«Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаңартылған орта білім беру мазмұнының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Негізгі орта білім берудің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарына


-сыныптардың элективті курсына бөлінген 2 сағат төмендегі пәндерге берілді



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі59,74 Kb.
#84037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5-11 тусиник хат оку жоспары 2019-2020

5-сыныптардың элективті курсына бөлінген 2 сағат төмендегі пәндерге берілді:
1.Қазақ тілі пен әдебиеті пәнінен: білім алушылардың тіл, тілдік жүйенің құрылымы ретінде өзіндік ізденіспен, шығармашылықпен жол ашу,қарапайым тіл қатудан бастап, шешендікпен сөйлеу, түрлі сипатта мәтін, мақала жаза білу, мәнерлеп оқып, сөйлей білу дағдыларына баулу мақсатында 5«а» сыныбына «Қызықты грамматика», 5«ә» сыныбына «Әдебиет- сөз өнері», 5«б» сыныбына «Талдаудың төл технологиясы» тақырыбында элективті курстары таңдалып алынды.

2.Жаратылыстану пәнінен: білім алушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру мақсатында 5«а» сыныбына «Ғылым әлемі», 5«ә» сыныбына «Жер тану», 5«б» сыныбына «Жер қабықтары» тақырыбында элективті курстары таңдалып алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет