Таңдау курсына берілген 1 сағаты төмендегі пәнге берілді:
1.География-1сағат «Жалпы гидрология»
Сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы санитарлық нормаларға сай.
«Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылына жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11 «Ә» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарына
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 8-қосымша "оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары" негізіне сай әзірленген. ЖМБ 11"ә" сынып бойынша жұмыстық оқу жоспарының жасақталуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттары мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары (2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
2019-2020 оқу жылында 11-сыныптың оқу үрдісі оқытудың жаратылыстану-математика бағытында, математика бейіні бойынша жүзеге асырылады.
Жаратылыстану математика бағыты бойынша 10 «Ә» сыныбына қолданбалы курстарға бөлінген 6 сағат төмендегі пәндерге берілді:
1. Математика -1 сағат «Математикалық сауаттылық-өмір талабы»
2. Физика -1 сағат «Электромагниттік толқындар»
3. Химия -1 сағат «Химиядан күрделенген сан есептерін шығару»
4. География -1 сағат «Атмосфера және климат»
5. Биология - 2 сағат «Экология және биосфера»
Достарыңызбен бөлісу: |