«Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаңартылған орта білім беру мазмұнының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Негізгі орта білім берудің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарына



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі59,74 Kb.
#84037
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
5-11 тусиник хат оку жоспары 2019-2020

Түсінік хат

Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, қызығушылығына,таңдауына қарай саралап оқыта отырып,орта және жоғары кәсіптік білім беру мекмелерімен сабақтастықты қалыптастыру. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы


8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 7-қосымша "оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары" негізіне сай әзірленген. ҚГБ 11 сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының жасақталуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттары мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары (2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақ тілін бейіндік бағытта тереңдеп оқытуда тілдің коммуникативті, эстетикалық және кумулятивтік қызметі назардан тыс қалмауы керек.
11-сыныптарда оқытылатын сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді. Қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілінен қолданбалы курстарға сағаттар бөліп сөйлесім әрекетін қарастырғанда оның өзіне тән бірліктерін, сөйлеу нормаларын, сөз мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктерді жүйелі түрде жан-жақты оқыту қажеттігі туындайды.
Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 11 «А» сыныбына қолданбалы курстарға бөлінген 6 сағат төмендегі пәндерге берілді:
1. Қазақ тілі -1 сағат «Қазақ тілі-тіл білімі»
2.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпы ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша 10-сыныптарға «Абайтану» курсы берілді. «Абайтану» - 1 сағат.
3. Орыс тілі – 1 сағат «Стилистика языка и деловой язык»
4. Ағылшын тілі – 2 сағат «Be Free in English»
5. Қазақстан тарихы – 1 сағат «Ұлы дала перзенттері»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет