C) денол, метронидазол, омепразол
D) фамотидин, церукал, валериана тұнбасы
E) церукал, омепразол
286. Егер науқас сол жақ бел аймағының ауырсынуына, дене температурасының көтерілуіне, дизурияға шағымданса, ең алғаш қай диагноз туралы ойлайсыз?
A) пиелонефрит
B) амилоидоз
C) жедел гломерулонефрит
D) созылмалы гломерулонефрит
E) бүйрек шамасыздығы
287. Созылмалы гломерулонефриттің латентті формасына тән:
A) нефротикалық синдром
B) макрогематурия
C) қан қысымының жоғарылауы
D) айқын емес протеинурия мен микрогематурия
E) гипертониялық криз
288. Созылмалы бүйрек шамасыздығының ерте анықталатын белгісі:
A) метаболикалық ацидоз
B) никтурия
C) гиперкалиемия
D) креатинин деңгейінің жоғарылауы
E) бүйрек көлемінің кішіреюі
289. Бүйрек фунциясының созылмалы шамасыздығының терминальді сатысына тән шумақтық фильтрация деңгейі:
A) 40 мл/мин
B) 30 мл/мин
C) 20 мл/мин
D) 10 мл/мин
E) 50 мл/мин
290. Созылмалы гломерулонефрит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсеткіш:
A) артериялық гипертензия
B) нефротикалық синдром
C) бүйрек шамасыздығы
D) гематурия
E) протеинурия
291. 45 - жастағы ер адам, оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауыру сезіміне, бел аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 24 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 в к/а, зәр қышқылы. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
A) бүйрек амилоидозының
B) зәр-тасауруының
C) подагралық нефропатияның
D) созылмалы гломерулонефриттің
E) созылмалы пиелонефриттің өршуі
292. 28 - жастағы пациент, баспамен ауырғасын. 2 аптадан кейін қабағының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ал 1,5 ай өткенсін бел және жыныс ағзалары аймағындағы ісінулер пайда болған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1021, белок - 4,0 г/л, эритроцттер - 15-20 к/а, препаратта гиалинді цилиндрлер анықталды. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |