«Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаңартылған орта білім беру мазмұнының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Негізгі орта білім берудің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарына



бет1/15
Дата07.02.2022
өлшемі59,74 Kb.
#84037
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5-11 тусиник хат оку жоспары 2019-2020


«Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаңартылған орта білім беру мазмұнының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Негізгі орта білім берудің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарына


Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі биылғы 2019-2020 оқу жылында 5-9-сыныптарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде жаңартылған білім мазмұнын аясында оқытылады және бұл сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының жасақталуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттар басшылыққа алынды:


ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғ 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады. Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 9-сыныпта-аптасына 1 сағаттан, оқу жылында-34 сағатты құрайды.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларын (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып, сонымен қатар мектепішілік 2018 жылғы 29 тамыздағы №1 педагогикалық кеңестің қаулысына сәйкес 5-9 сыныптардағы көркем еңбек пәнінің бағдарламасы сынып толымдылығына қарамастан ұл мен қызға бөлініп жасалынған және аудиториялық қордың арнайы ұлдарға арналған шеберхананың ағаш және метал бұйымдарын өңдеуге арналған оқыту кабинеттерінің болуына байланысты көркем еңбек пәндерін оқытуда сыныптар ұл мен қызға топқа бөлініп оқытылуы туралы шешім қабылданды. Жұмыстық оқу жоспары 2 компоненттен тұрады: инвариантты және вариативті. Инвариантты компонент 5,6,7,8 сыныптарда 6 білім саласынан тұрады. Вариативті бөлімнің мектеп компонентінен 5 сыныпта -2 сағат, 6 сыныпта-3сағат,7-сыныпта 1сағат,8-сыныпта -2 сағат,9 сыныпта-3 апталық сағат оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі элективті курстардың оқытылуына берілді. Қоршаған әлемнің сан түрлі ғажайыптары, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін, жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын, алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы - білім алушылар үшін әрі қызықты, әрі болашақ өмірлерінде маңызды. Сол себепті 5-9 сыныптар бойынша үлгілік оқу жоспарда берілген вариативтік компоненттегі сағаттарды бөлу барысында білім алушылардың өтініш-тілектерін ескеру алғышарт болды. Білім алушылардың тіл білімін жетілдіру,ой өрісін кеңейту басты мақсатта алынды,соымен қатар математикалық сауаттылық пен ғылыми-жаратылыстану сауаттылық қабілеттерін дамыту мақсатында және тілдердің үштұғырлылығы идеясын енгізу мақсатында басымдық ағылшын тіліне, информатика, математика-жаратылыстану бағыты пәндеріне берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет