазбалар

Нақты отын-энергетикалық ресурстар

Өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы

Өндірістік қорлар
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Ел экономикасы мен кәсіпорын жұмысындағы шикізат пен отын – энергетикалық ресурстардың атқаратын рөлі қандай?

2. Кейінгі жылдары отын – энергетикалық ресурстардың кейбір түрлерін алу мен өндірудің үрдісі қалай өзгереді, оған қандай факторлар әсер етті?

3. Материал мен отын түсінігі және олардың мәні.

4. Өндірістің минералдық – шикізаттық базасы мен пайдалы қазба дегеніміз не?

5. Пайдалы қазбаларқорын анықтау және оны экономикалық бағалау.

6. Отын – энергетикалық ресурстар дегеніміз не және оның мәні мен құрылымы?

7. Қоғам өндірісіне отын – энергетикалық теңдестіктің құрылымын жетілдіру қалай әсер етеді?

8. Отын – энергетикалық теңдестіктің құрылымын жетілдірудің қандай негізгі бағыттары бар?

Тақырып 7

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ

(АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ)

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Айналым қаражаты (капиталы) – бұл кәсіпорындардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым қаражаты өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсіпте айналым қаражаты айналым қорлары және ақшалалай айналыс қорлары болып екі топқа бөлінеді.

Басқалай айтқанда,

Айналым қаражыты = айналым қоры + ақша күйіндегі айналыс қоры

Өндірістің айналым қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Өндірістің айналым қоры табиғи және ақшадай көрсеткіш арқылы сипатталады.

Айналым қаражаты өндіріс саласында қызмет атқару барысында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Өндірістік айналым қоры үш бөліктен тұрады:



  • өндірістік қор

  • аяқталмаған өндіріс және кәсіпорынның өздері әзірлеген жартылай фабрикаттар (шалафабрикаттар)

  • келешек кезеңнің шығындары

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген ақша қаражаттары жатады.

Кез келген фирманың айналым қаражаттарын жұмсау барысындағы негізгі мақсатының бірі ол - ресурстарды сақтау, үнемдеу приципын қолдана отырып, өндірісті интенсивтендіру болып табылады.

Үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету шараларының жалпы жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу негізгі орынды алады – оны шикізат, материал, жанармайдың өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын, өнім сапасына, беріктігіне, ұзақ уақыт қолданылуына зиянын тигізбей қысқарту деп түсіну керек.

Айналым қорларының үнемделуінің экономикалық мәні мынада:



  • шикізаттың, материалдардың, жаңармайдың үлестік шығындарын төмендету өндіріске үлкен экономикалық пайдалықты қамтамасыз етеді.

  • материалдық ресурстарды үнемдеу, өндіріске жаңа, әрі үнемді материалдарды енгізуге мүмкіндік береді;

  • материалдық ресурстарды үнемдеуге талпыну, жаңа техниканы енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге итермелейді;

  • материалдық ресурстарды тұтынудағы үнемдеу өндірістік қуаттылықтарды қолдануды жақсартуға және қоғамдағы еңбек өнімділігінің жоғарлуына себепші болады.

Айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту - өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең маңызды мақсаттарының бірі. Шикізат, жаңармай, көмекші материалдар неғұрлым тиімді пайдаланылса, соғұрлым олар өнімді жасауға аз мөлшерде жұмсалады деп қорытынды жасауға болады.

Бұл тұрғыда мынадай екі көрсеткішті қарастыруға болады: материалдық ресурстарды жұмсау көрсеткіштері және оларды тиімді пайдалану көрсеткіші.



Материалдық ресурстарды жұмсау – олардың өндірістік тұтынылуын көрсетеді. Өндірістегі шығындар өнімді шығару бағдарламасын орындауға кеткен материалдық ресурстардың барлық шамасын қамтиды. Материалдық ресурстарды тұтыну жалпы және үлестік шығындар бойынша сипатталады.

Бір тектес материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралды түрде көрсетіледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жинақталған шығынын ақшалай түрде өрнектеп көрсету қолайлы.

Ресурстардың үлестік шығыны дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында бір өнім бірлігін өндіруге кеткен шығын. Оны табу үшін барлық шығын санын немесе оның ақшалай мөлшерін өндірілген өнім көлеміне бөлу керек.
Y=P/Ө.

Мұндағы


Y - ресурстың үлестік шығыны

Pжұмсалған барлық шығын

Ө – өндірілген өнім көлемі

Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайтын маңызды көрсеткіш - материал сиымдылығы (Мс) және оған кері көрсеткіш - өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ).

Материал сиымдылығы (Мс) және өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ) тауары өнім көлемінде (Тө) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.

Мс = Мшө (7.1)
Мқ = Тө / Мш (7.2)
Осы екі көрсеткішті сатылатын өнім көлемімен есептейтін болсақ былайша өрнектеп көрсетуге болады:

Мс = Мшө (7.3)

Мқ = Сөш (7.4)

Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады:



  • айналым қаражатының айналым коэффициенті;

  • айналым қаражатының жүктелу коэффициенті;

  • айналым қаражатының айналыс коэффициенті;

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) –бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді:

Ка = Сө / Ақ (7.5)

мұнда Ка- айналым құралының айналым коэффициенті;

Сө - сатылатын өнім көлемі, теңге;

Ақ – айналым қорының орташа жылдық құны, теңге.

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш –айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының соммасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бірі теңгесімен сипатталынады.


Кж = Ақ / Сө (7.6)

мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффициенті .

Неғұрлым айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым қаражаты тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорында айналым қаражатының айналымдылығы келесі факторларға байланысты болып келеді: өндіріс циклінің ұзақтығына, шығарылатын өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы (Кұз) күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралым неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс цикілінің ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді:

Кұз = К / Ка (7.7)

мұнда К – мезгелдегі күн саны (360,90,30)


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(7.1 және 7.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 7.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі




2

Еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өндеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер




3

Бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталатын көрсеткіш




4

Кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы




5

Өндірісте техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі




6

Айналым құралының айналу жылдамдығы




7

Негізгі маериалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық




8

Материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады





Кесте 7.1 жалғасы

9

Өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескеретін зат




10

Бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі




11

Өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі




12

Өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, макулатура т.б.)




13

Технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру – техникалық қалдық шығындарға жататын бөлік




14

Айналым құралын жүктеу коэффициенті




15

Ресурстардың үлестік шығыны




16

Өзара кәсіпорындардың тәжірибе жұмыстарындағы есептері, тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдау, кәсіпорындардың ұйымдастыру – техникалық даму деңгейлерінің барлық өзгеруін есепке алу



Кесте 7.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

Бірінші және негізгі элемент мөлшері

Ә

Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны

Б

Қайтарылатын қалдық

В

Шығын мөлшері

Г

Коэффициенттік әдіс

Ғ

Кұз = К / Ка

Д

Мөлшерлік база

Е

Кж = Ақ / Сө

Ж

Аяқталмаған өндіріс

З

айналым коэффициенті

И

Y=P/Ө

К

Айналым капиталы

Л

Қайтарылмайтын қалдық

М

Шығын

Н

Қалдық

О

Екінші элемент мөлшері

3. Иә/жоқ

Кесте 7.3





Тұжырым

Иә/жоқ

1

Шығын мөлшері - бұл өндірісте техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі




2

Бірінші және негізгі элемент мөлшері - бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайджалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі




3

Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі




4

Аяқталмаған өндіріс - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді




5

Қалдық - бұл негізгі маериалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық




6

Шығын - бұл элементтері бойынша мөлшер құрастырылады




7

Мөлшерлік база - кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерлікиер мен барлық мөлшер жиынтығы




8

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) - бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады




9

Екінші элемент мөлшері - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді




10

Қайтарылатын қалдық - бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады




11

Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны - бұл өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі.




12

Қайтарылмайтын қалдық - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, макулатура т.б.)




13

Үшінші элемент мөлшері - технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру – техникалық қалдық шығындары жатады




14

Талдау әдіс - өндіріс көлемінің өсуін, айналым құралдарының орташа нақты қалдық мөлшерін ескеріп, қажеттілікті анықтауды болжайды




15

Коэффициенттік әдіс - өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді запастар мен шығындар ( шикізат, материалдар, аяқталып бітпеген өндіріс шығындары, қоймадағы дайын өнім) және оған тәуелсіз (запс бөлшектер, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, алдағы мезгілде жұмсалатын шығындар) болып бөлінеді




16

Тура есеп әдісі - өзара кәсіпорындардың тәжірибе жұмыстарындағы есептері, тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдау, кәсіпорындардың ұйымдастыру – техникалық даму деңгейлерінің барлық өзгеруін есепке алу




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
7.1. Айналым құралы – бұл:

A) Өзінің құнын біртіндеп өнімге аударатын құралдар;

B) Өндірістің бір циклінде тұтынылып, толығымен қолданылатын өндіріс қорының бір бөлігі;

C) Өзінің заттай түрін өзгертпейтін еңбек заттары;

D) Өндіріс циклінде қызмет етіп, өндіріс үрдісінде біраз қатысатын құралдар;

E) Өзінің заттай түрін өзгертпейтін, ұзақ уақыт өндірісте қызмет ететін еңбек құралы.

7.2 Төмендегілердің қайсысын ауыспалы капиталға жатқызуға болады?

A) Адамның жұмыс қолы;

B) Еңбек бұйымы;

C) Тұтынушы бұйымдар;

D) Өндіріс құралдары;

E) Қоспа заттар.

7.3 Айналым құралы айналымдық үрдісінде неше сатыдан өтеді?

A) 3;


B) 2;

C) 4;


D) 5;

E) 6.


7.4 Айналымдық қаражаттарға төмендегілердің қайсысы жатады?

А) айналым қорлары мен айналыс қорлары;

В) еңбек ресурстары және дебиторлық берешек;

С) дайын өнім және қойма үйлері;

D) ақша – қаражаттары және құрал – жабдық;

Е) компьютерлер мен бағдарламалық өнімдер;

7.5 Бір жылдағы айналымдық қаражаттардың айналымдық коэффициенті 10 айналымды құрайды, бір айналымның ұзақтығы неге тең?

А) 0,02 күн;

В) 36,5 күн;

С) 36 күн;

D) 0,03 күн;

E) 0,25 күн.

7.6 Қандай әдісте өндіріс көлемінің өсуін, айналым құралдарының орташа нақты қалдық мөлшерін ескеріп, қажеттілікті анықтауды болжайды?

А) Кері есеп әдісінде

В) Тура есеп әдісінде

С) Коэффиценттік емес әдісте

Д) Коэффицеттік әдісте

Е) Талдау әдісінде

7.7 Дайын өнім төмендегілердің қайсысына жатады?

А) аяқталмаған өндіріске;

В) айналыс қорына;

С) қарыздық айналым қаражаттарына;

D) еңбек затына;

E) еңбек құралдарына.

7.8 Материал сыйымдылығына кері көрсеткіш:

А) Қор қайтарымдылығы

В) Капитал сиымдылығы;

С) Еңбек сиымдылығы;

Д) Материал қайтарымдылығы

Е) Қор сыйымдылығы

7.9 Айналым құралының айналым коэффиценті қалай сипатталынады?

А) Сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен

В) Жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен

С) Айналым құралының айналу жылдамдылығымен

Д) Мезгілдегі күн санының айналым коэфицентіне қатынасымен

Е) Өндіріс циклінің ұзақтығының айналым коэффицентіне қатынасымен.

7.10 Айналым құралын жоспарлағанда келесі үш әдісті қолданады:

А) талдау, коэффициенттік және тура есеп әдісі;

В) синтетикалық, тарифтік және жанама есеп әдісі;

С) статистикалық, талдау және ортажылдық есеп әдісі;

D) нақты мәлімет, болжамдау мәліметі және тура есеп әдісі;

Е) дұрыс жауабы жоқ.


5. Шығарылуы келтірілген есептер
7.1 Болаттан дайындалған бұйым бөлшегінің таза салмағы -96 кг., болатты жұмсау мөлшері – 108 кг . Жылына 3000 бұйым шығарылады. Болытты тоқсанда бір рет жеткізу жоспарланған. Көлік запасы – 2 күн. Болатты пайдалану коэффициентін және өндіріс запасының көлемін анықтау керек.

Шешімі:

а) Өзм = Қөтк, + Қсақ‚+ Кқол

б) Омсм.ш м) х q /Тс= 108х3000/360 = 900 кг немесе 0,9т

в) Қөтк = Oмс х Mж = 0,9 х 90 = 81 т;

г) Қсақ = 50 % х Қөтк = 50 % х 81 = 40,5 т;

д) Кқол = 0,9 х 2 = 1,8 т;

е) Өзм = 81 + 40,5 + 1,8 = 123,3 т;

ж) Kп = Бтс : Жмшм ) = 96 : 108 = 0,89.



7.2 Өткен жылы шығарылған трактордың қуаттылығы 110ат күшін құрды, ал оның салмағы 3056 т Биылғы жылы тракторды келесі көрсеткіштермен шығара бастады: қуаттылығы -150 ат күші, оның салмағы бұрынғы базалық модельмен салыстырғанда 10%- ға көбейді. Жаңа модель мен ескі трактордың салыстырмалы материал сиымдылығын анықтау керек.

Шешімі:

а)Сбс = Бтс / Мбс

б) Сб.с.(өткен жыл) = 3560/1110 = 32,364 кг/ат күш;

в) Сб.с.(биылғы жыл) = 3560 х 1,1/150 = 3916 кг/ 150 ат күш = 26,107 кг/ат күш.



7.3 Станоктың таза салмағы – 350 кг, өндеуден қолданылатын қалдықтың нақты көлемі- 92 кг. Технологияны жақсартудың нәтижесінде станокта бөлшекті дайындағанда 10%- ға қалдықты азайту жоспарланған. Технологияны өзгертудің алдыңда және одан кейінгі жұмыстарға байланысты қалдық үлесін және металды пайдалану коэффициентін анықтау керек.

Шешімі:

а) технологияны өзгертілгеннен кейінгі нақты қалдық =92·0,9=82,8 кг

б) металды пайдалану коэффициенті Кn= Б тс / Жмш;

технологияны өзгертуге дейін Кn = 350 / (350 +92) = 350/442 = 0,79

технология өзгертілгеннен кейін Кn = 350/ (350 +82,8) =350/432,8 = 0,81

в) қалдық үлесі: К = (Qc / Жмш) х 100;

технологияны өзгертуге дейін К = (92/350) х 100 = 26,3%

технология өзгертілгеннен кейін К = (82,8/350) . 100 = 23,7%


6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
7.4 Станоктың таза салмағы – 350 кг, өндеуде қолданылатын қалдықтың нақты көлемі – 92 кг. Технологияны жақсартудың нәтижесінде станокта бөлшекті дайындағанда 10%-ға қалдықты азайту жоспарланған. Технологияны өзгертудіңі алдында және одан кейінгі жұмыстарға байланысты қалдық үлесін және металды пайдалану коэффициентін анықтау керек.

7.5 Кәсіпорынның шығарған бұйымының таза салмағы – 38 кг, жылдық өнімі – 3000 дана. Қазіргі кездегі материалды пайдалану коэффициенті – 0,8, кәсіпорын оны 0,82-ге дейін өсіруді жоспарлады. 1 кг материалдың құны – 42 теңге.

Материалды жұмсау мөлшерін қазіргі және жоспарлы мезгілде, материалды пайдалану коэффициентін көтерудегі үнемді натуралды және құндай өлшеміндегісін анықтау керек.



7.6 Кәсіпорын 1 тоқсанда 250 мың теңгеге өнім сатты, осы тоқсанда айналым құралының қалдығы 25 мың теңгені құрады. Екінші тоқсанда өнімді сату көлемі 10% өсті, ал бір айналым құралының айналымдығы 1 күнге қысқарды. Анықтау керек:

а) айналым құралының айналымдылық коэффициентін және 1-ші тоқсандағы бір айналымның ұзақтығын (күн);

б) айналым құралының айналымдылық коэффициентін және 2-ші тоқсандағы абсолюттік шамасын;

в) айналым құралының бір айналым ұзақтығын қысқарту қорытындысында айналым құралының өндірістен босатылуын.



7.7 Кәсіпорында есепті жылы өнімді сату көлемі 600000 мың теңгені құрады, ал есепті жылы – 612000 мың теңгеге жетті, айналым құралының орта жылдық қалдығы тиісінше 120000 мың теңге және 110500 мың теңге. Айналым құралының айналу коэффициентін, бір айналымның ұзақтығын, айналым құралының жүктеу коэффициентін анықтау керек.

7.8 Кәсіпорының айналым құралының мөлшері – 3300 мың теңге. Өнімді сату жоспары – 19,8 млн. теңге. Анықтау керек:

а) айналым құралының айналымдылық коэффициентін (қанша рет);

б) бір айналымның ұзақтығын (күн).

7.9 Жылдық өнімді сату жоспар бойынша 17100 мың теңге. Айналым құралының мөлшері 380 мың теңге болып белгіленген. Ұйымдастыру шараларын жүргізудің арқасында бір айналымның ұзаұтығы 2 күнге қысқарған. Анықтау керек:

а) бір айналымның жоспардағы ұзақтығын (күн);

б) бір айналымның нақты ұзақтығын (күн);

7.10 Кәсіпорын үш түрлі метал өнімін өндіреді, кестеде келтірілген мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек (кесте 7.4):

а) металды пайдаланудың жалпы коэффициентін (%)

б) метал қалдығының денгейін (%)

в) материал сиымдылығын (кг/теңге)

Кесте 7.4


Бұйымдар

Саны,дана

Бұйымның таза салмағы,кг

1т. металдың бағасы, теңге

Жалпы жұмсалатын метал, кг

Дайын өнімнің құны, теңге

А

100

0,5

1000

70

150

Б

150

0,4

1000

90

200

В

300

1,0

1000

350

650

7. Ұғымдар мен терминдер
Кәсіпорынның айналым қаражаты

Өндірістік айналым қорлары

Айналым қаражатының құрылымы

Айналым қаражатын мөлшерлеу

Айналыс қоры

Айналым қаражатының нормативі

Айналым қаражатының айналымдылығы

Айналым қаражатының қайтарымдылығы

Ақшалай қаражат айналымы

Босалқы қорлар айналымы

Төлем айналымы

Нормаланатын айналым қаражаты

Нормаланбайтын айналым қаражаты
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Айналым қаражаттары дегеніміз не және оның мәні неде?

2. Айналым қорларының құрамына қандай ақша қаражаттары жатады?

3. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?

4. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын нені пайдаланады?

5.Айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету жолдарын атаңыз

6. Қандай факторлармен айналым қаражатының қажеттілігін анықтайды?

7. Кәсіпорында айналым қаражатын тиімді пайдалануда қандай көрсеткіштермен өлшенеді?

8. Әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі неге байланысты болады?

9. Айналым құралын жоспарлағанда және оған деген қажеттілікті қандай әдістермен анықтайды?

10. Қандай факторлармен айналым қаражатының қажеттілігін анықтайды?

11. Айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздеріне тоқталыңыз

12. Айналым қаражатының айналымдылығы деңгейіне ықпал ететін факторлар туралы не білесіз?

Тақырып 8

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ


1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты және мамандар жатады.

Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар – бұлар әртүрлі қабілеттегі, ынтадағы және талаптағы адамдар.

Еңбек ресурстары дегеніміз – халықтың еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол бөлігі.

Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі – жұмыс күші. Нарықты экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші – тауар. Бірақ оның басқа тауарлардан ерекшелігі:


  • ол өзінің құнынан анағұрлым артық тұратын құн құрайды;

  • онсыз кез келген кәсіпорынның әлеуетті мүмкінддіктері ешбір жүзеге аспайды;

  • барлық өндірістік және айналым қорларын пайдаланудың тиімділігі де, міне осы жұмыс күшіне тікелей байланысты.

Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы ретінде жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш-қуат және интеллектік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші тікелей адамның белгілі көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.

Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.

Оның негізгі бағыттары:


  • жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;

  • жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстардың жәйін талдау;

  • орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.

Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізімдегі құрамы – мамандардың және жұмысшылардың санын құрайды.

Тізімдегі құрамға: 1) негізгі, 2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған – тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысшылар саны кіреді.

Тізімдегі құрамға – барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы, іс-сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.

Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.



Жұмыскерлердің орта тізімдегі санды – бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір айдағы күндерді қосып (демалыс, мейрам күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.

Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:

а) өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер (негізгі қызмет етушілер);

б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді.

Өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:

а) жұмысшылар;

б) қызметкерлер.

Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.

Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына қатынасын айтамыз.

Қызметкерлердің ең негізгі және көп жақты категориясы – жұмысшылар:



  • өнім өндіруге тікелей қатысады;

  • құрал-жабдықтарды жөндейді және күтім жасайды;

  • еңбек заттарын араластыра өндіріп, даын өнім жасайды.

Кадр даярлаудағы негізгі міндеттер:

  • әрбір қызметкердің өзінің кәсіпорыны жөнінде кең түрде білуі;

  • жұмысшылардың жаңа жетілген және техника түрімен таныс болуы;

  • ұжымның қанағат сезімін күшейту, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің өз бағаларын сезінуі;

  • әрбір қызметкердің жоғары қайтарымды жұмыс атқаруы.

Кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мына нысанда жүргізіледі:

  • жұмыс орындарында;

  • жұмыс процесі кезінде қысқаша кеңестер беру;

  • белгілі бір кезеңге арнап ұйымдастырылған оқу курстары;

  • қысқа мерзімді курстар.

Кәсіп – бұл белгілі бір өндіріс саласында жұмыстар атқару үшін қажетті фактор. Мамандық – кәсіптердің іштей бөлінуі, өндіріс бөлімдерінде, бөлімшелерінде қажетті жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін қосымша дағдылар мен білімдерді талап етеді.

Жоғары деңгейдегі мамандық – бұл күрделі жұмыстард орындауға мүмкіндік беретін білімдер мен машықтанған дағдылардың жиынтығы.

Жұмысшылар біліктілігіне қарай:



  • біліксіз;

  • біліктілігі аз;

  • білікті;

  • жоғары білікті болып бөлініп, тиісті разряд бойынша анықталады.

Мамандар біліктілік категориясына қарай:

  • бірінші категориялы;

  • екінші категориялы;

  • үшінші категориялы болып табылады.

Кәсіпорын жетекшілері өндіріс құрамы және бөлімдері басқару реттеріне қарай жіктеледі. Басқару құрамы бойынша:

  • сызықтық;

  • функциялық;

Бөлімдерді басқару жүйесі бойынша:

  • жоғары топ

  • орта топ;

  • төменгі топ болып бөлінеді.

Нарықты экономикаға өтуге байланысты елімізде білікті қызметкер менеджер жаңа ұғымы пайда болды.

Бұған барлық бөлімдерді басқарушы жетекшілер, жарнама менеджерлері, өнімдерді тиімді сату қызметтеріндегі менеджер-мамандар кіреді.

Кадрларды іріктеуге қолданылатын әдістер:


  • достары мен туған-туыстары арқылы;

  • ақпарат құралдырына хабарландыру беру;

  • радио мен теледидар;

  • құлақтандырулар;

  • халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

Жұмысқа тілек білдірген әрбір үміткермен егжей-тегжейлі сұхбаттасу немесе жазбаша тестер жүргізіледі. Кадрларды жұмысқа қабылданғанда, олармен келісім-шарт жасалынады, онда екі жақтың құқықтары менміндеттері көрсетілуі тиіс.

Атқарушылықты бағалау, бұл жұмысшының жұмыс нәтижелері жөнінде қорытындысы. Атқарушылықты бағалауға:



  • атқарушылықты жетілдіру;

  • шешімдер қабылдау үшін ақпараттар жинау;

  • стандарттың сақталуына мүмкіндіктер жасау;

  • оқытудың және қайта оқытып тиімді жақтары;

  • келешекте атқарылатын істер жөнінде мәліметтер жинау;

  • жжеке тұлғаларды және топтарды кәсіпорынның ең негізгі мақсатына сай ынталандыру;

  • стандартты сақтаудағы негізгі бағыттар;

  • жаңа стандарт және толық атқарымдықты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • сапалық факторларды нығайту және басқа шаралар жатады.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(8.1 және 8.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 8.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші




2

Өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




3

Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерінің, өндірілген өнім көлеміне қатынасы




4

Халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол адамдар




5

Жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өту




6

Мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі




7

Мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді




8

Бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі»





Кесте 8.1 жалғасы

9

Бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




10

Жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




11

Мөлшерді орындағаны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша төленетін ақы, ал егер мөлшерден тыс артық орындағаны үшін жоғарғы бағалы төлемге ие болады




12

Тікелей еңбек қорытындысына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді




13

Нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категриясының жұмыс уақыты




14

Жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды




15

Кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория



Кесте 8.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

еңбек

Ә

еңбекті мөлшерлеу

Б

еңбек сыйымдылығы

В

еңбек ресурстары

Г

талдау әдісі

Ғ

мерзімді еңбекақы төлеу

Д

кесімді еңбекақы төлеу

Е

нақтылы еңбекақы

Ж

көрсетілген еңбекақы

З

тарифтік еңбекақы мөлшері

И

үдемелі-кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

К

жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі

Л

жанды еңбек шығыны

М

аккордты кесімді еңбекақы төлеу

Н

еңбек өнімділігі

3. Иә/жоқ

Кесте 8.3






Тұжырым

Иә/ж

1

Талдау әдісі - жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өтеді




2

Кесімді еңбекақы төлеу – еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді




3

Үдемелі-кесімді еңбекақы төлеу жүйесі дегеніміз есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




4

Аккордты кесімді еңбекақы төлеу - жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды




5

Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




6

Жанды еңбек шығыны - нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты




7

Еңбек ресурстары - халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол адамдар




8

Еңбек сиымдылығы - бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




9

Еңбек - жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




10

Еңбекті мөлшерлеу - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




11

Көрсетілген еңбекақы – бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




12

Нақтылы еңбекақы – бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі»




13

Тарифтік еңбекақы мөлшері – жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




14

Еңбек өнімділігі – кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория




15

Мерзімді еңбекақы төлеу – мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі




16

Талдау әдісі - жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өтеді




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
8.1 Тауар мен қызмет өндіру үшін жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз ететін ел халқының бір бөлігі.

A) экономикалық белсенді халық;

B) еңбекке қабілетті халық;

C) жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар саны;

D) жұмыспен қамтылғандар мен зейнеткерлер саны;

E) А және В жауаптары дұрыс.

8.2 Еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту бұл:

А) қызметті атқаруды бағалаудың мақсаты

В) еңбек нарығының негізгі міндеті

С) атқаруды бағалаудың басты әдісі

D) еңбекақыны өзгерту үшін жасалатын шара;

Е) еңбек нарығының негізгі мақсаты

8.3 Еңбек ресурстары дегеніміз не?

А) жұмыс үрдісінде пайдаланылатын зат

В) қоғамның маңызды өндіргіш күші

С) жұмыс күшін дұрыс пайдалану

D) нұсқалардың ішінде дұрыс жауабы жоқ

Е) қоғамға түскен қаржы көлемі

8.4 Жұмыссыздық дәрежесі қандай көрсеткіштер қатынасымен анықталады?

A) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар санына;

B) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының қосындысына;

C) жұмыссыздар санының жалпы халық санына;

D) жұмыспен қамтылғандар санының жұмыссыздар санына;

E) жұмыссыздар санының еңбекке қабілетті тұрғындар санына.

8.5 Еңбек нарығында:

A) үй шаруашылықтары сұранысты қалыптастырады

B) фирмалар ұсынысты қалыптастырады

C) үй шаруашылықтары сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

D) фирмалар сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

Е) сұранысты фирмалар, ал ұсынысты үй шаруашылықтары қалыптастырады.

8.6 Еңбек ресурстары - бұл:

A) халықтың еңбекке қабілетті бөлігі;

B) маманы бар жұмысшылар;

C) жұмысшылардың жоғары кәсіби деңгейі;

D) жақсы маманы барлар;

E) дайындық деңгейі.

8.7 Негізгі өндірістік жұмысшыларға төмендегілердің қайсысы жатады?

А) карусель станоктарын жөндеуші;

В) электрокара жүргізушісі;

С) дайын өнім қоймасының жүк тасушысы;

D) тігін цехының тігіншісі;

Е) слесарь-сантехник.

8.8 Жұмысшылардан қосымша арнайы білім мен бейімділікті талап ететін кәсіп шеңберіндегі қызмет түрі?

A) кәсіп;

B) мамандық;

C) әмбебаптық;

D) біліктілік;

E) барлық жауаптар дұрыс.

8.9 Шығарылған өнімнің барлық номенклатурасы бойынша натурал түрде өнім бірлігін өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының шығындары не деп аталады?

A) еңбек маусымдығы;

B) өнімнің еңбек сыйымдылығы;

C) жұмыс күшін жалдау;

D) еңбек өнімділігі;

E) жұмысшыларды әмбебаптандыру.

8.10 Өнеркәсіп өндірісіндегі қызметкерлер өздерінің орындайтын қызметіне байланысты екі негізгі категорияға бөлінеді:

А) өндірістік және өндірістік емес қызметкерлер;

В) негізгі және көмекші;

С) кызметкерлер және өндірісте емес қызметкерлер;

D) жұмысшылар және қызметкерлер;

Е) маусымдық және уақытша жұмысшылар.


5. Шығарылуы келтірілген есептер

8.1 Жоспарлы жылы өнім көлемінің құны — 265 млн. теңге болды, есептік жылы — 278 млн теңге болды, Жоспарлы жылы 2 мың адам болды, ал есептік жылы 1,5%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің өсуін табыңыздар?

Шешімі::

265000000:2000 = 132500000 теңге / адам ;

2000 – 100 %;

х – 1,5%;

2000 – 30 =1970 адам;

теңге / адам;

141116750 – 132500000 = 8616750 теңге/адам;
8.2 Екі жылда кәсіпорын жұмысының көрсеткіштері төмендегідей:


Көрсеткіштер

Бірінші

жылы


Екінші

жылы


Ауытқуы

Өнім көлемі, мың теңге

2100

2279,1

+179,1

Өндірістік–өнеркәсіптік жұмыскерлер саны, адам

700

710

+10

Бір жұмыскердің орташа өнімділігі, теңге

3000

3210

+210

Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:

1)Жұмысшылардың санын өсіру нәтижесінде өнімнің өсуін (мың теңге);

2)Еңбекөнімділігін көтеру есебінен өнімнің өсуін (мың теңге);

3) Еңбек өнімділігін көтеру есебінен өнімнің өсу үлес салмағын (мың теңге);

Шешімі:

1. +10*3000 = +30 мың теңге

2. +210*710 = +149,1 мың теңге

3. 149,1 : 179,1 = 0,832 немесе 83,2%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет