79
issN 1563-0226 KazNU bulletin. oriental series. №2(63). 2013
Е.Қ. Қасабекова
ӘОЖ 81:372.881
Е.Қ. Қасабекова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
e-mail: arabkaznu@mail.ru
Иран Ислам Республикасындағы парсы тілін оқыту әдістері:
артықшылықтары мен кемшіліктері
Бұл мақалада Иран Ислам Республикасының парсы тілін оқытудағы әдістері мен мүмкіндіктері
туралы айтылады, мақаланы жазудағы басты мақсатымыз қазақ тілді және парсы тілін оқытатын
оқытушылар мен студенттердің танымдық қорына мәліметтер қосу.
Түйін сөздер: әдістеме, парсы тілі,
артықшылықтары, кемшіліктері.
Е.К. Касабекова
Методика преподавания персидского языка в ИРИ:
преимущества и минусы
В статье рассматриваются возможности изучения персидского языка и его роль для обучающихся. А
так же предусматриваются минусы изучения персидского языка.
Ключевые слова: методика
преподавания, персидский язык, преимущества, минусы.
e.К. Kassabekova
Technique of teaching of Persian language in islamic Republic of iran:
advantages and disadvantages
article consider opportunities of studying Persian language and it`s role for students.
Keywords: technique, teaching, Persian language, advantages and disadvantages.
Иран Ислам Республикасында парсы тілін
оқытудың әдістері әлдеқашан жақсы жолға
қойылған. Олай деп айтатын себебіміз, шығыс-
тану факультетінің парсы бөлімі студенттері
2001 жылға дейін Иран Ислам Республикасы-
на тілдік стажировкаға 6 айдан 1 жылға дейін
тегін барып, ирандықтардың тарапынан оларға
қосымша степендия төленіп, жатақханамен
қамтамасыз етілетін және топтағы барлық сту-
денттер осы мүмкіндікке ие болатын. Осы
тұрғыда әңгіме қозғасақ, ирандықтар тарапынан
демалыс күндері мен мейрам күндері де тегін сая-
хат сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бұл саяхат Иран елінің көрнекті, тарихи,
туристік аумақтарына жасалады, біріншіден,
бұл студенттің тіл оқуға деген ынтасы мен
құлшынысын оятады, екіншіден, студенттің
танымдық ой-санасын жетілдіруге көмектеседі,
үшіншіден, туризм саласын жарнамалаудың
бірден-бір тиімді жолдарының бірі болып са-
налады. Иран Ислам Республикасындағы
білім жүйесі туралы мақаламда Иран Ис-
лам Республикасындағы оқытушылар мен
студенттердің жай-күйі туралы жазған болатын-
мын, тек қана парсы тілін оқитын студентке ғана
емес, барлық студенттерге университет тарапы-
нан асханадан тамақтануға жақсы жеңілдіктер
жасалған, ол 70 пайыздық жеңілдікті құрайды.
80
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(63). 2013
Иран Ислам Республикасындағы парсы тілін оқыту әдістері: артықшылықтары мен кемшіліктері
Сонымен бірге міндетті түрде жатаханамен
қамтамасыз етіледі. Бұл да студенттердің оқуымен
олардың қаржылық жағдайын жеңілдетуге
арналған іс-шаралардың бірі болып саналады.
Сонымен қатар әрбір студентке шәкірт ақы не-
месе степендия тағайындалып төленеді. Осын-
дай себептерге байланысты кей жағдайларда
ирандықтар тарапынан түсініспеушілікке тап
келіп жатамыз, олар өздеріне бар жеңілдіктер
мен жағдайды мемлекет тарапынан, универси-
тет тарапынан жасалып жатқандықтан, осын-
дай конференцияларға шақырту алған жағдайда
неге бізге университет немесе шақырушылар
бар жағдайды жасамайды, неге ақша бөлмейді
деген сияқты сұрақтар қойып жатады. Мұндай
сәттерде біздер барынша жағдайды түсіндіріп
айтып жатамыз. Қазіргі таңда ирандықтар
біздің тарапымыздан дәл өздері сияқты қолдау
таппаған соң, тегін мүмкіндіктердің біршамасын
шектеді. Бұл бізге тапсыратын студенттердің
санын азайтып отыр, әрине, өкінішті, дегенмен
қолдан келер шара жоқ болғандықтан, бұған да
көніп отырған жайымыз бар.
Ирандық студенттер университет тарапы-
нан әр түрлі ұйымдастырылатын іс-шараларға
өз еркімен, өз ризашылығымен қатысады, бұл
жағдайды айтып өтуді де жөн көріп отырмыз.
Себебі адамның өзі қалап істеген ісінің әрдайым
нәтижесі де зор болатыны бесенеден белгілі
жайт.
Келесі бір айта кететін маңызды жайттардың
бірі Иран Ислам Республикасында «Парсы
тілін оқытудың дүние жүзі бойынша арнайы
бағдарламасы мен орталықтары» бар. Мыса-
лы, парсы тілін әлемге жаю мақсатында 30-ға
жуық елдерде парсы тілін оқыту орталықтары
мен мәдени орталықтар бар екен, сонымен қатар
әлі де 10 елде ашу бағдарламасы жуық арада
жолға қойылып отырған жайы бар. Парсы тілін
дүниежүзінде дамыту орталықтары әлемнің әр
түпкірінде өз тілдерін жаю мақсатында бірнеше
іс-шаралар мен істер атқарып отыр, соның ішінде
парсы тілін Қазақстанға тарату мақсатында ең
алдымен, ИИР-ның ҚР-ғы мәдени орталығы
мен елшілік тарапынан Алматы қаласындағы
2 үлкен жоғары оқу орнында «Парсы тілін
оқыту орталықтарын» ашып отыр, соның бірі
біздің факультеттегі парсы тілі орталығы мен
Қазақ Қыздар Педагогикалық университеті бо-
лып табылады. Парсы тілін тарату мақсатында
құрылған екі орталық бүгінгі күнде парсы тілінен
дәріс беретін және оқитын адамдарға арналған
аудитория жабдықтау мәселесінен бастап,
техникалық жабдықтар мен бірге, оқулықтармен
қамтамасыз ете отырып, студенттерге арналған
қызықты шаралар ұйымдастырып отыра-
ды. Біздің факультетте ашылған бұл орталық
ашылған 1 жыл көлемінде 20-ға жуық іс-шара
ұйымдастырып үлгерді, бұл әрине, ирандықтар
тарапынан өз тілдеріне жаны ашу, дамыту сияқты
мақсаттардан туындаған нәрселер. Ирандықтар
тарапынан жыл сайын магистратурада оқу
бағдарламасы бойынша 2-3 гранттық орын,
докторантура бойынша 2-3 орын парсы тілін
оқытатын жоғары оқу орындарының ұстаздары
мен студенттеріне бөлінеді. Сонымен қатар әр
түрлі парсы тілін дамыту орталықтарынан әр се-
местр сайын тек жол ақысын төленетін жарты-
лай гранттық бағдарламаларының ұсыныстары
түсіп, оқытушылар мен студенттер білім
жетілдіру курстарына барып жатады.
Ирандықтар біздің елден бұрын білім беру
жүйесінде баллондық жүйені қабылдаған және
тәртіп мұнда ерекше қадағаланады, студент жеке
өзі үшін білім алады, студенттің артынан жүгіру
деген түсінік мүлдем жоқ десек те болады.
Пәндердің атауы біздің елдегідей ұзақ және
күрделі емес, мысалы, «Омар Хайам рубаилары»
немесе «Моулави» деген пәндер бар, жалпыла-
ма «ХІХ ғасырдағы ақын жазушылар» деген
нәрсені қолданбауға тырысады және біздің ой-
ымызша бұл өте дұрыс, себебі оқытушы да сту-
дент те пәннен не беріп, не ала алатынын біледі.
Ал қазақ тіліне оны дамыту мәселесіне
келетін болсақ, ирандықтарға кей жағдайларда
біздер тарапынан неге сіздер қазақ тілін біздер
сияқты ашып оқытпайсыздар деп жатсақ,
олар тіл сіздердікі дамытам десеңіздер, ақша
бөліп, біздің елдің жоғары оқу орындарына
барсаңыздар ашып береді деген жауап естіп жа-
тамыз.
Парсы тілін оқытудың бұдан басқа да
мүмкіндіктері мен жақсы жолдары Иран Ислам
Республикасы тарапынан күннен-күнге дамып
жетіліп, қолданысқа ие болып келеді.
Ал енді парсы тілін оқудың және оқытудың
Ирандағы кемшіліктеріне келер болсақ, бұл сол
елдің Ислам Республикасы деп конституция бой-
ынша шариғат заңдарымен жүретіндігінде және
дәл осылай аталуында болып отыр, бұл көптеген
81
issN 1563-0226 KazNU bulletin. oriental series. №2(63). 2013
Е.Қ. Қасабекова
дамыған демократиялық елдердің және парсы
тілін оқитын елдердің студенттеріне кішігірім
қиындықтар туғызып жатады. Ол, әрине, «хид-
жап» кию мәселесі, ерлер мен әйелдердің еркін
араласа алмауы және осы секілді ислами емес
елдерге жат нәрселердің заңды түрде орында-
лу шарттары болып отыр. Соның ішінде бұл
мәселені біздің еліміздің студенттеріне де осы
жағдай барысында оқытушылар тарапынан
1-ші курстан бастап түсіндіру жұмыстары мен
дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі Иран мен Америка арасындағы саяси
жағдайларға байлынысты біздің студенттердің
басында бір қорқыныш сезімі тұрады. Ол егер
Иран еліне сапар шексек, ол визамен бізді Аме-
рика және Еуропа елдері қабылдамайды деген
нәрсе, әрине, бұл қате түсінік дегенмен де бұл
бір кемшіліктердің бірі болып саналады.
Сонымен, қорытындылай келе жалпы таразы
басын парсы тілін оқытудың артықшылықтары
басып тұр деп сенімді түрде айта аламыз, бұл
мақала ғылыми мақаладан гөрі танымдық
мақалаға келетініне шүбә жоқ, дегенмен де біздің
тіл оқыту әдістемемізді, мүмкіндігімізді пай-
далану мақсатында көмегін тигізеді деген ойы-
мыз да жоқ емес. Жалпы ирандықтардың жақсы
тұстары мен жақсы қасиеттерін, мәдениетін,
әдебиетін оқуға олардан өзімізге қажетті нәрді
алуға болады деген сенімдемін.
Иран Ислам Республикасының ҚР Мәдени
өкілділігі тарапынан келген оқытушы Давуд
Испархамның сөзінен аударылды.