D) оң жақ қарынша гипертрофиясы
E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі
237. Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:
A) антибиотиктерді
B) бета-блокаторларды
C) антикоагулянттарды
D) кортикостероидтарды
E) АПФ ингибиторларын
238. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:
A) гентамицин
B) тетрациклин
C) кларитромицин
D) бисептол
E) кефзол
239. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмонияның қоздырғышы :
A) микоплазма
B) клебсиелла
C) аденовирус
D) пневмококк
E) стафилококк
240. 62 жастағы Р. атты науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 13 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) пневмония
B) бронх демікпесі
C) бронхоэктазды ауру
D) созылмалы іріңді бронхит
E) созылмалы обструктивті бронхит
241. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастардың емдік жоспарында тиімді:
A) мукорегуляторларды тағайындау
B) бронходилататорларды қолдану
C) тыныс жеткіліксіздігін реттеу
D) тұрақты глюкокортикоидты ем
E) қабынуға қарсы емді жүргізу
242. 24 жастағы науқас жөтелуіне, 150 мл көлемінде иісті іріңді-кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, қан қақыруына, ентігуіне, дене қызуының 37,8 0С биіктеуіне, делсалдылығына шағынады. Балалық шағында жиі жөтелген. Соңғы 4 жылдың көлемінде ауруы жыл сайын өршиді. Болжам диагноз:
A) өкпенің рагы
Достарыңызбен бөлісу: |