Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет6/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

I тарау. Ономастика - гылыми non

  1. Ономастиканың қалыптасуы мен даму тарихына кысқаша шолу

Ежелгі дәуірден жалқы есімдердің тілдегі ерекше орны мен олардың мәніне назар аударылған. Көне дәуір ойшылдары жалпы есімдер мен жалқы есімдерді бөліп қарастырып, атаулардың ақиқаттығы мен қажеттігі, зат пен атаудыңтығыз байланысы, атаулардыңмағынасы, атау- лардың жекелік түлғалығы т.б. жөнінде ережелер жасады. Бірақ атаулар әр разрядтарға бөлініп алынбаған, жалқы есім мен жалпы есімге накты бөлінбеген, олар біртүтас категория ретінде зерттелген, яғни жалқы есімдерді қара- стырган коне дәуір ойшылдарынан Хрисипп, Дионисий Фракийский, Апполоний Дискон, Диомед, Донат, Консентий, Демокрит, Платон, Аммоний Диодор Крон, Секст Эмпирик т.б. атауға болады [ 132]. Олардың ой-түжы- рымдары, откен дәуірлерде омір сүрген ойшылдар, философтар және лингвистердің ізденісгерінің негізіне сүйенген. Алайда, олардың ізденістері бойынша жалқы есімдер жүйе ретінде емес, жеке создер ретінде қарасты- рылған. Кейбір галымдар оздігінше галпынып, біраз жал- қы есімдерді создіктерге енгізген.
Ономастиканың қазіргі теориялық жагдайы XI1I-XVIII гғ. ғалымдардың атаулар жоніндегі философияның ой- толғамдарына негізделеді (Фома Аквинский, Томас Гоббс, Дж. Локк, Г. Лейбниц т.б.), кейінірек XIX мен XX г. ба- сында Еуропада жалқы есімдер туралы, жеке түлғаларга тагылған белгі, таңба ретінде ерекшелігін зерттеу дамы- ган, лексиканың басқа қабагтарымен салыстырмалы түрде жалқы есімдердің ерекшеліктері анықталган, жеке алған- да терминдер мен жалқы есімдердің магынасы мен мазмү- ны қаралган (Дж. Стюарт Милл, X. Джозеф, Б. Рассел, Л. Сьюсан Стеббинг, А. Нурен, М. Бреаль т.б.) [132].
Тек XX г. 30-жылдары ономастика ғылым ретінде дәрежеге ие болды. 1930 жылы Альбер Дозаның нүс-


Ономастика: зерттеу мәселелері



қауы бойынша эр елде жыл сайын екі рет өтетін І-ші Ха- лықаралық ономастикалық конгресс Францияда шақырыл- ды. 1949 жылы Бельгияда 1950 жылдан ономастика бойынша библиография жасайтын “Онома” журналын шыгарушы ЮНЕСКО шеңберіндегі Халықаралық ономастикалық комитет қүрылды.
Ғылыми пән ретінде қүрылғанға дсйін ономастика үш кезенді басынан өткізді:

  • ғылымға дейінгі (XIX ғ. дейін);

  • ономастиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы алдыңғы кезең (Х1Х-ХХ ғғ. басы);

  • ғылыми (XX ғ. 30-жылдарынан қазірге дейін). Тілдің күрделі жеке жүйесі ретінде ономастикалық

лексика кеңестік дәуірдегі ғылымда 50-60-жылдары қара- стырыла бастады (М.В. Карпенко, А.А. Камалов, К. Конкобаев, Э.Б. Магазаник, А.К. Матвеев, В.А. Никонов,

  1. В. Суперанская, В.Э. Сталтмане, В.Н. Топоров, О.Н. Трубачев, Н.И. Толстой т.б.). Орыс (славян) ономастикасы

  2. Н. Татищев, Д.И. Иловайский, А.Х. Востоков, Н.И. Надеждин, Н.П. Барсов, М. Морошкин, А.А. Шахматов, Г1.Л. Маштаков г.б. бастаған өзінің қалыптасу жолын өтті [19]. Бірнеше арнаулы зерттеулердің пайда болуы 1963 жылы ономастикалық еңбектерді жеке том ретінде библиографиялық көрсеткіш - “Ономастика. Указатель литературы, изданной в СССР”. М.: АН ССР, Институт науч. информ. по общ. наукам. 1963 (1918-1962), 1978 (1971-1975), 1984 (1976-1980) шыгарылуына себеп болды.

Сол жылдары түркі ономастикасы да дам и бастады. Түркі жалқы есімдері туралы алгашқы мәліметті белгілі орыс ғалымдары В.В. Радлов, П. Мелиоранский, В.В. Бартольд, Г.Е. Грум-Гржимайло, Г.А. Левшин, Н.А. Аристов, С.М. Тянь-Шанский, Т.Н. Потанин, П. Паллас,
А.Н. Харузин т.б. түркі жерлерін зерттеумен байланысты ғылыми қызығушылық тудыратын еңбектерінен табуға болады [83; 1 ;39]. Түркі жалқы есімдерін зерттеуде

2-2713

17

I mapay. Ономастика - гьілыми non

  1. А. Баскаков, Б.Я. Владимирцов, С.Г. Кляшторный, А.Н. Кононов, Е.Д. Поливанов, А.М. Щербак т.б. ғалым- тюркологтар үлкен үлес қосты.

Түркі ономастикасын зерттеуде үлкен рөлді ең бірінші болып ғылымда белгілі тюрколог-лингвист, этнограф, та- рихшы, фольклоршы Махмүд Қашғаридың “Диуани лүғат ит-түрк” (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін негізге алуға болады.
Осынау XI ғ. түркі мәдениетінің жазба ескерткіші түркілердің XI ғ. топонимдер, антропонимдер, этно- нимдері бойынша ерекше маңызды ақпарат береді. Оның еңбегін қүнды дерек көзі ретінде көптеген ғалым лингвистер, ориенталистер, шығыстанушылар, этнограф- тар, ономастиканың мамандары гіайдаланып отыр. М. Қаш- ғаридың еңбегінде түркі тілдес руларға қарасты аймақтағы көптеген географиялық нысандар атаулары, көне түркі байларының, қүлдарының есімдері, түркі руларының ата­улары келтірілген. “Диуани лүғат ит-түркте” автордың түркі жерлері мен әлемнің басқа аудандары толыгымен көрсегілген әлем картасы үлкен қызығушылық тудырады [62; 81].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет