B) антибиотиктерді
C) антикоагулянттарды
D) кортикостероидтарды
E) аминохинолин туындылары
296. 68 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызба,а байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты. Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
A) жедел гломерулонефриттің
B) гепаторенальды синдромның
C) гентамициннің нефротоксикалығының
D) сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының
E) жедел интерстициальды нефриттің
297. 45 жастағы ер адамда, созылмалы бүйрек шамасыздығы, АҚ - 200/120 мм. б.б, креатинин - 0,970 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Қандай емдеу шараларының жоспары БАРЫНША тиімді?
A) гемодиализ
B) бүйрек трансплантациясы
C) преднизолонның үлкен мөлшері
D) антибактериальды терапия
E) цитостатиктермен пульс терапия
298. 16 - жастағы жасөспірімде, фолликулярлы баспамен ауырғаннан кейін дене қызуы 38,6 С дейін көтеріліп, бетінің ісінуі, бел аймағында ауыру сезімі, зәр түсінің өзгеруі, бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік пайда болды. Қанда: лейкоциттер – 5,4 мың, ЭТЖ – 33 мм/сағ. Зәр анализі: түсі-«ет жуындысы» түсте Салыстырмалы салмағы – 1010, эритроциттер – 30-35 көру аймағында, белок – 1,5 г/л. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША тән?
A) бүйрек амилоидозының
B) жедел пиелонефриттің
C) жедел гломерулонефриттің
D) созылмалы пиелонефриттің
E) созылмалы гломерулонефриттің
299. 35 - жастағы әйелде, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің және аяқтарының ісінуі, дене қызуының 39,5 С дейін көтерілуі мазалайды. Бассейнге барғаннан кейін ауырып қалды, сол кезде дене қызуының көтерілуі, бұлшық ет доғаларында эритема, шашының түсуі, әлсіздік пайда болды. Қанда: эр – 2,8 млн., Нв – 76 г/л, лейкоц – 3,2 мың, тромб – 136 мың., ЭТЖ – 45 мм/сағ, СРБ, y-глобулин – 25 %. Зәр анализінде: белок – 3,1 г/л, лейк – 12 к/а, эр – 25-30 к/а, гиалинді цилиндрлер – 12 дейін к/а. Төмендегі қандай препараттардың тобын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) диуретиктерді
B) уросептиктерді
C) метаболиктерді
D) антибиотиктерді
Достарыңызбен бөлісу: |