Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет7/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

Қазақ ономастикасы. Қазақ ономастикасы өз кезегінде әлемдік еңбектерге, соның ішінде орыс, түркі ономастикасының еңбектеріне сүйене отырып, Ғ.Қ. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, Т. Жанүзақов, А. Әбдірахма- нов, Ә.Т. Қайдаров, В.Н. Попова, О.А. Сүлтаньяев жүйелі зерттеулерінің арқасында дамыды. Ономастикалық материалдарды апеллятив лексикамен бірге қолданып, қазақ тілін айқындау XX ғ. 30-50-жылдары белгілі қазақ лингвистері А. Байтүрсынүлы, Қ. Жүбанов, Ж. Досқараев,

  1. А. Аманжолов, А. Ысқақов, Г.Е. Мүсабаев т.б. еңбектерінде жасалган; олар жеке топонимдер мен антропонимдерге этимологиялық этюдтер жазды.

18

Ономастика: зерттеу мәселелері

Сөзде фонетикалық өзгерістерді анықтау, қазақ тілінің тарихын және оның диалектілік ерекшеліктерін зерттеу, қазақ коғамын, рулық құрамының иерархиялық құрылу- ына тарихи сәйкес ру-тектік атаулардың шығу тегін, этимон және сөз мағынасын аныктау мақсатында этимологиялық принципті қолдану жеке ономастикалық фактілерге сүйеніп жүргізілді.
Ең алғашқы кандидаттық диссертация түрінде “Қазақ халықтық географиялық терминдер” тақырыбына топонимикалық зерттеуді мамандығы бойынша географ Ғ.Қ. Қоңқашпаев жасады (1949 ж.). Ғалым Қазақстан топонимдерінің әр түрлі шығу тегіне және олардың күра- мындағы географиялық терминдерге терең талдау жүргізді. Ол ең алғашқы “Қазақ географиялық атаулар сөздігі” атты топонимикалық еңбекті жарыққа шығарды (1963).
1981 жылы Қазақстан Ғылым академиясының А. Байтүрсынүлы атындағы Тіл білімі институтында Т. Жанүзақовтың ізденуімен ономастика бөлімі ашылып, қазіргі кезге дейін табысты қызмет атқарып келеді. Ашыл- ған кезеңінен бастап бөлім қызметкерлері Қазақстанның әр түрлі аймағындағы географиялық атаулар негізін қүрай- тын өте бай ономастикалық бірліктер картотекасын жаса­ды. Аталмыш картотека қоры бойынша сөздіктер сериясы шығарылады. Тіл білімі институтының жүргізген есебіне Караганда, 1949 жылдан 2004 жылдар аралығында Қазақ- станда 40-тан аса докторлық және кандидаттық диссертациялык зерттеулер қорғалды (Т. Жанүзақов, А. Әбдірахманов, Е. Қойшыбаев, В.Н. Попова, Е.А. Керімбаев, В.У. Махпиров, Б. Бектасова, М. Қожанов, Т.В. Линко, Г.Б. Мәдиева, Қ.Қ. Рысбергенова, Г. Сағидолда, Б. Тлеубердиев, Ж. Жартыбаев, С.Қ. Иманбердиева, К. Головина, А. Әлімхан және т.б.).
Негізінен Қазақстан ономастарының зерттеулері антропонимдер мен топонимдерге, сонымен бірге

19

I mapay. Ономастика - әылыми пән

этнонимдер, космонимдер, зоонимдерге бағытталған. Қазақ жалқы есімдерінің терминологиялык (қазак халык- тык географиялық терминология), лексика-семантикалық, сөзжасамдық, стратиграфиялық аспектілері толығырақ зерттелген. Бүл тенденция шетел ономастикасына да тән. Кезінде А.А. Белецкий атап көрсеткен: “Ономастикалык әдебиет зерттелу материалды екі үлкен класка бөлу тенденциясы калыптасқан: географиялық атаулар немесе топонимдер класы және жеке есімдер (негізінен адам есімдері) немесе антропонимдер класы көрсетілген екі кла- стың әр түрлі кластық топтары” [15, 20].
Соңғы кездерде қазақ ономастикасының зерттеу ныса­ны ретінде ономастиканың өз ерекшеліктері, өз күрылым- дық типтері, модельдері, атау беру принциптері бар және нақты жүйелік тән шектеулі разрядтары (әр жанрдағы көркем мәтіндегі жалкы есім, мерзімдік баспа атаулары, өндіріс орындарының атаулары т.б.) болып табылады.
Жазылған еңбектерде “Ономастикалык кеңістікте шектік орын алган разрядтар (эргонимдер, порейонимдер, фалеронимдер, тауар белгілері т.б.) әлсіз күрылымды және жүйелігі жағынан әлсіз болып ерекшеленеді” деген ой қалыптаскан. Бірак бүл аныктама нақтылауды талап етеді, өйткені әр түрлі аймақтық және тілдік социумга қатысты коптеген материалдарды зерттеу қажет. Қазірдің озінде ономастиканың шектік кеңістігіндегі разрядтарға нақты қүрылым заңдылықтары, жедел түрдегі онимдер жасау, озіндік жүйелі-қүрамдык қүрылым тән екендігі жайында айгуга болады. Тілден тыс факторлардың ықпалымен шектік онимдер (өзегі болып табылатын антропоним- дермен салыстырғанда) өте динамикалы, яғни жылжыма- лы, өзгермелі (түрақты емес және өзгеріске бейім).


Ономастика: зерттеу мәселелері





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет