Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет47/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

II тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері



Жалқы есімнің семантикалық мазмүны бойынша қара- ма-қарсы кабылдауларға қысқаша шолудан екі бағытты,
Н.Ф. Алефиренконың пікірі бойынша, “екі ғылыми гіара- дигманы - лингвофилософиялық және сөйленіс-ойы” деп белуге болады [1999, 146]. Бірінші бағыт “оним- апеллятив”, “жалқы жэне жалпы” дегі қарама-қарсы қоюға негізделеді, яғни жалқы есімнің семантикасы бірлікже тең (бір затты немесе қүбылысты атайды), апеллятивтің семантикасы ком бірлікке тең (бір түрге жататын заттар- ды немесе қүбылыстарды атайды). Екінші бағыт біртектес объекттерден біреуін белгісі бойынша жекелеуші немесе біртектес объектілердің жалгіы белгілерін көрсетуші сөйленісте қолданылатын маңызды сөз белгі ретінде жал­кы есімді қарастырады. Мысалы, Алматы
қ. - Астана қ. - Талдықорган қ. - бүл нақты қалалардың атауы, олар төмсндегі белгілері бойынша жекеленеді:

  • Қазақстан территориясында нақты жерде орналасқаны бойынша, яғни координаттың таксономиялық семасы бөлінеді;

  • әлеуметтік дәрежесі бойынша - әлеуметтік параметрлі таксонимдік семасы бар.

Дегенмен олардың әрқайсысы аймақтық-әкімшілік белгілері бойынша гопонимнің белгілі разряды астионимге жатады, сонымен біргс “қала” деногаттық мағынаға ие.
Сонымен онимдер мен апеллятивгер мағынасының ай- ырмашылығы - бір-біріне қарама-қарсы екі сөйленіс- ойдағы үрдістің - дифференциялау (онимдерде) және интеграциялау (агіеллятивтерде) нәтижесі болып табыла- ды. Н.Ф. Алефиренконың пікірі бойынша, ономастикалык семантика ең алдымен онимнің агауыш-репрезентативті қызметіне байланысты. Оним семантикасында жекелеуші белгілерді, апеллятив семантикасына қарағанда көп жи- нақтаған репрезентациялаушы компоненті басыңкы болады [1999, 149-150].

120

Ономастика: зерттеу мәселелері

Қазіргі еңбектерде жалқы есімнің мағынасы мен семантикасы үғымдарын олардың атқаратын қызметінің маңыздылығын анықтау үшін дихотомия тіл/сөйленіс, вир- туалдық жалқы есім/актуальдік жалқы есім түрғысынан және тіл қызметінің нрагматикалық бағыгын ескеретін лингво-логикалық қүрылымдары ашылатын когнитивті- прагматикалық аспект түрғысынан қарастырылады.
Сонымен жалкы есімнің мағынасы мен семантикасын анықтау мен үғынудың әр түрлі болуына қарамастан төмендегіні боліп көрсетуге болады:

  • жалқы есім - гілдік бірлік, ол скі жақты болмыстан түрады, яғни жеткізу өрісі мен мазмүн өрісіне ие;

  • мағына - жалқы есімнің семантикасының қүрамды компоненті;

  • жалпы есімнен калыптасқан жалқы есімнің семантикасы сол апеллятив семантикасымен бірдей емес;

  • жалқы есімнің апеллятив мағынасының болуы не болмауы - бүл оның интегралды белгісі;

  • белгілі бір ономастикалык мағына нақты мәтін іиіінде анықталады жоне колданылады;

  • жалқы есімнің семантикасында экстралингвистика- лык компонентінің болу.

Жалкы есімнің семантикасының айырым белгілсрі үлттык ономастиканыц жасалуы мен қалыптасуына ықпал ететін үлттык мәдени срекшеліктерімен аныкталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет