Ономастика: зерттеу мәселелері
атаулар метафора тәсілі арқылы, адамға түсінікті жердегі объектілерге үқсастықтары бойынша берілген, себебі, әр атау тағылған объектке тән емес, “адамның қоғамдас- тығымен аталатын объектті емес атау берушілерді анық- тау үшін колданылған” [1973]. Мысалы, қазақта - қазақ халқының түрмысымен байланысты (қарақшы, керуен, қатын, қазық), солтүстік халықтарда олардың өмір сал- тына тән, этимологиясы жағынан бүгы, елік, шаңгы ізі сөздерімен байланысты атаулар, ал орыстың халықтық космонимдерінде орыс халқының түрмысымен (арба (телега), әйел (баба), non, елеуіш) байланысты лексемалар колданылған т.б.
Қазақ космонимдерінде де халықтық атаулар бар: Іңір жүлдыз (Венера), Сары жүлдыз (Юпитер), Үш- арқар (Пояс Ориона), Жетіқарақіиы (Большая медведица), Темірқазық (Полярная звезда).
Қазак халықтык космонимдердің этнолингвистикалык табиғатын ашып зерттеген Қ. Аронов былай деп жазған: “Қазақ халқының үғымында Ай мен Күннен басқа аспан шырақтары жүлдыздар болып есептеледі. Сондықтан жүлдыз сөзі аспан шырақтарынын жалпы атауы ретінде қолданылып, оларды бір-бірімен түр-түсіне, сан мөлшеріне, туу мерзіміне т.б. қасиеттеріне байланысты ажыратып, соған орай ат берген” (1992, 7).
Еуропа, славян ғарыш атауларын талдау аркылы олардың коне (античный) мифологиядан алынғаны анық- талған: коне (античный) батырлардың, қүдайлардың және олардың жанындағылардың есімдері анық көрінетін ғарыш объектілерінің (Юпитер, Венера, Марс, Плутон, Пегас т.б.) атауы ретінде қолданылған. Ана тілінде жасалған ха- лықтык атаулар да баршылық: орыс. Млечный путь, Большая медведица.
Эр халықта қолданылған бір жүлдыздың эр түрлі атауларын салыстырған қызықты. Мысалы, М.Горбаневский Торпақ жүлдыз шоғырындағы шашырап жатқан жүлдыз-
77
Достарыңызбен бөлісу: |